Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№11 Тақырып. Веналық қан көлемінің алғашқы қайтымын азайтуға негізделген сынамалар
Жоспар:
1. Сынамалардың физиологиялық сипаттамасы, спорттық тәжірибедегі маңызы. Валсальва-Бюргер сынамасы, жүргізу және бағалау принциптері
2. Руфье-Диксон сынамасы, жүргізу және бағалау тәсілдері.
Дененің кеңістіктегі қалпын өзгертуге негізделген сынамалар эртостатикалық, клипостатикалық, климостатикалық сынамалар және центрфугада айналу, салмақсыздық тудыратын жағдайларда сынау т.б. Бұл сынамалар дененің кеңістікте қозғалуына байланысты қан айналымның өзгеру дәрежесін анықтап, күрделі қимыл орындаған кезде вегетативті жүйке жүйесінің ішкі ағзалардың қарым – қатынастық қызметтерін реттеу мүмкіншілігін бағалауға арналған.
3. Гипоксемиялық сынамалар. Гипоксемиялық гипоксия деп өкпенің алвеоллалары арқылы қанға оттегінің түсуінің қиындауынан пайда болатын өзгерістерді айтады. Гипоксемиялық гипоксия қарқынды жаттығулар барысында, әсіресе жаттығу сабақтары мен жарыстар таулы жерде өткізілген кездерде дамиды. Бұл жағдайларда спортшының оттегінің тапшылығына төзімділігін анықтап, оны арттыру мақсатымен гипоксиялық сынамалар қолданады.Ол үшін спортшы газдың құрамы өзгертілген ауамен дем алады немесе жабық кеңістікте, барокамерада жаттығулар орындайды. Мұндай төзімділікті уақытша дем алуды тоқтатуға негізделген Штанге, Генче сынамалары арқылы да жобалауға болады.
4.Күшті нығыздауға негізделген сынамалар ауыр салмақ не бар күшті жұмсай орындалатын жаттығулар кезінде спортшының қан айналым реттеу қабілетін анықтау үшін қолданады.. Бұл топқа Вальсальва, Бюгер, Флек сынамалары жатады. Жоғарыда көрсетілген сынамалар мен қатар спорттық медицинада дәрі- дәрмектер, ыстық- суықтық, тағам әсерлері де қолданады.
ІІ. Қолданатын жүктемелердің қарқынына сәйкес барынша жоғары, не максимал, субмаксимал /ТСЖ шамамен мин 145-170 рет/ жоғары, орташа және төмен қарқынды сынамалар бар. Барынша жоғары қарқынды сынамаға оттегін тұтыну шегін ӨТШ анықтау, субмаксималдыға – Гарвард. PWC 170 сынамалары, орташа қарқындарға –С.П.летунов, төменгі қарқындыға Мартинэ сынамасы жатады, қай жағдайда қандай қарқынды сынама берузерттелуші адамның қызметтік мүмкіншілігіне, жасына, машықтық дәрежесіне, денсаулығына т.б. өзіндік ерекшелігіне байланысты, әйтпесе сынау нәтежесі дұрыс болмауы мүмкін, оған қоса зорығу қаупі барын да ұмытпаған жөн.
Оттегін тұтыну шегін /ӨТШ/ анықтау.
Бұл сынама ең жоғарғы қарқынды жұмыс істеуге негізделген, жұмыс қарқыны зерттелушінің қызметтік мүмкіншілігіне тен немесе одан сәл жоғары болып келуі керек, ӨТШ жалпы аэробты жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші, оның ең жоғарғы мөлшері төзімділікті талап ететін спорт түрлерінде қалыптасады. Сонымен қатар ӨТШ денсаулықтың да көрсеткіші болып табылады. ӨТШ тура және жанама әдістермен анықтауға болады, тура әдіс қуаттылығы біртіндеп өсетін жұмысты шаршап қалжырағанға дейін орындауға негізделген, жұмыс велоэргонометрде немесе қозғалмалы таспалы жолда орындалады, алдымен зерттелуші тегеуріні ең жоғары қарқында жүктеменің жартысына тең жұмысты 5-10 мин орындап, негізгі сынамаға дайындалады, Содан кейін әрбір 3 минут сайын жұмыс қарқыны минутына 300-400 кг өсіп отырады. Жұмыстың әр сатысында дем алғандағы шаққан ауаны Дуглас қабына жинап, газ анықтамалық құралмен әр сатыда тұтынылған оттегі мөлшерін анықтайды. Жұмыс әбден шаршап қалжырағанға дейін орындалады. ӨТШ жүктемені орындауға қатысқан бұлшық еттердің көлеміне байланысты, егержүктеме қолмен ғана орындалса, ӨТШ төмен болады. Ең жоғары шегі велоэргометр мен жылжымалы таспалы жолда ғана анықталады. Тура тәсілде зерттелуші шаршағандықтан жұмысты ертерек аяқтаушы мүмкін.Сондықтан ӨТШ сенімді белгілерін анықтаған жөн. Олар оттегін тұтынудың өсу бағытын сипаттайтын қисық сызықтың әрі қарай өсуін тоқтатып, көлденең бағыт алуы, қандағы сүт қышқылының мөлшері 70-80мг% / 1 литрде 8-10мг – жоғары / ЖСЖ минутына 185-200 рет, тыныс коэфициенті 1,0- ден көп болуы. ӨТШ анықтаудың тура әдісінде зорығу қаупі бар, оның үстіне спортшылардың 6% соңына шыдай алмайды, сондықтан ӨТШ анықтаудың жанама әдістерін қолданған дұрыс.Астранд пен Роминг жанама тәсілі. Бұл әдістеме зерттелуші велоэргонометрдемөлшерлі бір дүркін жұмыс орындайды. Велоэргонометрдің орнына 40см /ер адамдар үшін/ және 33см /әйелдер үшін/ сатыға түсіп- көтерілудің қолдануға болады, 5 минуттық жұмыстан соң ТСЖ минутына 140реттен төмен болмауы керек /тиімдісі-140-165рет/Тамыр соғу жиілігін, орындаған жұмыс қуатын, зерттелушінің жасын ескере отырып, арнайы қисық сызық /номограмма/ арқылы ӨТШ хабарланады, ӨТШ анықтаудың жанама әдісінің бірі PWC170 мөлшерін қолдану. Ол үшін арнайы формулалар пайдалананады, машықтық дәрежесі төмен және жылдамдықпен күшке негізделген спорт түрлерімен шұғылданушылар үшін қолданатын формула: ӨТШ PWC 170 + 1240, мұнда ӨТШ 1минуттағы литр көлемінде белгіленеді.PWC 170 –минуттағы кгм/мин мөлшері. Жоғары дәрежелі спортшылар үшін: ӨТШ = 2,2 – PWC 170 +1070 ӨТШ Добельи формуласы арқылы да анықтауға болады: ӨТШ = 1,89√(W/(f-60)•e-0.000824 •Т,) мұнда
W – кгм/мин мөлшерімен берілген жұмыс f – сынама кезінде ТСЖ, Т- зерттелушінің жасы. Е- логорифмнің негізі.
Новакки сынамасы
Новакки сынамасы – машықтық дәрежесі әр түрлі адамдарды зерттеуге арналған қарапайым, бірақ максимал сынама. Керекті құрал – велоэргонометр, сынама әр зерттелушінің дене салмағына сай жұмысты орындау мерзімінің ұзақтығын анықтауға негізделген. Алғашқы жұмыс мөлшері: 1кг дене салмағына 1ваттан /дене салмағы 70кг болса, 70ватт/ беріледі. әр 2минуттан кейін 1ваттан қосылып, сынау зерттелуші әбден шаршап, жұмыс істеуден бас тартқанға дейін созылады, жұмыс істеу уақыты неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым жұмыс қабілетінің де жоғары болғаны, дене шынықтырумен айналыспайтын, денсаулығы төмен адамдарды зерттегенде бірінші сатыда 0,25вт/кг берген дұрыс.
PWC170 сынамасында орындаған жұмыстың мөлшері мен жүректің соғу жиілігі арасындағы тура тәуелділік қолданылған. Бұл тәуелділік жүректің соғу жиілігі минутына 170 ретке кеткенге дейін ғана сақталатындықтан осы аймақта орындалатын жұмыс мөлшерін ғана жанама әдістермен дұрыс болжауға болады, оның үстіне, жүректің минутына 170- тен 195-200ретке дейін соғатын жиілігі жүрек- тыныс жүйесінің ең тиімді жұмыс аймағы болып саналады, PWC170 сынамасын велоэргонометр мен саты қолданып жүргізуге болады, PWC170 сынамасын жүргізу әдісі: зерттелуші адам арасына 3 мин салып екі 5минуттық жұмыс орындау керек. /W1 және W2/, олар аяқталған кезде / әр жұмыстың соңғы 5 секундында/ жүрек соғу жиілігі / f1; f2/ өлшенеді.
Бірінші жүктеме зерттелушінің дене салмағына сәйкес мөлшерленеді, екінші – бірінші жұмыстан кейінгі жүрек соғу жиілігіне қарап беріледі. Егер жұмыс дұрыс мөлшерленсе, біріншісінен кейінгі ЖСЖ минутына 100-115реттен, екіншісінен кейін 140-165-тен аспауы керек, велоэргонометрді минутына 60-70 жылдамдықпен тепкен дұрыс. PWC170 деңгейін екі жанама жолмен анықтьауға болады. Бір жолы – графиктік экстрополиция әдісі, ол үшін милиметрлік қағазға тік бұрышты координат сызады, оның тік сызығының бойына жүрек соғу жиілігінің 170ретке дейінгі мағыналары белгіленеді, көлденеңінен – жұмыс мөлшері салынады, сосын бірінші және екінші орындалған жүктемелердің мөлшері мен олардан кейінгі жүрек соғу жиілігінің қиылысқан жерлеріне нүктелер қойып, екі нүктені қосып, түзу сызықты 170ретке дейін созады, одан көлденең сызыққа нүкте түсіріледі, осы нүктеге сәйкес жұмыс мөлшері , PWC170 деңгейі.
Екінші – формула арқылы
PWC170 = W1 + /W2 – W1/ (170-f1)/(f2-f1) мұндағы , PWC170-170 ретке дейін жүрек соғуын үдететін жұмыс көздері W1 мен W2 – бірінші және екінші жүктемелердің кгм/ мин мөлшерлері f1 мен f2 – бірінші және екінші жұмыстың соңындағы жүрек соғу жиілігі, , PWC170 нақтылы мөлшерін білу үшін оның формуламен есептеліп шығарылған абсолюттік мағынасын адамның дене салмағына бөліп, салыстырмалы көрсеткішті есептеу қажет
Салыстырмалы мөлшерлері ерлерде 15,5кгм/мин/кг, әйелдерде -10,5 кгм/мин/кг. Сполртшыларда спорттың түріне машықтық дәрежесіне байланысты 4-кесте.
PWC170 мөлшерін тура әдіспен де өлшеуге болады, ол үшін жұмыс үздіксіз жүрек соғу жиілігі минутына 170-ке жеткенге дейін орындалды, жанама және тура әдістермен алынған PWC170х мағыналарының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Велоэргонометр, сатыға көтеріліп түсу арқылы орындалатын біртекті жұмыстың орнына әр спорт түріне сәйкес келетін арнайы жаттығуларды қолдануға болады. /жүгіру, жүзу, ескек есут.б./ сынау тәсілі жоғарыда көрсетілгендей тек жұмыс мөлшері м/сек көлемімен белгіленеді.
PWC170 /V/ = V1 + / V2 - V1/ • (170-f1)/(f2-f1) мұндағы
PWC170 /V/ - жүгіру жылдамдығынан берілген жүрек минутына 170 рет жиілікпен соққан аймақтағы жұмыс мөлшері. V1 мен V2 – бірінші және екінші қашықтықты жүгіріп /жүзіп т.б.тәсілдермен/ өту жылдамдықтары f1 мен f2 – екі жүктемені аяқтап болған кездегі жүрек соғу жиіліктері, PWC170 / V / анықтау үшін ұзындығы бірдей екі қашықтықты екі түрлі жылдамдықпен өту керек, мысалы, қашықтықтың ұзындығы 800м /G/ бірінші рет оның әр 100 м 30-40 секундта жүгіріп өту керек, 3мин дем алған соң 800 метрдің әр 100м 20-30 сек өту тапсырылады, V = S/t , мұнда V – м/сек көрсетілген жүгіру жылдамдығы, S- қашықтық ұзындығы, м, t –жүктемені орындауға кеткен уақыт мерзімі, сек. Арнайы формулалар арқылы м/сек берілген PWC170 /V/ мөлшерін кгм/ мин PWC170 көлеміне айналдыруға болады.
Спортшыларда ӨӨК көрсеткіштері үлкен ауытқулар береді – 3-тен 8 литрге дейін. Өкпенің өмірлік көлемінің ұлғаюы еркектерде 8,7 литрге, ал әйелдеоде 5,3 литрге дейін жеткен кездері белгілі. Өкпенің өмірлік көлемінің өте жоғары көрсеткіштері шыдамдылыққа және тыныс, жүрек жүйесінің жұмысының кең көлемде өсуіне шынығатын спортшыларда жиі кездеседі. Бірақта ӨӨК өсуі жүрек пен тыныс жүйесінің дамуы шектеулі түрде жүреді, ал жүрек пен қан айналу жүйесінің өкпенің өмірлік көлемінің көрсеткіші жаттықтырушы үшін үлкен маңызы бар. Себебі тыныс алу көлемінің ең жоғарғы көрсеткіші барынша ауыртпалық түскенде ӨӨК 50% құрайды. Осылайша, өкпенің өмірлік көлемін біле отырып, тыныс алу көлемінің жоғарғы көрсеткішіне баға беруге және дененің барынша жұмыс істеген кезіндегі өкпенің желденуінің жеткіліктілігін анықтауға болады. Тыныс көлемінің жоғарғы көрсеткіші неғұрлым жоғары болған сайын, организмнің оттегіні пайдалануының соғұрлым үнемді болатындығы айдан анық.
Керісінше, тыныс алу көлемі неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым тыныс алу жиі, соған байланысты оттегінің көп бөлігі тыныс бұлшық еттерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Өкпенің өмірлік көлемін анықтау барысында тыныс шығару жылдамдығының маңызы үлкен. Үлкен жылдамдықпен дем шығару барысындағы өлшенген ӨӨК, қалыпты жағдайдағы өлшенген көлемін анағұрлым кем. Кейінгі кезде Тиффноспирографты қолданып ӨӨК 1 секунд ішіндегі жедел тыныс алу барысындағы ауаның көлемін өлшейді. Спортта жедел тыныс алу барысында өлшенетін ӨӨК көрсеткіштерінің маңызы үлкен. Бұл жағдайда тыныстың жүру циклі қысқарғанмен, бұлшық еттердің қауырт жұмыс істеуіне байланысты тыныстың көлемі қалыпты жағдайға қарағанда 4-6 есе көбейеді.
Өкпенің желденуі (VЕ) тыныс жүйесінің жұмысының маңызды бір көрсеткіші. Ол 1 минут ішіндегі өкпеден шығатын ауаның көлемін көрсетеді. Тыныс алғанда жұтқан ауаның көлемінің бәрі өкпеге жетпейді. Ол анатомиялық өлі кеңістіктің ауасы деп аталады. Оның көлемі 140-180см3. Сонымен қатар, өкпенің альвеолдарындағы ауаның бәрі бірдей қанға сіңірілмейді. Оның себебі: көптеген альвеолдардың қанмен қамтамасыз етілуі нашар болуы мүмкін. Ондай жағдай аурусыз өкпеде қалыпты жағдайда кездеседі. Альвеолдағы осы ауаны альвеолдардағы өлі кеңістіктің ауасы деп атайды. Оның көлемі жәй уақытта аса көп емес.
Анатомиялық және альвеола аралық өлі кеңістіктің арасының көлемдері 215 -225см3 болады. Тыныс жүйесінің өлі кеңістігінің ауасын «Зиянды» ауа деп атайды. Оның организмге тигізетін пайдасы өте көп. Жоғары тыныс жүйесімен бірге, өлі кеңістік ауаның ылғалдануына және адам денесінің қызуымен бірдей болғанша ығысуына әсерін тигізеді. Сонымен, деммен өкпеге түскен ауаның біраз бөлігі (30% дейін) газ алмасуға қатыспайды, тек ауаның 70% ғана альвеолдарға дейін жетіп қанға сіңіріледі. Денеге ауырпалық түскенде өкпенің желдену көрсеткіші 85% дейін көтеріледі. Өкпенің желденуінің көрсеткіші тыныстың көлемін (Vт). 1 минуттағы тыныс алу жылдамдығына f көбейткендегі көрсеткішке тең.
Өкпенің желденуін басқа да жәй әдістермен анықтауға болады. Оның бірі спортшының демалыс шағында ғана емес, сонымен бірге денеге ауыртпалық түскенде зерттеуге қолданады. Зерттелетін адам арнайы маскаға немесе түтікшемен Дуглас қапшығана дем шығарады. Оған жиналған ауаның көлемін газды өлшегіш сағатпен анықтайды. Алынған көрсеткішті қапшыққа тыныс алудың ұзақтығына бөлу арқылы 1 минуттағы өкпенің желдену көлемін алады. Өкпенің желденуі л/минут арқылы өлшенеді. Спортшылардың қалыпты жағдайында өкпенің желденуі 5,12 л/мин болады да стандартты көрсеткіштерге тура келеді немесе біршама одан жоғары болады (18 л/мин және жоғары). Өкпенің желденуінің көлемі тыныс терең алынуынан жоғарылайды. Соған байланысты бұлшық еттерді қамтамасыз етуге аса көп жұмсалмайды. Бұлшық еттердің қызу жұмыс істеген кезінде өкпенің желденуі күшейеді де, үлкен көрсеткіштерге жетеді. Оның көлемінің 220 л/минутқа жеткен жағдайы болған. Бірақ көбінесе өкпенің желденуі 60-120л/мин болады. Оның көлемінің ұлғаюы бұлшық еттердің оттегімен қамтамасыз етілуінің жоғарылауын талап етеді. Тыныс алудың көлемі спортшыларда көбнесе жоғары болады. Ол 1000 – 1300мл жетеді. Кейде спортшыларда қалыпты тыныстың көлемі де болуы ықтимал (400-700мл). Тыныстың көлемінің ұлғаюын өкпеге баратын.1-суретте оттегіні жоғары дәрежеде пайдалануды туғызатын себептер.
Оттегіні жоғары дәрежеде пайдалануды (ОЖДП) анықтау үшін қан айналудың минуттық көлемі мен артерия мен венадағы О2 мөлшерінің айырмасын білу қажет.VО2 mах =Qх АVД бұл жерде VО2 mах- оттегін жоғарғы дәрежеде пайдалану;Q- қан айналымның минуттық көлемі. АVД- артерия мен вена қанындағы О2 көлемінің айырмашылығы.
Басқаша айтқанда оттегін пайдалану көрсеткіші өзгермегенде қан айналудың минуттық көлемінің өсуі артерия мен венадағв О2 айырмашылығының әкеледі. Қанның минуттық айналу көлемі жүректің соғу жылдамдығын қанның жүрек соққандағы шығатын көлеміне көбейткендегі көрсеткішіне тура келеді.
Аэробтың қуаттың мөлшері спортшыларда кез – келген сау адамның көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары. Бұл жүрек пен тыныс жүйесінің оттегіні тасымалдау қабілеттілігінің жоғарылығы мен жұмыс істейтін бұлшық еттердің оттегіні көп қажет етуінен туады.
Денсаулығы дұрыс, жаттықпаған ересек кісілердің аэробтық қуаты шамамен минутына 3 литр, ал әйелдерде -2,0-2,2 литр болады. Адамның 1кг салмағына шаққанда еркектерде аэробтық қуаттың көлемі минутына 40-45 кг/ мин, ал әйелдерде минутына 35-40кг/мин шығарады. Спортшыларда жоғарғы аэробтық қуаттың көрсеткіші 2 есе жоғары болады. Жоғары аэробты қуаттың көлемі айналысатын спорттың түріне тығыз байланысты.Кейбір зерттеулерде оттегінің пайдалану мөлшері минутына 7,0 литрге дейін жетеді.
Аэробты қуаттың ең жоғары көрсеткіші шыдамдылыққа жаттығатын спортшыларда (шаңғышыларда орташа қашықтыққа және ұзақ қашықтыққа және ұзақ қашықтыққа және ұзақ қашықтыққа жүгіргіштерге, велосипед тебушілерге және т.б.) минутына 4,5-нан 6,5 литрге, ал 1кг салмаққа шаққанда минутына 65-75мл дейін жетеді.
Аэробты қуаттың ең төменгі көрсеткіші жылдамдықпен қуатты қажет ететін спорттың түрлерінде (ауыр атлеттерде, гимнастарда, суға секіргіштерде) минутына 4,0 литрден де ал 1кг салмаққа шаққанда минутына 60мл төмен болады. Аэробты қуаттың орта көрсеткіштері баскетбол, волейбол, жүгіру, күрес және бокс спортымен айналысатындарда кездеседі. Аэробты қуаттың жоғарғы көрсеткіші спортшы әйелдерде еркектерден анағұрлым төмен. Бірақ та, аэробты қуаттың жоғарылауы шыдамдылыққа жаттығатындарда кездесетіндігі әйелдерге де тән қасиет.
Сонымен, спортшылардың жүрек пен тыныс жүйесінің жұмысының ең маңызды көрсеткіші аэробты қуаттың ұлғаюы болып табылады. Тыныс алу жүйесінің жақсаруына жоғарғы тыныс жолдарының әсері үлкен. Мұрын қуысында орналасқан рецепторлар қан айналу жүйесіне әсер етеді. Мұрын қуысының шырышты қабатында ауа дененің температурасына дейін қызып, шаң – тозаң мен микробтардан тазарады. Спорттық жаттығулар барысында адамдар аузымен демалады да, өкпеге түсетін ауаның көлемі ұлғайып, желденуі күшейеді.
Жоғары тыныс жүйесі көп жағдайда қабыну пайда болатын жер. Ол суық ауамен демалудан, жаураудан туады. Спортшылардың организмнің жақсы шынығуына және ауруға қарсы шыдамдылығының артуаны байланысты, ондай аурулар сирек кездеседі.
Тыныс жүйесінің вирустан пайда болатын шұғыл аурулары спортшыларда екі есе сирек кездеседі. Ол аурулар зиянсыз көрінгенімен, спортшылардың организмінде көптеген асқынулар туғызады. Спортшыларда трахеит пен бранхит аурулары жиі кездеседі. Ол дем алуға байланысты туады. Бронхит пен трахеитке байланысты қақырықсыз жөтелу пайда болып, дененің қызуы көтеріледі. Бұл кеселдермен тұмау ауруы қатар жүреді.
Өкпенің қабынуы (пневмония) спортшыларда кездесетін ең ауыр кеселден бірі оның барысында альвеолдар қабынады. Ол крупозды және ошақты қабыну деп екіге бөлінеді.
Купозды өкпенің қабынуы әлсіреумен, бас аурумен, температураның көтерілуімен және дененің қалтырауымен бастапқы көрінісін береді. Жөтел қақырықсыз басталғанымен, ары қарай қан аралас қақырық тастаумен жалғасады. Кеудеде сыздаған ауру пайда болады. Кеселді ауруханада емдейді. Крупозды пнемонияда өкпенің толық бір бөлігі қабынады, ал ошақты пнемонияда өкпенің жеке бөлшектері қабынады. Ошақты пнемонияның клиникалық көріністері әртүрлі. Оны ауруханада емдеген дұрыс болады. Толық жазылғаннан кейін спортшылар ұзақ уақыт дәрігердің бақылауында болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |