Пәннің мақсаты Жалпы жұмыс қабілетін, ағзаның қызметтік күйі мен энергетикалық мүмкіншілігін бағалау
Пәннің міндеттері: Дене тәрбиесінің анатомо-физиологиялық, гигиеналық және психологиялық-педагогикалық негіздерін, емдік дене шынықтыру және массаж әдістемесін зерттейді;
Пререквизиттері: Анатомия және спорттық морфология негіздері.
Постреквизиттер: Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Білім; Кәсіби-педагогикалық дағдыларын талдау жүргізуде,дене жаттығуларын бағалауды тәжірбе жүзінде қолданады.
Қимыл қозғалыстарының күрделігін сипаттайды, дене шыңықтыру жүмыстары мен жаттықтыру барысында алған жаттығу білімдерін түсіндіреді.
Білік; Дене тәрбиесі және өзін-өзі тәрбиелеудегі ағзаның резервтік беймдеуіне және деңсаулықты нығайтуға қабілеті.
Дағды; Алған білімінің негізінде өзінің даму жоспарын әзірлейді.
Лекциялық сабақтардың ұсынылатын тақырыптары:
Лекция №1. Жалпы патология негіздері
Медицина адамның сау және ауру болған жағдайын зерттеу арқылы оның денсаулығын нығайту, аурулардан сақтандыру және емдеу туралы ғылым. Сонымен, медицина ғылымның мақсатына ауруларды емдеу ғана емес, сондай-ақ денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу міндеті де кіреді. Бұл міндеттерді орындау үшін адам организмінің құрылысын және оның қалай өз қызметін атқаратындығын, органдар мен жүйелер паталогиялық жағдайда қандай морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қызметінң қалай өзгеретіндігін толық білуі керек.
Лекция №2. Дененің дамуы, денсаулық және жұмыс қабілеті
Денсаулыққа және дененің өсуіне дұрыс баға берген соң спорттық дәрігер спортшының организмінің қызмет істеу қабілетін анықтап , оған дұрыс баға беріп, жаттықтырушы мен оқытушыға оның дайындығын сараптауға көмектеседі. Осы мәселені дұрыс шешу, дене жаттығуларының организмге әсерін зерттеуге және спорттағы жетістіктерді одан әрі дамытуға ғылыми медициналық тұрғыдан жол көрсетуге септігін тигізеді. Спорттық жетістіктердің өсуі, жаттығулардың көлемі мен жылдамдығының артуы организмнің өз қызметін атқару қабілетін өзгертіп, оны бағалаудың күрделенуіне байланысты , бұл міндетті атқару жылдан жылға қиындай түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: |