Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет130/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

ескерт" деген аяттың түсуімен аяқталды. Осы аяннан кейін Пайғамбарымыз 
Аллаһтың әміріне сүйеніп, туыс-туғандарын Исламға мойынсұнуға шақыра 
бастады. Бастапқыда Әбдімүттәліптің ұрпағын жинап, насихат айтады. 
Сосын 
үгіт 
шеңберін 
кеңейтіңкіреп, 
Сафа 
төбесінен 
барша 
меккеліктерге жар салды. Оларды Аллаһтың бірлігіне иман келтіріп, 
пайғамбарлығын мойындауға үндеді. Ә дегенде оны құптай қойған ешкім 
болмады. Тіпті Әбу Ләһаб тәрізді дұшпандар пайғамбарды балағаттап та 
жіберді. Алайда Хазіреті Мұхаммед иманға шақырып, халықты Аллаһқа 
илануға насихаттаудан жалықпады. 
Аллаһ Тағала уахи түсіріп, пайғамбарға айтар үгітінің ретін білдіріп 
отырды, яғни: 
1) Аллаһтың барлығы мен бірлігіне иман келтіру; 
2) Өлгеннен кейін қайта тірілуге деген сенімді ақылдарға, жүректерге, 
рухтарға сіңіру... 
Пайғамбарымыз да осы бағыттан танбады. Аллаһтың бірлігіне 
уағыздап, одан соң өлімнің мәңгілік өмірге апарар жол екендігін түсіндіруге 
тырысты. 
Мұнан басқа да пайғамбарға жүктелген міндеттер жеткілікті еді. 
Дегенмен, ең маңыздысы, жоғарыда айтылғандар. Себебі, халықтың санасын, 
рухын сәулелендірген соң қалған әлеуметтік, қоғамдық жағдаяттарды реттеу 
оңайға түсер еді. 
Пайғамбарымыз, біріншіден Аллаһтан алған әмір бойынша халықтың 
сенімін бір ізге түсіруді, жалғыз Аллаһқа бас игізуді қолға алды. Сенімнің 
іргетасы мықтап қаланған соң оның жалғасын табары сөзсіз еді. 
Осы мақсатпен ол адамзатқа тәухид сенімін ақтарды. "Лә илләһә 
иллаллаһ деп азаптан өздеріңді құтқарыңдар" деумен болды. 
Аллаһ Елшісінің насихаты әл-ауқаты жоғары, беделді, бай кісілерге 
әсер ете қоймады. Ондайлар дүниенің сырты тәтті, іші бос ләззаттарына 
беріліп, пайдадан бас тартқылары келмеді. Сөйтіп пайғамбарға наразылық 
білдірді. Алдымен олар пайғамбарды халықтан аластап, айтқанын тыңдамай, 
қылжаққа 
айналдырды. 
Бірақ 
пайғамбар 
түсіндірген 
ақиқатты 
мойындаушылар саны күннен күнге арта түсті. Мұны көрген әлгі наразылар 
тобы пайғамбарға қарсы үгіт жүргізе бастайды. Жала жауып, жұртты 
алдағысы келеді. Хазіреті Мұхаммедті "сиқыршы, сәуегей, шайыр" деп 
көрсетсе де, соңынан ергендердің санасына тосқауыл қоя алмады. 


199
Бұл да болмаған соң зорлық-зомбылық жасауға бел буды. Пайғамбар 
мен мұсылмандарды мешітке кіргізбей, намаз қылып жатқанда үстеріне 
қоқыс-шірінді лақтырып, жолдарына шеңгел, жантақ шашып ойларына 
келгенін істеді. Әлсіз-дәрменсіз мұсылмандарды қорлап, азаптағаннан ләззат 
алатын жауыздардың қолынан қаза тапқандар да болды. Жағдайлар 
шиелінісе берді. Мұсылмандардың саны да аз, қауқары да төмен еді. Азап 
пен зұлымға қарсы тұру қиынның қиыны. Бұлай жалғаса берсе муминдерді 
түп-тамырымен жойып жіберулері де ғажап емес-ті. 
Ауыртпалықтарға мойымастан Хазіреті Расулаллаһ тынбай Ислам дінін 
жая берді. Мүшріктердің қорлығына кеудесін керіп қарсы тұрып, Аллаһтан 
келген аяндарға арқа сүйеп, сабыр сақтап киелі мақсатына ілгерілей берді. 
Аллаһ Тағала адам айтқысыз қиыншылықтарға душар болған 
мұсылмандарға түсірген аяттарымен дем беріп, оларды сабырға шақырды. 
Солардың бірі "Аср" сүресі, онда бір-бірін хақ жолында сабырға 
шақырғандар мадақталады. 
Сондай-ақ кейде Аллаһ Тағала Елшісін тікелей шыдамдылыққа 
шақыратын "Мә'ариж" сүресінің 5-аятында: "(Ей Расулым!) Сен әзірше (ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет