Регале лалагүлі. Отаны – Қытай. Суыққа төзімді баданалы өсімдік. Жапырақты гүлдейтін өркендерінің биіктігі 60-120 см-ге дейін жетеді, қоңыр–жасыл жапырақты. Үлкен гүлдері хош иісті, ақ, сыртқы жағынан ашық қызыл – күлгін түсті, гүл шоғы сабағының жоғарғы бөлігінде жинақталған. Қыркүйектің басында лалагүлдің пиязшығын терең құмыраларға немесе балкондағы жәшіктерге 20-25 см тереңдікте отырғызады. Қыста жапырақтармен беті жабылған жәшіктерде балконда қалдырады. Сәуірдің аяғында қақпақтарын, жапқыштарын ашады. Лалагүлдері бар құмыралар мен жәшіктерді бүкіл қыс бойы 6-дан -20С–да сақтаған дұрыс. Көктемде сәуір айында балконға шығаруға болады. Лалагүлдер шілде айында гүлдей бастайды және 10-14 күндей гүлдейді. Пиязшықтарды жәшіктерге отырғызғанда ара қашықтығын 18-20 см–ден отырғызады. Құмыраға бір пиязшықтан отырғызады. Жақсы күткенде және жыл сайын тыңайтқыштармен тыңайтқанда бірнеше жыл қатарынан жаңалап отырғызбаса да гүлдей береді. Жарық сүйгіш, бірақ шамалы жарық та да гүлдей алады.
Тапсырма:
Көпжылдық өсімдіктердің түрлерін қарастыру
Көпжылдық өсімдіктердің түрлеріне сипаттама беру
Бақылау сұрақтары:
Көпжылдықтар деп қандай өсімдіктерді атайды?
Дала қызғалдағы өсімдігіне сипаттама беріңдер?
Регале лалагүлі өсімдігіне сипаттама беріңдер?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Клаус К. 300 растений для дома и офиса. -Ростов н/Д: Феникс, 2002. -320с.
Семенова А. Комнатные растения: друзья и враги. -СПБ.: Невский проспект, 2002. -186с.
Тавлинова Г.К. Цветы в комнате и на балконе. -Л.: Агропромиздат. 1990. -352с.
Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.
7 тақырып Екі жылдық өсімдікті көктету
Мақсаты: Екі жылдық өсімдікті көктету ережелерін білу
Жоспар:
Екі жылдық өсімдікті көктетуге жалпы түсініктеме
Екі жылдық өсімдікті көктету ережелері
Достарыңызбен бөлісу: |