«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет51/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

17.Тақырып. Спорттық жұмыс қабілетін қалыптастырудың медициналық тәсілдері


1.Спорттағы кешенді қалыптастыру жүйесі
2. Физикалық тәсілдер, спорттық тәжірибеде қолдану принциптері
Гипокинезия адам денсаулығына, әсіресе жүрек – қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді. Қазіргі заманда өндірістің, ауыл шаруашылығының механикаландыруына, өзін - өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты, адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Соңғы кезде адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден – бір себебі осы гипокинезияға байланысты. Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру қозады. Мысалға, қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу, ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды. Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың, жүйелердің қызметі де баяулап, қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды, ауру туады.
Гиперкинезия адам организміне зиянды әсерін тигізеді. Дененің шамадан тыс қозғалысы немесе денеге аска ауыр физикалық салмақтың түсуі деп – адамның қайратынан анағұрлым жоғарғы салмақтың түсуінен қажуын айтады. Бір адам үшін, бүгін қайраты жететін ауыртпалық, бір аптадан кейін организмнің қызметінің нашарлауына байланысты шамадан тыс деп бағалануы мүмкін. Шамадан тыс түскен ауыртпалық организмнің кез келген жүйесін патологиялық өзгерісеке ұшыратады. Мысалы, жүрек, нерв, ас қорыту, зәр шығару, тірек - қимыл мүшелерінде ауыртпалықтардан туған аурулар жиі кездеседі. Спортшыларға шұғыл немесе созылмалы түрде әсер еткен шамадын тыс ауыртпалықтан жүректің, бауырдың, бүйректердің ауруы пайда болады. Қажығанда, шаршағанда организмнің ауруға тұрақтылығы төмендеп, инфекциялардың немесе басқа қоздырғыштардың әсеріне тез шалдығады. Инфекциялық ошағы бар организмнің қажуы өте қауіпті. Бұл жағдайда патология тез қалыптасып, ауыр дамиды.
Оған орталық нерв жүйесінің жұмысын істен шығаратын себептер жатады. Нерв жүйесінің әртүрлі аурулардың қалыптасуындағы ролі көптеген зерттеулердің барысында дәлелденді. Мысалы, адамды гипноздық жағдайға енгізіп, суық темірмен әсер еткенде, оған керісінше ыстық темірмен әсер етудеміз деп сендірген жағдайда, денесінде күйіктер пайда болған. Психикалық жарақаттың әсерінен қажыған орталық нерв жүйесінің жұмысы, мидың қыртысы мен оның төменгі бөлігінің ара қатынасын өзгертеді. Содан барып ішкі органдардың қызметі бұзылады. Өзін - өзі сендірудің немесе сенгіштіктің әсерінен организммнің жүйелерінде ауыр да терең өзгерістер туады. Кейде ауру дәрігердің абайсызда айтқан сөзінен де пайда болуы ықтимал. Оны Ятрогенді аурулар (Ятрос – дәрігер) деп атайды. Бұл жағдайда тез сенгіш адам өзінен туберкулез, қатерлі өскін, жүрек ауруларын табады.Адамдарда сол аурларға тән шағымдар пайда болып, еңбекке жарамсыздық туады. Оларды керісінше сендіру оңайға түспейді.
Аурудың ішкі себептері (эндогенді) кей кезде аурудың тууына, кейде басылуына әсерін тигізеді. Аурудың пайда болуына себепші факторларға: тұқым қуалаушылық, дене құрылысы, организмнің қоздырғыштарға қарсыласу күші және жұқпалы ауруды қабылдағыштығы (иммунитет), жат белокты сезінуінің күшейуі (аллергия) жатады.
Тұқым қуалаушылық. Бұл жалпы организмдерге тән дене құрылысы мен даму қасиеттерінің атадан балаға берілуі. Тұқым қуалаушылық қасиеті қоршаған ортамен тығыз байланыста, бірте – бірте дамиды. Тұқым қуалаушылық қасиет организмнің тұрақтылығына тікелей байланысты. Онсыз жер бетінде жан – жануарлардың түрлерінің сақталуы мүмкін емес.Тұқым қулаушылық заңдылығын 1865 жылы Чехтың ғалымы Иоган Грегор Мендель ашқан. Адамның көзге көрітетін (құлақтың сырт пішіні, көздің және шаштың түсі) және көзге көрінбейтін ( ішкі органдардың құрылысы, ткандардың өзіндік қасиеттері, зат алмасу т.б.) қасиеттері бірдей тұқым қуалайды.
Сонымен қатар организмнің қалыпты қасиеттері мен бірге ауру туғызатын қасиеттері де беріледі. Одан әртүрлі тұқым қуалайтын аурулар туады. Тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылымды генетика деп атайды. Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың туу себептері мен даму жолдарын зерттеп, олардың алдын алу шаралары мен даму жолдарын зерттеп, олардың алдын – алу шаралары мен емдеу әдістерін жүйелейді. Тұқым қуалаушылық тек қана қасиеттердің атадан балаға бірілуі ғана емес, ол биологиялық молекулярлық шифр. Ол шифрда клетканың ядросы мен цитоплазмасы арасындағы, клеткалар мен қоршаған орта араларындағы зат алмасу жүйелерінің коды жазылған. Аурудың шығуындағы тұқым қуалаушылықтың атқаратын ролі қандай деген сұрақ туады. Медицинада 1500 астам тұқым қуалайтын аурулар белгілі.Бір жағдайда, жыныс клетклары дұрыс бөлінбейді. Хромосомдардың саны 46 емес 47 болады. Өткен ғасырда дәрігерлер жаңа туған балалардың есінің дұрыс болмауы клеткалардағы хромосомдар санының 47 болуынан туатындығын анықтады. Тұқым қуалайтын аурулар хромосомның кейбір гендерінің дұрыс орналаспауынан (мутация) туады. Гендердің мутациясы сыртқы қоздырғыштардың әсерінен пайда болуы мүмкін, (мысалы, физикалық, және химиялық әсерлер, радиация, маскүнемдік). Бұл әсерлерден радиацияны бөле айтуға болады. Адам денсаулығын сақтауда атом қаруының жарылыстарын жүргізуді тоқтатудың маңызы үлкен. Медицинада тұқым қуалайтын аурулардың есебі көп. Оған көп саусақтылық, қысқа саусақтылық, шаштың және терінің пигментінің жоқтығын (альбинизм) түрлі түсті көре алмаушылық (дальтонизм), гемофилия (қанның ұйығыштығының төмендеуіне байланысты қан кету), кереңдік және есіртпе ауруы (шизофрения) жатады. Тұқым қуалайтын аурулар көбінесе сырттай және іштей туатын себептердің қолайсыз жағдайынан туады. Жас өспірімдерге қолайлы жағдай жасалынса, тұқым қуалайтын аурулар шықпауы да мүмкін. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады, ал кейбіреулері емдеуге аса көне қоймайды. Соңғы жағдайда медицина генетикасы алдын ала ауру баланың туылмауына әрекет жасайды. Ондай ата – аналарға Санитарлық білім беріп, туатын қиыншылықтармен таныстырады.
Дене тәрбиесі мен спорттың балалар мен жасөспірімдердің дұрыс дамып өсуіне, денсаулықтарының нығаюна әсері зор. Бірақ жаттығуларды олардың организмінің әр даму кезеңіндегі ерекшеліктенрін ескере отырып тиімді қолдана білу керек.Балалар мен жасөспірімдер жасына қарай бірнеше топқа бөлінеді: I / мектеп жасына кетпеген / 1-3 жас /; 2 / мектеп жасының қарсаңы / 4-6 жас /; 3 / бастауыш мектеп жасы / 7-11 жас /; 4 / орта мектеп жасы / 12-15 /; 5 / жоғары мектеп жасы / 16-18 жас / 7-жасқа дейін балалық, 3-ден 14-ке дейін – жасөспірімдердік, 15-20-ға дейін жастық шақ деп атайды.
Әр кезеңнің өзіндік құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері бар. Олардың ішінде даму кезеңдеріне ортақ ерешеліктері: жоғары жүйке жүйесінің қызметтік мүмкіншілігінің әлсіздігі, организмнің ауруларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі мен секірмелілігі дамып өсуі, ішкі ағзалар ұлпа бездер мен тірек – қозғалыс жүйесінің толық жетілмеуі, жұмыс қабілетінің айқындайтын негізгі қасиеттердің ( икемділік, жылдамдық, төзімділік, күш-қуат, т.б. қасиеттер ) әр түрлі жаста қалыптасуы.Балаға тек қана «кішкене адам» деп қарамау керек, оның жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым ерекшелігі көп.Жеке даму барысының ең бір күрделі кезеңі – жасөспірімдік шақ ( 11-14 жас ), 11-12 жастан бастап организмнің қалыптасуына жыныс бездерінің ықпалы басым бола бастайды. Жасөспірімдік кезең – жыныстық жетілу кезеңі. Жыныстық даму сатысы жасөспірімнің биологиялық жасын анықтайды. Биологиялық жасы құжаттық жасынан ілгері балаларды ерте жетілген ( акселерант ) ал, керісінше жыныстық даму дәрежесі паспорттық жасынан кем болса – кеш жетілген ( ретордант ) деп атайды.Жасөспірімнің жұмыс қабілеті биологиялық жасқа байланысты. Сондықтан жаттығудың мөлшері, қимыл – қозғалыс әлпі биологиялықжасқа байланысты болуы керек. Спорт түріне сұрыптағанда да жыныстық жетілу дәрежесін ескерген жөн.
Ерте жетілудің үйлесімді және үйлесімсіз түрлері болады. Үйлесімді түрінде жасөспірімнің дене бітімі ғана ірі болып қоймайды, ішкі ағзалардың да қызметтік мүмкіншілігі, организмнің жұмыс қабілеті жоғары болады. Бұл жағдайда жүктемені мөлшерлеу қиын емес, ал үйлесімсіз акселерацияда дене бітімін кейбір қызметтік жүйелердің даму барысы қалып қояды. Бұл жағдайда жасөспірімнің зорығу, ауыру, жарақаттану қаупі зор.
Биологиялық жасты анықтаудың бірнеше әдістері бар. Көбінесе 6-12 жасар балаларды зерттегенде тіс формуласы ( тістердің жарып шығуы немесе ауысу мерзімдері ), 12 жастан кейін – жыныстық формула қолданылады. Жыныстық формула дегеніміз – жыныстық жетілудің қосымша белгілері: ер балаларда қолтық астында және шаттағы түйтің пайда болуымен, ал қыз балаларда бұл екі белгімен қатар омырау бездері мен алғашқы етеккір мерзімін анықтаумен анықталады.
Жасөспірімдік шақтың соңында организмнің қызметтік көрсеткіштері ересек адамдардыкыне ұқсайды, бірақ жүйке жүйесі әлі де болса әлсіздеу келеді. Сондықтан асыра шаршау мен асыра машықтанудан сақ болу керек.
Егер 8 жаста бұлшық еттер көлемі дене салмағының 27 % тең болса, 13 жаста - 33%-ке жетеді. Соған байланысты күш-қуат өседі, бірақ бұлшық еттердің құрамында белок пен май жеткіліксіз, ал су көп болып келеді, 10 жасар баланың жүрек көлемі кішкентай болғандықтан жаттығу кезінде көбінесе жүрек соғысы жиілеп , систолдық қан көлемі оншалықты үлкейе қоймайды. Бұл – бейімделудің тиімсіз жолы. Жүйке – талшық жүйесінің көтеріңкі шапшаңдығынан ЖСЖ мен қан қысымы өзгермелі келеді. Жас өскен сайын біртіндеп ЖСЖ саябырлап, қан қысымы көтеріліп, 14-15 жаста ересек адамдардікіндей болады. Бірақ ЖСЖ реттілігінің бұзылуы жиі кездеседі. Қан қысымының да көтеріліп , ювенильдік ( жастық ) гипертонияның пайда болуы мүмкін. Аэробты жұмыс қабілеті көрсеткіштердің өсу қарқыны 16-17 жасқа дейін жоғары, одан кейін бәсеңдей бастайды. Мысалы, 10 жасар ер балалардың минутына орта есеппен 1,3 л, ал 16 жастағыларда – 3л.
Балалар мен жасөспірімдер жаттығуларға, ересек адамдардармен салыстырғанда, тиімсіз бейімделеді: жасы неғұрлым кіші болса, соғурлым өкпенің ауа алмастыру мен организмнің оттегін тұтыну ұтымсыз жолмен атқарылады ( алмасатын ауа көлемі көп, одан тұтынатын оттегі аз ). Сондықтан организм шаршайды. Балалар мен жасөспірімдердің анаэробты жұмыс қабілеті төмен оттегінің тапшылығына шыдай алмайды. Жоғарыда көрсетілген жаттықтыру жүйесін медициналық тұрғыдан қадағалап тұруды қажет етеді.Балалар мен жасөспірімдерді спорттық медицинада қолданатын кешенді әдіспен тексеру қажет. Кешенді әдіске сұрау ( анамез ), сырт көзбен қарау ( соматоскопия ), антропометриялық өлшеу, құрамында әдістер, сынкіреді. Дене сымбатының дұрыс қалыптасып, дамып-өсуіне ерекше назар аударылады. Өйткені мүсіннің ақаулары осы даму кезеңінде қалыптасуы мүмкін.Құжаттың жастары бірдей балалардың ішкі ағзаларының қызметтік мүмкіншілігі мен организмнің жұмыс қабілеті әртүрлі болғандықтан оларды тексергенде сынамалар қолдану міндетті. Бастауыш және орта класс оқушыларын тексергенде 30 сек ішінде 20 рет отырып-тұрғызып, Руфьи сынамасын қолданса жеткілікті. Ортаншы және жоғары кластарда, студент жастарды зерттегенде С.П. Летунов, Р. W. С. 170. Гарвард сынамаларын пайдалануға болады.Балалар мен жасөспірімдердің ӨТС, өкпенің ауа алмастыру қабілетінің шегін анықтау қажет. Мектеп жасының алдындағы бастауыш мектеп оқушыларының мұрынмен дұрыс демалуында қадағалаған жөн. ӨТС нақты мөлшерін оның тиісті деңгейімен салыстырғанда ғана дұрыс қорытынды шығаруға болады. Ол үшін қолданылатын формулулардың бірі: ТӨТС – 4,53 х бой ұзындығы / м / - 3,9 / бойы 1,0 – 1,63 м ер балалар үшін /; ТӨТС – 10 К бой ұзындығы / м / - 12,35 / бойы 1,65 м биік болса /; ТӨТС – 3,75 х бой ұзындығы / м / - 3,15 / қыз балалар үшін
Дәрігерлік байқаудың нәтижесі бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді. 1 негізгі топқа - денсаулығында дене бітім ақауы жоқ негізгі жүйелердің қызметтік мүмкіншіліктері жақсы оқушылар жатады. Бұл топтағылар дене тәрбиесімен толық жоспар көмегінде шұғылданады. Сонымен қатар, спорттың бір түрімен айналысуға да рұқсат етіледі. 2 дайындық тобына - дене жұмысына дайындығы төмен денсаулығында болмашы кінараттары бар оқушылар жатады. Бұларда жалпыға бірдей жоспармен жаттығады, бірақ жоспар көлемі бірінші топқа қарағанда ұзағырақ мерзімде өтеді. 3 арнайы медициналық топқа - әртүрлі аурулары бар оқушылар енеді. Олар ауруларының түріне байланысты кіші топтарға бөлініп арнайы жаттығу жоспарымен тәрбиеленеді.Дене тәрбиесінің сауықтыру әсері ерте кезден бері мәлім. Ол аурулардың алдын-алуға көмектеседі. Көп ауруларда ем ретінде қолданылады. Дене тәрбиесі адам өмірін ұзартады. Оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншілігін кеңейтіп, жұмыс қабілетін арттырады.
Қазіргі ғылыми-техникалық даму заманында дене тәрбиесі мен спорттық сауықтыру әсерін кеңінен пайдалана білген жөн. Өйткені, көптеген ауру- сырқаттар қимыл-қозғалыстың тапшылығынан гипокинезия, гиподинамиядан пайда болады. Бұл себептен дамитын аурулардың ішінде ең көп тарағаны жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары (жүректің инемиялық ауруы, стенокардия, жүрек инфаркты аторосклероз, қан тасуы, миға қан құйылуы т.б).Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан пайда болатын аурулардың бірі-дене салмағының артықтығы, семіздік: біріншісі адамдардың 35-40%, екіншісі 25% кездеседі, 30-43% жағдайларда жүрек ауруларының пайда болуына семіздік себеп болады.
Халық арасында жиі кездесетін омыртқа аралық шеміршегінің мүжіліп тозуы, жұқаруы (остеохондроз)да қимыл-қозғалыстың тиімсіздігінен болуы мүмкін. Бұл себептен туатын аурулар саны жоғарыда көрсетілген түрлерінен тәмәмдалмайды.Әрине, адам тек қимыл-қозғалыстың кемдігінен ғана ауырмайды. Ауруға әр түрлі сыртқы және ішкі ықпалдар себеп болады. Олар тұқым қуалаушылық, сыртқы ортаның ластығы, құнарсыз тамақ, гигиеналық тәртіп ережелерін сақтамау т.б.Жаттығудың сауықтыру әсері организмнің сыртқы және ішкі ықпалдарға бейімделу мүмкіншілігін кеңейту. Оның ауруға қарсы туру қабілетін көтеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай әсерлер тек жаттығуды дұрыс қолданып, қимыл-қозғалыс деңгейі әр жаттығушының жастық жыныстық ерекшеліктеріне, қызметтік мүмкіншіліктеріне денсаулықтарына т.б. өзіндік ерекшеліктеріне лайықты болғанда ғана мүмкін. Сондықтан жаппай ден шынықтыру жүйесіндегі медициналық байқаудың спорт жүйесіндегі жүргізілетін бақылаудың ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет