Құдайбергенова Айжамал ибрагимқызы


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет7/27
Дата01.04.2022
өлшемі371.5 Kb.
#456557
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Кеңес дәуірі тұсындағы көші-қон үдерістері мен оның демографиялық салдарлары жөнінде төмендегі тұжырымдар жасалды:

  • Кеңес дәуірінің орнығуы кезіндегі көші-қон үдерістері патшалық Ресей кезінен басталған қоныстандыру шараларының жалғасы іспеттес болды;

  • Қазақстандық тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай кеңес дәуіріндегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерге ықпал еткен негізгі фактор – көші-қон үдерісі өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлінеді;

  • 1917-1926 жж. бұрынғы патша өкіметінің отарлауымен тұтасқан көші-қон саясаты кеңес дәуірі кезінде жаңа түрге ауысты. Қазақстанға сырттан келушілер саябырсыған бұл кезеңде сырттан европалық ұлттар өкілдері көшіп келіп, орналасуын, ал, қазақтар шетелге қашып, өз тарихи отанындағы жерлерінен айрылу, үлесін кеміту үрдісін жалғастырды. 1917-1918 жж. Түркістан Республикасын, 1921-1922 жж. қазақ жерін толық қамтыған ашаршылықтар кезіндегі өлке халқының сыртқа көші-қоны мен табиғи қозғалыстағы кері айырымы қазақтар санын кемітті;

  • көші-қон үдерісінің қазақ халқының ұлттық дамуына кері әсерін көре білген ұлттық саяси элита өкілдері көші-қон қозғалысын тоқтатуға күш салды;

  • 1926-1939 жж. Қазан төңкерісінен кейін қайтадан жанданып, қайта өрлеген сырттан келгендердің көші-қоны демографиялық апатқа әкелген ашаршылықтар мен көтерілістерді жазалаудан туындаған қазақтардың көші-қонына кері бағытта өрбіді;

  • Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің әсері қазақ тілінің қолданыс аясын тарылтып, ұлттың өмір сүруіне дәуірлік кедергісін тигізді. Орыс тілділердің көптеп көшіп келуі, олардың халық құрамындағы үлесінің өсуі, орыс тіліндегі білім беру орындарына артықшылық жағдайдың тудырылуы, еңбек қолы ретінде орыс тілді мамандардың негізгі сұранысқа ие болуы қазақтардың өз жерінде азшылыққа айналуына ғана әкелмей, ұлттық болмыстың мәнін елеусіз күйге түсіріп, тұрмыс-тіршілігіне өзгерістер енгізді;

  • көші-қоншылардың республика ішіндегі орналасуы мен орнығу ерекшелігі олардың, негізінен, қала халқының құрамындағы үлесінің артуына әкелді. Ал, ғасырлар бойы көшпелік және жартылай көшпелілікпен айналысқан қазақтардың отырықшы бөлігінің қалалықтар құрамындағы үлесінің төмен болуы олардың көші-қонға түсуінің инерттілігіне және оларды өндіріс орындарына тартуға көңіл бөлмей, сырттан көші-қоншыларды көптеп әкелуге байланысты. Кеңес дәуірі кезіндегі жергілікті халықты өндіріс орындарына тартудағы шектеу ұлттық мамандардың әлеуметтік құрамдағы басшы орындарда, өндірістер мен ірі кәсіпорындардағы үлесінің төмен болуына негіз болды;

  • көші-қон аралас некенің өсуіне әкелді. Аралас некеден туған ұрпақтың ішінде орыс тілі мен ұлтын таңдаушылар басым болды;

  • 1939-1945 жж. көші-қон үдерістері демографиялық, этникалық және әлеуметтік жағдайға айтарлықтай әсер етті. Ұлы отан соғысы жылдарындағы бұл үдерістің республика экономикасының дамуы мен кәсіби-білікті жұмысшы мамандар мәселесін шешудегі рөлі шешуші болды;

  • 1946-1959 жж. – соғыстан кейінгі қалпына келтіру, қазақ жерінде өндіріс орындарын ашу мақсатында құрылыстар жүргізу, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты келген көші-қоншылар қазақ ұлтының геосаясатын, тұрмыс-салтын, этно-тіл мәдениетін өзгеріске ұшыратты. Қазақ жеріне сырттан әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын көші-қоншылардың қоныс тебуі қазақ жерінің бөлшектеніп кетуіне мүмкіндік беретін жағдайлар туғызды. Қазақстанның солтүстік бөлігін Ресейге қосу, неміс автономиялы облысын құру, Шығыс Қазақстанды бөлек автономиялық басқаруға беру туралы, қазірдің өзінде Қазақстанның солтүстігін «орыстық солтүстік» деп көрсететін ой-пікірлердің туындауы, сондай-ақ, қазақтың жеріне, тіліне, болмысына, тарихына деген елеусіз көзқарастың қалыптасуы кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісінің саяси, экономикалық, мәдени, психологиялық факторлармен астасқан салдарларының нәтижесі;

  • 1959-1970 жж. Қазақстанға сырттан келушілердің көші-қоны аздап саябырлай бастады. Айырбасында кері айырым жоқ бұл кезеңді көші-қон қозғалыстарының бәсеңдеу кезеңі дейміз;

  • 1970-1991 жж. көші-қон осы үдерістің ХІХ ғ. соңынан басталған бағытына қарсы бағытқа бұрылды;

  • кеңес дәуіріндегі көші-қон Қазақстан халқының демографиялық үдерістерінде экзогендік факторлардың үстем болуына әкеліп, елдің демографиялық ахуалының тұрақтылығына нұқсан келтірді. Бұл, әсіресе титулды ұлттың дамуында демографиялық апаттар түрінде көрінді. Дегенмен, қазақ халқы өзінің өміршеңдігін көрсетіп, әртүрлі ұлттар мен этностар арасындағы ұлтаралық келісім, шыдамдылық, өзара көмек пен бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарының орнығуының ұйытқысы бола білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет