Декоративті гүлдендіру


Әсемдік - жапырақты гүлдер



бет9/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Әсемдік - жапырақты гүлдер

Гүлдендіруде гүлді өсімдіктерден басқа бұтақтардың әсемдік түрі, түсі, өлшемі, жапырақтардың орналасуы және т.б. жағынан ерекшелігі бар өсімдіктер өсіріледі. Әсемдік – жапырақты өсімдіктерді көгалдандыруда пайдаланудың ерекшелігі гүлді өсімдіктермен салыстырғанда олардың әсемдігі ұзақ уақытқа дейін сақталынады.


Майкене, үпілмәлік, кенедән – көпжылдық өсімдік биологиялық ерекшелігіне қарай бір жылдық сияқты қопсытылады. Сүттігендер тұқымдасы. Астанасы – тропикалық Африка және Шығыс Индия. Көп тараған түрлері: қарапайым майкене, биіктігі 1-1,2 м, борбон майкене – биіктігі 3м; занзибар майкене – биіктігі 2м–ге дейін, үнді майкене –биіктігі 1,2м–ге дейін жетеді. Гибсон майкене – биіктігі 1,5 м–ге дейін жетеді. Бұтағы жалпақ, жапырағы ірі. Тұқыммен көбейеді. Тұқымды наурыздың аяғында диаметрі 7 см құмыраға 1-2 тұқымнан салады. Өскін 7-10–шы күні пайда болады. Құмыраны жарыққа қойып жылы сумен суарады.
Жазғы сауырағаш – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Орта Азиямен Оңтүстік Еуропадан және Қытайдан келген. Бұтақтың биіктігі 1,2 м–ге дейін жетеді. Бұтаның пішіні дөңес немесе пирамида тәрізді. Ұсақ, қысқа, анық жасыл реңді жапырақтары күзде қызғылт түске айналады. Гүлдері ашық реңді.
Тұқыммен көбейеді. Өскіндер 7 см құмырада бір–бір өсімдіктен шығады және жылы булы жайға қойылады. Суық түсер кезде оларды тұрақты жерге отырғызады. Оңтүстік аймақтарда қыста немесе ашық грунтта көктемде егуге болады. Отырғызар кезде өсімдіктер арақашықтығы 30-50 см болу керек. Жарық жерлерде, қопсытылған топырақтарда жақсы өседі. Өсімдік құрғақшылыққа төзімді.
Масаты шөптер
Масаты шөптер кілем гүлзарлар, жазулар, портрет, суреттер салу үшін пайдаланылады. Көптеген масаты шөптер биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес көп жылдықтар. Масаты шөптер қарашірік, қи қосылған топырақтарда жақсы өседі және гүлдейді.
Бетеге – көпжылдық астық тұқымдастар. Біркелкі жылы аймақ Еуропа мен Азияда өсіріледі. Өсімдіктің биіктігі 10 см–ге дейін жетеді (көбінесе кілем гүлдендіруде пайдаланылады). Жапырақтар жұқа, көкшілт түсті болып келеді. Негізінен бұтақты айырумен көбейеді, тұқымдармен өте сирек көбейеді. Ылғал жерлерде көгеріп шіріп кетеді. Бұтақтарды бөлу арқылы ақпанда – наурызда көбейеді, жәшіктерге (немесе диаметрі 7 см болатын құмыраға) салып көбейтеді, маусымның бесінен кейін тұрақты жерге отырғызды. Отырғызу арақашықтығы 4-8 см. Бетеге күн түсіп тұрған жерлерде, қопсытылған топырақта жақсы өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет