Лекция №11. Веналық қан көлемінің алғашқы қайтымын азайтуға негізделген сынамалар
Дененің кеңістіктегі қалпын өзгертуге негізделген сынамалар эртостатикалық, клипостатикалық, климостатикалық сынамалар және центрфугада айналу, салмақсыздық тудыратын жағдайларда сынау т.б. Бұл сынамалар дененің кеңістікте қозғалуына байланысты қан айналымның өзгеру дәрежесін анықтап, күрделі қимыл орындаған кезде вегетативті жүйке жүйесінің ішкі ағзалардың қарым – қатынастық қызметтерін реттеу мүмкіншілігін бағалауға арналған.
Лекция №12. Жаттығу сабақтары мен спорттық жарыстар барысындағы медициналық бақылаулар
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау (ДҰБ) дегеніміз жаттығу сабақтарында берілген жүктемелердің жаттығушы организміне ықпалын анықтау арқылы жаттықтыру барысының тиімділігін арттыруға бағытталған дәрігер мен ұстаздың бірлесе жүргізетін зерттеуі.
Спортшының қызметтік мүмкіншілігінің деңгейін тек жаттығу сабақтарының табиғи жағдайларында ғана дұрыс анықтауға болады. Өйткені, лабораторияда орындалатын мөлшері жүктемелердің әсері мен жаттығу барысының бағыттылығына сәйкес арнайы қимыл-қозғалыстың әсері бірдей емес, оның үстіне дәрігерлік-ұстаздық бақылау кезінде жаттығушының ауыр дене жұмысынан кейін қалыптасуының толықтығын, денсаулықтың қалыпты жағдайда біліне қоймайтын ақауларын, шаршағандығын немесе зорыққандығын анықтау мүмкіншілігі де бар.
Лекция №13 Спорттық сайыстарды медициналық тұрғыдан қамтамасыздандыру
1.Қан жүйесі. Қан жүйесінің организмде атқаратын жұмысы сан қилы . Бірақ оның атқаратын жұмыстарын спорттық медецина толығынан оқытпайды. Бұл жерде тек оның организмді қорғау және дем алу процесіне қатысу жұмыстарымен ғана танысамыз.
Эритроциттердің кебу массасының 95 проценті оттегіні тасмалдайтын гемоглабин пигментінен тұрады.
Лекция №14. Сауықтырушы жаттығу жүйесіндегі медициналық бақылаулар
Гипокинезия адам денсаулығына, әсіресе жүрек – қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді. Қазіргі заманда өндірістің, ауыл шаруашылығының механикаландыруына, өзін - өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты, адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Соңғы кезде адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден – бір себебі осы гипокинезияға байланысты. Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында ауру қозады. Мысалға, қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу, ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |