«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет49/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

15. Тақырып. Балалар мен жасөспірімдер спортындағы медициналық бақылаулар


Жоспар:
1. Балалар мен жасөспірімдер спортының келелі медициналық проблемалары.
2.Жасөспірімдер спортындағы кешенді медициналық бақылау жүйесі.
3.Жасөспірімдер спортындағы ауруға қарсы кешенді сақтандыру жұмысы
Көңіл күйдің жағдайын анықтаудың да маңызы үлкен. Оны қалыпты, тұрақты, төмен, нашар, жалғыз қалғым келеді,- шамадаң тыс көтеріңкі деп анықтайды.
Адамның жұмысқа қабілеті жақсы жағдайына, көңіл-күйіне, щаршағандығына байланысты. Адамның жұмысқа қабілеті жоғары, қалыпты және төмен деп белгіленеді. Спортшының қалыпты ұйқысы орталық нерв жүйесінің жұмысын реттеп, көңіл-күйдің жақсы болуын қамтамасыз өтеді.
Шаршаған кезде ұйқының бұзылуы, жоғалып кетуі немесе жайсыз болуы мүмкін. Осындай ұйқыдан кейін адамның көңіл-күйі нашар болады. Спортшы өзінің ұйыктау мерзімін үнемі белгілеп тұруы керек. Қалыпты ұйқының ұзақтығы 7-8 сағаттан кем болмауы, ал ауыр жаттығудан кейін 9-10 сағат болуы керек. Ұйқы туралы анықтама бергенде оның ара-арасында бұзылуы, түс көруі, жөнді көзін іліндіре алмауы сияқты белгілерін көрсөтеді.
Спортшының тәбеті қалыпты, төмен немесе жоғары деп белгіленеді. Егер тәбет нашарласа, ас қорыту жүйесіндегі кеселдерге көңіл бөледі. Оның нашарлауы организмнің шаршағандығып көрсөтеді. Жалпы көңіл күйдің белгілеріне сын көзімен қарау керек. Көңілдің көтеріңкі болған кезеңінде ішкі органдарда кеселдің басталуы, керісінше көңіл күйі төмен болғанмен денсаулықтың жақсы болуы мүмкін. Организмде пайда болған кеселдің белгілерін күнделікті белгілей, дамуын көрсету оны турыдатын себептермен күресуге көмектеседі.
Объективті көрсеткіштердің ішінен тамырдың соғысы, салмақ, терлегіштік, спирометрдіқ, көрсеткіші, динамометрия, тыныстың жылдамдығы сияқты көрсеткіштерді анықтап отырады.
Спортшы жаттығу барысында және кейбір ауыртпалықтардаң кейін тамырдың соғысын анықтайды.
Жақсы бапталған спортшының организмне өте ауыр салмақ түскеннен кейін де тамырдың 1 минуттағы соғысы 180-200 реттен аспайды. Белгілі бір ауыртпалықтан кейін тамырдың соғысының қалыпқа келу мерзімі спортшының лиілпы жағдайын көрсөтеді. Салмақты өлшеуді аптасына 1/2 рет өткізу жеткілікті болады.
Тек қана жарыс барыcындағы; салмақ қуу жағдайында күнделікті бақылауға алған дұрыс. Салмақты текcеруді таңертең жүргізеді. Бастапқы кезде организм денедегі артық қуудан және майдан босап, салмағы, төмендейді. Шынығудың арылауы салмақтың бір қалыпқа келуімен жалғасады.
Жаттығудан салмактың шамадан тыс төмендеуі жөнді тамақтанбаудан және жалпы күн ережесін бұзудаін туады.
Терлегіштік жаттығу дәрежесінің қосымша көрсеткіші есептеледі. Сондықтан күнделікті терлеу дәрежесін белгілеп отырған жөн. Оны жеткілікті, қатты және шамадан тыс деп белгіленді. Спортшының бапталуы жоғарылап денедегі артық сулар шыққан сайын терлегіштік азая түседі.
Шынығудың жоғарғы дәрежесінде терлегіштікрін ұлғаюы денсаулықтың нашарлағандығын білдіреді. Ол кей кезде шамадан тыс шаршағандықтың белгілі болуы мүмкін.Гинекологиялық өзін-өзі бақылау спортшы әйелдердің жүргізетін ең маңызды жұмысының бірі. Ай сайын жүретін өтекісірдің көрсеткіштерін күнделікке түсіру, Спортшы әйелдердің жаттығу жоспарын дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді. Оқытушы мен жаттықтырушы 1-2 аптада бір рет спортшының күнделігін тексеріп тұрады, ал дәрігер кезекті бақылау барысында оның мағынасымен танысып, керекті шешімдерін шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет