D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша



Pdf көрінісі
бет10/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

XIX ғасырдың соңындағы Қазақстан 
Әкімшілік-сот реформаларын енгізудің соңғы кезеңі. 1886-жылғы "Түркістан 
өлкесін басқару жөніндегі Ереже", 1891-жылғы "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және 
Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже". 
ХІХ-ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 
және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік басқару 
жүйесінің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және отырықшы тұрмыстағы халыққа 
белгіленген алым-салық пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы 
империялық сот позициясының нығая түсуі. 
Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне 
байланысты отаршыл сипаты (ст.119, 120. Примечание 1). Сібір темір жолы Ерекше 
комитетінің (1892 ж.) самодержавиенің аграрлық саясатын жүргізудегі ролі. Ф.Щербина 
экспедициясының қызметі (1896-1902 жж.). 
Қоныс аудару қозғалысы. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен 
деревнялары. Өкімет орындарының оларды орналастырудағы саясаты. Қоныс аударудың 
экологиялық зардаптары. 
Қоныс аудару қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижесі. 
Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы (1897-жылғы санақ бойынша). 
Қазақтардың белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына 
рыноктық қатынастың енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік 
жіктелудің күшеюі. 
Қазақстанның қалалары. Олардың орналасуы. Қалалар Қазақстанды отарлық 
қанаудың әкімшілік орталықтары. Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы
әлеуметтік-демографиялық құрамы. 
Қазақстанның жер қыртысы байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-
кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және мыс қорларын игерудің басталуы. Металл 
өндіру заводтарының пайда болуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың 
құрылуы. 
Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуы. 
Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса 
бастауы. Жергілікті халықтан жұмысшы мамандардың қалыптасуының ерекшеліктері. 
Қазақстандағы өнеркәсіп орындарының дамуының ерекшеліктері мен сипаты. 
Мәдениет. 
Қоғамдық ой мен әдебиеттегі "Зар заман" мектебі. Ақын-ойшылдар: Дулат 
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайүлы, Мұрат Мөңкеұлы. 
Орыс 
зерттеушілерінің 
Қазақстанға 
арналған 
еңбектері. 
А.И.Левшин, 
В.В.Вельяминов, 
И.В.Мушкетов, 
В.В.Радлов, 
П.П.Семенов-Тян-Шанский 
және 
басқалардың еңбектері. Орыс географиялық қоғамының жергілікті бөлімдерінің қызметі. 


Европалық 
демократиялық 
интеллигенцияның 
Қазақстандағы 
қызметі. 
Ш.Ш.Уәлихановтың ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан ұлесі. 
Ұлы ақын және ойшыл - А.Құнанбаев. Ақын-серілер Ақан сері мен Біржан сал. 
Сүйінбай, Жамбыл, Сара Тастанбекқызы. Қазақ композиторлары Құрманғазы
Дәулеткерей, Дина Нүрпейісқызы, Тәттімбет және тағы басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет