Декоративті гүлдендіру



бет4/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Өсімдік бүршігі. Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын (сабақтың бастамасы) меристемалық өстен және жапырақ тұмсықшасынан (жапырақтың бастамасы), яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Өсу конусының вегетативтік-репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына арналған. Гүл түзетін (репродуктивтік) бүршіктер тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерге фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны (бастамасы) мүлдем болмайды.
Орналасу ерешеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық және қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді (сырттан) қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер (спящие почки) деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не жалғыздан, не бірнешеден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің (тіршілік әрекетінің) нәтижесінде, эндогенді (іштен) жолмен пайда болады.
Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары немесе баданалары бар (пияз) кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері деп атайды.
Жапырақ - өсуі шектелген бүйірлік мүше. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше.
Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.
Гүл - өсімдіктің көбеюін іске асыратын мүшесі. Өсімдік гүлі көбінесе түрлі түске боялған көрікті болады. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозаңданудың және одан әрі жыныстық процестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым мен жеміс түзіледі.
Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан (табанынан) тұрады. Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі. Гүл тұғырына түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар.
Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер, ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектестердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (тұт, инжир, ананас).
Тапсырма:

  1. Гүлді өсімдіктің жер асты мүшелерімен танысу

  2. Гүлді өсімдіктің жер үсті мүшелерімен танысу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет