ХVІ-ХVІІІ ғғ. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Қазақ халқының этникалық құрамы. Жүздік бөлінудің алғаш рет жазба
мәліметтерде көрінуі. Қазақ Жүздері мен оларға тән тайпалар. Жүздердің территориясы.
Жүздердің шығуы туралы мәселе.
ХVІ-ХVІІІ-ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Ақсүйектер тобы: хандар,
сұлтандар және төрелер, олардың қазақ қоғамындағы орны. Билер, батырлар, байлар,
қожалар мен ишандар, оларға сипаттама. Қарапайым халық: шаруалар, кедейлер,
жатақтар, төлеңгіттер.
Қазақ халқының тіршілік көзі - мал шаруашылығы. Қазақ даласының климаттық
және топырақтық ерекшеліктері - көшпелі шаруашылық негізі. Көшіп-қону ауқымы мен
бағыттарының табиғат өзгерістерінен тәуелділігі. Егіншілік, оның дамыған аймақтары.
Суландыру жүйесі, дәнді-дақыл түрлері. Қолөнер. Сауда және айырбас.
Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері жөніндегі
дискуссиялар. Меншік мәселесі. Жерге, жайылымдарға, қыстауларға меншік түрлері.
Малға меншік.
ХVІ-ХVШ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
ХVІ-ХVІІІ ғғ. Қазақстандағы қалалық аймақтар. Қалалардың атқарған рөлі мен
маңызы. Сыр бойы қалалары: Сығанақ, Сауран, Түркістан (Яссы), Отырар, Сайрам.
Қалалардың ішкі құрылымы. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қалалардың құлдырауы және оның себептері.
Қалалар мен қоныстардағы құрылыстар. Мал шаруашылығына қатысты еңбек
құралдары және олардың түрлері. Егіншілікке қатысты еңбек құралдары. Әскери қару-
жарақтар. Қолөнер, кәсіпшілік, тігіншілік.
Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі.
Діни және басқа халықтық мейрамдар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-
ғұрыптар, дәстүрлер, олардың ерекшеліктері. Халықтың наным-сенімдері.
ХV-ХVІІІ ғғ. ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалгез, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет,
Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар. Олардың мұраларындағы негізгі идея.
Жазба тарих дәстүрі. Мұхаммед Хайдар дулат "Тарихи Рашиди". Қадырғали би
Қосымұлы жалайыр. "Тарихи Оразмұхамед". Жадта сақталған тарих (ауызша тарих айту
дәстүрі), оның үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |