Декоративті гүлдендіру



бет8/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Бақылау сұрақтары:

  1. Ағаштарды суару мөлшері қандай жағдайға байланысты?

  2. Минералды және органикалық заттардың өсімдік ағзасындағы маңызы қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово,
2001. -144 с.: ил.
2. Бабина Н., Бабин Д. 600 практических советов. Цветы дома и на участке.
-М.:Континент-Пресс,1999. -480с.


5 тақырып Біржылдықтар, оларға сипаттам
Мақсаты:
Біржылдық өсімдіктерге жалпы сипаттама беру және түрлерін қарастыру
Жоспар:

  1. Жауылша

  2. Көкнәр

  3. Әсемдік - жапырақты гүлдер

  4. Масаты шөптер

  5. Шырмауық гүлді өсімдіктер

  6. Орайот

  7. Құмыра тәрізді өсімдік

Керекті құрал-жабдықтар:
Жауылша, Көкнәр, Шырмауық, Мыңбас шырмауық, Орайот, Майкене, Үпілмәлік, Кенедән, Жазғы сауырағаш, Сүйелжазар


Жалпы түсініктеме

Біржылдық өсімдіктер балкондар мен лоджияларды гүлдендіруде өте көп қолданылады, өйткені олар климаттық өзгерістерге мән бере қоймайды, сондықтан да оларды егу оңай болып келеді. Сонымен қатар олар өте сәнді болады.


Жауылша - крестгүлділер тұқымындағы біржылдық өсімдік. Жерорта теңізі мен Орта Еуропада өседі.
Бұталар сорттарына қарай биіктігі 10-нан 20 см-ге дейін болатындай ықшам болып келеді.
Гүлдері ақ және күлгін, хош иісті болып келеді. Шілде айынан суық түскенге дейін гүлдейді, бірақ әсемділігін сақтау үшін және сабақтары ұзақ уақытқа дейін гүлдеп тұру үшін түйін (жеміс) пайда болғанда 5-8 см-дей кесу керек. Бұдан кейін өсімдік жылдам өсіп қайтадан гүлдейді.
Булы жағдайда сәуірде немесе мамырда ашық қиыршықта тұрақты жерде тұқым себу арқылы көбейтеді. Күздің соңғы айында себуге болады, себебі өсімдік суыққа төзімді. Отырғызу ара қашықтығы 10 см. Күн түсіп тұрған жерлерде жақсы жетіледі. Кез-келген топырақта өседі, бірақ та жеңіл, нәрлі, бір қалыпты ылғалдылықты қажет етеді. Жиектегі өсімдіктер ретінде қолданылады, сондай-ақ тасты жерлерде, альпы тауларда, құмырада, балкондарда қойылады.
Көкнәр көкнәр тұқымдасына жатады. Әсемдік бақшаларда көпжылдық (шығыс және жалаңаш сабақ көкнәр) және бір жылдық өсімдіктер қолданылады. Көкнәрдің бақша түрі Азия мен Египеттен келген.
Бұтаның биіктігі 60-100 см-ге дейін жетеді. Гүлдері ақ, ақшылт, қою қызыл, күлгін түсті. Гүлдену ұзақтығы көп емес 1,5-2 апта. Өсімдік гүлденіп болғаннан кейін өзінің әсемдігінен айырылады.
Көшіріп отырғызуды нашар көтереді. Күн түсіп тұрған жерлерде жақсы өседі. Ашық грунтта сәуір айының аяғы мамырдың басында көбейеді. Аралас және гүлді газондарда пайдаланылады. Қажетінше егістікте пайдалануға болады. Бұл жағдайда 3 мерзімде 5-10 күн интервалмен себеді.
Көкнәрдің бақша түрі Оңтүстік Еуропадан және Азиядан келген. Бұтақтың биіктігі 35-70 см-дей. Гүлдері қарапайым. Гүлдің түсі ақ, ақшыл, қызыл. Маусымның ортасынан шілде айының ортасына дейін гүлдейді. Гүлдеп болғаннан кейін әсемділігін жоғалтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет