1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі


Kundelik.kz–«Цифрлы Қазақстан» жобасының бірі



бет13/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
4акшк педаг емтих (1)

Kundelik.kz–«Цифрлы Қазақстан» жобасының бірі«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Чех  елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - қалаған жүйе өмір бойы білім алу қағидасы негізінде өзгерістерге ұшырауда.Яғни қазір өркениетке ілесемін деген адам, біріншіден, өмір бойы білімге ұмтылуы керек, екіншіден, өзіне қажетті ақпаратты өте тез алып отыруы қажет. Ал осы жағдайларды мемлекеттік деңгейде жүзеге асырудың ең басты жолы - электронды күнделікке көшу. Kundelik.kz– бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі замануи орта.Бұл жүйе қазіргі уақытта еліміздегі барлық мектепте енгізіліп жатқан электрондық портал. 2016-2017 оқу жылынан бастап Шиелі ауданында мектепте электрондық портал енгізіліп, жұмысын бастаған болатын, қазір ауданымыздың барлық мектептері жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеп жатыр.Бұл жүйе оқу процесін жеңілдетеді. Ата-ана - мұғалім – оқушы арасындағы үш жақты байланыс "Күнделік" жобасы арқылы нығая түседі. Кез-келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалайды. Жүйеде үйге берілген тапсырма да көрініп тұрады. Апта сайын баланың мектепте болған уақыты, тәртібі мен үлгерімі рейтингтік көрсеткіш бойынша бағаланады. Тақырыптық форумдар жасап, іс-шарадағы фотосуреттермен алмасып, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға болады. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес, электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күнделігіне түседі. Автоматты түрде есеп шығарылып, білім басқармасы мен министрлікке жолданып тұрады. Демек, министрлік те мектептің деңгейі мен оқушылардың білім сапасын бақылай алады. Бұл қашықтықтан білім беру мүмкіндігін арттырып, мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарады. Kundelik.kz сайты қағаз күнделіктің міндеттерін оңай шешеді және басқа да мүмкіндіктер береді(кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланылатын материалдар, орташа балл, өткізілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары).Kundelik.kz сайты арқылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет