отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынасының, шиеленісуі. Барақ сұлтанның Әбілхайыр
ханды өлтіруі, оның саяси астары.
Цин империясының жоңғарларды "тыныштандыру саясаты".
Қазақстандағы саяси
жағдайдың өзгеруі. Патшалық Ресейдің отарлау шараларына кірісуі. Линиялық бекіністер
мен қалалардың салынуы. Отарлау ісіндегі казак (казачество) әскерлерінің ролі.
Қазақтардың шаруашылық тәуелсіздігіне шектеуліктердің қойыла бастауы. Отаршыл
әкімшіліктің XVIII ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы саясаты.
Абылай хандығы (1771-1780). Абылай ханның біртұтас қазақ мемлекеттігін құру
әрекеті. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы.
Қырғызстан
мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс Түркістанға
қоныстануы.
Кіші жүзде хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы (ХVІІІ-ғ.ІІ-жартысы). Кіші жүз
қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы. Патшалық Ресейдің Қазақстан
территориясындағы жазалау шаралары.
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған көтерілісі. Көтерілістің себептері,
басталуы, барысы және сипаты. Игельстром реформасы. Кіші жүздегі хандық билікті
жоюға талпыныс. Көтерілістің жаңа кезеңі, салдары.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігінен айрылуы. Ұлттық бостандық үшін
күрес жолындағы Көтерілістер мен соғыстар
Бөкей хандығының құрылуы, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы.
Жәңгір хан (1823-1845 жж.).
1822 және 1824-жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз
бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Сұлтандар жағдайы. Сот жүйесіндегі
өзгерістер. Салық саясаты. Патша өкіметінің Қазақстандағы 1822 және 1824-жылдардағы
саяси реформаны енгізудегі мақсаты.
Отаршыл әкімшіліктің Қазақстанның ішкі аудандарына тереңірек енуі және оның
қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Егіншілік жағдайы. Қолөнер өндірісі. Көрші
елдермен сауда қатынасы. Жәрмеңкелер. Қазақстанды Ресей өнеркәсібінің шикізат қорына
айналдырудың басталуы. Отаршыл әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі.
Орта Азия хандықтарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан
және Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Қазақ ауылдарына әртүрлі салықтардың (зекет
және харадж) жүктелуі.
Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Тентектөре, Қаратай,
Арынғазы, Сержан сұлтандардың және Жоламан Тіленшіұлының
отарлық тәртіптің
орнығуына қарсы бас көтерулері.
Қазақтардың Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісі.
Хан Ордасын қоршауға алу. Көтерілістің ерекшелігі. Тастөбе мекені мен Ақбулақ өзені
маңындағы ұрыстар. Исатайдың қаза болуы.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс: мақсаты негізгі кезеңдері,
ауқымы және сипаты. 1838 жылғы соғыс қимылдарының кең құлаш алуы.
Кене хан
сарбаздарының патша жазалаушы отрядымен қарулы қақтығыстары. Ақмола приказы
үшін күрес. Кене ханның өзін қолдамаған сұлтандарға қарсы жорықтары.
Кене ханның Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын біріктіру әрекеттері. Торғай
облысындағы көтеріліс. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы.
Кене ханның қазақ
мемлекеттігін қайта құруға бағытталған қызметі. Хандықтың ішкі құрылысы. Кене хан
қолына қарсы патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кене ханның Орталық
Қазақстан жерінен қоныс аударуы.
Кене
хан әскерінің, қоқандықтармен соғысы. Кене ханның Бұхара және Хиуа
хандықтарымен қарым-қатынасы. Ресейдің Түркістанды жаулап алуын тоқтату үшін, Кене
ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қадамдары. Бұл әрекеттердің
іске аспай, қырғыздармен соғысуы. Кене ханның өлімі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-
азаттық соғыстың тарихи маңызы.
Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билігіне қарсы көтерілісі (1857ж.). Хиуа және Қоқан
билігіне қарсы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс. Патша билігіне қарсы Есет
Көтібарұлы бастаған көтеріліс.
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды аяқтауды көздеген әскери
қимылдары.
Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт, Шымкент және Түркістанды
басып алуы. Сібір және Сырдария әскери шептерінің тоғысуы. Жаңа әскери бекіністердің
салынуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: