«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет63/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

29.Тақырып. Массаж тәсілдері.


Жоспар:
1.Дірілдету.
2.Сипау тәсілі. Сипау тәсілінің түрлері.
3.Дірілдету тәсілі
Массаж жасаудың 4 тәсілі бар: сипау, үйкелу, жұмсарту, дікірлету.
Массажды сипалаудан бастасақ. Бұл міндетті болып табылады. Оны бір-бірінен бөлек екі тәсілдің аралығында және массаждың ең соңында жасайды.
Жеңіл сипалаған кезде денеге аса салмақ салмайды, сипалау арқылы нерв жүйесін тыныштандырады, бұлшық еттерді босаңсытады, теріде зат алмасу процессін жақсартады.
Басты сипалағанда төбеден төмен, желкедегі құлақтың сыртындағы және мойындағы лимфалық түйіндерге бағыттап, артқа қарай сипалаған дұрыс.
Бетке массаж жасағанда оның орта тұсынан жақ астына қарай және иек астына қарай екі бағытта таралатын лимфалық бұлшық еттеріне массажды ет талшықтарының бағытымен жасайды.
Мойынды жоғарыдан төмен қарай сипау. Артқы жағын желкеден төмен қарай және трапеция тәрізді бұлшық еттің жоғарғы жиегімен сыртқа қарата бұғананың үстіңгі және астыңғы түйіндеріне қарай самайдан төмен қарай жылжыта жасайды
Қолдың сыртына және ішкі жағына массаж жасағанда саусақ сүйектерін тырнақтан бастап негізгі сүйекке қарай ұзына бойы сипайды. Алақанның сүйегі мен білектің сыртына және ішкі жағына массаж жасағанда қолды иыққа қарай жылжыта сипайды.
Аяққа масажды қолға жасаған кездегі ретпен жасайды. Аяқтың башпайын тырнақтан бастап, саусақтың негізгі сүйегіне қарай сипайды. Табанға және тұрқына массажды тізеге қарай бағыттап жасайды. Сирақты тобықтан тақымдағы лимфа түйіндеріне қарай, ал жамбас пен санды шаптағы түйінге қарай сипайды.
Сипалаудың көмекші тәсілдеріне қысқышпен ұстағандай шымшу, шөп тырмалаған сияқты тырнау, крест жасап айқастыра сипау және сылау жатады.
Сипауды болды енді уқалау.
Бұл тәсілді қолданғанда массаж жасаушы адамның саусақтары терінің бетімен жай жылжып қана қоймай, тиісті тканьді орнынан қозғап, созып, оған салмақ түсіреді. Уқалаудың көмекші тәсілдеріне: із тастау (штрихование), үйкелу(строгание), тырма секілді уқалау және тарақ секілді уқалау — ысқылау (пиление) немесе орын ауыстырып отыру, және қысып уқалау. Ысқылай уқалауды блезік қырымен жасайды. Оны бір қолмен не екі қолмен жасайды.
Уқалауды болдым ендіденені жұмсарту Массаж жасаушы адам қолмен бұлшық етті уыстап көтереді, созады, қысады. Бұл тәсілде бұлшық еттерді созады, жұмсартады. Бұны қолданғанда қан айналымы жақсарады, тканьдердің қоректенуі артады.
Дікірлету. Бұл жағжайда массаж жасайтын тканьге қозғалатындай әсер етеді. Дікір үздіксіз және үздік-үздік болып бөлінеді. Үздіксіз дікірлеткенде массаж жасаушы адам қолын тканьнен бір сәтте ажырамайды, ал үздік-үздік дікірлету кезінде денеден бір мезгіл ажырап тынықтырып отырады.
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы (самомассаж).
Емдік массаж
Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері жүйке жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет