Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№8 Тақырып Спортшылардың жұмыс қабілетін анықтау негіздері
Жоспар:
1. Спорттық медицинадағы сынау
2. Сынаудың әдістемелік негізі, мақсаты мен міндеттері.
3. Сынамаларға қойылатын талаптар
4. Сынау нәтижелерін спорттық тәжірибеде қолдану мүмкіншіліктері мен принциптері.
Медицина мен дене тәрбиесінің байланысының түбірі ерте заманда жатыр. Медицинаның атасы есептелінген, біздің эраға дейінгі V ғасырда өмір сүрген Гиппократ, дене тәрбиесінің аурудың алдын алудағы және емдеу әдісі ретіндегі атқаратын қызметін жоғары бағалаған. Индия мен Қытайдың дәрігерлерінің біздің эрадан 3000 жыл бұрын жазып кеткен қолжазбаларында, гимнастиканың әртүрлі ауруларды емдеуге қолдану жолдары көрсетілген. Бірақта, емдік дене тәрбиесін ауруларды сауықтыруға жүйелі түрде ертедегі Грецияның дәрігерлері пайдаланды деп есептеу керек. Себебі олар сол заманда – ақ дене тәрбиесі жаттығуларын аурулардың түріне сай дұрыс қолдана білген.
Медицина мен дене тәрбиесінің ара қатынасы тек қана ауруларды дене тәрбиесі жаттығуларымен емдеумен ғана шектелмейді. Дене тәрбиесі мен спортпен айналысқан адамдардың организмдеріне түскен ауырпалыққа байланысты денсаулықтағы өзгерістерді бағалау үшін дәрігерлік бақылау жүргізу керек. Қазіргі кезеңде медицина ман спорттың байланысы оданда нығая түсуде. Оның бірінші себебі, спортпен және дене тәрбиесімен айналысуға әртүрлі жастағы адамдардың қамтылуында, екінші себебі – спорттық көрсеткіштердің жоғарлай түсуіне байланысты организмге түсетін ауырпалықтың көлемінің және жаттығулардың жылдамдығының артуы.
Спорт медицинасы клиникалық медицинаның маңызды бір тармағы. Оның өзіне тән мәні мен атқаратын міндеттері бар. Спорт медицинаның бір саласы дәрігерлік бақылаудың міндеті дене тәрбиесімен айналысушылардың денсаулығын бақылау болып табылады.
Дәрігерлік бақылаудың мағынасына спортшылардың денсаулығын, организмнің дамуын және ішкі органдар мен жүйелерінің қызметінің спорт пен және дене тәрбиесімен айналысудың салдарынан өзгеруін зерттеп, жаттығулардың денсаулыққа тигізетін пайдалы және зиянды әсерлерін анықтау кіреді.
Спорт медицинасының алдында тұрған мынадай келесі міндеттер бар.
1. Денсаулықтың жағдайын, дамуын анықтау және дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға байланысты ондағы өзгерісті бақылау.
2. Организмнің органдары мен жүйелерінің жұмысының жағдайын және оған дене тәрбиесі мен спортпен айналысудың әсерін анықтау.
3. Спорттық жарақаттар мен аурулардың, зақымдардың толық белгілерін анықтау, емдеу және алдын алу жолдарын белгілеу.
4. Денсаулықты тексерудің ескі жүйелерін дамыту және жаңа әдістерді енгізіп спортшылардың денсаулығына дұрыс баға беруді, басталып келе жатқан аурулардың алдын алып, уақытылы емдеумен айналысуды қамтамасыз етуге жағдай жасау.
5. Жаттығу ережесінің, тамақтанудың, демалудың және спорттық жаттығу мен жарыстар ұйымдастырылатын орындардың денсаулыққа зиянды жақтарын болдырмау мәселесін уақытылы шешу. Спорттық медицинаның атқаратын міндеттеріне байланысты шешілуге тиісті мәселелердің қысқаша мазмұны мынаған келіп тіреледі.
1. Дені сау деген тұжырым жасап, адамға дене тәрбиесімен жаттығуға рұқсат беру, ауруға диагноз қойғаннан анағұрлым қиын. Ал, спортшының денсаулығы толығынан түзу болуы керек қой. Оны анықтау үшін аурулардың белгілері мен клиникалық көріністерімен жақсы таныс болуы керек. Мысалы, жүрек ауруларының белгілерін білмей, оның саулығы туралы тұжырым жасауға болмайды. Спортпен айналыспайтын адамдардың денсаулығына зиянын тигізбейтін болмашы ауытқулар, спортшылардың организмінде басқаша көрініс береді. Жаттығулардың барысында ауру кейбір жағдай мүгедектікке немесе өлімге алып келіп соқтықтырады.
Сондықтан спортпен айналыспайтын адамдар үшін кеңінен қолданылатын
« Іс жүзінде дені сау» және оның істейтін қызметіне зияны жоқ деген диагноз (мысалы, созылмалы бронхит пен жүректе ақауы бар есепші немесе құрастырушы қызметкер) спортсмендер үшін қолданылмайды. Себебі оның денсаулығында ешқандай да өзгерістер болмауы керек. Іс жүзінде дені сау адамдарға сауығуға арналған дене тәрбиесімен айналысуға кеңес беру шарт.
Сонымен қатар, білуді қажет ететін мәселе, жаттығулардың ең негізгі деп есептейтін, спортшылардың жақсы көңіл күйі, оның денсаулығына дұрыс баға беруге ешқандай да негіз бола алмайды. Жақсы денсаулық әдепкіде жақсы көңіл күймен шектесіп жатады, сондай – ақ организмде аурудың белгілері пайда болған жағдайда да көңіл күйдің жақсы болуы мүмкін. Тағы да есте болатын жағдай.
Жоғары әлемдік деңгейдегі көрсеткіштер спортшының денсаулығының толық қалыпта екендігіне кепіл бола алмайды. Оның себебі, адам организміндегі кемістіктердің орнын өтеу механизімінің шеңбері өте кең және ол механизм кез келген аурудан пайда болатын кемістіктерді уақытша қалыпты жағадайға келтіріп ұстай алады. Бірақ организмнің жұмысындағы кемістіктерді қалыпты жағдайда ұстау механизмінің шегі бар. Оны жылдам және шамадан тыс пайдаланған жағдайда қажиды, істен шығады. Адам организмінің саулығына шынайы баға беру үшін терең дәрігерлік зерттеу жүргізілуі керек. Дененің өсуіне дұрыс баға беру үшін, дәрігер әр спорттың өзіне тән денеге қоятын талғамын есепке алуы керек.
2. Денсаулыққа және дененің өсуіне дұрыс баға берген соң спорттық дәрігер спортшының организмінің қызмет істеу қабілетін анықтап, оған дұрыс баға беріп, жаттықтырушы мен оқытушыға оның дайындығын сараптауға көмектеседі. Осы мәселені дұрыс шешу, дене жаттығуларының организмге әсерін зерттеуге және спорттағы жетістіктерді одан әрі дамытуға ғылыми медициналық тұрғыдан жол көрсетуге септігін тигізеді. Спорттық жетістіктердің өсуі, жаттығулардың көлемі мен жылдамдығының артуы организмнің өз қызметін атқару қабілетін өзгертіп, оны бағалаудың күрделіленуіне байланысты, бұл міндетті атқару жылдан жылға қиындай түсуде. Бұрынғы кезде қолданылған медициналық көрсеткіштер, қазіргі жағдайдағы көрсеткіштердің қойған талаптарына сай келмеуде. Әртүлі жастағы дене тәрбиесімен айналысатын, денсаулығында кемістігі бар адамдардың организмінің қызмет ету қабілетін анықтауда, медициналық көрсеткіштердегі жеткіліксіздіктер қиындықтар туғызады. Сонымен қатар, спорттың әр түрімен айналысатын адамдардың вегетативтік қызметінің айырмашылығы әртүрлі екендігі тағы бар. Бұл айқындықтардан шығатын қорытынды спортта жоғарғы дәрежедегі көрсеткіштерге жету үшін барлық органдардың қызмет істеу деңгейінің жоғары болуы мүмкін емес. Бұл деңгейлер спорттың түріне байланысты, морфологиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне сай әртүрлі болуы мүмкін.
Шындығында, ауыр атлеттердің, гимнастардың, жүзгіштердің, баскетболшылардың және коньки тебушілердің морфологиялық құрылысы мен организмінің қызмет ету қабілеті әртүрлі ғой. Спорттың әр түрімен айналысушылардың дене құрылысы және мүшелерінің қызмет ету қабілеті әртүрлі болады. Бұл міндетті шешуде, педагогтар мен дәрігерлердің жаттығу барысындағы спортшылардың жағдайын зерттеуі үлкен көмек тигізеді. Зерттеулер барысында жаттығушыларға жеке жоспар мен арнайы жаттығу ережелерін жасаудың жағдайы туады.
3. Спорттық медицинада, кейінгі кезде, жаңа бағыт пайда болады. Оның міндеті, дене тәрбиесі жаттығуларының шамадан тыс қолданылуына байланысты туатын зиянды әсерін зерттеу. Сөз болып отырған мәселе, ішкі органдар мен жүйелерде шамадан тыс және жөнсіз қолданылатын ауыртпалықтан туатын зақымдар мен аурулар болып отыр. Ерте кезде дәрігерлердің негізгі көңілі спорттық жарақаттарға бөлінген еді. Қазіргі кезде, жаттығулардың ауырпалығының шамадан тыс өсуіне байланысты, организмде туатын ауытқулар мен ауруларды зерттеудің маңызы өсе түседі. Спорттық жарақаттар мен ауруларға диагноз қойып, дұрыс емдеу жүргізу олардың ерекшеліктеріне байланысты, дәрігерлерге қиында жоғары талап қойып отыр. Спорттық медицинаның осы тармағы жеке аурулар туралы ілімге жатады. Спортпен айналысу аурудың тууына себеп болмау керек. Бірақ спортшыларда ауырады. Оның себебі, олар да басқа адамдар сияқты ортаның әртүрлі зиянды әсерлеріне шалдығады. Мысалыға, олар жұқпалы инфекциялық аурулармен ауыруы мүмкін. Біздің зерттеуімізде анықталғандай спортшылар және дене тәрбиесімен айналысандыр, басқа адамдарға қарағанда кем ауырады. Ауруға қарсы тұрақтылығы жоғары болуына байланысты олардың сырқаттары 1,5 – 2 есе қысқа болып, жеңіл өтеді.
Дене тәрбиесі жаттығуларын шамадан тыс жылдам және дұрыс ұйымдастырмаған жағдайда организм қажып, нерв жүйесі шаршап аурулардың, жарақаттардың пайда болуына жағдай туады. Осы мәселеге байланысты, оқытушы спортқа байланысты туатын аурулар туралы толық хабардар болуы керек. Себебі, жаттықтырушы мен оқытушының дұрыс ұйымдастырылмаған ісіне байланысты аурулардың тууы және пайда болуы мүмкін.
4. Организмнің қызметін зерттеу әдістерінің жетілуі алдағы аталып кеткен үш міндет дұрыс шешуге септігін тигізеді. Дәрігерлік бақылаудың осы саласы тоқтаусыз жаңарып, даму үстінде. Жылдан жылға жаңаша және жетік саралайтын зерттеу құралдары шығаралып, анықтау жұмыстары тереңдей түсуде. Сонымен қатар организмді зерттеудің ескі әдістері жетілдірілуде және зерттеу жұмыстары жан жақты бола түсуде.
Оқытушының спорттық дәрігерлердің зерттеу әдістерімен таныс болуы, олардың өз қызметін атқару шамасын сараптау үшін де керек. Медицинаның кейбір зерттеу әдістері жаттығу барысында қолданылып, методикалық сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Патология – ауру туралы ғылым. Бұл сөздің түбірі «патос» – ауру немесе кесел және «логос» – ғылым деген гректің сөздерінен құралған. Аурудың сан алуан түрлері бар болғаныман, олардың бәріне тән жалпы белгілері мен қасиеттері бар. Біріңғай патологиялық өзгерістердің әртүрлі органдар мен тканьдарда жүруі мүмкін. Осы өзгерістердің негізгі себептері көбінесе сыртқы және ішкі ортаның бір түрлі қоздырғышының әсерінен болады. Осы айтылған аурудың жалпы заңдылықтары жалпы патология атты тармақта оқытылады. Жалпы патологияның негіздерін білмей, спортшылардың жеке ауруларына байланысты туатын организмдегі өзгерістерді түсіну мүмкін емес. Патологияның жеке түрлерімен танысу, емдік дене тәрбиесі қозғалыстарын қолдану барысында да қажет болады.
Дені сау деп – организмнің органдары мен жүйелерінің қызмет істеу қабілеті сырқы ортаның жағдайымен толық сәйкес келуін және қандай – да бір аурудың белгілері жоқ болуын айтады. Дені саулықтың негізгі белгісі, оның сыртқы ортаның ортаның жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіштік қасиет. Дені сау организм адамның ауыр психикалық және физикалық қажуын жеңе алады және сырқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделеді. Сондықтан оны қалыпты жағдайдан шығару оңайға түспейді. Денесі жаттыққан адамдардың өзін - өзі қорғау, бейімділгіш қасиеті өте жоғары дамыған. Бірақ – та организмнің өзін - өзі қалыпқа келтіре алу қасиеті шексіз емес. Ерте ме кеш пе ол қажиды, денеге ауру жайылады. Дені сау организмнің сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруіне өте жоғары дәрежедегі бейімділгіштігінің баста себебі, оның органдар мен тканьдардағы тіршілік қызметін жедел реттеп отыруында. Тірі организм өте күрделі өзін - өзі басқаратын жүйе. Ол сыртқы ортаның тоқтаусыз өзгерістеріне сай өзін - өзі пайдалы тәртіпке түсіріп отырады. Сонымен қатар, дені саулықтың белгісі организмнің ішкі ортасының үнемі қалыпты жағдайда болуы. Оны гемеостазис деп атайды. Қалыпты жағдайда организм өзінің қызуын, қанның химиялық құрамын, қанның құрамындағы оттегінің көлемін т.б қалыпта ұстайды. Сыртқы ортаның қоздырғыштарының күшті әсерінен ішкі ортаның қалыпты жайдайы өзгеруі мүмкін. Сол кезде денеде ауру пайда болады. Дені саулық және қалыпты жағдай деген ұғымдардың арасында ешқандай да шек жоқ. Кейде дені сау деп ойлаған организмде аурудың ошағы болуы мүмкін (мысалы жұқпалы аурулардың жасырын басталатын кезеңі). Аурудың жасырын басталған жағдайында адам организмі бірте – бірте өзгеріске ұшырайды. Бұл спортшыларға тән қасиет. Олардың организміндегі өзін - өзі қалыпқа келтіретін механизм өте жоғары дәрежеде дамыған. Сондықтан ауру ұзақ уақыт жасырын дамиды және көңіл күйіне аса әсер ете қоймайды. Денсаулық пен аурудың арасында әртүрлі өтпелі жағдайлар бар. Дене аурудың пайда болғандығы немесе жоқтығы туралы ұйғарымға келу үшін организмнің жекелеген қасиеттеріне жүгіну, жақсы шынығу дәрежесі және оны қоршаған ортаның жағдайын есепке алу керек. Организмге түсетін шамадан тыс күшті қоздырғыштардың әсерінен немесе жай қоздырғыштарға бағытталған бейімделгіштік қасиетінің төмендеуінен адамда ауру пайда болады. Адам организміне тән морфологиялық және қызметтік қасиеттер өзгеріске ұшырайды да, кесел басталады.
Аурудың басталуына байланысты өзін - өзі реттеу қызметі өзгеріп, қоршаған ортамен жаңа ара қатынас орнайды, бейімделгіш қасиет төмендейді. Аурудың тууы - деп қандай да бір қоздырғыштың зақымдауынан организмдегі тіршіліктің нашарлауын айтады. Ол организмнің сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу және жұмыс атқару қасиетінің нашарлауымен анықталады. Ауру туған жағдайда денеде физологиялық қызмет жалғаса береді де, ол жаңа жолмен жүреді. Бастапқы кезеңде ауруды туғызатын себептерге қарсы қимылдар іске қосылады. Содан кейін барып организмнің физологиялық қызметін түзейтін орнын толтыру және қалыптастыру өзгерістері басталады. И.П. Павловтың тұжырымы бойынша, организмдегі кейбір өзгерістер аурудан емес, физологиялық өзін – өзі қорғау әрекеттерінің көрінісі болып табылады.
Сондықтан, ауру біржағынан ыдырау, бұзылу, істен шығу, ал екінші жағынан қалыпты жағдайға келтіру әрекеттері. Организмдегі кейбір процестер пайдалы да, кейбіреуі зиянды. Олардың біреуін күшейтіп, біреуін тоқтату керек. Емдеу барысында дәрігер организмнің пайдалы әрекеттерін күшейтіп, зиянды әрекеттерін азайтып отырады. Аурудың түсінігіне патологиялық жағдай мен патологиялық өзгеріс деген ұғымдар кіреді. Патологиялық өзгеріс – ауру туғызатын қоздырғыштардың әсеріне жауап беру барысында органдардың қызметінің бұзылуы. Аурудан әртүрлі патологиялық өзгерістер пайда болады (мысалы, бронхылардың қабынуы, азқазанның ауруына байланысты жараның пайда болуы).
Патологиялық жағдай – патологиялық өзгерістердің бір кезеңі немесе оның қорытындысы. Патологиялық жағдайдың мысалы ретінде жүректің ішкі қабатының қабынуынан туған жүрек қақпағының ақауын алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |