Декоративті гүлдендіру



бет11/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Құмыра тәрізді өсімдік


Сүйелжазар – көпжылдық айлаулық тұқымдас өсімдіктер. Оңтүстік Америкадан (Перу) келген. Өсімдік толық дамыған кезде биіктігі 30 см–ге жетеді. Жапырақтары ірі емес, хош иісті. Маусымнан қазанға дейін гүлдейді. Өсімдіктер тұқыммен көбейгенде биіктіктері әртүрлі болады. Күзде дайындалған аналық ара кәрезін 8-100 С температурада жарық және құрғақ жерлерде сақтайды. Жылы ауа райы орныққаннан кейін маусым айының басында тұрақты жерге отырғызады. Отырғызудың ара қашықтығы 15-20 см.
Тапсырма:

  1. Біржылдық өсімдіктерге жалпы сипаттама беру

  2. Біржылдық өсімдіктердің түрлерін қарастыру

Бақылау сұрақтары:

  1. Біржылдықтар деп қандай өсімдіктерді атайды?

  2. Әсемдік - жапырақты гүлдерге қандай өсімдіктерді жатқызуға болады?

  3. Шырмауық гүлді өсімдіктерге сипаттама беріңдер.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.
2. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочное издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


6 тақырып Көпжылдықтар, оларға сипаттама
Мақсаты:
Көпжылдық өсімдіктердің түрлерін қарастыру және оларға сипаттама беру
Жоспар:

  1. Дала қызғалдағы

  2. Регале лалагүлі

Керекті құрал-жабдықтар:
Дала қызғалдағы және Регале лалагүлінің суреттері бар плакаттар


Жалпы түсініктеме


Көпжылдық өсімдік. Екі жыл және одан да көп жылдар бойы өсіп, тіршілік ететін өсімдіктер. М ысал ретінде дала қызғалдағын және регале лалагүлін қарастыруға болады.
Қызғалдақтардың гибридті сорттарының алғашқыларының бірі – дала қызғалдағы Саратов облысында, Алтайда өседі. Өсімдік биіктігі 50-60 см. Мамырдың аяғы мен маусымда гүлдейді. Күн сәулесі түскен жерде жақсы өседі. Жылда жақсы гүлдеуі үшін тамыздың басында гүлдеген пиязшығын ептеп қазып алып, 25-30 күндей бөлмеде терезенің алдында кептіріп, қайтадан бұрынғы орнына отырғызады. Кептіру пиязшықтың ішінде гүл шанағының қалыптасуына жағдай жасайды. Жылда күзді күні пиязшықты отырғызуды қыркүйектің басынан бастап 12-16 см тереңдікте отырғызады. Пиязшықтың ара қашықтығы 10-15 см. Жазда қызғалдақтар гүлдеп болған соң және гүлдеген сабақтарды кесіп алған соң араларына әсемді гүлдейтін бір жылдық өсімдіктерді отырғызуға болады. Жапырақтың бір бөлігін жаңадан шыққан пиязшықтардың өсіп дамуы үшін қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет