Даму жоспары


Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық



бет4/6
Дата05.06.2016
өлшемі439 Kb.
#116599
1   2   3   4   5   6

Түйінді бағыт: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық


Жаһандық қалпына келу басталған кезде Қазақстандағы іскерлік ахуал елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізін қамтамасыз етеді. Ол экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және отандық бизнесті дамыту үшін ауқымды инвестицияларды тартуға ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Орнықты қаржы жүйесі және сенімді құқықтық орта да кәсіпкерлікті дамытуда сыни рөл атқарады.

Бизнес ортаны жақсарту


Стратегиялық жоспар-2020 іске асырудың алғашқы жылдары мемлекет отандық кәсіпкерлер үшін де және халықаралық инвесторлар үшін де бизнес жүргізудің құнын азайтуға бағытталған белсенді шараларға бастама жасайды. Әкімшілік рәсімдердің шеңберін белгілеп, оларды жүзеге асырудың ашықтығын арттыра отырып мемлекет Қазақстандағы іскерлік ахуалдың маңызды аспектілеріне әсер ететін төрешілдікті және сыбайлас жемқорлықты азайтуға ұмтылатын болады.
Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай



экономиканың шикізат емес секторларына салынатын отандық және шетелдік инвестициялар (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер) кемінде 30 %-ке ұлғаяды
ЖІӨ-ге тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) үлесі он проценттік деңгейге ұлғаяды

ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 7-10 %-ке ұлғаяды


инвестиция көздері әртараптандырылады (әрбірінің үлесі 5 % және одан көп болатын негізгі 10 инвестор ел)
Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері ең жақсы 50 елдің қатарына енеді

Қазақстан «Transparency International» рейтингінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша үштен бір елдер қатарында




2015 жылға

қарай


Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарды
уақыт пен шығындарды қосқа алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу; лицензия алу; сертификат алу; аккредитация; консультация алу) 2011 жылмен салыстырғанда 30 %-ке қысқарады

2011 жылға

қарай


жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау үшін реттеушілік әсер етуді талдау әдістемесі (РӘТ) әзірленетін болады
Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады
Еуропа қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік Банктің Іскерлік ахуалға және кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне шолудағы (BEEPS) бизнес ортаның даму көрсеткіштері жақсарады
уақыт пен шығындарды қосқа алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу; лицензия алу; сертификат алу; аккредитация; консультация алу) 30%-ке қысқарады



Қаржы секторын нығайту

Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі дамуы ағымдағы жаһандық дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды:

қандай да болмасын қарыз алу коммерциялық, қаржылық және валюталық тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қатаң пруденциалды стандарттарға және ашықтық талаптарына негізделуі тиіс;

халықаралық капитал нарықтарына қол жетімділік банк секторының және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты басқаруды талап етеді;

ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты, ашық және тиімді реттелетін болуы тиіс қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.

Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау сақталады, алайда, бірте-бірте жеке бастамаларға орын бере отырып, тікелей мемлекеттің қатысуы азаяды.

Отандық қаржы жүйесін одан әрі реттеу барынша толық және қаржы секторының макроэкономикалық байланыстарын жан-жақты ескеретін болады. Белсенді экономикалық өсу кезеңінде пруденциалдық нормативтер құлдырау жағдайында жинақталған потенциалды пайдалану үшін күшейтілетін болады.

Жалпы алғанда қаржы секторының дамуы елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы үшін қаржы ресурстарын тартуға бағдарланады.

Қор жасаудың ішкі көздері халықтың және отандық кәсіпорындардың бос ресурстары есебінен көбейеді. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ресурстарды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы нығайтылатын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығы артады.

Елдің қаржы секторына деген сенімділікті қалпына келтіру және ол көрсететін қызметтер спектрін кеңейту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілетін болады. Қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін кеңейтуге, қаржы ұйымдарында ішкі бақылаудың тиімді жүйесі мен тәуекел-менеджментті енгізуге, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.

Ішкі ресурстардың өсу шамасына қарай жобалық инвестициялау құралдарын қоса алғанда қаржы құралдарының кең ауқымы бар қор нарығы одан әрі дамиды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және исламдық қаржыландыру қор нарығын дамытуда маңызды рөл атқаратын болады. Осыған сондай-ақ құнды қағаздардың барабар айналыс көлемдерін қамтамасыз ететін мемлекеттік құнды қағаздар нарығының одан әрі дамуы ықпал етеді.

Қазақстанның толық бағалы қор нарығын қалыптастыру және оның халықаралық капитал нарығымен ықпалдасуы шеңберінде Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы одан әрі дамитын болады. Стратегиялық перспективада мемлекет халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Алматы қаласының бәсекеге қабілетті қаржы орталығын дамыту және оның Азиядағы он жетекші қаржы орталығының қатарына кіруі үшін қажетті жағдайларды жасайды.

Жалпы алғанда, елдің қаржы секторын дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың дағдарыстан кейінгі кезеңге мақұлданған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.


Қаржы секторын дамыту жөніндегі

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


қаржы ұйымдарының институционалдық базасы ұлғайды және олардың инвестициялық мүмкіндіктері артты
банк секторының сыртқы міндеттемелерінің үлесі оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде 30 %-тен аспайды
қаржы нарығы қызметтердің кең спектрін ұсынады және инвесторлар мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың арасында сенімі бар
отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия елдерінің ішінде ислам банкингінің өңірлік орталығына айналады

2015 жылға

қарай


халықтың жинақтарын тартудың баламалы көздерін дамыту үшін жағдайлар жасалды
халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар сәтті іске асырылды
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығын жоғарылату жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылуы қамтамасыз етілді


Сенімді құқықтық орта қалыптастыру
Сенімді құқықтық ортаға заңның үстемдік принципінің сөзсіз сақталуы арқылы қол жеткізіледі және ол азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына деген сенімділікті, бизнес жүргізу кезінде өз қауіпсіздігін сезіну, төмен транзакциялық шығындардың төмен болуын қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы инвестицияларды ынталандырады.

Ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту және оны үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіру, сондай-ақ адам, кәсіпкерлік пен мемлекет құқықтарының сенімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында келесі салалардағы реформаларға екпін жасалады:

сот жүйесінің ашықтығын және тәуелсіздігін, сот корпусының бейтараптығы мен кәсібилігін арттыру;

заңнаманы жетілдіру және норма шығару сапасын арттыру;

халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін, оның ішінде сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Отандық құқықтық жүйені жаңғыртудың концептуалдық ұстанымдары және оны 2020 дейінгі дамуының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған.


Сот жүйесі

Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін атқаруға азаматтық қоғамның тиімді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бейтараптығы, сот ісін жүргізуді оңайлату және тым артық регламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осының нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіп, соттардың жұмыс істеу тиімділігі артады.

Сот төрелігін атқару кезінде сот сатылап құрылуының барлық деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады.
Сот жүйесін реформалаудың

стратегиялық мақсаттары


2020 жылға

қарай


Қазақстан Республикасының «соттардың тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингіндегі орны жиырма позицияға жақсарады.
сот жүйесінің тәуелсіздік және бейтараптық деңгейі Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының міндеттемелеріне (адами өлшемдер саласында) сәйкес деп танылған

2015 жылға

қарай


тергеу іс-қимылдарын соттық бақылау кеңейді

2013 жылға

қарай


жүгіну субъектілері істерінің қол жетімдігіне, қарапайым әрі жедел шешілуіне кепілдік беретін сот жүйесі құрылды
сот қараудың толықтай жариялылығы мен ашықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жария дерек қорында соттардың қорытынды іс жүргізу шешімдерінің қарар бөлігін орналастыру жолымен қамтамасыз етілді
отандық сот жүйесінің халықаралық төрелік жүйесімен ықпалдасуының жоғарғы дәрежесі қамтамасыз етілді

2012 жылға

қарай


судьяларға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары және судьяларға үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің транспаренттілігі (ашықтығы) артты
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып сот процесіне қатысушылар мен кәсіпқой заңгерлер арасында жүргізілетін, алынған нәтижелердің жариялануын және соттар мен судьялардың рейтингілерін құруды көздейтін мерзімді әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды барабар қамтуы қамтамасыз етілді

2011 жылға

қарай


соттардың мамандануы олардың өкілеттіктері нақты ажыратыла отырып кеңейтілді, оңайлатылған іс жүргізу институттары дамуда
жеке меншік сот орындаушылар институтын енгізе отырып сот шешімдерін орындаудың аралас моделі енгізілді


Заңнаманы және норма шығаруды жетілдіру

Мыналар заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің негізгі бағыттары болады:

Қазақстанның заңнамалық базасының тұрақтылығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, оның сапасын арттыру және ескірген және қайталама нормаларды алып тастау, құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою және сілтеме нормаларды азайту, тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту арқылы жүйелеу;

нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге кеңірек тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, осы саладағы алдыңғы білімдерді пайдалана отырып салалық ғылыми сараптамаларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу негізінде норма шығару процесіндегі кәсібилікті күшейту.


Заңнаманы және норма шығаруды жетілдірудің

стратегиялық мақсаттары


2020 жылға

қарай


нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына және оларды барлық тараптардың мүдделерін теңдестіріп ескеруге мүмкіндік беретін жария түрде талқылау рәсімдеріне негізделген заң шығарудың тиімді тетіктері енгізілді

2012 жылға

қарай



«электрондық үкімет» инфрақұрылымы шеңберінде және мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын ескеріп, нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген әрі түпкілікті деректер базасына жалпыға бірдей тегін қол жеткізу қамтамасыз етілді
тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, осы саладағы алдыңғы білімдерді пайдалана отырып салалық ғылыми сараптамаларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу негізінде норма шығару сапасын арттыру жөніндегі тетіктер енгізілді
қылмыстық заңнаманы, оның ішінде кiшiгiрiм және орта ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған тұлғаларға және әлеуметтік осал азаматтарға қатысты, сондай-ақ кішігірім ауырлықтағы қылмыстарға жататын құқық бұзушылықтарды оларды әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік саласына өткізу жолымен қылмыстық сипаттан арылту арқылы қылмыстық заңнаманы кешенді ізгілендіру жүргізілді
заңды тұлғалардың банкроттық тетіктері жетілдірілді

2011 жылға

қарай


ескірген және қайталама нормаларды алып тастауға, сондай-ақ

құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі енгізіледі


Қазақстанда мүдделік қолдау институтының жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз жасалды, корпоративтік мүдделерді ілгерілетудің сыбайлас жемқорлық схемасын жоятын тетіктер регламенттелді
контрактация тәуекелдерін тәуелсіз бағалау институттарын (рейтингтік агенттіктерді, кредиттік бюроларды) және корпоративтік дауларды оңайлатылған шешу институттарын (аралық соттарды, коллекторлық агенттіктерді) одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленді


Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне қол жетімділігі

Құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етеді және кез келген заңдылық бұзушылықтарға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін қалыптастырады.

Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихаттауды (қоғамдық заң білімін жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.

Қазақстандық қоғамының жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


Қазақстанның әрбір азаматы үшін мүліктік жағдайына қарамастан білікті заң көмегін беру тетіктерін жетілдіру есебінен білікті заң көмегіне нақты қол жетімділігі қамтамасыз етілді
кәсіби заңгерлер мен адвокаттардың біліктілігі жоғары қызметтері нарығы құрылды

2013 жылға

қарай


Қазақстан Республикасы азаматтарының білікті заң көмегін алу тетіктерін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді

2012 жылға

қарай


халықтың құқықтық мәдениетін арттыру шеңберінде азаматтық қоғам институттарын орнықты дамуы үшін қажетті құқықтық база қалыптасты
Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениетін, оның ішінде құқықтық насихаттауды кеңейту және заң білімінің сапасын арттыру арқылы арттыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді


Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету
Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру кезеңінде үдемелі индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру жеделдетіледі.

Экономиканың өнімділігін кешенді арттыруға бағытталған елді индустрияландыру келесі бағыттар бойынша іске асырылатын болады:

кейіннен шикізат өндірістерін барынша жоғары қайта бөлістерге өтуімен дәстүрлі салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен-металлургия кешенін, атом және химиялық өнеркәсіптерді дамыту;

жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторларды: машина жасауды, құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсібін, фармацевтиканы дамыту;

шикізат секторына байланысты емес және көп жағдайда экспортқа бағытталған өндірістерді: агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл өнеркәсіпті, туризмді дамыту;

әлемдік экономикада кейінгі 15-20 жылда басым рөл атқаратын «болашақ экономика» секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту.

Қазақстанды индустрияландыру қолайлы экономикалық ортаны қалыптастырумен және табысты индустрияландыру принциптерін сақтаумен бірге жүреді.

Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру

Қолайлы экономикалық ортаға ұтымды макроэкономикалық саясатпен, тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл жүйесін құрумен, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырумен, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалар (ҒЗТКЖ) жүйесін жетілдірумен қолдау жасалады.

Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару

Қазақстан шикізат ресурстарын ірі экспорттаушы ретінде шикізатты экспорттаудан түсетін қаржыны пайдалану мен экономиканың барлық салаларында дамуға ықпал ететін макроэкономикалық жағдайларды жасау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Табиғи ресурстардан түскен пайданы тез жұмсау валютаның айырбас бағамын жоғарылатады және «экономиканың саудаласпайтын салаларын» (қаржы секторы, жылжымайтын мүлікпен операциялар және қызмет көрсету саласы) дамытуға жетелейді. Қазақстанда валюталық бағамды бақылаудың жоғалуынан өз кезінде жанданған агроөнеркәсіптік кешеннің және өндеуші өнеркәсіптің іс жүзінде жоғалуына тап болған ресурстарға бай басқа елдердің тәжірибесі ескеріледі.

Осыны ескере отырып оның сақтандырушы қызметінің күшейтілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қолдану тұжырымдамасы жетілдірілетін болады.

Тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл

Экономиканы әртараптандыруды жеделдету үдерісінде мемлекет тиімсіз жобалардың іске асырылуына қарсы тұрады. Әртараптандыруды Мемлекеттік қаржыны жұмсау үдерісінің ашықтығы артады. Мемлекеттік қаржыны алатын барлық жобалар үшін қаржылық және экономикалық рентабельдiлiк стандарттары енгізіледі. Шет елдердің оң тәжірибесін ескере отырып мемлекет қаржыландыратын инвестициялық жобаларды бағалау күшейтіледі.
Ұлттық инновациялық жүйені құру

Шетелдік тәжірибені талдау әлемнің барлық үздік инновациялық жүйелері көп жағдайда елеулі мемлекеттік қолдауға ие болатындығын айғақтайды.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде мемлекет ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуын келесі принциптерде қамтамасыз етеді:

1) әлемдік деңгейдегі университеттер құру және ҒЗТКЖ-ның озық жүйесін қалыптастыру үшін университеттік ғылымды одан әрі дамыту;

2) гранттар жүйесі негізінде мемлекет үшін басым ҒЗТКЖ қаржыландыру. ҒЗТКЖ басымдықтарын елдің индустрияландыру басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия анықтайды;

3) шетел мамандарын қоса алғанда, сарапшыларды тарта отырып, гранттарға өтінімдерді бағалаудың транспаренттік үдерісін енгізу;

4) ұлттық қажеттіліктерге бейімделген тиімді шетелдік технологияларды қолдану.


Табысты индустрияландыру принциптері

Қазақстанды индустрияландыру келесі принциптерге негізделеді:

1) мемлекеттік және жеке меншік секторлардың рөлдерін нақты анықтау;

2) компаниялар мен мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын барынша арттыру;

3) тауарлар сапасы және жұмыстар мен қызметтердің өнімділігі өсуінің, олардың құнын төмендетудің жетекші факторы ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.

Елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен жылжытудың сенімді жүйесін қалыптастыру, отандық тауарлар мен қызметтер үшін сыртқы нарықтарға қол жетімділігін жасау және жосықсыз бәсекелестікті жою мақсатында тиімді сауда саясаты жүргізіледі.

Өзара сауданы дамыту, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру мен инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан ТМД-дағы ықпалдасу үдерістерінің белсенді қатысушысы болады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының қалыптасуы мен дамуы серпінді жоба болады. Үш елдің ықпалдасуының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру болады.

ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, республика Дүниежүзілік сауда ұйымына елдің экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда кіру үдерістерін жеделдетеді.

Әртараптандырудың басымдықтары

Бірінші сатыда (2010 – 2014 жылдар) отандық экономиканы үдемелі әртараптандыру, бірінші кезекте, жеті бағыт бойынша іске асырылады. Бұл – агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі; мұнайды қайта өндеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік және телекоммуникациялар.

Осы бағыттар, сондай-ақ туризм индустриясы және машина жасау Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары болады.

Екінші сатыда (2015 – 2019 жылдар) әртараптандырудың басым бағыттары мен түйінді көрсеткіштері Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелерін ескере отырып анықталатын болады.

Экономиканы жемісті әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен, соның ішінде:

жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу. Жел энергетикасының, күн және геотермалдық энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;

инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік ауыртпалықтардың келеңсіз әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияны азайту жөніндегі жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерін де қамти отырып орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірлілігі төмен экономиканың «жасыл» саясатын енгізу жолымен үздіксіз байланысты.

Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледі.

Қазақстанның елордасы – Астананың одан әрі дамуына ерекше мән берілетін болады. Астана қаласының орнықты дамуының 2030 жылға дейінгі бекітілген стратегиялық жоспарына сәйкес басты мақсаты Қазақстанның астанасын бәсекеге қабілетті экономикасы, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды, қолайлы қоршаған ортасы бар қала ретінде қалыптастыру болып табылады. Стратегиялық жоспар – 2020 іске асыру кезеңінде Астана қаласының 2030 жылға қарай әлемнің ең бәсекеге қабілетті отыз қаласының қатарына кіру үшін қажетті жағдайлар жасалады.

Елдің басқа аймақтарын дамыту жөніндегі, олардың экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары


2020 жылға

қарай


ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 13 %-ті құрайды

жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 45 %-ті құрайды


шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 50 %-ін құрайды
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есеге ұлғаяды
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге ұлғаяды
шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 15%-ке қысқарады
ЖІӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25 %-ке азаяды
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20 %-ке дейін ұлғаяды

2015 жылға

қарай


ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 12,5 %-ті құрайды
жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 40 %-ды құрайды
шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 43 %-ін құрайды
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге ұлғаяды
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды

шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 8 %-ке қысқарады


ЖІӨ энергия сыйымдылығы кемінде 10 %-ке азаяды

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10 %-ке дейін ұлғаяды




Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және ауылшаруашылық қайта өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығының жаһандық жылынуының ықтимал салдарларына бейімделу шаралары іске асырылады.

Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50 %-ті тұратындығын ескере отырып аграрлық саланы дамыту ауылда тұратын халықтың өмір сапасын арттырудың шешуші факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.


Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар


2015 жылға

қарай


экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8 %-ке дейін ұлғаяды
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды
етті қайта өңдеу 27 %-ке дейін, сүт – 40 %-ке дейін, жеміс және көкөніс – 12 %-ке дейін ұлғаяды



Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

Экономиканың өсуімен құрылыс қызметтері мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 50 %-ті елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өндірісінің дамуына зор мүмкіндіктер бар.
Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар

2015 жылға

қарай


құрылыс материалдарының 80 %-ті ел ішінде шығарылады
құрылыс және құрылыс материалдарының жалпы өндірісінің 20%-ті экспортталады



Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы

Елдің бай минералдық ресурстары мұнай мен газ экспортының өсуіне ғана мүмкіндік туғызбайды. Жаңа құбыржолдарды салумен қатар мұнай және газды қайта өндеу секторы, оның ішінде интеграцияланған газ-химия кешенін салу есебінен дамитын болады.

Мұнайды қайта өндеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы

саласындағы стратегиялық мақсаттар


2014 жылға

қарай


отандық мұнай өңдеу зауыттарымен елдің отынға деген сұранысы толық қанағаттандырылады


2012 жылға

қарай


Бейнеу–Бозой–Ақбұлақ газ құбыры елдің оңтүстігін жылына 5 млрд. текше метр көлемде газбен қамтамасыз етеді



Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру

Металл рудаларының зор қорларына ие бола отырып, Қазақстанда дайын металлургиялық өнімдердің отандық өндірісін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.
Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар


2015 жылға

қарай


металлургиялық өнім өндірісі мен экспорты екі есеге өсті




Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі

Химия өндірісін дамыту мақсатында 18 жоба іске асырылуда. Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту органикалық химия мен полимерлер, органикалық емес химия, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясының базалық өнімдері өндірісімен байланысты болады. Фармацевтика өндірісі дамиды. Қорғаныс өнеркәсібінде елдің Қорғаныс Күштерін жаңарту бағдарламалары жүзеге асырылады.
Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібіндегі

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысының 80 %-ті отандық өндіріспен қамтамасыз етілді
химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есеге өседі
химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылды

2015 жылға

қарай


хлор-сілтілік өндіріс каустикалық сода бойынша жылына 100 мың тоннаға дейін кеңейтілді
минералды тыңайтқыштардың түрлерін шығару жылына 3 млн. тоннадан асады


2014 жылға

қарай


елдегі дәрілік заттар тұтынудың жартысы отандық өндіріспен жабылады

2013 жылға

қарай


химиялық өндіріс үшін шикізатты қайта өңдеу және байыту қуаттары енгізілді
күкірт қышқылының өндірісі жылына 2500 мың тоннадан артық көлемге жеткізілді
қуаттылығы жылына 4000 мың тонна кальцийлендірілген соданың өндірісі ұйымдастырылды


Атом энергетикасы мен балама энергия көздерін қоса алғанда, энергетиканы дамыту

Экономикалық даму қарқындары және экономиканы әртараптандыру энергетика секторына елеулі қысым жасайды. Өнеркәсіптің отандық салалары біршама энергия сыйымды және олардың энергияны үнемдеудің зор әлеуеті бар. Энергияны пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асырумен қатар ішкі қажеттіліктерді, әсіресе батыс және оңтүстік өңірлерде, қанағаттандыру үшін оның өндірісін үдету талап етіледі. Осыған байланысты энергия көздері мен электр желісі кәсіпорындарында қазіргі қуаттарды кеңейту мен реконструкциялау және жаңаларды салу жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Энергетика секторын дамыту шеңберінде Қазақстан ауқымды мақсатқа – парниктік газдарды атмосфераға шығаруды азайтуға жәрдемдеседі.

Барынша арзан, экологиялық жағынан таза энергияны алу әдістерінің бірі атом энергетикасын дамыту болып табылады. Атомдық энергетика кешендері қолда бар отын және минералдық ресурстарды оңтайлы және теңгерімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі жалпы энергия пайдалану көлемінде 1 %-тен аз мөлшерді құрайды. Экологиялық проблемаларды шешуді ескере келе электр энергетикасын дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергетика ресурстарын (су энергиясы, жел және күн энергиясы) пайдалану болып табылады, олардың пайдаланылмаған әлеуеті өте зор.

Электр энергетикасы секторында нарықтық жағдайда саланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баға- және тариф түзу реформалары жүргізіледі. Электр желілері компаниялары үшін тариф түзудің жаңа тетігі енгізілетін болады.


Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


экономика қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке меншік көздерден энергия шығару 100 %-ті құрайды

энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі энергия пайдаланудың жалпы көлемінде 3 %-тен артық болады


АЭС және Балхаш ЖЭС салынып, пайдалануға енгізіледі
ядролық отын циклімен тігінен біріктірілген компания құрылған
бар генерациялайтын энергия қуаттары және тарату энерго жүйелері реконструирленген және жаңартылған

2015 жылға

қарай


энергияның баламалы көздері пайдаланудың энергия пайдаланудың жалпы көлемінде 1,5 %-тен артық болады
Балқаш ЖЭС бірінші кезегінің құрылысы аяқталды

2012 жылға

қарай


электр энергиясына бағаларын және электр энергиясын беру мен таратуға тарифтерін қалыптастырудың ұзақ мерзімді тарифтік саясаты әзірленді және енгізілді



Көлік және телекоммуникациялар

Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушыларының: темір жол, автомобиль, әуе және су тиімділігін арттыру және интеграциялау болып табылады.

Елдің транзиттік әлеуеті кеден және шекара рәсімдерін реформалаумен үйлестікте көлік инфрақұрылымына нысаналы инвестициялар арқылы арттырылатын болады.

Елдің ішкіконтиненталдық орналасуы және теңізге шығудың жоқтығы қазақстандық тауарларды сыртқы өткізу нарықтарға жеткізуде, импорттық өнімдерді әкелуде, Ресей және Қытаймен сауда байланыстарын дамытуда, сондай-ақ Түркменстан және Иран арқылы Парсы шығанағының порттарына қол жетмдігінде көліктің рөлін күшейтуде.
Темір жол көлігі

Темір жол саласын реформалау мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, жеке бастамаларға жағдайлар жасауды, сондай-ақ негізгі құралдарды елеулі жаңарту мен жаңғыртуды қамтиды. Саланың институционалдық құрылымындағы шешуші өзгерістер инфрақұрылымдық және тасымалдаушылық қызметтің түрлерін ұйымдастырушылық, қаржылық және операциялық бөлуді; мемлекет тарапынан тасымалдаушылық қызметті бағалық реттеудің жоқтығын; тәуелсіз тасымалдаушылардың магистральдық темір жол инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуді және шығынды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды мемлекеттік субсидиялауды білдіреді.



Темір жол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


Қазақстан ішінде және одан тыс жүк және жолаушы тасуды жеделдету үшін 1400 км. жаңа темір жол желілері салынды, бұл ретте құрылысты қаржыландырудың кем дегенде 50 %-ке жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады
темір жол көлігінің негізгі активтердің тозуы 40 %-ке төмендейді
жүк поездарының темір жолдарының транзиттік учаскелердің бойымен қозғалудың орташа техникалық жылдамдығы 55 сағ/км кем болмайды
экспорттық өнімнің өзіндік құнындағы теміржол көлігімен тасымалдау шығыстарының үлесі 20 %-ке төмендейді
электрленген темір жол желілерінің үлесі жалпы темір жол ұзындығының 40 %-тен кем болмайды

әрбір оператор үшін нарықтағы үлесі кем дегенде 7 % болатын жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында 5 немесе одан көп тәуелсіз ірі операторлар жұмыс істейді


Қазақстан аумағы бойынша транзитті тасымалдаулардың көлемі екі есеге артады

2013 жылға

қарай


«Жетіген – Қорғас» темір жол желісі салынды
темір жол көлігін басқарудың жаңа жүйесі енгізілді
жүк және жолаушылар тасымалы саласында жаңа тариф саясаты іске асырылды және магистральдық темір жол желісі қызметтерінің 10 жылға арналған шекті тарифтері бекітілді

2012 жылға

қарай


«Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісі салынды


Автожол саласы және автомобиль көлігі

Автожол саласын одан әрі дамыту жолдарды ұстауды жетілдіруге және магистральдық инфрақұрылымға инвестицияларды қамтамасыз етуге бағытталған саланы одан әрі ырықтандыру жөніндегі институционалдық реформалармен және шаралармен үйлестікте қамтамасыз етіледі.

2020 жылға Қазақстанның ірі қалалары мен елді мекендерді өзара байланыстыратын қазіргі заманғы автожол желісі салынады. Бұл ретте жергілікті маңызы бар автожолдарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Автожол саласы мен автомобиль көлігі саласындағы

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


республикалық маңызы бар 16 мың км. автомобиль жолдары салынады және реконструкцияланады
Қазақстан аумағы бойынша транзитті тасымалдаулардың көлемі екі есеге артады

2015 жылға

қарай


орташа есеппен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 85% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
орташа есеппен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 70% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

2014 жылға

қарай


«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін реконструкцияланады

2012 жылға

қарай


республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы жүйе енгізіледі
«Евро-3» экологиялық стандарты енгізіледі
халықаралық тасымалдауларда цифрлы тахографтар енгізіледі


Әуе көлігі

Азаматтық авиацияны дамыту әуе тасымалдауларды реттеудің бірте-бірте ырықтандырумен, әуе тасымалдау инфрақұрылымын қолдауға инвестициялар салумен, ұшу қауіпсіздігі мен әуе қауіпсіздігіне талаптардың күшейтілуімен үйлеседі.


Әуе көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


15 аэропорт ИКАО санатына ие болады
әуе тасымалының бәсекелес нарығы құрылады
4 халықаралық әуежай – «хаб» жұмыс істейді
транзитті тасымалдаулардың көлемі екі есеге артады

2015 жылға

қарай


халықаралық әуе қатынастарының саны екі есеге артады
еуропалық авиациялық стандарттар толық енгізілді


Су көлігі

Су көлігі саласын дамытудың басым бағыттары порттық және қызмет көрсету инфрақұрылымды дамыту, сауда флотын қалыптастыру, кадрлық әлеуетті дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.


Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 48 млн. тоннаға дейін жеткізілді

2016 жылға

қарай


Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне ұлттық теңіз сауда флоты мұнай тасымалдау көлемінің 2/3 және құрғақ жүк тасымалдау көлемінің ½ қамтамасыз етеді

2015 жылға

қарай


Каспий теңізінің қазақстандық секторы акваторийі мен ішкі су жолдарында кемелердің қауіпсіз жүзуі қамтамасыз етілді


Телекоммуникациялар

Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес адам өміріне де ықпал ете отырып, қоғам дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, қазіргі заманғы АКТ саласы инфрақұрылымын қалыптастыру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады.


Ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


қазіргі жоғары жылдамдықты оптикалық және жетексіз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер ұсынуға бағытталған телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасады
АКТ саласында базалық қызметтерге халықтың қол жетімділігі 100 проценттік деңгейге жеткізіледі
халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 60 %-ке дейін өседі

2015 жылға

қарай


жергілікті телефон байланысының сандық жүйеге ауысуы 100 %-ке жетеді
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының телефон байланыстары мен Интернетке шығуы 100 %-ке жетеді

халық саны 1000 адам болатын елді мекендердің барлығы ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етіледі


Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуын ықпал ететін құқықтық негізі қалыптастырылған және салалық стандартизация деңгейі халықаралық нормаларға жеткізіледі
халықтың компьютерлік сауаттылығы 40%-ке жеткізіледі
Қазақстанның барлық аумағында цифрлық хабар тарату жүйесі орнатылады
әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің «электронды үкімет» және «электронды әкімдіктер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде электронды формаға ауысуы кемінде 50 %-ке қамтамасыз етіледі
Интернет желісінің қазақстандық сегментін мемлекеттік қолдаудың шаралар жүйесі құрылады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет