1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет10/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
4акшк педаг емтих (1)

ФИШБОУН» тєсілі
Себеп,Проблема,Қорытынды,Дәлелдемелер,Фактілер
Жұптық әңгіме
Мақсаты:Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға
шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге
және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге
мүмкіндік береді.Ұйымдастыру:Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшінжұптар арасында аз да болса арақашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.Жаттығудың сипаттамасы:Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар ментақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз..
9 билет
1.Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері, қызметі.
Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеттеріСынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:Адам-адамгершілік тәрбиесіОтбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу.Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу.Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді тәрбиелеу.Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру.Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
Сынып жетекшінің қызметтері:Тәрбиелік-түзетушілік:
· мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
· креативті қабілеттерін дамыту
· жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
· қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу
Жеке жұмыс
· психологиялық педагогикалық жұмыс
Карталары
· Тестілеу· Сауалнама жүргізу· Бала денсаулығын қадағлау· Ауырған балаларға қамқорлық көрсету
· Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау· Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу· Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
Ұйымдастырушылық
· түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру· оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру
Бақылаушылық
· оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру· оқушы үлгерімін есепке алып отыру· оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру· оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау
· тамақтануды ұйымдастыру
Коммуникативтік
- балалар арасындағы қатынастарды реттеу- «Оқушы-мұғалім », «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету
Аналитикалық
- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау
- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау
Дамытушылық
· ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру· оқушылар үшін ДИ тәжірибесі· ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу· Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасының, санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп – бұл балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, қоршаған орта туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, дәлелді сөйлеуге үйретеді.
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық және рухани салаларда көптеген өзгерістер болып жатқандығы баршаға аян. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялармен оқыту.Оқушыларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс- әрекетке қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу.3.Шығармашылық іс - әрекетке жағдай тудыру.
Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Осыған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
-Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау.-Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру.-Шығарма, шағын әңгіме құру.-Сөзжұмбақ құру, шешу-Қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу.-Мазмұндама түрлерін жазу.
Сондай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу – танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Осы орайда 4 – сынып оқушыларымен пәндерді кіріктіре отырып өткізген «Туған елге саяхат» тақырыбындағы «Шығармашылық есеп» үлгісіндегі сабағымды айта кетуге болады. Сабақ шығармашылық есеп болғандықтан, кіріктірілген сабақ ретінде барлық пәндерді ( ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, бейнелеу өнері, логикалық тапсырмалар) толық қамтыды. Әр пән бойынша берілген жекелей тапсырмалар бойынша оқушылар алған білімдерін толық көрсете отырып, топтағы жұмыс арқылы шығармашылықтарын дамыта түсті. Бұл сабақта оқушылардың логикалық ойлауы, ізденісі, өз бетімен жұмыстары, шығармашылық тапсырмаларды орындаулары айқын көрініп, оқушылардың танымдық қабілеттері, белсенділіктері дами түсті. Шығармашылық есеп сабағы кезінде оқушы өз ойларын ортаға салып, өз пікірін анық, еркін айта алады. Сабақ кезеңдерінің арасындағы байланыста жұмбақ, өлең құрастыру, ребустар шешу, логикалық тапсырмалар орындау, сурет салу тапсырмалары өте тиімді болады. Сонымен қатар ертегі сабақ, саяхат сабақ, сайыс сабағы және тағы да басқа сабақ түрлерінің оқушы шығармашылығын дамытуда атқаратын маңызы ерекше.Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл – күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
2. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет