Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№9. Тақырып. Субмаксимал қарқынды сынамалар
Жоспар:
1. Велоэргометриялық, сатыға көтеріліп-түсу, арнайы жаттығулар арқылы жүргізу тәсілдері
2. Сынау нәтижесін бағалау және спорттық жаттығу процесін басқаруда қолдану принциптері.
3.Гарвард степ-тесті, әдістемелік негізі, жүргізу және бағалау тәсілдері.
1.Спортшы ағзасының қызметтік күйінің қысқаша сипаттамасы
Дене тәрбиесі мен спорттық машықтанудың негізгі мақсаты- ағзалар мен жүйелердің қызметтік мүмкіншілігін арттыру. Өйткені қызметтік мүмкіншілік – денсаулықтың көрсеткіші, жұмыс қабілетінің негізі, жаттығу барысының тиімділігінің айғағы. Қызметтік мүмкіншіліктің сыртқы әсерлерге бейімделу қабілетінің нашарлауы – ауру сырқаттың, зорығудың алғашқы белгілерінің бірі.Қызметтік мүмкіншілікті зерттеу үшін спортшыны қалыпты жағдайда ғана тексеру жеткіліксіз толық мәліметті тек арнайы сынамалар мен түрлі – түсті құралдар қолдана отырып, жан – жақты зерттегенде ғана алуға болады.
Спортпен, жүйелі түрде айналысудан нерв жүйесі мен нерв – бұлшық ет аппараттың жұмысы жетіле түседі. Соған байланысты спортшы күрделі қозғалу қасиеттері мен жылдамдықты арттырады, қозғалыстың басқарылуын қамтамасыз ету жүйесі жақсара түседі. Осы жүйелер жұмысының нашарлауы спортшының қажығандығын және шамадан тыс жаттыққандығын аңғартады.
Нерв жүйесінің жұмысын анықтау арнайы аспаптардың жоқтығынан қиындықтар туғызады
Нерв жүйесінің жұмысы туралы жүйелі сұрастыру, оның негізгі қасиеттеріне баға беруге жағдай туғызады. Нерв жүйесі жұмысының күштілігін байқауға спортшының батылдық, алған беттен қайтпаушылық, алға қарай ұмтылу, тынымсыздық, тырысқақтық және жеңіске деген құштарлық сияқты қасиетері көмектеседі.
Тағы да бір оның маңызды белгілеріне жеңіске деген құштарлық және өзіне - өзі тез қалыпқа келтіре алу қасиеті жатады. Нерв жүйесі жұмысының жан – жақты дамығандығы спортшының көңіл күйінің бірқалыптылығынан, өзін - өзі ұстай білуінен, жаттығу және жарыс барысындағы ұстамдылығынан байқауға болады. Нерв жүйесінің бейімделгіштігі, спортшының жаттығудың бірінші түрінен, екінші түріне ауысу жылдамдығынан, жағдайдың өзгеруіне бейімделгіштігінен, жаңа айла - амалдарды қабылдау жылдамдығынан және тез және терең ұйықтай алу қасиетінен көрінеді. Орталық нерв жүйесінің жұмысына баға беру үшін спортшы ұйқысының жағдайын анықтау керек. Оны баяу және тез жүретін екі кезеңге бөледі.
Ұйқының баяу кезеңінде мидың биологиялық жұмысының жайлап жүретіндігі анықталады. Адамның қимылдары азайып, жүректің жүру жылдамдығы мен қанның қысымы, дененің қызуы мен зат алмасу жұмыстары төмендеп, бұлшық еттер босаңсиды, тыныс баяу да таяз, ал түс көрудің көлемі өте аз келеді. Ұйқының жылдам жүретін кезеңінде мидың биологиялық жұмысының күші артады, көз алмасының қозғалуы жиілейді, бұлшық еттердің бостығына қарамай, оның жеке жиырылулары байқалады, түс көру жиілейді.
Түнгі ұйқының кезеңдері бірнеше рет қайталайды. Бір кезеңнің ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылады. Ұйқының баяу жүретін кезеңі жас адамдарда барлық ұйқының ұзақтығының 75-80%-тін, ұйқының тез жүретін кезеңі 20-25%-тін құрайды.Ұйқыныың кезеңдерінің кезектесіп ауысып отыруының бұзылуы жалпы адамның ұйқысын бұзады. Уайымшыл, көңілшек және қайғышыл спортшылардың ұйқысы бұзылып, қысқа және оның кезеңдерінің дұрыс жүрмеуі байқалады. Ұйқының бұзылуы бірден ұйқтап кете алмау, түнде оянғаннан кейін көпке дейін ұйқтай алмау, ерте ояну сияқты белгілерден құралады. Ұйқының бұзылуына нерв жүйесінің шаршап, көңіл күйдің нашарлауы, сырттай қоздырғыштардың жайсыз әсері, таныс емес ортаның әсерлері себеп болады. Ұйқының өте ауыр түрде бұзылуын нарколепсия деп атайды. Оған тән қасиет күндіз ұйықтап, түнде ұйқының келе беруі. Ал, күндізгі ұйқышылдықпен қатар түндегі терең ұйқының жалғасуы - идиопатиялық гиперсомния деп аталады. Спортшылардың ұйқысының бұзылуыоның қажып, орталық нерв жүйесінің шаршағандығын көрсетеді. Спорттық амалдарды үйрену барысында қозғалысты реттеу жұмысы бұлшық еттердің жиырылуын бір бағытқа сәйкестендіруге, тұрақтылығын қалыптастыруға, қимылдардың дұрыс орындалуына бағытталады. Күрделі қозғалыс жұмысын реттеу ісіне мидың маңдай бөлігі, орталық ми, таламус, мишық, вестибулярлық аппарат, жұлын, қозғалысты сезгіштер және имьпулсті орталық жүйесіне өткізу жолдары қатысады. Орталық нерв жүйесіндегі қозғалысты реттеу жұмысын зерттеу үшін арнайы сынақтарды қолданады. Қозғалыстың бір қалыптылығына дененің Ромберг күйіндегі тұрақтылығын анықтау арқылы баға береді. Ромберг сынағының жайша түрін жүргізу барысында (аяқтың табандары қосылған қолдары тіке алдына созылған және екі көзі жұмулы күйі) адамның денесі шайқалып орнынан ауытқуы, саусақтарының дірілдеуі қозғалуды реттеу жұмысының істен шыққандығын көрсетеді. Ромберг сынағының күрделі түрін (бір аяқта тұрып, көзді жұмып, қолдарды алдыға созған күйінде, екінші аяғының өкшесін бірінші аяқтың тізесіне тигізу) жүргізген кезде саусақтардың дірілі, дененің тұрақтылығының ұзақтығын есепке алады. Адамның Ромберг күйіндегі тұрақтылығы 15 секундтан артық болса, онда дененің бір орындағы тұрақтылығы жақсы, ал, керісінше жағдайда нашар деп бағаланады. Тұрақтылықты реттеу жұмысын зерттеуге саусақ мұрын сынағын қолданады. Ол үшін, көздің жабық күйінде сұқ саусақты мұрынның ұшына тигізу керек.
Қолдың дірілі және епсіз қимылдар адамның қозғалу жұмысын реттейтін механизмдерінің істен шыққанын көрсетеді. Дененің тұрақтылығын анық зерттеу стобилография, ал дене мүшелерінің дірілін – треморография әдісімен жүргізеді. Сынақтың көрсеткішін жазған сынақтар әр кезеңдегі дененің қалыптан ауытқу мөлшерін және оның көлемін көрсетеді.
Спорт пен дене тәрбиесі мен жүйелі айналысудың арқасында, орталық нерв жүйесіндегі қозғалысты реттеу орталығының тұрақтылығы артады. Акробатика, суға секіру, гимнастика, биіктікке секіру, баскетбол және көркем гимнастика спортымен айналысатын спортшылардың қозғалысты реттеу болады. Шынығу мен дененің қоршаған ортадағы тұрақтылығы арасындағы тікелей байланыс бар. Организм неғұрлым шыныққан болса, соғұрлым оның қоршаған ортадағы тұрақтылығы арта түседі, ал дененің шынығу дәрежесі кеміген сайын оның тұрақтылығы азайып, діріл көбейе түседі.
Жаттығу және жарыс алдында қозғалуды реттеу жүйесін тексеру, оның қажу дәрежесін анықтауға көмектеседі. Қозғалудың реттеудің бұзылуы мидың шайқалуынан туады. Орталық нерв жүйесінің жұмысын зерттеу үшін электроэнцофалограф құралын қолданады (ЭЭГ). Ол мидың қыртысынан шыққан биотокты қабылдап, жазып отырады.
Биотоктар күрделі сынықтармен белгіленеді. ЭЭГ негізгі тербелістері альфа- ырғақтарының жиіліктері 8-12Гц және ауытқулары 60мкв дейін жетеді, ал бета ырғақтарының жиіліктері 15-30Гц ауытқулары 0-25 мкв, олармен қатар гамма ырғақтары (жиілігі 30Гц), бета ырғақтары (4-7Гц) және дельта- ырғақтары (1,5-3Гц) анықталады. Электроэнцефолограмманың маңызы спортшылардың нерв аурулары туралы шағымдар айтуына байланысты арта түседі. Оның көмегімен орталық нерв жүйесіндегі потологиялық ошақтарды анықтауға мүмкіндік туады.
Орталық нерв жүйесінің жұмысына баға беру үшін, қозғалыс реакциясының көрінбейтін кезеңін зерттейді, былайша айтқанда, ол қоздырғыштың әсер еткен кезінен оған жауап ретіндегі қозғалудың басталу уақытының аралығындағы кезең. Ол кезең мидың қыртыстарының өз жұмысын атқару дәрежесіне адамның жалпы көңіл – күйіне, шыныққандығына және қажығандығына байланысты болады. Жай және күрделі қозғалыс рекцияларының пайда болу мерзімдерінің арақатынасы 100м - ден артпауы қажет, керісінше болған жағдайда нерв жүйесінің қозғыштығы нашар, қозуды қабылдағыштығы төмен деп есептеледі. Нерв жүйесінің жұмысын зерттеу оның шаршауын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге, ауруларды да анықтауға көмектеседі.
Ол көбіне жаттығуларды дұрыс ұйымдастырмағандықтан, организмнің қажып, нерв жүйесінің шаршауынан шығады. Орталық нерв жүйесінің зақымдануы денедегі инфекциялық ошақтардың жануынан ауырлай түседі.
2.Спорттық медицинадағы неврологиялық зерттеу.
Спортшылардың шаршап қажуынан әртүрлі невроздар шығады. Неврастения – деген жағдай невроздардың қатарына жатады. Ол іштей тежелу механизмдерінің нашарлап, қозу механизмінің төмендеуінен туады. Неврастениядан қажу күшейіп, нерв жүйесінің қалыпқа келу жұмысы нашарлайды.
Бірінші кезеңде, спортшы көңіл- күйінің тез өзгергіштігіне және морттық мінез пайда болғандығына шағынады. Болмайтын қоздырғыштарға (жаттықтықтырушының ескертуі, достарының орынсыз әзілі) спортшылар ашу шығарумен, айқаймен немесе жылаумен жауап қайтарады. Сонымен қатар, онда ұйқысының бұзылуы, терең болмауы, елеуреу пайда болады. Спортшы өзінің терлегіштігіне, жүрегінің қатты соғуына, басының ауруына және жыныстық қатынасының төмендегендігіне көңіл бөледі. Оның жұмысқа шамасы төмендейді, әсіресе дәл жасалатын қимылдарды орындау нашарлайды, сіңірлердің тартылуы күшейеді, ішкі органдардың жұмысы тұзылады.
Аурудың екінші кезеңінде спортшыда жалпы шаршағандық, қажығандық, күндізгі ұйқышылдық және түнгі ұйқының қашуы, жаттығуға көңілсіздік, босаңсу, ұмытшақтық, жалпы тежелу пайда болады. Оның қозғалысы азайып, бей- жай күй кешеді.
Ұстамалы (интериялық) невроз көбінесе спортшы әйелдерде, нерв жүйесінің шамадан тыс қозуынан шығады. Оның белгілері әртүрлі. Кей- кезде ол қозғалудың бұзылуы (аурулар дірілдеп – қалтырап, еденде домалайды, аяқ- қолмен селкілдеп, иіліп бүгіледі, ыңырсып, айналадағыларды тістелеп, өзін өзі жұлады) арқылы немесе сезгіштігі (ауруды сезгіштігі артады) мен вегетативті (демі тарылып ауа жетпегендей жағдай туады, есінен танады) жүйенің бұзылуы арқылы көрініс береді. Кейбір жағдайда есінен ауысқандай (есінен айырылу, қозғалмай қатып қалу) жағдайға түседі.
Ұстамалы невроз бірнеше минуттан көп сағатқа созылуы мүмкін. Ол қатты дыбыстан, жай соққыдан, суық суды бетке шашудан тоқтайды. Өзіне - өзі әртүрлі ауруды жапсыру арқылы көрініс беретін невроздың түрі кездеседі.
Психастения жағдайында алаңдаушылық пен өзіне сенімсіздік пайда болады. Ол көбінесе спорттық жарақаттар алғанда шығады. Спортшы болу қаупі бар жарақаттардан өзінің ісінің дұрыстығына сенімсіздік білдіріп қорқады. Үнемі жаманшылықты күтеді, жасық және қорқақ болады. Барлық нервроздарды арнайы емдік шараларды қолданып емдейді.
Анатомия курсында өткендей шеткі нерв жүйесі тірек қозғалыс, ішкі органдар арасын 12 жұп ми және 31 жұп жұлын нервтері арқылы орталық нерв жүйесімен байланыстырады. Нерв жүйесінің жұмысын клиникалық әдістермен зерттейді.
Қозу реакцияларын бағалау үшін спортшылардың қарысының екі басты және үш басты бұлшық еттерінің, тізе мен асық сіңірлерінің (тарамысы) рефлекстерін зерттейді. Оны арнайы неврологиялық балғашамен сіңірлерді ұру арқылы жүргізеді. Сонымен қатар, терінің, іштің, табанның рефлекстерін инемен жайлап сызу арқылы тексереді.
Оны бағалау үшін рефлекстің бар жоқтығы, екі жақта бірдейлігі және оның тірілігі есепке алынады.
Рефлекстің жоқтығы (-), барлығы (+) белгілермен белгіленеді және олардың көлемі рефлекстің дамуын бақылауға жағдай туғызады. Рефлекстің жоқтығы рефлекс доғасындағы потологияны көрсетеді. Кейбір жағдайда рефлекстердің төмендеуі немесе тіптен жоғалып кетуі мүмкін. Ол аса ауыр жаттығулардан кейін, шаршағанда шығады. Өте жоғары дәрежеде жүретін рефлекстер (гиперрефлексия) нерв жүйесінің жалпы қозғыштығының көтерілуіне байланысты туады. Нерв жүйесінің жұмысының қалыпты жағдайда орта дәрежедегі рефлекстер байқалады.
Мидан шығатын12 жұп нервтердің жұмысын тексерудің маңызы үлкен. Мысалы, орталық және шеткі көру нервтерінің жұмысы, көздің қарашығының пішіні, көлемі оның жарыққа жауабы, көздің әртүрлі қашықтықта көруге бейімделгіштік қасиеті, екі көздің көру жолының бір нүктеде түйісуі (конвергенция) оның қозғалмалылығын, көру және көзді қозғайтын нервтердің жағдайын білдіреді. Беттің бұлшық еттерінің (қастың түйілуі, оның көтерілуі, көзді ашып жұму, бетін томпайту), тілдің (оның қозғалмалылығы, сөз сөйлеу қасиеті) және шайнау бұлшық еттерінің (шайнау мен астыңғы еттің қозғалуы) жұмысы беттің, үшкіл, тіл асты нервтерінің жағдайын білдіреді. Мидан шығатын нервтерді бағалауда өзгерістердің екі жақтылығына көңіл бөледі. Кейбір нервтердің жұмысының нашарлауы мидың зақымданғанын көрсетеді.
Шеткі нерв жүйесінің аурулары спортшыларда жиі кездеседі. Ол бүкіл ішкі органдардың жұмысына әсерін тигізеді. Бел мен сегізкөз жұлынының түбірінің қабынуы (радикулит) спортшылардың барлық ауруларының 10-20 процентін құрайды. Көбінесе қатты суықтағаннан, инфекциялы аурулардың және уланудың (тұмау, баспа, кариес) әсерінің белдің омыртқасының шамадан тыс ауыртпалықтан қисаюынан шығады. Көптеген жағдайда жұлынның түбірінің қабынуы бірнеше себептердің әсерінен болады: ескек есушілерде – олардың қайықтағы отыру жағдайларына байланысты нервтердің сабақтарының созылуынан және белдің суық қаруынан, ауыр атлеттерде – денесін баса түсетін ауыртпалықтан және созылмалы инфекциялық аурулардың ошақтарының әсерінен туады.
Жұлынның, белдің қабынуының ең негізгі белгісі бірден шыдатпайтын, қозғалмайтын сыздаған аурудың пайда болуы. Сыздап ауру қозғалғанда, жөтелгенде, түшкіргенде ауыртпалық түскенде күшейе түседі.
Сыздап ауыру жамбасқа, санға және башпайға дейін тарайды. Соған байланысты адам амалсыз қозғалмайтын пішін қабылдайды. Саусақтармен басқанда белде сыздаған ауру пайда болады, белдің және арқаның ұзын бұлшық еттері жиырылып қатаяды. Ал, жұлынның созылмалы түрде қабынуына байланысты бұлшық еттер босайды. Бірте – бірте жамбастың және аяқтардың бұлшық еттері азып кішірейе бастайды. Бастапқыда сіңірлердің рефлекстері жанданып, созылмалы түріне өткенде баяулайды немесе жоқ болып кетеді. Нервтердің талшықтарының созылу белгілері жамбас – сан буынында түзу аяқты бүккенде (лассег белгісі), басты алдыға қарай еңкейтеді (Нери белгісі) белде сыздаған ауру күшейіп, аяқтарға беріледі.
Шонданай нервінің қабынуының негізгі себептері белдің жұлынның қабынуымен бірдей келеді. Бұл жағдайда тек белдің жұлынның түбірі ғана зақымданып қана қоймай, шонданай нервінің бұтағы да қабынады.
Нерв бұтағының қан айналу жүйесі де бұзылады. Белдің жұлыны қабынғандағыдай белгілермен бірге, сыздаған ауру санның және тірсектің артымен, табанға дейін түседі. Шонданай нервісінің қысылып қалуына байланысты адам қозғалмайтын бір қалыпта отырады, ал сыздаған ауыру ауық – ауық жанға батады. Осы жағдайдың барлығында шонданай нервінің бойында сезімталдық жоғалып, сыздаған ауру белгі береді.
Қабырға арасындағы невралгия бір немесе бірнеше қабырғалардың арасының бойымен қатты сыздаған, ауыртпалық көтергенде, жөтелгенде, терең дем алғанда күшейетін аурудың пайда болуымен білінеді. Саусақтармен басқанда терінің ауыруға сезгіштігінің ұлғайғандығын және қабырға арасы нервісінің шығатын жерінде қатты сыздауын байқауға болады.
Аурудың негізгі себептеріне баспа, тұмау, суықтау, кеуденің омыртқа жотасындағы потологиялық жағдайлары жатады. Үштік нервтің невралгиясы оның нервпен қамтамасыз ететін жерлерінде күшті пышақ кескендей сыздаған аурудың пайда болуымен басталады. Ауру суықтағаннан кейін, тұмаудан соң, баспа және гаймарит ауруынан кейін басталады. Беттің терісінде шамамен 0,5см ошақтарды басқан кезде шыдатпайтын сыздау пайда болады.
Бет нервісінің қабынуы зақымданған жерлерінде сезімталдығының азайып, сыздап ауырудан басталады. Одан кейін, беттің бұлшық еттерінің жиырылуы нашарлап, параличтер пайда болады. Бұл ауру спортшылардың бетінің ұзақ уақыт суыққа шалынуынан, шұғыл инфекциядан кейін және созылмалы инфекциялардың ошақтарының қозуынан шығады.
Спортпен, жүйелі түрде айналысудан нерв жүйесі мен нерв – бұлшық ет аппараттың жұмысы жетіле түседі. Соған байланысты спортшы күрделі қозғалу қасиеттері мен жылдамдықты арттырады, қозғалыстың басқарылуын қамтамасыз ету жүйесі жақсара түседі. Осы жүйелер жұмысының нашарлауы спортшының қажығандығын және шамадан тыс жаттыққандығын аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |