«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет41/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

7. Тақырып Ас қорыту, несеп шығару, қан және ішкі бездер жүйелері


Жоспар:
1. Спортшыларда кездесетін қан құрамының физиологиялық және сырқаталды өзгерістері.
2. Спорттық анемия.
3. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің спорттық жаттығу барысындағы қызметтік өзгерулері, зерттеу тәсілде.
Ішкі мүшелер дене қуысында, оның ішінде кеуде, құрсақ және жамбас қуысында орналасқан. Сондай ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады. Олар ағзаның зат алмасу қызметіне қатысады. Ішкі мүшелер дамуына, құрылыс ерекшелігіне, орналасу жағдайына, қызметіне қарай жүйеге немесе жүйелі мүшелерге бөлінеді. Олар: асқорыту, тыныс алу, және несеп – жыныс жүйесі.
Ас қорыту жүйесі адамның бас, мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуысы
Ас қорыту жүйесі адамның бас, мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуысы бөліктерінде: тыныс жүйесі бас, мойын және кеуде қуысының бөлік құрсақ қуысы мен жамбас қуысында орналасқан. Кеуде қуысында бұлардан басқа жүрек орналасады, ол қан тамырлар жүйесінде жатады, ал құрсақ қуысындағы талақ қан жасайтын және имундық жүйеге жатады. Сондай ақ дене қуысында орналасқан эндокринді бездер ерекше топқа жатады. Ішкі мүшелер құрылысына қарай борпылдақты және түтікті деп бөлінеді. Борпылдақты мүшеге бауыр, ұйқы безі, өкпе, бүйрек және т.б, жатады. Түтікті мүшелерге өңеш, қарын, ішектер, кеңірдек, зәрағар түтігі жатады.
Ауыз қуысы ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, бауыр, ұйқы безі асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл мүшелердің негізгі қызметі асты шайнау, езу, химиялық жолмен қорыту, ұсақтату, сору, сіңіру, енені мәлім.
Ауызға түсіп, одан әрі ас қорыту жүйесінің бөлімдерінен өтетін тағам күрделі физика – химиялық түрлерге ұшырайды. Физикалық және химиялық өңдеулердің нәтежесінде нәрлі заттар анағұрлым қарапайым заттарға бөлшектенеді де қанға сіңеді. Яғни асқорытудың маңызы организмді қажетті құрылымдық (пластикалық заттармен және энергиямен қамтамасыз етуінде болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың ас қорыту жүйесі атқаратын қызметі жағынан ғана емес, мөлшері мен қуыстары жағынан да айырмашылықтары бар.
Ас қорыту жүйесі ұзын түтік тәрізді, олар организммен сыртқы орта арасындағы зат алмасу жұмысын атқарады. Ас қорыту жүйесінің бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталса, одан кейін жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек ең соңғысытік ішектің артқы тесігімен аяқталады. Ас қорыту жүйесінің бөлімі әр түрлі қызмет атқаратындықтан, құрылысы мен пішіні түрліше болады.
Тағамды механикалық жолмен майдалау, шайнау, ауыз қуысының, өзіне тән қызметі болып есептелінеді. Соған қарай ас қорыту мүшелерінің қалған бөлікткрінің іші қуыс, сүйексіз. Бұл бөліктер негізінен үш қабаттан тұрады. Оларды клегейлі (ішкі, бұлшық ет және сір) қабат деп атайды.
Ауыз қуысы – ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімі. Оның қабырғалары сүйекті негізден, ал басқа бөлігі бұлшық еттерден құралады. Ауыз қуысы жоғары жағынан – таңдаймен, төмен жағынан тіл және тіл асты, жақ бұлшық еттермен, екі бүйірінен ұрт бұлшық етімен, алдынан – ауыз қуысын саңлаулатып жауып тұратын еріндермен, ал арт жағынан жұтқыншақ қуысына жалғасып тұратын көмекей тесігімен шектелген. Ерін үстінен жұмсақ таңдай доғасы, астынан тілдің түбімен шектеліп тұрады. Ауыз қуысы мүшелеріне ерін, ұрт, таңдай, тіл, иек пен тістер жатады. Ерін астыңғы және үстіңгі ерін болып сақиналы ауыз бұлшық ет қатпарынан түзілген. Бұл екі еріннің жалғасқан жерін езу не ауыз бұрышы дейді. Еріндердің сыртқы беті терімен, ішкі беті клегей қабықшамен еріннің үлкен жиегі қан тамырларының беткі қабатқа орналасуына байланысты.
Спорт медицинасы клиникалық медицинаның маңызды бір тармағы. Оның өзіне тән мәні мен атқаратын міндеттері бар. Спорт медицинасының бір саласы дәрігерлік бақылаудың міндеті дене тәрбиесімен айналысушылардың денсаулығын бақылау болып табылады. Дәрігерлік бақылаудың мағынасына спортшылардың денсаулығын, организмнің дамуын және ішкі органдар мен жүйелерінің қызметінің спорт пен және дене тәрбиесімен айналысудың салдарынан өзгеруін зерттеп, жаттығулардың денсаулыққа тигізетін пайдалы және зиянды әсерлерін анықтау. Спорт медицинасының алдында мынадай келелі міндеттер бар:
1.Денсаулықтың жағдайын, дамуын анықтау және дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға байланысты ондағы өзгерсітерді бақылау.
2.Организмнің органдары мен жүйелерінің жұмысын жағдайын және оған дене тәрбиесі мен спортпен айналысудың әсерін анықтау.
3.Спорттық жарақаттар мен аурулардың, зақымдардың толық белгілерін анықтау, емдеу және алдын алу жолдарын белгілеу.
4.Денсаулықты тексерудің ескі жүйелерін дамыту және жаңа әдістерді енгізіп спортшылардың денсаулығына дұрыс баға беруді, басталып келе жатқан аурулардың алдын алып, уақтылы емдеумен айналысуды қамтамасыз етуге жағдай жасау.
5.Жаттығу ережесінің, тамақтанудың, демалудың және спорттық жаттығу мен жарыстар ұйымдастырылатын орындардың денсаулыққа зиянды жақтарын болдырмау мәселесін уақтылы шешу.
Спорттық медицинаның атқаратын міндеттеріне байланысты шешілуге тиісті мәселелрдің қысқаша мазмұны мынаған келіп тіреледі.
Дені сау деген тұжырым жасап, адамға дене тәрбиесі мен жаттығуға рұқсат беру, ауруға диагноз қойғаннан анағұрлым қиын. Ал, спортшының денсаулығы толығынан түзу болуы керек қой. Оны анықтау үшін аурулардың белгілері мен клиникалық көріністермен жақсы таныс болу керек. Мысалы, жүрек ауруларының белгілерін білмей, онын саулығы туралы тұжырым жасауға болмайды. Спортпен айналыспайтын адамдардың денсаулығына зиянын тигізбейтін болмашы ауытқулар, спортшылардың организмінде басқаша көрініс береді. Жаттығулардың барысында ауру кейбір жағдайда мүгедектікке немесе өлімге алып келіп оқтырады.
Сондықтан спортпен айналыспайтын адамдар үшін кеңінен қолданатын «іс жүзінде дені сау» және оның істейтін қызметіне зияны жоқ деген диагноз спортсмендер үшін қолданылмайды. Себебі оның денсаулығында ешқандай да өзгерістер болмауы керек. Іс жүзінде дені сау адамдарға сауығуға арналған дене тәрбиесімен айналысуға кеңес беру шарт.
Сонымен қатар, білуді қажет ететін мәселе, жаттықтырушылардың ең негізгі деп есептейтін, спортшылардың жақсы көңіл күйі, оның денсаулығына дұрыс баға беруге ешқандай да негіз бола алмайды. Жақсы денсаулық әдепдікке жақсы көңіл күймен шектесіп жатады, сондай ақ организмде аурудың белгілері пайда болған жағдайда да көңіл күйдің жақсы болуы мүмкін. Тағы да есте болатын жағдай.
Жоғары әлемдік деңгейдегі, көрсеткіштер спортшының денсаулығына толық қалыпта екендігіне кепіл бола алмайды. Оның себебі, адам организмдегі кемістіктердің орнын өтеу механизмінін шеңбері өте кең және ол механизм кез келген аурудан пайда болатын кемістіктерді уақытша қалыпты жағдайға келтіріп ұстай алады. Бірақ организмнің жұмысындағы кемістіктерді қалыпты жағдайда ұстау механизмнің шегі бар. Оны жылдам және шамадан тыс пайдаланған жағдайда қажиды, істен шығады. Адам организмнің саулығына шынайы баға беру үшін терең дәрігерлік зерттеу жүргізілуі керек. Дененің өсуіне дұрыс баға беру үшін, дәрігер әр спорттың өзіне тән денеге қоятын талғамын есепке алуы керек.
Денсаулыққа және дененің өсуіне дұрыс баға берген соң спорттық дәрігер спортшының организмінің қызмет істеу қабілетін анықтап , оған дұрыс баға беріп, жаттықтырушы мен оқытушыға оның дайындығын сараптауға көмектеседі. Осы мәселені дұрыс шешу, дене жаттығуларының организмге әсерін зерттеуге және спорттағы жетістіктерді одан әрі дамытуға ғылыми медициналық тұрғыдан жол көрсетуге септігін тигізеді. Спорттық жетістіктердің өсуі, жаттығулардың көлемі мен жылдамдығының артуы организмнің өз қызметін атқару қабілетін өзгертіп, оны бағалаудың күрделенуіне байланысты , бұл міндетті атқару жылдан жылға қиындай түсуде. Бұрынғы кезде қолданылған медициналық көрсеткіштердің , қазіргі жағдайдағы көрсеткіштердің қойған талаптрына сай келмеуде. Әртүрлі жастағы дене тәрбиесімен айналысатын, денсаулығында кемістігі бар адамдардың организмінің қызмет ету қабілетін анықтауда, медициналық көрсеткіштердегі жеткіліксіздіктер қиындықтар туғызады. Сонымен қатар, спорттың әр түрімен айналысатын адамдардың, вегативтік қызметінң айырмашылығы әртүрлі екендігі тағы бар. Бұл айқындықтардын шығатын қорытынды спортта жоғарғы дәрежелегі көрсеткіштерге жету үшін барлық органдардың қызмет істеу деңгейінің жоғары болуы мүмкін емес. Бұл деңгейлер спорттың түріне байланысты , морфологиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне сай әртүрлі болуы мүмкін.
Шындығында ауыр атлеттердің, гимнастардың, жүзгіштердің, баскетболшылардың және коньки тебушілердің морфологиялық құрылысы мен организмнің қызмет ету қабілеті әртүрлі ғой. Спорттың әр түрімен айналысушылардың дене құрылысы және мүшелерінң қызмет ету қабілеті әртүрлі болады. Бұл міндетті шешуде, педагогтар мен дәрігерлердің жаттығу барысындағы спортшылардың жағдайын зерттеуі үлкен көмегін тигізеді. Зерттеулер барысында жаттығушыларға жеке жоспар мен арнайы жаттығу ережелерін жасаудың жағдайф туады.
Спорттық медицинада кейінгі кезде, жаңа бағыт пайда болды. Оның міндеті, дене тәрбиесі жаттығуларының шамадан тыс қолданылуына байланысты туатын зиянды әсерін зерттеу. Сөз болып отырған мәселе ішкі органдар мен жүйелерде шамадан тыс және жөнсіз қолданылатын ауыртпалықтан туатын зақымдар мен аурулар туралы болып отыр. Ерте кезде дәрігерлердің негізігі көңілі спорттық жарақаттарға бөлінген еді. Қазіргі кезде жаттығулардың ауыртпалығының шамадан тыс өсуіне байланысты организде туатын ауытқулар мен ауруларды зерттеудің маңызы өсе түседі. Спорттық жарақаттар мен ауруларға диагноз қойып, дұрыс емдеу жүргізу олардың ерекшеліктеріне байланысты, дәрігерлерге қиын да жоғары талап қойып отыр. Спорттық медицинаның осы тармағы жеке аурулар туралы ілімге жатады. Спортпен айналысу аурудың тууына себеп болмау керек. Бірақ спортшылар да ауырады. Оның себебі, олар да басқа адамдар сияқты ортаның әртүрді зиянды әсерлеріне шалдығады. Мысалыға, олар жұқпалы инфекциялық аурулармен ауыруы мүмкін. Біздің зерттеуімізде анықталғандай спортшылар және дене тәрбиесімен айналысқандар басқа адамдарға қарағанда кем ауырады. Ауруға қаосы тұрақтылығы жоғары болуына байланысты олардың сырқаттары 1,52 есе қысқа болып, жеңіл өтеді.
Организмнің қызметін зерттеу әдістерінің жетілуі алдағы айтып кеткен үш міндетті дұрыс шешуге септігін тигізеді. Дәрігерлік болжаудың осы саласы тоқтаусыз жаңарып, даму үстінде. Жылдан жылға жаңаша және жеті саралайтын зерттеу құралдары шығарылып, анықтау жұмыстары тереңдей түсуде. Сонымен қатар организмді зерттеудің ескі әдістері жетілдірілуде және зерттеу жұмыстары жан жақты бола түсуде.
Оқытушының спорттық дәрігерлік зерттеу әдістерімен таныс болуы, олардың өз қызметін атқару шамасын сараптау үшін де керек. Медицинаның кейбір зерттеу әдістері жаттығу барысында қолданылып, методикалық сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Қазақстан республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау және одан әрі күшейту – біздің мемлекеттің ең бір негізгі міндеті. Дене тәрбиесі мен спорттың организмнің өсуіне, физикалық және жан – жақты дамуына ықпалын есепке ала отырып, олардың өркендеуіне барынша жағдайлар жасалуда. Дене тәрбиесінің негізгі атқаратын міндеті сауықтыру жұмысы болғандықтан спортшылар мен дене тәрбиесімен айналысушылар дәрігерлік бақылауда, ал спорт пен дене тәрбиесі медицинамен тығыз байланыста болуы керек.
Медицина ғылымынсыз спорт ғылымының дамуы мүмкін емес. Сондықтан спортшылар мен дене тәрбиесімен айналысушылардың денсаулығын бақылау, ондағы өзгерістердің физикалық дамуын сараптау дене тәрбиесі жүйесінің маңызды саласы болып есептеледі. Дәрігер мен оқытушының тығыз байланыста жұмыс атқарулары үшін, оқытушының медицина саласынан жеткілікті білімі болуы қажет. Оқытушылар мен жаттықтырушыларда медицина жетістіктері, оның спорт саласындағы атқаратын міндеті туралы айқын түсініктері болып, дәрігерлердің міндеттерін атқару жолдары мен шамаларын анық білу керек. Болашақ оқытушының, жаттықтырушының медицина саласынан алған білімі оның негізгі салалардан алған білімінің маңыздылығынан бірде – бір кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет