«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет9/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153
емдик беймделу дене тар

Лекция №23. Массаждың түрлері
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы (самомассаж).
Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді.
Лекция №24. Массаждың нерв және лимфа жүйесіне әсері.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады
Лекция №25. Массаждың бұлшық етке және буындарға тигізетін әсері.
Бұлшықеттер – тірек – қимыл аппаратының негізгі бөлігі. Қимыл жұмысын атқаратын бұлшықеттердің болуы жануарлар организмдерінің ерекшелігі және оның өсімдіктер дүниесінен айырмашылығының бірі болып табылады. Бір орнынан екінші орынға ауысу, қауіп қатерден құтылу, сонымен бірге денедегі барлық мүшелердің жұмыс істеуі бұлшықеттердің жұмысының нәтежесі. Адамдардың бір – бірімен қатынас құралы тілдесудің өзі де көптеген бұлшық еттердің жәрдемімен атқарылады.
Лекция №26. Массаждың тыныс алу мүшелеріне және зат алмасуына әсері.
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады.
Лекция №27. Массажды токпен және сумен қолдану
Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет