Д2: Динамика. Ньютонның заңдары. Физикадағы өзара әсерлесу күштерінің классификациясы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Жұмыс, энергия және қуат. Сақталу заңдары


Кеңістік пен уақыттың симметриялық қасиеттері



бет2/6
Дата19.12.2023
өлшемі1.65 Mb.
#487120
1   2   3   4   5   6
Лекция 2

Кеңістік пен уақыттың симметриялық қасиеттері

  • Инерциалдық санақ жүйелерінің аса маңызды қасиеттерінің бірі – оларға қатысты кеңістік пен уақыттың белгілі симметриялық қасиеттері болады: тəжірибелер көрсеткендей бұл санақ жүйелерінде уақыт біртекті, ал кеңістік біртекті жəне изотропты болады.
  • Уақыттың біртектілігі дегеніміз (бірдей жағдайларда алынғанда) - түрлі уақыт аралығында бақыланған физикалық құбылыстардың бірдей өтуі болып табылады
  • Кеңістіктің біртектілігі мен изотроптылығы деп кеңістік қасиеттерінің түрлі нүктелерде бірдей (біртектілік), ал барлық бағыттар бойынша əрбір нүктеде бірдей (изотроптық) болатындығы айтады.

Динамиканың негізгі заңдары

  • Түрлі инерциялық санақ жүйелерінде қозғалыстарды зерттеу кезінде дененің кез келген үдеуінің оған қайсыбір басқа де
  • Біздің қарастырғалы отырған А дененің қозғалыс күйіне қоршаған денелердің қайсысының қаншалықты əсер ететіндігін тек тəжірибе арқылы ғана анықтауға болады. Қарастырылып отырған А денеде үдеу тудыратын басқа дененің (денелердің) əсері күш деп аталады. Сонымен, денеге əсер ететін күш үдеудің себебі болып табылады. Егер басқа сыртқы денелер болмаса, онда денеге күш əсер етпейді дейміз. Ал егер денеге күш əсер етсе, онда ол күштің көзін қайсыбір нақты дене немесе басқа денелер түрінде іздеу дұрыс.

Механикада істес болатын күштер: денелер тікелей жанасқан кезде (үйкеліс күші, қысым күштері) жəне денелердің өзара əрекеттесуінен туатын өрістердің арқасында пайда болатын күштер (гравитациялық, электромагниттік) деп бөлінеді. Бірақ мұндай бөлінулердің барлығы шартты түрде, шындап келгенде күштердің табиғаты жайлы мəселе механика мəселелерінен тыс қалады.

  • Механикада істес болатын күштер: денелер тікелей жанасқан кезде (үйкеліс күші, қысым күштері) жəне денелердің өзара əрекеттесуінен туатын өрістердің арқасында пайда болатын күштер (гравитациялық, электромагниттік) деп бөлінеді. Бірақ мұндай бөлінулердің барлығы шартты түрде, шындап келгенде күштердің табиғаты жайлы мəселе механика мəселелерінен тыс қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет