Декоративті гүлдендіру


Шырмауық гүлді өсімдіктер



бет10/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Шырмауық гүлді өсімдіктер

Шырмауық өсімдіктер – тігінен көгалдандыру үшін (қабырға, шартақ, балкондарды әсемдеу үшін) пайдаланылады. Барлық шырмауық өсімдіктер жоғары агротехника кезінде гүлдейді және өседі.


Шырмауық, мыңбас шырмауық, шырмауық гүлдер – бір жылдық шырмауықтар тұқымдасы. Орта және Оңтүстік Америкадан келген. Шырмауық гүл өте жылдам өседі, аз уақыт ішінде 3-4 м–ге жетеді. Жапырақтары ашық–жасыл түсті. Тұқыммен көбейеді. Оларды мамырда тұрақты жерге немесе құмыраға 2-4 тұқымнан отырғызады. Өскен өсімдікті ашық грунтқа мамыр айының екінші жартысында отырғызады. Отырғызарда өсімдік арақашықтығы 15-20 см болу керек. Күн түсіп тұрған жерлерде, күшті желден қорғалған жерде жақсы дамиды. Балкон, қабырғаларды гүлдендіру үшін пайдаланылады.


Орайот

Егер оларды жақсы дайындаған жағдайда өздерінің табиғи түстерін сақтайды және оларды қысқы гүл шоқтарын дайындау үшін пайдаланады. Кесілген гүлдерді 10-15 штук байлап қараңғыда гүлдерін төмен қаратып іліп қояды. Біраз уақыттан кейін олар кеуіп гүл шоқтарын немесе басқа да аранжировкалар жасауға дайын болады. Кептірілген өсімдіктер ұзақ уақыт бойы сақталына береді.


Салаубас, шөпшай – көпжылдық өсімдік. Ақкекіре, қашқаргүл тұқымдасы. Австралиядан келген, бірақ көптеген жабайы түрлері Еуропа, Азия мен Африкада өседі. Бұтасының биіктігі 80-100 см. Маусым айының аяғында суық түскенше гүлдейді. Наурыздың аяғымен сәуірдің басында тұқым арқылы көбейеді. Маусымда қажетті ашық грунтқа отырғызады. Отырғызу ара қашықтығы 20-30 см. Күн түсіп тұрған жерлерде және қопсытылған жеңіл топырақта жақсы өседі және гүлдейді.
Кермек – біржылдық, көпжылдық түрлері бар. Әсемдік бақшада біржылдық ретінде пайдаланылады. Оңтүстік Еуропа, Орта Азия, Алжирде өседі. Бұтағының биіктігі 25-90 см, пішіні әртүрлі болып келеді. Жапырақтары ірі, гүлдерінің өлшемі әртүрлі, диаметрі 1–ден 3см–ге дейін. Гүлдердің түсі ақ, сары, ақшыл сары, көк–күлгін, бір түсті болып келеді. Шілдеден суық түскенге дейін гүлдейді. Сәуір айында тұқыммен көбейеді. Мамырдың аяғы маусымның басында ашық грунтқа отырғызады. Отырғызарда сортына қарай ара қашықтығы 20-40 см болу керек. Күн жақсы түсетін жерде, қопсытылған, су жақсы сіңетін топырақта жақсы өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет