Даму болжамы


Әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту



бет5/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#129825
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. Әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту

Тұрақты экономикалық өсуді сақтау және экономикалық жаңғырту индустриялық-инновациялық даму саясаты мен «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Елдің индустриялық-инновациялық саясаты жаңа жағдайларға бейімделеді. Оның шеңберінде өнеркәсіп секторына екпін бере отырып, ағымдағы даму моделінен өнімділікті өсіруге негізделген неғұрлым тұрақты сервистік-индустриялық моделге көшу жүзеге асырылатын болады.

Жаңа құрлымдық экономика шеңберінде басымдылығы салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтары бар негізгі салаларды қолдау, бәсекелестік артықшылықтарға ие біздің экономикамыздағы драйверлер мұнай-газ және аграрлық секторлар және ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту.

Осыған байланысты, барлық кәсіпорындарды қолдау саясатынан бас тарту мақсатымен мемлекеттік қолдау тетіктеріне өзгерістер енгізілетін болады – олардың өндірістерді құру (жаңғырту), тікелей міндеттемелерімен шығындарды азайту және олардың өнімділігін арттыру жөнінде мемлекет «мемлекет пен бизнес арасындағы келісім-шарт» моделі бойынша бәсекеге қабілеттілігін растайтын компаниялар үшін ғана шара алынады.

Индустриялық саясаты мынадай бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:

1. Еңбек өнімділігін күрт және айтарлықтай ұлғайту, қосылған құн тізбегін тереңдету және өткізу нарықтарын әртараптандыру арқылы дәстүрлі базалық салаларды – тау-кен рудасы, металлургия және химия өнеркәсіптерін қайта құрылымдау.

2. Өңдеу өнеркәсібінің бәсекелі секторларын дамыту: Тау-кен металлургия кешені (4 және 5 шеетер металлургия, сирек кездесетін металлдар, минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу), химия (тыңайтқыштар) және мұнайлы – газды химия (полимерлер, қайта өңдеу жоғары сапалы), азық-түлік өнеркәсібі және машина жасау. Басқа да салалар бойынша – жалпы жүйелік шаралар мен даму институттарының көмегімен стандартты құралдар арқылы дамытуға ұсыныстар дайындалатын болады.

3. Контейнермен тасымалдауларға қайта бағдарлану арқылы транзиттік әлеуетті дамыту, жеткізілу мерзімін қысқарту, икемді тарифтерді қолдану (15 млн. тоннаға дейінгі көлемде транзиттік ағындарды қосымша тарту). Мультимодалды Еуразиялық транс-континенталдық дәлізді іске қосылатын және «әуелік жібек жолын» дамыту басталатын болады.

4. Заңнаманың тұрақтылығын, қаржыға қолжетімділікті, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуды, МЖӘ дамытуды, салықтық және кедендік заңнаманы жақсартуды қамтамасыз ету жолымен ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкес келетін инвестициялық климатқа шоғырландырылатын болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылымды салу негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялауды қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы коньюктура нашарлаған жағдайда экономиканың жеке секторларын қолдау жөнінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру үшін тартылған Ұлттық қор қаражатының жалпы көлемі 2015 жыл - 2017 жыл кезеңінде (2015 жылы -796 млрд. теңге; 2016 жылы – 379 млрд. теңге; 2017 жылы – 3 млрд. баламасында АҚШ долларына дейін) 9 млрд. баламасында АҚШ доллларын құрайды. Халықаралық қаржы институттары қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты, өңірлік ерекшелікті ескере отырып айқындалған басым секторлардағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ИИДМБ-да көзделген.
2.1 Экономика салаларын дамыту
Тау-кен металлургиялық өнеркәсіпте негізгі күш еліміздің ішінде шикі затты барынша өңдеуді және машина жасау, құрылыс индустриясы сияқты өнеркәсіптің аралас салаларын дамытуды қамтамасыз ететін жоғары деңгейдегі өнім өндірісін қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.

Тау-кен металлургия саласын дамыту:

бәсекеге қабілетті өндіріс құру, орта және шағын бизнесті тарта отырып жоғары қосылған құны бар терең өңделетін өнімнің номенклатурасы мен үлесін кеңейту;

қор мен энергия сыйымдылығын төмендету, жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту;

шикізатты алу технологиялары және кешенді қайта өңдеу бойынша инновацияларды, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеуді дамыту және инновациялық процестерге ғылыми-техникалық әлеуетті белсенді тарту;

салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, минералды-шикізат базасын кеңейту және қайта өңдеуді қамтамасыз ету, саланы білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жолымен қамтамасыз етілетін болады.



Мұнай-газ секторын дамыту ішкі нарықта мұнай өнімдері мен газ қажеттілігін қамтамасыз етуге, жаңа құбыр жолдар құрылысына, мұнай және газ экспортын арттыруға, мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағдарларын әртараптандыруға бағытталатын болады.

Мұнай-газ секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ортамерзімді перспективада мұнай-газ секторын дамыту стратегиясы ірі жобаларды (ТШО, Қашаған, Қарашығанақ) іске асыру негізінде қамтамасыз етіледі.

Экспорттық-кедендік баж мөлшерлемесін оны мұнайдың әлемдік бағасына (прогрессивті мөлшерлеме) байланыстырумен қолдану бойынша қағидалар өзгертіледі. Бұл мұнай-газ секторының кәсіпорындарына бара-бар салықтық жүктемені қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жаңа кен орындарын ашу есебінен қорлардың өсуімен қамтамасыз етілетін болады. Көмірсутекті шикізат қорларының өсімі Каспий маңы бассейніндегі теңіздегі кен орындары арқылы қамтылатын болады.

Жұмыстан тыс қалған жұмысшыларды жұмысқа орналастрыру мөлшерін жүзеге асырумен аз дебиттік, мұнайдың суда орналасқан көздерінен және жасалған экономикалық айналымдарынан кезендік қорытынды бағдарлама жасалатын болады.

Геологиялық барлауға және құрлықта өндіруге инвестицияларды ынталандыру, төмен рентабельді кен орындарын дамыту, интеграциялық процесстерді есепке ала отырып еншілік тетіктерін қалыптастыру мақсатында, саланың нормативті құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Жер қойнауын пайдалануға қолжетімділікті ырықтандыру және әлемдік озық тәжірибені енгізу («Австралия моделі») арқылы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру есебінін жаңа ресурстық базаны құру.

Мұнайдың өскен көлемінің экспортын қамтамасыз ету үшін «КЖК» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыржолдарының өткізу қабілетін арттыру арқылы көліктік дәліздерді кеңейту жоспарлануда.

2020 жылға қарай мұнай өндеу зауыттарын жаңғырту, (бензол, параксилол) хош иісті көмірсутектер өндірісін құру, біріктірілген газ-химиялық кешенді (полипропилен, полиэтилен) қалыптастыру жөніндегі жобаларды іске асыру аяқталатын болады.



Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі - АӨК) тұрақты және серпінді дамыту үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде «жасыл себет» шараларына басты назар аударыла отырып түзетіледі, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, жаңа стандарттарды және техникалық регламенттерді енгізу бойынша шаралар қабылданады.

Субсидиялау құралдарының тиімділігін арттыру мақсатында 2016 жылдан бастап өнімдер бағасы мен ресурстар құнын субсидиялау бойынша тікелей шаралардан соңғы ауыл шаруашылығы өнімін шығаруды субсидиялауға көшу бойынша жаңа тәсілдер енгізілетін болады.

Астық өңдеуші және наубайхана кәсіпорындарын тікелей субсидиялауды нан құнына нарықтық баға қалыптастыруды қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының көмегімен атаулы әлеуметтік көмекпен ауыстыру камтамасыз етілетін болады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында:

- кредиттер мен лизингілік міндеттемелер (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылай сауықтыру көлемі 312 млрд. теңгеден 500 млрд-қа дейін өседі) бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға;

- ауыл шаруашылығын қолдау үшін берілген кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге;

- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру арқылы АӨК-ті қаржылай қолдау көлемі ұлғайды.

Бұл өңірлік интеграция жағдайында отандық мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсу деңгейін сақтауды және жұмыс орындарын сақтап қалуды қамтамасыз етеді.

Өсімдік шаруашылығында дақылдарды өндірудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазіргі кезде пайдаланылмайтын жерлерді тартуға негіз күш-жігер жұмсалатын болады.

Саланың ауа-райының қолайсыз жағдайларына тәуелділігін азайту үшін суармалы жерлердің алаңдары қалпына келтіріледі және суды үнемдеу технологияларын қолданған кезде инвестициялық субсидиялау тетігі енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласында күш-жігер өндірісті техникалық және технологиялық қайта жаңарту, халықаралық сапа стандарттарына көшу, КО бойынша әріптес елдермен бәсекелесу үшін тең жағдайларды құру үшін азық-түлік тауарлары ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады.

Отандық тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі нарығын кеңейту үшін ішкі нарықты үшінші елдерден тауарлардың демпингті импортынан қорғау, сауда желілеріндегі сөрелерде отандық өнімге қол жеткізу тетігін жетілдіру, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сыртқы нарықтарға отандық өнімді ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

ДСҰ-ға кіруді ескере отырып ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға аса назар аударылады.

Елде машина жасауды дамыту жөніндегі саясат ішкі нарық қажеттілігін барынша қанағаттандыруға және жоғарғы қосылған құнды соңғы өнім өндірісін арттыру есебінен экспортты кеңейтуге бағытталады.

Автокөлік өнеркәсібін және автокомпоненттерді өндіру бойынша өнеркәсіпті дамыту машина жасауды салу үшін негіз болуы тиіс. 2020 жылға қарай отандық өндірушілер өндірісі 300 мың бірлік автокөлік деңгейінде болжануда.

Сондай-ақ, автомобиль өнеркәсібі секторында білікті кадрлармен қамтамасыз етуге; салада технологиялар трансферті және ЗТКЖ қолдау, еңбек өнімділігін арттыру; бар кәсіпорындардың қуаттылығын жаңғырту; ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу негізінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау тетіктерін жетілдіру және ауыл өздері өндіретін шаруашылығы техникасы көлемін жалпы жеткізу көлеміндегі 30%-ға дейін жеткізуге бағытталады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы іске асыру үшін бизнес бастамалары мен жобаларына қолдау көрсетіледі, кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру қолжетімділігі және отандық автокөліктерге, тікұшақтарға, жолаушылар вагондарына сатып алушы сұранысын ынталандыру артады, Ұлттық банкінің қайтарылатын қаражаты есебінен «Қазақстан даму банкі» АҚ арқылы ұзақ мерзімді жеңілдікті кредиттік ресурстар ұсынылатын болады.



Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі саясат 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары шеңберінде әлеуметтік тиімділігін нығайту арқылы орта мерзімді кезеңде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.

Қолданыстағы қуаттарды кеңейту бойынша және мына:

мақта талшығын қайта өңдеу көлемін 30 %-дан 60 %-ға дейін арттыру және оны қайта өңдеу түрлерін кеңейту бойынша;

терілерді бастапқы көлемі 450,0 млн. шаршы дм. дейін (жалпы көлемнің 25 %) қайта өңдеу бойынша;

жалпы куаттылығы 10,0 мың шаршы дм. болатын аяқ-киім шығаратын кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін терілерді қайта өңдеу бойынша;

20,0 мың тоннаға дейін тоқыма жүнің қайта өндіру бойынша және қуаттылығы 5,0 мың тонналы қылшық жүн және матаны бастапқы өңдейтін жаңа кәсіпорындар құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, ішкі нарықта жеңіл өнеркәсіп тауарларын ілгерлету бойынша, бірлескен бизнес-миссиялардың әлеуетін пайдалануды ескере отырып, үшінші елдер нарығына ЕЭБ жеңіл өнеркәсіп өнімдерін бірлесіп жылжыту тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Көліктік инфрақұрылым. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуді жақсарту үшін өңірлер арасындағы физикалық және «экономикалық арақашықтықты» қысқарту, макроөңірлер ішінде көлік коммуникацияларына және олардың қоршаған аудандар мен негізгі нарықтармен байланысқа қолжетімділігі бойынша шаралар көзделген.

Мультимодалды (контейнермен) тасымалдауларға қайта бағдарлану арқылы транзиттік әлеуетті дамыту, жеткізілу мерзімін қысқарту, икемді тарифтерді қолдану.

Мультимодалды Еуразиялық транс-континенталдық дәлізді іске қосу және «әуелік жібек жолын» дамытуды бастау.

Астананы «шұғыла» қағидаты бойынша өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық автожолдар желісін құру үшін 2015 жылдан бастап 2020 жылды қоса алғанда 6,7 мың км аса 1-ші және 2-ші санаттағы автомобиль жолдары салынады және реконструкцияланатын болады.

Көлік саласында басымды жобалар мыналар болып айқындалды:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін салуды аяқтау. Дәліздің Қазақстанның аумағы бойынша ұзындығы 2 787 км құрайды, оның ішінде 2 452 км реконструкциялауға жатады, жалпы жобаның құны 825 млрд. теңге;

үш бағыт бойынша заманауи жолдардың құрылысын жалғастыру:

Орталық-Оңтүстік (Астана – Қарағанды – Алматы), Орталық-Шығыс (Астана – Павлодар – Қалбатау - Өскемен) және Орталық-Батыс (Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Бейнеу – Ақтау). Үш дәліздің жалпы ұзақтығы 3535 км., болжамды құны – 1588 млрд.теңге құрайды.

Нарықтық тәсілдерді енгізу мақсатында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері қолданылады және халықаралық бағыттарға ақы төлеуді енгізу арқылы автожолдарды өзін-өзі ақтауға көшіру жүзеге асырылады.

Жетіген – Қорғас бағыты бойынша жоғары жүк тасқыны деңгейімен байланысты Алматы торабына түсетін салмақты төмендету мақсатында 2017 жылға дейін Алматы станциясын теміржол торабын айналып өтетін теміржол желісін салу жоспарланған.

Халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту үшін Астана қаласында халықаралық стандарттарға сай, тәулігіне 12-35 мың жолаушы өткізу мүмкіндігі бар жаңа вокзал кешенінің құрылысы көзделген.

Отандық автомобиль жүк тасушыларын қолдау және тасымалдау географиясын кеңейту, шетел мемлекеттерімен жаңа келісімдер жасасу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Қабылданған шаралар негізінде автобус паркін 25-30%-ға жаңарту, инфрақұрылымды жақсарту, халықаралық нарықтағы қазақстандық тасымалдау үлесінің 50%-ға дейін ұлғаюы болжанады..

Азаматтық авиация саласында инфрақұрылымды дамыту мақсатында жолаушылар тасымалдау көлемін ұлғайту және әуетасымалдау нарығында бәсекелестікті дамыту үшін жаңа әуе кемелері сатып алынады және ұшу географиясы кеңейеді.

Халықаралық деңгейдегі көліктік-логистикалық жүйені қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту бойынша инвестициялық жобалар іске асырылатын болады, халықаралық деңгейдегі ұлттық көліктік-логистикалық оператор құрылады және транзиттік әлеует іске асырылатын болады.

2016 жылы Орталық Қазақстаннан Ақтау портына, Түркіменстанмен шекараға дейін және Парсы шығанағы елдеріне қысқа теміржол байланысын қалыптастыруды қамтамасыз ететін және елдің теміржолдарының қаңқасын қалыптастыратын «Жезқазған – Бейнеу» теміржол желісі тұрақты пайдалануға берілетін болады.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту тұрақты жүк легін, сондай-ақ Құрық порты ауданындағы кеме жасайтын және кеме жөндейтін зауыттар мен металл конструкциясы зауыты сияқты дамушы өндірістерге көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

2016 жылы Құрық портындағы паром өткелі жобаларының аяқталуы, жөнелту және жеткізу порттарында қазақстандық жүк жөнелтушілердің мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау бағыттарын әртараптандыра отырып басты және құймалы жүктерді шығынсыз ауыстырып тиеу бойынша теңізбен тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

2020 жылы Каспий теңізіндегі порттар арқылы жүкті ауыстырып тиеудің жалпы көлемі шамамен 25 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде Құрық паром кешені 4 млн. тоннаға дейінгі жүкті ауыстырып тиеу көлемін қамтамасыз етеді.

Ляньюньган (ҚХР) портында терминалды инфрақұрылымды құру жобасы аяқталады және агенттік пункттердің сыртқы желісін құру және құрылысы немесе логистикалық терминалдарды Еуропа, Балтық және Қара теңізі елдерінде құрудың орындылығын анықтау бойынша жұмыс басталды.



Туристік қызметті дамыту шеңберінде 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасын ішкі туризмнің дамуын ескере отырып, іске асыру жалғастырылады.

Туризмді дамыту: 5 кластер Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау базасында жүзеге асырылатын болады. Кендірлі (Маңғыстау), Көк Жайлау (Алматы) және Қасқасу (ОҚО) якорлы туристік жобаларды жүзеге асыру жалғасады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде туристік кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін, табиғи көрікті жерлерге және тарихи-мәдени мұра объектілеріне апаратын автокөлік жолдарын қайта құру және жөндеу, теміржол инфрақұрылымдары мен әуежайларды жаңғырту, жаңа әуежайлар мен шағын авиацияны дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі мәселелер шешілетін болады.

Республикалық және жергілікті бюджеттен туристік қызығушылыққа танымал орындар бағыттары бойынша авиа, теміржол және автобус рейстерін субсидиялау және шет елдердің қатысуымен туризмді дамыту жөніндегі корпорация құру мәселелері пысықталады.

Визалық режимді жеңілдету бойынша (ЭЫДҰ елдері – 48 ел және 14 экономикалық және саяси тұрақты мемлекет), сондай-ақ 72-сағаттық транзиттік виза енгізу жұмыстары жалғасады.

EXPO-2017-ге туристерді тарту бойынша шараларды қамтитын қазақстандық турөнімді ілгерілету мақсатында елдің туристік бренді әзірленеді.

Туристік сала шараларын іске асыру 2018 жылға қарай келушілер ағымын 10,4 миллионға дейін арттыруға, 2020 жылға қарай 50 000-ға дейін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және сабақтас салаларда 10 000-ға дейін жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Ғарыш қызметін дамыту жөніндегі саясат ИИДМБ шеңберінде толыққанды ғарыш саласын құрудың екінші кезеңін іске асыруды жалғастыруға және келесі іс-шараларды:

ғарыштық инфрақұрылымның жер үсті объектілерінің жобалық қуаттылығын енгізуге: тәжірибелі өндірісі бар ғарыштық техниканың арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы, ғарыштық аппараттардың құрастыру-сынама кешені, жоғары дәлдікті спутникті навигация жүйесі (ЖСНЖ);

«Ангара» зымыран тасығыш базасында жеңіл, орта және ауыр сыныпты «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін, жоғарғы шешімді «KazSAR 1» радиолокалициалық ғарыштық аппаратын (бұдан әрі-ҒА) құруға;

Ғарыштық технологиялардың ұлттық зертханасын (ҒТҰЛ) құруға;

«Астана – Жаңа қала» АЭА Ұлттық ғарыш орталығының объектілерінің 2-ші кезегін салуға;

Жезқазған қаласында химия-экологиялық зертханасын құруға;

Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі-ЖҚЗ) ғарыштық жүйесінің жер үсті сегментін тиісті қосымша жарақтандырумен ғылыми-техникалық мақсаттағы ҒА пайдалануға енгізуге;

шетелдік спутниктерден байланыс арналарын жалға алу бойынша қызметтер импортын қысқартуға және шетелдік ЖҚЗ ҒА-дан түсірілімдерді сатып алуды және ҒА байланысын және ЖҚЗ спутниктік сыйымдылықтарды шетелдік операторларға жалға беруді ұсыну арқылы көрсетілетін кызметтер экспортын кеңейтуге бағытталатын болады.

Міндеттердің тиімді орындалуы әлеуметтік-экономикалық даму үшін ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалануға, әлемдік ғарыш нарығында Қазақстанның қатысуын кеңейтуге, ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдаланудың маңызды міндеттерін шешуге ықпал етеді.

Инновацияларды дамыту жөніндегі саясат инновациялық-технологиялық дамуды басқару жүйесін құру және салалар мен өңірлерді инновациялық дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені құруға бағытталатын болады. Сондай-ақ жоғарғы технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту, елдің ғылыми және инжинирингілік әлеуетін арттыру және инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасалатын болады.

Инновацияларды енгізетін, істерін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.



Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымда «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономиканы құру үшін экономиканың негізін қалаушы салаларда интелектуалдық жүйелерді барынша енгізу көзделеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жаппай енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді үкіметті» құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту бойынша міндеттер шешілетін болады.

Қазақстан аумағында IT-инфрақұрлымын дамыту шаралары онлайн сауданы дамыту үшін, электрондық қызметтер, сандық теледидар және мобилдік интернет сандық экономиканың негізі болып қалады, бұл еңбектің өнімділігін арттыруға және логистиканың жақсаруына әкеледі.

Негізгі күш 3G және 4G технологиялары бойынша ұялы байланыс қызметін дамыту арқылы ұялы байланыстың кеңжолақты Интернет желісіне қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталады. 2018 жылға қарай барлық аудан орталықтарын LTE 4G стандартының ұялы байланыс желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ұялы байланыс абоненттері үшін бұдан әрі тарифті төмендету бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. Мәселен, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап интерконнект мөлшерлемелері ұялы байланыстың минутына ҚҚС-сыз 8-ден 5 теңгеге дейін төмендетілетін болады. Сондай-ақ, абонентке бір оператордан басқа операторға ауысу кезінде өз нөмірін сақтауға мүмкіндік беретін ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру бойынша қызметтер енгізілетін болады, бұл операторларды тарифтерді төмендетуге және абоненті сақтау үшін көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға ынталандыратын болады.

Заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық қоғамды ақпараттандыруды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы әзірленетін болады.

Бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту, халықаралық рейтингтерде Қазақстанның позицияларын арттыру үшін «Электронды үкімет» порталын одан әрі дамыту, оның ішінде қызметтердерді автоматтандыру мен «Мобильді үкімет» қызметін дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Химиялық өнеркәсіпті одан әрі дамыту агрохимияны және өнеркәсіп үшін химикаттарды дамыту – ИИДМБ-ның басым бағыттары шеңберінде жалғастырылатын болады.

Агрохимиялық секторды дамыту күрделі (NPK-тыңайтқыштар), калийлы тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша басым бағыттарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, ішкі сұранысты ынталандыру, экспорттық әлеуетті өсіру және өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісінің көлемін кеңейту және жаңа өнім шығару бойынша өндірістер құру қамтамасыз етіледі.

Химиялық кластерді одан әрі дамыту шеңберінде кейіннен жемшөп фосфаттарын өндірумен экстракционды фосфорлы қышқыл өндірісі, метанол және аммиак негізінде химиялық өнімдер өндірісі, бір терезе қағидаты бойынша кешенді қызметтер көрсететін агрохимиялық сервис орталықтарын құру бойынша жобалар іске асырылады.

«Павлодар» АЭА және «Тараз» АЭА химиялық паркі негізінде Жамбыл облысында кешенді минералдық тыңайтқыштар өндіру бойынша «Еврохим-Удобрения» ЖШС жобасы іске асырылады.



Фармацевтикалық саладағы саясат отандық өндіріс есебінен бар өндірістердің жаңғырту және жаңадан салу, салаларды білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету және жобаларды бірлесіп іске асыру үшін инвестициялар тарту арқылы елдің дәрілік заттарға қажеттілігін 2019 жылға қарай 60 %-ға дейін қанағаттандыруға қол жеткізуге бағытталатын болады.

Саланы дамыту барынша импортты алмастыру саясатын қолданып, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарта отырып, инновациялық технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру шараларын көздейтін Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәрiлік заттарды отандық өндiрушiлердiң препараттарының тiркеу куәлiктерiн өзара мойындау мәселесі пысықталатын болады.

2020 жылға дейін онкологиялық, туберкулезге қарсы, кардиологиялық, диабетке қарсы, вирусқа карсы, гастроэнтерологиялық препараттарды, инфузионды ерітінділерді, медициналық мақсаттағы антибиотиктер мен бұйымдарды өндіру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.



Құрылыс индустриясында саланы индустриялық-инновациялық дамыту, құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау және құрылыстағы сметалық бағаның құрылуы жүйесін жетілдіру, өңірлерді аумақтық жоспарлау мен елді мекендерде қала құрылысының дамуын жетілдіру есебінен тұрақты және үйлестірілген құрылыс материалдарын өндіру қамтамасыз етіледі.

Орта мерзімдік кезеңде салада мемлекеттік саясат табақты шыны өндіру бойынша, цемент, құрғақ құрылыс қоспаларын, натуралды табиғи тас және басқалары өндірісін құру және жаңғырту бойынша басым бағыттар іске асырылады.

«Шымкент цемент» АҚ-да (Оңтүстік Қазақстан облысы) цементті «құрғақ тәсілге» өте отырып, өндірісті жаңғырту және «Қарцемент» АҚ-да (Қарағанды облысы) цементті «құрғақ тәсіл» жолымен өндіруді қалпына келтіру жоспарлануда.

Қызылорда облысында жылына 197,1 мың тонна өндіру көлемі мен энергиялық тиімді шыны өнімдері өндірісін тігінен интеграцияланған жоғары технологиялық өндіріс құруды көздейтін, энергия үнемдеп тозаңдататын шыны зауытын салу жобасы аяқталады.



Электр энергетикадағы экономикалық саясаттың мақсаты елдің электр энергиясы және энергетикалық тәуелсіздігінде экономика қажеттілігін қамтамасыз ету болады.

Елді энергиямен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін нығайтудың негізгі міндеті жүйе құрушы ұлттық электр желісін (ҰЖЭЖ) дамыту болып табылады.

Шығыс Қазақстан және Алматы өңірлерін электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру және «Солтүстік – Оңтүстік» бағытында транзитті күшейту үшін «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Бұл елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерін энергиямен қамтамасыз етуді біріктіруге, сыртқы өнім берушілерге тәуелділікті төмендетуге және тапшылық кезінде энергияны тиімді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасын іске асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін, экологиялық проблемаларды шешуді және электр энергетикалық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Елдің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай 20 % және 2020 жылға қарай 25 %-ға дейін төмендету көзделген.

Энергия үнемдеу саласының негізгі міндеттері:

- энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

- энергия үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру сақтау саласында келісім жасасу;

- ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірісті жаңғырту арқылы олардың энергиялық тиімділігін арттыруға ынталандыру болып табылады.

Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат уран өндіру көлемін ұлғайту, ядролық отын циклінің жаңа өндірістерін құру, атом энергетикасы және атом ғылымының инфрақұрылымын дамыту арқылы елдің жедел индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын құруға бағытталады.

«Жасыл экономиканы» дамытудың басым бағыттарының бірі болып 2050 жылға қарай тұтас энергия тұтыну 50%-дан кем болмайтын альтернативті және жаңартылатын энергия түрлерін дамыту айқындалды. Энергияның жаңартылатын барлық түрлерінің (күн, жел, гидро, биомасса және геотермалды көздер) әлеуеті бойынша атлас әзірленетін болады.

«ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» мамандандырылған халықаралық көрмені ұйымдастыру мен өткізу Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды және баламалы энергетиканың перспективалық кластерлік даму моделін дамыту бойынша шаралар әзірлеуді тездетуге мүмкіндік береді.



Жергілікті қамту бойынша мемлекет жүргізіп отырған саясат отандық экономиканың өсуіне, шикізаттық емес сектор үлесін арттыруға, жаңа өнімдерді шығаруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Интеграциялық процестер (БЭК, ДСҰ) шеңберінде отандық жаңа өндірістерді дамытуды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады. Жергілікті қамту саясатын және өсуіне жәрдемдесу әдістерін жетілдіру үшін мыналар:

ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарлар, жоғары сапалы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілерін сервистік қолдау;

сұранысқа ие кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер жөнінде хабардар болуын арттыру үшін, «Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тізілімі», «Қазақстандық қамту» интернет-ресурсы» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және одан әрі дамыту;

отандық өндірушілер мен әлеуетті тапсырыс берушілердің қатысуымен өткізілетін көрмелер, форумдар, кеңестер, кездесулер, дөңгелек үстелдер тиімділігін арттыру, оқыту және ағарту сипатындағы анықтамалық әдебиеттер мен брошюралар шығару бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Ішкі сауданы одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының салалық заңнамасы тұрақты негізде жетілдірілетін болады.

Сауда объектілерінің қолданыстағы жіктеуін қайта қарау болжануда. Сауда объектілері стационарлық, стационарлық емес және сауда базарлары болып бөлінетін болады, соңғысы мамандандырылған және әмбебап болып бөлінеді. Стационарлық объектілер өз кезегінде сауда алаңының ерекшелігі, сауда, әкімшілік-тұрмыстық және қойма үй-жайларының және автокөлік тұрақтарына арналған алаңдардың болуына қарай бес санатқа бөлінеді.

Сауда қызметін ұйымдастыру үшін, оның ішінде сауда базарларында, заманауи форматтағы сауда объектілерінің қызметін жақсартуға бағдарланған, заңнамалық шарттарды құруға бағытталған жұмыс жүргізілетін болады.

Бұдан басқа биржалық сауда бөлігінде дауысқа салып сауда-саттық өткізуге тыйым салу және толықтай электрондық саудаға өтуді жүзеге асыру жоспарлануда, сондай-ақ тауар биржасы деңгейін арттыру мақсатында тауар биржаларының жарғылық капитал мөлшері ұлғаятын болады.

Электрондық сауда бөлігінде электрондық сауда түсініктері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерімен, жұмыстың нақтылы орындалуысыз телекоммуникация желілері арқылы мәміле (мәмілелер) жасасуы бөлігінде әкімшілік жауапкершілік енгізілетін болады.

2.2 Тарифтік және монополияға қарсы саясат
Табиғи монополия субъектілері қызметін реттеудің тиімді теңгерімделген жүйесін құру, табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру үшін салалық саясат мына міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады:

- ағымдағы тиімсіз шығындарды жою және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялар салуды ынталандыру;

- табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілген қызметтеріне тарифтердің тұрақтылығы және болжамдылығын арттыру;

- нормативтік техникалық шығындар деңгейлерін төмендету арқылы энергия үнемдеу;

- шикізат пен материалдардың, отын және энергия шығыстарын, әкімшілік шығыстар нормаларын оңтайландыру арқылы ресурстарды үнемдеу.

Тарифтік реттеуді жүзеге асыру кезінде елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттілігі, оның ішінде инфляция деңгейін болжанған шекте ұстап қалуды қамтамасыз ету үшін есепке алатын болады.

ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес монополияға қарсы реттеу құралдарын тиімді қолдану бәсекелі нарықты қалыптастырудың негізгі құралына айналады.

Басым немесе монополиялық жағдайдағы Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі жоюға қойылатын және дамыған елдерде қолданылатын «жұмсақ» монополияға қарсы құралдарға көше отырып, бағалық реттеуді толық жою жүзеге асырылатын болады.

Табиғи монополиялар салаларын барынша кері реттеу үшін ЭЫДҰ елдерінің мысалында тәуелсіз салалық реттеу тетіктері енгізілетін болады.

Жеке инвестициялар тарту, транспаренттілік пен болжамдылықты қамтамасыз ету, одан әрі табиғи монополияларды коммерцияландыру үшін 2016 жылдың соңына дейін шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бекітілетін болады. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы шекті тарифтерге көшу 2016 жылғы 1-жартыжылдықта аяқталатын болады.

Еліміздің 18 қаласындағы базалық коммуналдық кәсіпорындар (сумен жабдықтау және су бұру) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жекешелендірілетін немесе концессияға/жеке меншік иелерінің басқаруына берілетін болады.

Монополияға қарсы саясат тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға және қорғауға, тауар нарығына кіру кедергілерін жоюға және бәсекелестікті шектеулерді болдырмауға бағытталатын болады.

Нарық субъектілері үстем жағдайды теріс пайдаланған кездерде тұтынушылар мүдделерін қорғау үшін мынадай:

жосықсыз бәсекенің және бәсекеге қарсы келісімдер мен нарық субъектілері іс-қимылдарының кез келген түрлеріне жолын кесу және тыйым салу;

тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою;

экономиканың инфрақұрылымдық салаларында экономикалық шоғырлануды төмендету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасын жетілдіру және жақындастыру жөніндегі жұмыс жалғасын табатын болады.

2.3 Бизнес-ахуалды жақсарту

Бизнеске түсетін ауырпалықты және әкімшілік тосқауылдарды төмендету, рұқсат беру жүйесін реформалау, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру және «Doing Business» Дүниежүзілік банкі рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту арқылы бизнес-климатты жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру және адал кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеу институтын енгізетін «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы әзірленді.

Кәсіпкерлік субектілеріне және кәсіби қызметке өзін-өзі реттеуді енгізу мемлекеттік реттеуге және «адал кәсіпкерлікті» көтермелеудің баламасы бола алады, сондай-ақ мінез-құлық қағидаларының икемділігін және нарық қатысушыларының, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылардың мүддесін қамтамасыз етеді.

Бизнес-омбудсмен институтын нығайту үшін бизнес-омбудсменнің құқықтық статусын және оның бағыныстылығын айқындауды, оның өкілеттігін күшейтуді, бизнес-омбудсмен институтының құрылымын құруды көздейтін заң жобасы әзірленетін болады.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу шеңберінде «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту бойынша жаңа заңнамалық бастамалар қабылданды.

Бұдан басқа, оңалту және банкроттық рәсімдерді жақсарту мақсатында Заңмен мыналар көзделеді:

- кәсіпорынды оңалту кезеңінде кәсіпкерге сауықтыру мүмкіндігін беретін қызметтегі нормалар;

- медиацияның көмегімен жер дауларын сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігін заңнамалық бекіту;

- оңалту және банкротқа ұшырау рәсімдерін жақсарту нормалары;

- миноритарлық инвесторларды қорғау үшін, бір бірінің акцияларының он пайызынан астамын өзара иеленген жария компанияларды шектейтін нормалар; - ірі акционерлер туралы ақпаратты, сондай-ақ басқару органдарының мүшелері туралы мәліметтерді компанияның ресми интернет-ресурстарында орналастыру;

- кепіл пәні болып табылатын жылжымалы мүлікті лизингке беру мүмкіндігі ұсыну.

Кәсіпкерлік қызметке жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Заңнаманы іске асыру үшін, тәуекелдер дәрежесін бағалау негізіндегі тексерулерді ұйымдастыруға ауыса отырып жоспарлы тексерулер жүргізу жойылды. Реттеуші мемлекеттік органдардың біріккен актілерімен тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерилері, тексеру парақтарының және міндетті ведомстволық есеп беру формаларының нысандары қайта бекітіледі.

Жекелеген салаларда (санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау, өрт қауіпсіздігі, салықтық әкімшілендіру) камералдық бақылау, аудит және тексеруге балама ретінде сақтандыру енгізілетін болады.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау мақсатында бизнес бастаманы, салалық қолдау мен кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» (Бұдан әрі – БЖК 2020) бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылады

БЖК 2020 кәсіпкерлерді микрокредиттеу, микроқаржылық ұйымдардың микрокредиттер бойынша субсидиялау, микроқаржылық ұйымдардың қарыздарын ішінара кепілдендіру, бизнестің көшуіне байланысты шығыстардың орнын толтыру, ақпараттық-талдамалық қолдау, инновациялық технологияларды енгізу кәсіпорындардың өнімділігі мен электр үнемдеуін арттыру іскерлік байланыстарды кеңейту бойынша қаржылық емес қолдау арттыру сияқты қаржылық қолдаудың жаңа құралдарын енгізуді көздейді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістерді құруға, қызметтегі өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған БЖК 2020 жобаларын іске асыру барысында жетіспейтін инфрақұрылымдар өткізілетін болады.

Жетіспейтін инфрақұрылымдарды индустриялық аймақтарға өткізу, жоғары экономикалық тиімділікпен және бір аумақтағы өзара байланыстағы өндірістердің шоғырлануына байланысты кәсіпкерлікті дамыту үшін ұйымдастырылған жағдайлармен негізделген.

Тұтастай алғанда, шағын бизнес үшін қолайлы климат жасау және нүктелі мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасатын болады.



2.4 Инвестициялық ахуалды жақсарту
Қазақстанның инвестициялық саясаты қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған және экономикалық прагматизм қағидаттарына негізделген: табыстылық, инвестициядан және бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым, сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелерін дамыту және жаңа нарықтық орынды айқындау арқылы экономикалық әлеуетті қамтамасыз ету.

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Инвестицияларды тарту инвестициялық қызмет пен бизнес жүргізу үшін анағұрлым бәсекелі шарттармен қамтамасыз етуді талап ететін технологиялар трансферті мен жоғары технологиялы өндірістерді құру шарттарында жүзеге асырылады.

Инвестициялық ахуалдарды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін жетілдіру мақсатында инвестицияларды тарту үшін екінші жаңа ынталандыру пакеті дайындалатын болады.

Жаңа Жібек Жолы Экономикалық Белдеуін құру жөніндегі Қытай бастамасы шеңберінде қолданыстағы ғаламдық жеткізілім тізбегіне қосылу, сондай-ақ Қытайдан Қазақстанға өндірістерді көшіру жөніндегі бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру бойынша шаралар дайындалады.

Инвестициялық қызмет саласындағы Қазақстанның заңнамалық базасы ЭЫДҰ стандарттарымен үйлестіріледі.

ЭЫДҰ-мен бірлесіп Қазақстанның инвестициялық саясатына 2-ші шолу жүргізілетін болады, оның нәтижелері біздің ынтымақтастықты жаңа деңгейге ауыстырып, Қазақстанға ЭЫДҰ-ның Инвестиция комитетіне қатысушы болуға және Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар туралы ЭЫДҰ Декларациясына қосылуға мүмкіндік береді.

Технологиялық инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде басым елдерден «елдік қағидат» бойынша инвесторларды тарту жалғастырылады, сондай-ақ, трансұлттық компанияларды нүктелі тарту бойынша жұмыс жандандырылады.

Экономикаға инвестицияларды тарту және МЖӘ дамыту шеңберінде Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық бойынша жұмыс нығайтылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

Мемлекет пен бизнестің инвестициялық саладағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылының барлық аспектілерін кешенді реттеуді қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң жобасы әзірленуде.

Заң жобасы сервистік келісімшарттарды (қызметтер саласы), өмірлік цикл келісімшарттарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (инновациядағы МЖӘ) келісімшарттарын және басқаларды енгізу есебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің келісімшарттық нысандарын айтарлықтай кеңейтуді көздейді.

Бұл қызметтер және инновациялар салаларында жобалардың іске асырылуы және МЖӘ шарттарының жобаның барлық кезеңдеріне жасалуы жолымен дайындаудан, іске асырудан бастап пайдалануға дейін (жобаның толық өмірлік циклы) МЖӘ қолдану саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы жеке қаржылық бастаманы енгізуді жеке көздейді, ол әріптеске дайын объекті немесе зияткерлік меншік болған жағдайда тікелей келіссөздер арқылы өз бастамашылығымен мемлекетпен келіссөз процесіне және тиісті келісімді жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Заң жобасымен оңайлатылған рәсімдер бойынша конкурс өткізу көзделген үлгі жобалар үшін МЖӘ-нің шағын нысандары енгізіледі, яғни үлгілі құжаттардың негізінде, қосымша сараптамаларды және біліктілік іріктеуді өтпей конкурстар мен келісімшарттар іске асырылады.

Бұл жобаның инициализациясынан бастап конкурс жариялауға дейінгі мерзімді шамамен 4-6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет