54.ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына Президенттің қол қоюының және жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін жариялаудың Қазақстан халықтары үшін еміршең маңызы болды. Ол завда:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан хылқының еркін білдіре отырып, Адам қүқыларының жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық қүқықтың жалпы жүрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның қүқүлары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, казақ үлтының озін-өзі билеу қүқын растай отырып, азаматтық қоғам және қүқылық мемлекет қүруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшіліксүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды.
55.Н.Ә.Назарбаев және оның еңбегі «Қазақстанның егемендігінің қалыптасу және даму» стратегиясы (16мамыр 1992ж.)
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |