Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№14. Тақырып Сауықтырушы жаттығу жүйесіндегі медициналық бақылаулар
Жоспар:
1. Дене шынықтыру – салауатты өмір салтының басты құрамдас бөлігі.
2. Сауықтырушы жаттығу жүйесінің медициналық негіздері
3.Сауықтыру дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс режимдері.
Гипокинезия адам денсаулығына, әсіресе жүрек – қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді. Қазіргі заманда өндірістің, ауыл шаруашылығының механикаландыруына, өзін - өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты, адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Соңғы кезде адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден – бір себебі осы гипокинезияға байланысты. Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру қозады. Мысалға, қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу, ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды. Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың, жүйелердің қызметі де баяулап, қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды, ауру туады.
Гиперкинезия адам организміне зиянды әсерін тигізеді. Дененің шамадан тыс қозғалысы немесе денеге аска ауыр физикалық салмақтың түсуі деп – адамның қайратынан анағұрлым жоғарғы салмақтың түсуінен қажуын айтады. Бір адам үшін, бүгін қайраты жететін ауыртпалық, бір аптадан кейін организмнің қызметінің нашарлауына байланысты шамадан тыс деп бағалануы мүмкін. Шамадан тыс түскен ауыртпалық организмнің кез келген жүйесін патологиялық өзгерісеке ұшыратады. Мысалы, жүрек, нерв, ас қорыту, зәр шығару, тірек - қимыл мүшелерінде ауыртпалықтардан туған аурулар жиі кездеседі. Спортшыларға шұғыл немесе созылмалы түрде әсер еткен шамадын тыс ауыртпалықтан жүректің, бауырдың, бүйректердің ауруы пайда болады. Қажығанда, шаршағанда организмнің ауруға тұрақтылығы төмендеп, инфекциялардың немесе басқа қоздырғыштардың әсеріне тез шалдығады. Инфекциялық ошағы бар организмнің қажуы өте қауіпті. Бұл жағдайда патология тез қалыптасып, ауыр дамиды.
Сынауды таңертеңгі уақытта, аш қарынға немесе жеңіл тағам ғана ішкеннен кейін өткізген жөн. Сынау алдында ауыр жұмыс орындауға болмайды. Ең дұрысы – 1-2 сағат дұрыс деғм алу. Сынауға түсетін адамдар алдын ала дәрігерлік бақылаудан өтіп, рұқсат алулары керек. Сынау кезінде медицина қызметкерлерінің болғаны дұрыс. Тұмау – сүзек, дененің ыстығы 37,5 0 - тан С жоғары, ТСЖ минутына 100 реттен көп адамдарды сынауға болмайды. Сынау барысында спортшының өңі бозарып, басы айналып, тамыр соғу жиілігі мен қан қысымы мөлщерден асып кетсе, немесе электрокардиограммада жағымсыз өзгерістер пайда болса жұмысты ары қарай орындауға болмайды.
Сынама жүктемелерін велоэргонометрде, тредбанда /қозғалмалы таспалы жол/ немесе сатыға көтеріліп – түсу арқылы мөлшерлеуге болады. Кейбір қарапайым сынамаларда белгілі бір ырғақпен отырып- тұру, жүгіру, секіру сияқты жаттығулар қолданады. Арнайы спорттық жұмыс қабілетін анықтау үшін әр спорт түріне лайықты жаттығуларды беруге болады. Ең бастысы: қандай жаттығу берілсе де, оның мөлшерін тура белгілеп, сынау тәсілінің негізгі қағидаларын сақтау. Спорттық медицинада қолданылатын сынамалар түрлері көп. Оларды белгілі бір ерекшеліктері бойынша топтастырып, жіктеуге де болады. 1.Сынамадағы сыртқы әсерлердің түріне байланысты жіктеу.
2.Мөлшерлі қара жұмыс орындауға негізделген сынамалар.
Мортино сынамасы – 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұру: ГЦИФК сынамасы- 3секундта 60рет секіру, С.П.Летунов сынамасы – үш түрлі жаттығуды /30 секундта 20 рет отырып тұру. 15 секундтық жылдам жүгіру және минутына 160-180 қадам жылдамдықпен жүгіру/ арасында 3-5минуттық демалыспен орындау: гарвард сынамасы – белгілі бір биіктікке мөлшерлі ырғақпен мерзімді уақытта көтеріліп түсу; PWC 170 – тамыр соғу жиілігін минутына 170 ретке жеткізетін жұмыс мөлшерін анықтау т.б.
1. Жоғарыда көрсетілген сынамаларда біртекті, стандарт жаттығулар орындалады, арнайы жұмысқабілетін бағалау үшін әр спорт түріне лайықты жаттығу берілген дұрыс, мысалы: боксшыларға көленкемен сайысу, күрескерлерге – тұлыпты лақтыру т.б.
2. Дененің кеңістіктегі қалпын өзгертуге негізделген сынамалар эртостатикалық, клипостатикалық, климостатикалық сынамалар және центрфугада айналу, салмақсыздық тудыратын жағдайларда сынау т.б. Бұл сынамалар дененің кеңістікте қозғалуына байланысты қан айналымның өзгеру дәрежесін анықтап, күрделі қимыл орындаған кезде вегетативті жүйке жүйесінің ішкі ағзалардың қарым – қатынастық қызметтерін реттеу мүмкіншілігін бағалауға арналған.
3. Гипоксемиялық сынамалар. Гипоксемиялық гипоксия деп өкпенің алвеоллалары арқылы қанға оттегінің түсуінің қиындауынан пайда болатын өзгерістерді айтады. Гипоксемиялық гипоксия қарқынды жаттығулар барысында, әсіресе жаттығу сабақтары мен жарыстар таулы жерде өткізілген кездерде дамиды. Бұл жағдайларда спортшының оттегінің тапшылығына төзімділігін анықтап, оны арттыру мақсатымен гипоксиялық сынамалар қолданады.Ол үшін спортшы газдың құрамы өзгертілген ауамен дем алады немесе жабық кеңістікте, барокамерада жаттығулар орындайды. Мұндай төзімділікті уақытша дем алуды тоқтатуға негізделген Штанге, Генче сынамалары арқылы да жобалауға болады.
4.Күшті нығыздауға негізделген сынамалар ауыр салмақ не бар күшті жұмсай орындалатын жаттығулар кезінде спортшының қан айналым реттеу қабілетін анықтау үшін қолданады.. Бұл топқа Вальсальва, Бюгер, Флек сынамалары жатады. Жоғарыда көрсетілген сынамалар мен қатар спорттық медицинада дәрі- дәрмектер, ыстық- суықтық, тағам әсерлері де қолданады.
ІІ. Қолданатын жүктемелердің қарқынына сәйкес барынша жоғары, не максимал, субмаксимал /ТСЖ шамамен мин 145-170 рет/ жоғары, орташа және төмен қарқынды сынамалар бар. Барынша жоғары қарқынды сынамаға оттегін тұтыну шегін ӨТШ анықтау, субмаксималдыға – Гарвард. PWC 170 сынамалары, орташа қарқындарға –С.П.летунов, төменгі қарқындыға Мартинэ сынамасы жатады, қай жағдайда қандай қарқынды сынама берузерттелуші адамның қызметтік мүмкіншілігіне, жасына, машықтық дәрежесіне, денсаулығына т.б. өзіндік ерекшелігіне байланысты, әйтпесе сынау нәтежесі дұрыс болмауы мүмкін, оған қоса зорығу қаупі барын да ұмытпаған жөн.
Оттегін тұтыну шегін /ӨТШ/ анықтау.
Бұл сынама ең жоғарғы қарқынды жұмыс істеуге негізделген, жұмыс қарқыны зерттелушінің қызметтік мүмкіншілігіне тен немесе одан сәл жоғары болып келуі керек, ӨТШ жалпы аэробты жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші, оның ең жоғарғы мөлшері төзімділікті талап ететін спорт түрлерінде қалыптасады. Сонымен қатар ӨТШ денсаулықтың да көрсеткіші болып табылады. ӨТШ тура және жанама әдістермен анықтауға болады, тура әдіс қуаттылығы біртіндеп өсетін жұмысты шаршап қалжырағанға дейін орындауға негізделген, жұмыс велоэргонометрде немесе қозғалмалы таспалы жолда орындалады, алдымен зерттелуші тегеуріні ең жоғары қарқында жүктеменің жартысына тең жұмысты 5-10 мин орындап, негізгі сынамаға дайындалады, Содан кейін әрбір 3 минут сайын жұмыс қарқыны минутына 300-400 кг өсіп отырады. Жұмыстың әр сатысында дем алғандағы шаққан ауаны Дуглас қабына жинап, газ анықтамалық құралмен әр сатыда тұтынылған оттегі мөлшерін анықтайды. Жұмыс әбден шаршап қалжырағанға дейін орындалады. ӨТШ жүктемені орындауға қатысқан бұлшық еттердің көлеміне байланысты, егержүктеме қолмен ғана орындалса, ӨТШ төмен болады. Ең жоғары шегі велоэргометр мен жылжымалы таспалы жолда ғана анықталады. Тура тәсілде зерттелуші шаршағандықтан жұмысты ертерек аяқтаушы мүмкін.Сондықтан ӨТШ сенімді белгілерін анықтаған жөн. Олар оттегін тұтынудың өсу бағытын сипаттайтын қисық сызықтың әрі қарай өсуін тоқтатып, көлденең бағыт алуы, қандағы сүт қышқылының мөлшері 70-80мг% / 1 литрде 8-10мг – жоғары / ЖСЖ минутына 185-200 рет, тыныс коэфициенті 1,0- ден көп болуы. ӨТШ анықтаудың тура әдісінде зорығу қаупі бар, оның үстіне спортшылардың 6% соңына шыдай алмайды, сондықтан ӨТШ анықтаудың жанама әдістерін қолданған дұрыс.Астранд пен Роминг жанама тәсілі. Бұл әдістеме зерттелуші велоэргонометрдемөлшерлі бір дүркін жұмыс орындайды. Велоэргонометрдің орнына 40см /ер адамдар үшін/ және 33см /әйелдер үшін/ сатыға түсіп- көтерілудің қолдануға болады, 5 минуттық жұмыстан соң ТСЖ минутына 140реттен төмен болмауы керек /тиімдісі-140-165рет/Тамыр соғу жиілігін, орындаған жұмыс қуатын, зерттелушінің жасын ескере отырып, арнайы қисық сызық /номограмма/ арқылы ӨТШ хабарланады, ӨТШ анықтаудың жанама әдісінің бірі PWC170 мөлшерін қолдану. Ол үшін арнайы формулалар пайдалананады, машықтық дәрежесі төмен және жылдамдықпен күшке негізделген спорт түрлерімен шұғылданушылар үшін қолданатын формула: ӨТШ PWC 170 + 1240, мұнда ӨТШ 1минуттағы литр көлемінде белгіленеді.PWC 170 –минуттағы кгм/мин мөлшері. Жоғары дәрежелі спортшылар үшін: ӨТШ = 2,2 – PWC 170 +1070 ӨТШ Добельи формуласы арқылы да анықтауға болады: ӨТШ = 1,89√(W/(f-60)•e-0.000824 •Т,) мұнда
W – кгм/мин мөлшерімен берілген жұмыс f – сынама кезінде ТСЖ, Т- зерттелушінің жасы. Е- логорифмнің негізі.
Новакки сынамасы
Новакки сынамасы – машықтық дәрежесі әр түрлі адамдарды зерттеуге арналған қарапайым, бірақ максимал сынама. Керекті құрал – велоэргонометр, сынама әр зерттелушінің дене салмағына сай жұмысты орындау мерзімінің ұзақтығын анықтауға негізделген. Алғашқы жұмыс мөлшері: 1кг дене салмағына 1ваттан /дене салмағы 70кг болса, 70ватт/ беріледі. әр 2минуттан кейін 1ваттан қосылып, сынау зерттелуші әбден шаршап, жұмыс істеуден бас тартқанға дейін созылады, жұмыс істеу уақыты неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым жұмыс қабілетінің де жоғары болғаны, дене шынықтырумен айналыспайтын, денсаулығы төмен адамдарды зерттегенде бірінші сатыда 0,25вт/кг берген дұрыс.
PWC170 сынамасында орындаған жұмыстың мөлшері мен жүректің соғу жиілігі арасындағы тура тәуелділік қолданылған. Бұл тәуелділік жүректің соғу жиілігі минутына 170 ретке кеткенге дейін ғана сақталатындықтан осы аймақта орындалатын жұмыс мөлшерін ғана жанама әдістермен дұрыс болжауға болады, оның үстіне, жүректің минутына 170- тен 195-200ретке дейін соғатын жиілігі жүрек- тыныс жүйесінің ең тиімді жұмыс аймағы болып саналады, PWC170 сынамасын велоэргонометр мен саты қолданып жүргізуге болады, PWC170 сынамасын жүргізу әдісі: зерттелуші адам арасына 3 мин салып екі 5минуттық жұмыс орындау керек. /W1 және W2/, олар аяқталған кезде / әр жұмыстың соңғы 5 секундында/ жүрек соғу жиілігі / f1; f2/ өлшенеді.
Бірінші жүктеме зерттелушінің дене салмағына сәйкес мөлшерленеді, екінші – бірінші жұмыстан кейінгі жүрек соғу жиілігіне қарап беріледі. Егер жұмыс дұрыс мөлшерленсе, біріншісінен кейінгі ЖСЖ минутына 100-115реттен, екіншісінен кейін 140-165-тен аспауы керек, велоэргонометрді минутына 60-70 жылдамдықпен тепкен дұрыс. PWC170 деңгейін екі жанама жолмен анықтьауға болады. Бір жолы – графиктік экстрополиция әдісі, ол үшін милиметрлік қағазға тік бұрышты координат сызады, оның тік сызығының бойына жүрек соғу жиілігінің 170ретке дейінгі мағыналары белгіленеді, көлденеңінен – жұмыс мөлшері салынады, сосын бірінші және екінші орындалған жүктемелердің мөлшері мен олардан кейінгі жүрек соғу жиілігінің қиылысқан жерлеріне нүктелер қойып, екі нүктені қосып, түзу сызықты 170ретке дейін созады, одан көлденең сызыққа нүкте түсіріледі, осы нүктеге сәйкес жұмыс мөлшері , PWC170 деңгейі.
Екінші – формула арқылы
PWC170 = W1 + /W2 – W1/ (170-f1)/(f2-f1) мұндағы , PWC170-170 ретке дейін жүрек соғуын үдететін жұмыс көздері W1 мен W2 – бірінші және екінші жүктемелердің кгм/ мин мөлшерлері f1 мен f2 – бірінші және екінші жұмыстың соңындағы жүрек соғу жиілігі, , PWC170 нақтылы мөлшерін білу үшін оның формуламен есептеліп шығарылған абсолюттік мағынасын адамның дене салмағына бөліп, салыстырмалы көрсеткішті есептеу қажет
Салыстырмалы мөлшерлері ерлерде 15,5кгм/мин/кг, әйелдерде -10,5 кгм/мин/кг. Сполртшыларда спорттың түріне машықтық дәрежесіне байланысты 4-кесте.
PWC170 мөлшерін тура әдіспен де өлшеуге болады, ол үшін жұмыс үздіксіз жүрек соғу жиілігі минутына 170-ке жеткенге дейін орындалды, жанама және тура әдістермен алынған PWC170х мағыналарының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Велоэргонометр, сатыға көтеріліп түсу арқылы орындалатын біртекті жұмыстың орнына әр спорт түріне сәйкес келетін арнайы жаттығуларды қолдануға болады. /жүгіру, жүзу, ескек есут.б./ сынау тәсілі жоғарыда көрсетілгендей тек жұмыс мөлшері м/сек көлемімен белгіленеді.
PWC170 /V/ = V1 + / V2 - V1/ • (170-f1)/(f2-f1) мұндағы PWC170 /V/ - жүгіру жылдамдығынан берілген жүрек минутына 170 рет жиілікпен соққан аймақтағы жұмыс мөлшері. V1 мен V2 – бірінші және екінші қашықтықты жүгіріп /жүзіп т.б.тәсілдермен/ өту жылдамдықтары f1 мен f2 – екі жүктемені аяқтап болған кездегі жүрек соғу жиіліктері, PWC170 / V / анықтау үшін ұзындығы бірдей екі қашықтықты екі түрлі жылдамдықпен өту керек, мысалы, қашықтықтың ұзындығы 800м /G/ бірінші рет оның әр 100 м 30-40 секундта жүгіріп өту керек, 3мин дем алған соң 800 метрдің әр 100м 20-30 сек өту тапсырылады, V = S/t , мұнда V – м/сек көрсетілген жүгіру жылдамдығы, S- қашықтық ұзындығы, м, t –жүктемені орындауға кеткен уақыт мерзімі, сек. Арнайы формулалар арқылы м/сек берілген PWC170 /V/ мөлшерін кгм/ мин PWC170 көлеміне айналдыруға болады.
Гарвард сынамасы
Гарвард сынамасында жұмыс қабілеті мөлшерлі жүктемені орындап болғаннан кейінгі қалыптасу барысының жылдамдығын анықтауға негізделген, жүктеме сатыға көтеріліп – түсу түрінде беріледі,сатының биіктігі , жұмыс мерзімі зерттелушінің жынысына, жасына байланысты өзгереді /5-кесте/, ал көтеріліп түсу жылдамдығы тұрақты минутына 30рет, сынау алдында бірнеше рет отырып- тұрыпзерттелуші бой жазу қажет, мерзімді уақыттағы жұмыс аяқталғаннан соң ал 1 мин отырып дем алады, екінші, үшінші, төртінші минуттың алғашқы 30сек3рет тамыр соғу жиілігі анықталады, сынау нәтежесі гарвард сынамасының көрсеткіші арқылы бағаланады.
ГСК =(t •100)/(/f1-f2+f3/•2 ) , мұндағы t- сатыға көтеріліп түсу мерзімі сек / егер ол 5мин болса, онда 300сек болғаны/ ; f1 f2 f3 қалыптасу барысының 2-,3-,4-, минуттарының алғашқы 30 сек ГСК. Егер зерттелуші берілген ырғаққа /мин 30рет көтеріліп түсу/ ілесе алмай жаңыла берсе, онда сынау мерзімінен бұрын тоқталып, дұрыс ырғақпен істеген жұмыс уақыты ғана ескеріледі де ГСК қысқаша формула арқылы есептеледі ГСК =(t •100)/(f1 •5,5) , мұндағы t – берілген ырғақпен көтеріліп түсу уақыты / 4мин -240сек/ f1 – бір рет қана өлшенген /2-ші мин алғашқы 30 сек/ ГСК
ГСК неғұрлым көп болса, соғұрлым зерттелушінің жұмыс қабілетінің жоғары болғаны, оның ең жоғары мағыналары төзімділікті талап ететін спорт түрлеріне тән, ГСК адамның жалпы жұмыс қабілетін сипаттайды. /5-6 кестелер/
Көк тамырлар арқылы жүрекке қайта оралатын қан көлемінің өзгеруі оттегінің тасымалдаушы жүйенің қызметіне зор әсер етеді. Егер оның көлемі тым азайса, тіндердің қоректенуі нашарлайды. Күшті сығымдауға негізделген сынама, күшті сығымдау, ауыр атлетика, ядро, балға лақтыру , ескек есу сияқты спорт түрлеріндегі жаттығулардың бір түрі, күшті сығымдау кезінде қан айналымның дұрыс, тиімді реттей білу спорттық жұмыс қабілетінің көрсеткіші. Қатты зорланып дем алуға тоқтатқан кезде кеуде, иек, құрсақ қуыстарының қысымдары күрт өседі.Соған байланысты жүректің оң бөлімдеріне келетін веналық қан көлемі азаяды. Бұл жүректің оң қарыншасынан шығатын қан көлеміне әсер етеді. Өкпедегі ұсақ қан тамырлары қысылып, жүректің сол бөлімдеріне қан келуі нашарлайды. Соның салдарынан жүректің бір рет жиырылғанда шығатын систолдық қан көлемі 15-20мл –ге дейін төмендеуі мүмкін, минуттық қан көлемінибелгілі бір мөлшерде сақтау үшін бұл жағдайда жүректің соғу жиілігі өсе бастайды, оған қоса үлкен қан айналу шеңберіндегі қан тамырлары тітіркену салдарынан тарылады. Спортшы организмнің күшті сығымдауға бейімделуі неғұрлым тиімді болса, соғұрлым ЖСЖ өсуі аз болып, қан қысымы қалыпты жағдайда сақталады немесе аздап әлсіреуі де мүмкін. Сондықтан күшенуге негізделген сынама нәтежесін ЖСЖ мен қан қысымының өзгеруі бойынша бағаланады. Сынау тәртібі қалыпты жағдайда спортшының ЖСЖ өлшенедісосын терең дем алып, демді монометрдің ішіне шығарып, ондағы қысымды с.б. 40мм –не дейін көтеріліп,шыдамы жеткенше сол деңгейде ұстап тұруы керек. ЖСЖ үздіксіз әрбір 5 секунд сайын өлшенеді, күшті сығымдау тоқтасыменГСК күрт сиреп, келесі 5-10сек қалыпты мөлшеріне келеді. Машықтығы жоғары спортшыларда с.б. 40мм-не тең күшпен күшенгенде ГСК әр 5 секундта 1-2 ретке ғана өседі, ал 60-100мм күшпен орындағанда 4-5ретке өсуі мүмкін. Штангашылар150мм дейін күшті сығымдай алады, әрине ГСК көбірек өсіп, күшену уақыты көбірек болады. Күшті сығымдауға бейімделу қабілетін қан қысымының өзгеруі әрқилы бағалауға да болады. /Бюгер әдісі/, спортшы с.б. 40-60мм көтеретін күшпен 20секунд күшеніп дем алмайды, қан қысымы бірнеше рет өлшенеді: қалыпты жағдайда, одан кейін зерттелуші 10рет терең дем алғаннан кейін /20сек ішінде/, сосын негізгі жүктеме – 20 секундтық күш сығымдаудың басында және ол аяқталғаннан соң, машықтығы жоғары спортшыларда қан қысымы күш сығымдау кезінде өсіп. Ол аяқталған соң 20-30сек кейін алғашқы қалпына түседі. Жағымсыз жауап деп қан қысымының төмендеуін айтады, қанағаттанарлық реакцияда қан қысымының күшену кезінде өзгермейді.
Ортастатикалық сынама. Спорттық көп түрлерінде кеңістікте күрделі қимыл – қозғалыстар жасалып, жаттығу барысында дене тұлғасының кеңістіктегі қалпы бірнеше рет кенеттен өзгереді/ акробатика, гимнастика, суға секіру, биіктікке секіру т.б./, бұл жағдайда ортастатикалық тұрақтылық болмаса, спортшының басы айналып құлап, жарақаттану қаупі бар.ортастатикалық тұрақтылық дегеніміз дене кеңістікте тез және жылдам қозғалған кезде едәуір қан айналымының бұзылмауы, яғни әдеттегі минуттық қан көлемінің сақталуы. Мысалы: адам жатқан жерінен тік тұрған кезде едәуір қан көлемі аяқтар мен құрсақтағы қан тамырларында іркіліп қалады да, жүрекке қайта оралатын қан көлемі азайып, жүректің систолдық көлемі 20-30% кішірейеді, бұған қарсы тітіркену жолымен ЖСЖ өсіп, қан тамырлары жиырылады, соның нәтежесінде үлкен қаншеңберімен айналатын минуттық қан көлемі өзгермей сақталады. Егер ортастатикалық тұрақтылық болмаса, адам ұзақ уақыт тік қозғалмай тұрғанда немесе кеңістікте, әр түрлі жазықтықта тез, жиі қозғалғанда оның басы айналып, уақытша есенгіреп қалар еді. Мұны ортастатикалық тұрақсыздық дейді.
Ортастатикалық тұрақтылықты бағалау үшін ырықсыз және ырықты, қарапайым және жетілдірілген ортастатикалық сынамалар пайдаланады.Ырықсыз сынамада дене тұлғасының кеңістіктегі қалпы арнайы үстелді айналдыру арқылы өзгертіледі, ал ырықты сынамада адам жатқан жерінен өздігінен жайлап көтеріліп, қозғалмай 10мин тік тұруы керек. Қарапайым түрінде ГСК бір қалыптан екінші қалыпқа ауысқан кезде өлшенеді, ал жетілдірілген түрінде зерттелуші 10минут бойы қозғалмай тік тұруы керек. ГСК мен қан қысымы әр минут сайын анықталады, жатқан қалпынан тік көтерілген кезде ЖСЖ минутына 5-15 реттен артық мөлшерге көтерілмесе бұл қанағаттанарлық ортастатикалық тұрақтылық деп саналады, қан қысымында айтарлықтай өзгерістер болмайды: систолдық қан қысымы өзгермейді немесе с.б. 2-5мл-ге төмендейді, диастолдық қан қысымы жатқандағы деңгейінен салыстырғанда 10-15% көтерілуі мүмкін.
10минут тік қозғалмай тұрғанда ЖСЖ мен қан қысымы ырықсыз ортастатикалық сынамадағыдай өзгереді, тек қана ЖСЖ 10-шы минуттағы ЖСЖ айырмашылығы минутына 30-35 рет болуы ықтимал. Зерттелушіге брадикардия тән болса, ЖСЖ минутына 30-35 ретке өсуін ортастатикалық тұрақсыздықтың белгісі деп санауға болмайды. Осыған байланысты В.Л.Карпман бастаған ғалымдар сынау нәтежесінде бағалаудың басқа тәсілін ұсынады. Егер 10мин тік тұрғанда ЖСЖ минутына 89 реттен аспаса, оны қанағаттанарлық өзгеріс деу керек, 90-95 рет аралығында ЖСЖ ортастатикалық тұрақтылықтың нашарлауының белгісі, ал 95 реттен жоғары болса- ортастатикалық тұрақсыздық, бұл спортшылардың ұзақ уақыт қозғалмай – тұрған кезде талып қалуы мүмкін, оны ортастатикалық коллапс дейді
Руфье –Диксон сынамасы.
Руфье Диксон сынамасында екі түрлі сыртқы әсер қолданады, біріншісі – дене қалпының кеңістікте өзгеруі, екіншісі – мөлшерлі біртекті жүктеме /45 сек ішінде 30рет отырып – тұру/, Сынама нәтежесі сыртқы әсерлерден кейінгі қалыптасу барысының әр мерзіміндегі ЖСЖ мағынасын анықтау арқылы бағаланады. Зерттелушіні шалқасынан жатқызып, 5мин дем алдырып, оның соңғы 15сек ЖСЖ өлшейді, /Р1 /;Содан кейін зерттелуші орнынан тұрып 45сек ішінде 30рет отырып – тұрады да қайта жатады, ЖСЖ тағы да 2рет өлшенеді; алғашқы 15сек /Р2 / және осы минуттың соңғы 15 сек/Р3 / ;
Жұмыс қабілетін формула арқылы бағалайды;
Руфье –Диксон көрсеткіші =( (Р2-70)+( Р3-Р1))/10 , мұндағы 70-10 тұрақты сандар; Р1, Р2, Р 3 –ЖСЖ, егер көрсеткіш 0-2,9 аралығында болса, жұмыс қабілетінің жақсы болғаны; 3-тен 6-ға дейін –орташа; 5-тен 8-ге дейін қанағаттанарлық: 8-ден жоғары – нашар.
Руфье –диксон сынамасын спорттың күрделі қимыл – қозғалысқа негізделген түрлерінде жаппай дене шынықтыру жүйесінде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |