Тапсырма:
Салқын орындарда өсетін өсімдіктердің түрлерін қарастырып, оларға сипаттама беріңдер
Жылы орындарда өсетін өсімдіктер түрлерін қарастырып, оларға сипаттама беріңдер
Бақылау сұрақтары:
Салқын бөлмелерде өсетін өсімдіктерді атаңыз?
Жылы бөлмелерде өсетін өсімдіктерді атаңыз?
Антуриум, Ахименес өсімдіктеріне сипаттама беріңдер?
Бегония өсімдігінің қандай түрлері кездеседі?
Ақ дақты бегонияға сипаттама беріңдер?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.
Голубев В.: Экологическая культура помещений: Комнатные растения. //Флора. 2002. №4. –С.4-9.
Соколова Т.А., Бочкова И.Ю. Декоративное растениеводство. -М.: Изд. Центр «Академия», 2004. -432с.
Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.
3 тақырып Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктер
Мақсаты:
Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктерді білу, оларға сипаттама беру
Жоспар:
Көп жылдық астра
Гелениум
Керекті құрал-жабдықтар:
Үлкен бөлмелерге арналған өсімдіктер
Жалпы түсініктеме
Көп жылдық астра. Қашқаргүл тұқымдастары Оңтүстік Европадан, Азиядан және Солтүстік Америкадан әкелінген. Күшті бұтақталған сабақтарының биіктігі: 1,6 м-ге жетеді. Жапырақтары қоңыр-жасыл, үлкен емес, ұзын. Гүл шоғыры ақ, көкшіл, көк, күлгін. Гүл шоқтарының диаметрі 1,5-4 см, дәржарнаққа жиналған. Күзде кеш гүлдейді. Әсемдігін жоғалтпай аздаған қолайсыз температураға шыдайды.
Бұталарын бөлу арқылы және тұқыммен көбееді. Көп жылдық астра тұқымдары өсімталдық қасиетін тез жоғалтады, сол себепті бұларды жинап алысымен қыс басталудан бұрын ашық топыраққа немесе булыжайға сеуіп тастайды. Көктем шығысымен көшіріп отырғызады. Күзде немесе келесі көктемде тұрақты орынға отырғызады. Отырғызу арақашықтығы 30 см-ден 40 см-ге дейін. Әрбір 3-4 жылда жетілген үлкен өсімдіктерді бөліп, ауыстырып отырғызады.
Көп жылдық астра жарық немесе жартылай жарық жерде ылғалы мол тыңайтылған жерде жақсы өседі және гүлдейді.
Гелениум. Қашқаргүл тұқымдасына жатады. Солтүстік Америкадан әкелінген. Гүл шаруашылығында негізінен өсіріп таратылатыны – күзгі гелениум. Өсімдіктің биіктігі 1м-ден 1,8 м-ге дейін өседі. Жапырақтары отырықшы, ланцет тәріздес, жиегі ирек. Гүл шоғының диаметрі 3 см–ден 6 см-ге дейін. Гүлдері: сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр.
Тамыздан бастап аяз түскенге дейін гүлдейді, шамалы аязға төзеді. Гүл шоғы гүлдеп болғаннан кейін өсімдіктің әсемдік бағасы төмендейді.
Түбірлердің бөлінуі арқылы көктемде немесе күзде, бұтақтану арқылы көктемде көбееді. Гелениум тұқымдарыменде көбееді. Алынған өнім әсемдік жағынан бір келкі емес. Сондықтан өсімдіктің вегетативті көбею түрі жиі қолданады. Тұрақты орнына отырғызғанда ара қашықтығын 30-40 см-ден отырғызады. Бір орнында 3-4 жыл өсіреді. Күн көзі мол түскен жерде жақсы өседі және гүлдейді. Құрғақшылыққа төзімді немесе ылғалды қажет етуі орташа. Биік болып өсетін сорттарын құламас үшін байлап қою керек. 2-3 жыл өсіргенде қоректендіретін топырақ себу керек.
Тапсырма:
Гелениум өсімдігінің морфологиялық құрылысымен танысу
Гелениум өсімдігінің көбею жолдарымен танысу
Достарыңызбен бөлісу: |