D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша


Қазақстан фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдарында (1941-1945



Pdf көрінісі
бет14/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Қазақстан фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдарында (1941-1945 
ж.ж.) 
ІІ-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Совет үкіметінің сыртқы саясаты. Фашистік 
Германияның Кеңестер Одағына басып кіруі. Майданға жақын аудандардан өндіріс 
орындарын, өндірістік құрал-жабдықтарды және халықты эвакуациялау, олардың белгілі 
бір бөлігінің Қазақстанға жетіп орналасуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу. 
Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдер. Қазақстандықтардың ірі 
шайқастарға қатысуы және ерлігі. Москва, Сталинград, Курск түбіндегі шайқастар. 
Фашистердің "Түркістан легионын" құру әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс 
тұтқындарының қайғылы тағдыры. 
Тоталитарлық тәртіптің соғыс жылдары нығая түсуі. Ұлт саясатындағы 
озбырлықтар. КСРО территориясындағы жеке халықтарға сенімсіздік көрсетілуі. 
Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың (неміс, шешен, қарашай, т.б.) жағдайы. 
Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ 
Берсиев, т.б. Майдан мен тылдың тұтастығы. Қазақстан еңбеккерлерінің соғыста қираған 
аудандарға берген көмегі. 
Адамзат қоғамының соғыстан шеккен зардабы. ХХ-ғасырда болып өткен екі 
дүниежүзілік 
соғыстардың 
әкелген 
қасіреті. 
Екінші 
дүниежүзілік 
соғыстың 
қорытындылары мен сабақтары. 
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1945-1956 ж.ж.) 
Бейбіт тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың 
күрделі сипаты, соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту 
бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. 
Транспорт. 
Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке 
белсенділігін басу шаралары. Жеке меншіктегі мал санын өсіруге тиым салу. Рыноктық 
қатынастарға қарсы қойылған шектеулер. Н.Алдабергенов, Ж.Қуанышбаев және басқа 
еңбек ардагерлері. "Тың және тыңайған" жерлерді игерудің басталуы. 
Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Барлық өмір саласын қамтыған бақылау. Соғыста 
тұтқынға түсіп оралғандардың (репатрианттардың) ауыр жағдайы. Орыс халқына қатысты 
бұрынғы концепцияның өзгеріске ұшырауы. "Кеңестер Одағындағы ұлттардың ішіндегі ең 
құрметтісі". 
"История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней". (А., 1943) 
кітабының тағдыры. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың, т.б. істері. 
"Феодалдық" эпостарға ("Ер Сайын", "Шора батыр", "Қобыланды батыр" т.б.) 
идеологиялық шабуыл. "Зар заман" мектебі ақындарының мұраларын оқуға тиым 
салынуы. 
Жалпыға бірдей жеті жылдық білім талабының енгізілуі. Жоғары және арнаулы 
орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. 
Қазақстанда республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет