1. Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет11/17
Дата02.06.2023
өлшемі211.04 Kb.
#474613
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
4акшк педаг емтих (1)

Бағалау– одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалауформативтінемесеоқыту үшін бағалауболып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалаужиынтықболып табыладыжәне кейде оныоқуды бағалаудеп атайды.
Оқыту үшін бағалау– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үшін бағалау балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша,оқыту үшін бағалауқорытындысы ары қарай дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Оқуды бағалаудыңмақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.
10 билет
1.Отбасы- бала тәрбиесінің алғашкы ұжымы.
1. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.2. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатынталаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:• отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.• тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.• отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.• ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.• қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:• отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;• баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;• отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;• ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;• ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
3. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениеке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық "І Іім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында І үрган міндеттердің бірі.Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқор-и.І ққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйым-дастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференция-лнрын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған длйындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің иггізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылы-гиның салаларында еңбек етуге даярлау.Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды нжырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан өр қү-Гм.Ілысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам м(чі заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асы-рптын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан Іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады.Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.
2. Оқыту мен оқуда АКТ қолдану.
Ақпарат дегеніміз біздің ойымызша , адамдардың ұрпақтан-ұрпаққа, бір-біріне беретін, жаңартып, өңдеп, толықтырып отыратын белгілі бір білім жүгі деп санаймыз. Өз білімін толықтыруға және бар білімін жетілдіруге ұмтылмайтын заманауи адамды елестету мүмкін емес. Себебі, қазіргі кезде ақпарат алудың көптеген көздері бар және ең алдымен, негізгі дереккөз, сонымен қатар қолжетімді және, мүмкін, алмастырылмайтын, бүгінде – ғаламтор болып келеді. Бүкіл әлемдік ғаламтор ғаламдық кеңістікті қамтиды және қазіргі уақытта ең күшті әсер ететін компьютерлік технологиялар барлық адамдарға ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты жинау, беру және сақтау әдістері мен тәсілдері, сонымен қатар қазіргі білім беру үдерісі жүйесінде тікелей және кері тәртіпте мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі.Қазіргі заманының әрбір ұстазы кем дегенде қарапайым АКТ дағдыларына ие болуы және оларды тәжірибеде қолдана білуі керек деп ойлаймыз және болашақта өзінің кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда білімнің барлық түрлерін меңгеруге ұмтылуы керек. АКТ-ны қолданудағы маңызды құрылғының бірі — компьютер болып табылады, әрбір сыныптап барлық қажетті бағдарламалық қамтамасыз етулер және оған қатысты жабдықтар: проектор, мультимедиялық тақта, колонкалар және т.б. орнатылуы керек. Сабақта АКТ технологияларын пайдалана отырып, мұғалім балалардың ойлауын, есте сақтауын, зейінін, бақылауын, сөйлеуін дамыта алады. Балалар қорытынды жасау үшін ақпаратты пайдалануды үйренеді. АКТ-технологиялары оқуға деген оң ынтаны қалыптастырады, сабақта балалардың белсенділігін арттырады. Балаларға жарқын,ашық, ерекше нәрселер ұнайтындықтан , мультимедиялық презентацияларды, оқу мультфильмдерін, компьютерлік ойындармен қызықтыра аламыз.
АКТ технологияларын қолдана отырып, мектеп мұғалімдері оқудағы кемшіліктерді түзетуге тырысады, оқу іс-әрекеттерін түзетеді. Мұғалімдердің өздері балаларға арналған тесттер, даму бағдарламалары жасайды. Бәрімізге белгілі, бастауыш мектепте ауысуы кезінде баланың көңілі ойында болады, ал орта сынып буынына келген кезде АКТ құралдары арқылы оның оқуға деген зейіінін оятуға болады деген ойдамыз. Оқу процесінде АКТ қолдану ойын және оқу іс-әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді, осылайша одан әрі оқытудың негізі ретінде кіші сынып оқушысының мотивациясы мен танымдық белсенділігін қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жаста балаларда визуалды-бейнелі ойлау басым болатындығын, ал кейбір оқушыларда — визуалды — тиімді – АКТ қолдану шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Мұндай жабдық ақпаратты көрнекі түрде беруге мүмкіндік береді және көпшілікке қол жетімді: презентациялар, слайд-шоулар, кестелер, бейне және аудио жазбалар, көрнекі қабылдау арқылы әлдеқайда жылдам және үлкен көлемде игерілетін қажетті материал. Мультимедиялық тақтаны пайдалану сабақты қызықты әрі көркем етеді, және біз білетіндей, баланың миы ақпаратты ойын-сауық түрінде берсе, жақсы қабылдайды, сондықтан ұсынылған материал жеңіл қабылданады және жадында жақсы сақталады.
Ақпараттық — коммуникацияның дамуымен білім жаңа деңгейге көтерілгені бәрімізге мәлім. Әр түрлі ғаламтор көздерінен, әлемнің кез келген нүктесінен ақпарат алуға болады. Электрондық ресурстарға оңай қол жеткізу (кітапханалар, қоймалар, мұрағаттар, мәліметтер базасы және т.б.) Бүкіләлемдік ғаламтор сонымен қатар басқа да кең таралған АКТ технологияларын қолдануға мүмкіндік береді, мысалы: онлайн сабақтар, тесттер, олимпиадалар, курстар, конференциялар, кеңестер және басқалар. Бүкіләлемді «Коронавирус» індеті жаулауымен байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқыту үшін таптырмас көмекші болып табылды .Бұл оқу процесінің барлық қажетті компоненттерін сақтай отырып, педагог пен білім алушының қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік берді. Онлайн режимінде немесе электрондық поштаны пайдалану арқылы ақпарат алмасу, үздіксіз оқу процесі жүріп отырды. Электронды білім беру басылымдары білім алудың қуатты көзі болып табылды.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік мақсаттар саласы бойынша жіктеуге болады:
Оқыту (білім, дағды алу, материалды меңгерудің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету).
Тренажерлар (өз білімдерін тексеру, дағдыларын жетілдіру, тәжірибе).
Ақпараттық-іздестіру және анықтамалық (қажетті ақпаратты іздеу).
Көрсету (қажетті ақпаратты визуалды қабылдау).
Имитациялық (нақты жүйені дәл сипаттайтын нақты объектінің моделімен алмастыру).
Зертханалық (эксперименттер мен эксперименттер жүргізу мүмкіндігі).
Модельдеу (объект моделін құру).
Есептеу (есептеулерді, формулаларды Автоматтандыру және т.б.).
Оқу-ойын (оқу процесі ойын түрінде ұсынылады).
Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесінің ерекшелігі-оның жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сүйене отырып, білім беру процесін құратын оқушы іс-әрекеттің орталығы болады. Мұғалім көбінесе көмекші және кеңесші ретінде ғана әрекет етеді. Бастауыш мектепте АКТ-ны педагогикалық қолдану бағыттары әртүрлі. Ақпараттық-коммуникациялық құрылғыларды сабақта төмендегідей қолдануға болады :
-тақырып бойынша презентациялар мен көрнекі құралдар дайындап қолдану;
— пән бойынша видео және аудио жазбаларды дайындап көрсету;
— интернет желісінің анықтамалық ресурстары: кітапхана сайттары, қазақ тілі, әдебиет, мәдениет туралы энциклопедиялық басылымдар сайттары, оқушыларға арналған әртүрлі ақпараттық сайттар;
— оқушылардың жобалық қызметі, олардың компьютерлік презентациялар, электронды есептер жасауы.
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар келесідей жағдайларға мүмкіндік береді : оқуды тиімді және ақпараттылықты жоғары етуге, білім алушылардың ақпараттық қабылдауының барлық түрлерін қамтуына, әр адамға оқуда өзіндік бағыт-бағдар беретін ашық білім беру жүйесін құруға, оқытудың стилі мен әдісі бойынша ерекшеленетін балалар санатын оқу процесіне тартуға немесе ынталандыруға, күндізгі және қашықтықтан оқу үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмек береді. Компьютерді оқу іс-әрекетінде құрал ретінде пайдалану оны оқуды басқаруды оңтайландыруға, оқу процесінің тиімділігін арттыруға, уақытты айтарлықтай үнемдеуге болады: ақпараттық қолдау; оқу материалдарымен жұмыс; ұжымдық жұмысты ұйымдастыру; оқыту параметрлерін тіркеу және жүйелеу; қашықтан оқу.
Компьютер мұғалімге әртүрлі көмек түрлерін көрсетеді: жаңа оқу бағдарламаларын құру кезінде қажетті ақпаратты жеңілдетілген іздеу; оқытуға арналған материалдарды ресімдеу (суреттер, бейнелер, графика, мәтіндер және т.б.); бар әзірлемелерді талдау.
Ақпараттық технологиялардың орасан зор құндылығы — олар жарқын интерактивті оқу ортасын құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен жаңа білімді өз бетінше алуға мүмкіндік береді.
Сонымен, компьютер мұғалімнің белсенді көмекшісі болып табылады. Интерактивті сабақ ақпараттық-танымдық мазмұнмен бірге оны көрсету барысында компьютерлік слайдтарды қолданудың арқасында эмоционалды бояуға ие болды. Сабаққа алдын ала дайындала отырып, мұғалім Microsoft Office бағдарламалық пакетінен PowerPoint қосымшасында өзіне қажетті тақырып бойынша презентация әзірлейді. Бұл мұғалімнің біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырады. Ол компьютерлік технологияны қажетті деңгейде білуі және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдысына ие болуы керек. Интерактивті сабақты өткізудің маңызды шарты компьютерлік технологиялармен және көрнекі және дыбыстық оқу материалын көпшілікке көрсетудің заманауи құралдарымен жабдықталған жабдықталған кабинеттің болуы болып табылады. Мұның бәрі оқушының материалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді.
Оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың оң нәтижелеріне жету үшін оларды енгізу ғана жеткіліксіз, сонымен қатар компьютерді қолдануды қамтитын пәндік бағдарламаларды әзірлеу қажет.
Осымен қатар басқа да маңызды мәселелер бар. Оларға мыналар жатады: мұғалімдердің ақпараттық технологияны пайдалануға дайындығы мен білімі; мектептердің техникалық жабдықталуы және т.б.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, компьютерді мұғалімге қарсы қою емес, оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету құралы ретінде қарастыру керек деген қорытынды жасауға болады. Ал мұғалім мен компьютер тандемі ғана білім сапасын айтарлықтай арттырады.
АКТ білім беру құралдарын бірқатар параметрлер бойынша жіктеуге болады:
Шешілетін педагогикалық міндеттер бойынша: базалық дайындықты қамтамасыз ететін құралдар (электрондық оқулықтар, оқыту жүйелері, білімді бақылау жүйелері);
Практикалық дайындық құралдары (есептер, практикумдар, виртуалды конструкторлар, Имитациялық модельдеу бағдарламалары, тренажерлер);
көмекші құралдар (энциклопедиялар, сөздіктер, хрестоматиялар, дамытушы компьютерлік ойындар, мультимедиялық оқу сабақтары);
кешенді құралдар (қашықтан).
Білім беру процесін ұйымдастырудағы функциялары бойынша: ақпараттық-оқыту (электрондық кітапханалар, электрондық кітаптар, электрондық мерзімді басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, оқытатын компьютерлік бағдарламалар, Ақпараттық жүйелер);
интерактивті (электрондық пошта, электрондық телеконференциялар) ;
іздеу (каталогтар, іздеу жүйелері).
Ақпарат түрі бойынша: мәтіндік ақпараты бар электрондық және ақпараттық ресурстар (оқулықтар, оқу құралдары).
Сондай-ақ, ақпараттық басылымдардың көпшілігі электронды түрде шығарылады, бұл оларды қағаз түрінде сатып алмай-ақ зерттеуге мүмкіндік береді, сол басылымдардың қағаз нұсқаларына қарағанда оларды сақтау, басылым бойынша іздеу ыңғайлы.
Мұғалімнің АКТ көмегімен шеше алатын міндеттері:
– сабақты жетілдіру;
– пәнге деген қызығушылықты арттыру;
– оқытудағы даралануды арттыру;
– білім берудегі өнімділікті арттыру,
– оқуға деген ынтаны арттыру;
– оқытудың басынан бастап АКТ-ны қолдана білу;
11 билет
Дидактика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары, функциялары.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика барлық педагог үшін өте маңызды, өйткені біздің өмірімізде кез келген педагогикалық міндеттерді дидактика ғылымы мен теориялық білім негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зертейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтежиелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б.
дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми –теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.Дидактика пәні – білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің біріккен өзара әрекеттестігі, мұның өзі білімнің мазмұнының оқушылардың мұғалімнің ұйымдастырылуы мен меңгеруін қамтамасыз етеді.Дидактика оқытудың іс - әрекеттерін, әртүрлі нысандарын зерттейді және анықталған заңдылықтардың негізінде оқытудың әралуан жүйелерін талдап, белгілейді. Бұл жүйелер оқу жоспарларында, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды ашылатын білімнің мазмұнында нақты көрінеді, белгілі бір ұйымдық нысандарда оқытудың тиісті әдістері мен және құралдарымен жүзеге асырылады.Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәжірибенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.Дидактиканың негізгі міндеттері:- табиғат, қоғам және адам құбылыстары мен заңдылықтары және оларды өзінің практикалық әрекетінде саналы және белсенді іске асыру туралы нақты және ақиқат білімді алу мақсаты мен адам өркениетінің ең мағыналы жетістіктерін игеру арқылы өсіп келе жатқан жас буынды жалпы адамдық құндылықтарға араластыру.- ғылыми білімнің көлемін және мазмұнын анықтау, яғни оқыту процесінің антологиялық ( грек тілінде ontos – тіршілік ) негізін анықтау, ( яғни оқыту процесінің) дидактика функциясына бағдарланған технологиялық құралдарды қалыптастыру, яғни оқу процесін ұйымдастырудың оптимальды (оңтайлы) шарттарын құру және оларды реттеу.Оқыту – зерттеушіге, ол педагогиканың ғылыми – теориялық қызметін орындаған уақытта оқу обьектісі ретінде алынады.Зерттеу нәтижесінде ол оқыту үрдісінің қалай өтіп жатқаны және оның шын мәнінде орындалған және орындалып жатқаы, оның заңдылықтарының қандай екенін және оның болмысының неден тұратыны жайлы мағұлмат алады.Мұндай мағұлматтар педагогикалық шындыұты өзінің дәл күйінде көрсетеді. Философиялық терминалогияны қолдана отырып, болмыс жайлы педагогикалық фактілер, педагогикалық үрдіс заңдылықтары мен болмысы жайлы білімдер алынады. Алайда, оқытуд, оған тиесілі байланыстар мен шындықтарды, тек педагогикалық шындықтың бөлімі ретінде қарастыру жеткіліксіз. өзімен - өзі теория өзіндік мақсат емес. Ол практикалық қайраткерліктің негізі болып қызмет етеді және оны бағыттауға, өзгертуге, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ғылым оқытудың бейнелеуінен, оның құрастыруына өткен кезде, ол дидактиканың конструктивті-техникалық функциясын орындайды. Екі функцияның бір-бірімен байланысты екені түсінікті. Конструктивті-техникалық қызметтің негізіне ғылыми-техникалық қызметтің орындалуының нәтижелері салынуы қажет. Екінші жағынан, қайта құрастырылған жоба келесі оқып-үйренудің обьектісі болып табылады.Өзінің қызметтерінің шешілуінде жалпы дидактика басқа ғылымдардың жетістіктерін қолданады, дәлірек айтсақ; философияның, жалпы психологияның, жастық психологиясының, кейіңгі онжылдықта кибернетиканың мәліметтерін қолданады. Осы кибнрнетика белгілі дәрежеде дидактикадағы бағдарламалық оқу жоспарын, алгоритмдеуді, жүйелі-құрылымды әдісті мектепте оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруына шартты тәуелді етеді.Психология мәліметтерін қолданып, дидактика мысалы: оқушылардың жас мөлшерінің ерекшкліктерін есепке алады, сондай-ақ, оқытудың түпкі мақсатын, оқу барысында қол жеткізген қасиеттер: ойлаудың жетекшілігі, оқу дағдыларымен қолдану, креативтілік және т.б. арқылы құрастыру. Психология ғылымына дидактика: еске сақтау, ақыл-ойдың жетілуін, қабылдау үрдістер туралы білімдерді өзіне қолданады. Жастық физиологиясынан бағытталған-әрекеттік оқытудан туындаған тетіік үрдістеріне түсінік береді.Философия жалпы адам дамуының заңдарына, табиғатқа, қоғамға түсінік береді. Зерттеушінің әлеуметтік функцияларын трактатттағаннан оның білім беру мазмұнын құрастыруға бағытталған жұмысы байланысты болады.Философиялық көріністерді анықтау жеке –ориентерлік оқытуды құрастыруда тірек қызметін атқарады
Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.Талантты және дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды және талантты, қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Біздің мақсатымыз жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі деп ойлаймын. Себебі, дарынды және талантты балаларға тапсырмалар дайындаған кезде көп ойлануды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.Таланттты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс(Еуre and Lowe ,2002) Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.Балалар өздері бір ғана пәнге ғана емес, бірнеше пәннен немесе басқа да салада өзін көрсете алуы мүмкін.Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және де басқа таланттармен танылуы ықтимал.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса басқа салаларда қиындықтар туындауы мүмкін.Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы да мүмкін.Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата- анасы, балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттілігін дамытуға мектепте жағдай туғызуы қажет.Біздің мектепте осындай балаларға жағдай жасалған деп ойлаймын.Себебі мектепте спорттың бірнеше үйірмелері бар,пәндік факультативтер, би топтары бес жастан ұйымдастырылған және де хорға көп оқушылар қатысады.Дарынды оқушыны дамытудағы басты мақсат жеке адамның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру деп ойлаймын.Дарынды дегеніміз барлық салада қабілеттілігі жоғары балалар деп санаймын.Дарынды балалармен жұмыс кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.Дарындылықты дамытудағы басты мақсат еліміздің зияткерлік қорын құру үшін азаматтың ең талантты тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру.Дарынды балаларды дамытудағы міндеттерім оқушыларымның ақыл ой қабілетін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылығын дамыту, тәрбиелеуде жан -жақты дамуын ,еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік , азаматтық белсенділігін қалыптастыру,жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету.Мектептің мақсаты жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.Дарынды және талантты балаларды оқыту, тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін педагогикалық психиологиялық жағдайларды жақсарту керек.Мен өз тәжірибемде дарынды баланы анықтауда жұмыс жасау барысында дарындылықты анықтау психиологиялық жағынан аңғарылатынын байқадым.Сонымен қатар дарынды және талантты бала деп баланың, ата- ананың ,мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.Баланың дарындылығын белгілі бір жастан дамиды деп айта алмаймын.Мектепте дарынды және талантты оқушылар жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс шаралар кезінде байқалады.Дарынды , талантты балаларды анықтау үшін мынадай талапттар қойылады, анықтау бағдарламасын жасау,жаңа педагогикалық технологияны қолдану, оқушыға берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындағанын қадағалау, іс шараларға белсенді қатыстыру, ата- аналарымен қарым- қатынаста болу керек.Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін.Арнайы пәндер бойынша бірқатар көрнекті қабілеттері аса кең болуы мүмкін.Сондай ақ сенімді қарым-қатынас орната білу қасиеттері. Сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады.Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.Соның нәтижесінде қоғамның дарынды адамдарға деген қажеттік қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеументтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психиологиялық, әлеументтік жағдайына баса назар аударуымыз керек. Балаға әсер ететін орталар: ата- анасы, мұғалім, мектеп, жұртшылық жолдастары.Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын жете бақылып отыруымыз керек.Ол үшін арнайы сауалнамалар жасалады.Дарынды балалармен жұмыс істеу нәтижелері оқушының білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жетуі.Дарынды және талантты балалармен жұмысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады.Бала бойындағы қабілеттіліктерді бақылау,жалпы дарындылықты анықтау,дамыту аса шеберлікті қажет етеді.Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Яғни , мұғалім үшін бала жанын түсіну үлкен өнер.Фриман (1998) ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді көрсеткен.. есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары,олар ақпаратты біліп қана қоймай , оны пайдалана алады;. өз білімін жетілдіру: олар білім беру үрдісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады..ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін,бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді..мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырады..икемділік: басқаларға қарағанда олардыңойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған,оқуда және проблемаларды шешудегі шешімдерді тауып,қабылдай алады.. күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады..ерте символдық белсенділік:олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.Өзінің білім алуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді.Бұл «ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын көздейді.Баланың дарындылығын қалай анықтауға болады?Менің ойымша, балалардың бойындағы дарындылықты сыныптан тыс іс шараларда, сабақ кезінде анықталады деп ойлаймын.Оқушы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Анықталмаған балалармен мектеп психологі түрлі тренингтер өткізеді, тиісті сауалнама сұрақтарын беріп, анықтамасын айқындайды. Мен ойлаймын дарынды балалармен жұмыс жоспарын былайша ұйымдастыруға болады: дарынды балаларды анықтау, дарынды балаларды шығармашылық өзіндік жетілдіруге көмектесу, дарынды оқушылардың танымдық іс әрекеттерінің дамуына бақылау жүргізу, дарынды балаларды марапаттау, дарынды балалардың ата аналарымен жұмыс, мұғалімдермен жұмыс істеу, Дарындылықты дамытуда қолайлы жағдай жасау мақсатында мектептің басқа социумдарымен өзара байланысу.Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды.Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады.Дарынды оқушыны олимпиадаға, дебат сайыстарына қатыстыру, ғылыми жоба жазуға дайындау.
12билет

  1. Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану.




  1. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — мұғалім. (Strong, Ward Grant, 2001) Мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қолайлы орта жасауға ұмтылады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар мен тәсілдер тақырыпқа сай оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырылып іріктелу керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу бұл әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтынын анықтау.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады.Танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық дамуға, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін , сөз дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін тұрақтылығы және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.Хаген мен Хейл (1973) 5-6 жасар балаларды бірнеше ашықхаттағы есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Алайда 14-15 жастағы балалар аса маңызды дүниені көбірек есте сақтайды депті.Демек ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алады деген. Осыған сәйкес қорытынды – тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Сыныптың жас ерекшелігіне және түсіну деңгейіне байланысты барлық тапсырмалар және сол тапсырмаларды іске асыру үшін қолданатын әдіс – тәсілдерді таңдап алу сәттілігіне байланысты оқушының білімін анықталатыны белгілі . Сабақта оқушылардың жауаптарынан өзімнің ойыма түйгенім оқушылар сұрақтарға жауап берген кезде .Әр бала өз жас ерекшеліктеріне сай ой-өрісін білдіреді. Осы жерде айта кететін мәселе менің ойымша баланың жас ерекшелігі оның білім алуына, ойлауына үлкен әсер етеді. Сыныпта отырған әр түрлі жастағы балалар әр түрлі ойлайды, әр түрлі сөйлейді. Сол себепті мұғалім оқушыларға тапсырма дайындаған кезде оқушының жас ерекшелігін міндетті түрде ескеру керек.Себебі тапсырма оқушы талабына сай болмаса баланы зеріктіріп жібереді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған тапсырманы орындау барысында оқушылар бірін-бірі,топты бағалайды. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы да жас ерекшелігіне сай болады.Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелігіне, оның ұғынуының, зейін қоюының, ой-өрісінінің жекедара ерекшеліктеріне және жас ерекшеліктерне байланысты екені мәлім. Сондықтан оқушылардың әрқайсысының жекедара ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар берілу керек. Сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарды жас ерекшеліктерін ескеріп дайындау абзал. Белгілі бір жастық кезеңге тән анатомиялық — физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым — қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек екенін болашаққа міндет етіп алу керек.
Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
13 билет

  1. Оқыту принциптері.

. Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
2. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.3. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:• педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;• оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру;• жаңа ғылыми терминологияны қолдану;• оқушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру;• оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;• жалған сөйлемеу.
4. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
• өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;• материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;• оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау;• баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
• оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;• жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
• бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру;• пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу;• оқушылардың қателерін әдеппен түзету;• оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;• оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;• баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;• жүйелі білім есте жақсы сақталады.5. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.Шарттары:• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;• түсінікті етіп оқыту;• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;• аналогияны жиі қолдану;
• бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;• оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;• оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
• оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
• оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару;
• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
• "Неге?" деген сұрақты көп өойып, оқушыны дамыту;
• дәйекті дәлелдермен оқыту;
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
• оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
• білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
• баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
• оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
• зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
• дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
6. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.Шарттары:• мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;• "Білім — өмір" байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетіну мәліметтерін қолдану;• балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру;• оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану;• оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.• мектептің өндіріспен байланысын қолдану. "Оқу пәні өндіріс" байланысына бағыт беру, бақылау;• оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру;• аймақтың сүранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу;
• Мәселелік - ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудық басты құралы;• еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі;• қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру;• қоғамдьщ пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудық өмірмен байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі;• еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу;• оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру;• балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу;• балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса "Жас өнертапқыштар" сайысын өткізу;
• әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру;• ақыл-ойіс-әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.7. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.Шарттары:• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;• оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;• көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
• оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;• көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;• көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі;• оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату;
• көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;• көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;• көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;• балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол;• қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;• көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;• көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;• балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;• надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.
8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:• қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау;• оқу материалын жүйемен беру;
• егер оқыту қарңыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру;• тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн;• өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады;• оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану;• баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды;• қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау;• оқыту қисындылығын қадағалау.• оқушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру;• жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу;• оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
9. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Шарттары:• оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу;• баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау;• баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру;• балаларды оқыту арқылы дамыту;• мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру;• жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету;
• оқытудық қарңынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту;• ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану;• жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру;• өте асықпау!• оқушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну;
• түсініктілік мұғалімнің аньщ түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу;• монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-ерекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру;• оқытудық алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру;• оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару;• оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың өз бетімен оқуына, оқу материалынталдауына көмектесу, бағыт беру;
• түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету.10). Ынталандыру принципіБұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор.5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.Ынталандыру принципінің шарттары:
• жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;• ділгірлік оқыту;
• компьютерлік технологияны қолдану;• интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;• өзара оқыту (жұптық, топтық);• білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;• сыныпта жағымды микроклимат жасау;• мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы;• оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;• білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы;• оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.
11. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.
Ізгілендіру принципінің шарттары:• оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;• оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
• үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;• баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;• қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;• жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;• баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;• оқушының табысына шынайы түрде қуану;• баланың көңіл-күйін ескеру;• баланың дене кемістігін сөз етпеу;• баланың өздігін баспау;• балаларды басқа балалармен салыстырмау;• баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.12. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.
13. Интеграциялау принципіБұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.
Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды.
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.

14 билет


1. Тәрбие процесінде өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
Қайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің әдісі мен мәні.Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады.Ол педагогикалык талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапарларын өзі жетіл- діру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан- жақты тәрбилеу мен дамытуға ықпал етеді.Мысалы,оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сетсіздіктеріне сын көзбен қарап,оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын денгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшілік-тердің орнын толтырады.Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де,өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшіліктерін есепке алу керек.Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады.Мысалы,бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді,немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді.Бұл олардың өзін өзгертуге,жақсы болуға,түзелуге деген алғашқы ынтасы.Жасөспірімдік шақтағы бала өз бетін-дікке ұмтылуын байқатады,ол тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді,өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі,тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады.Егер тәрбиешілер осыны еске алмай,оның құқығын шектесе,оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез құлқұна пісіп жетілу шағында берік сенім мен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады. Дүниетанымның қалыптасуы,өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты,шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді.Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады.Бұған өзінің өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді.Жоғары сынып оқушы -ларына өз білімдерін байыту,өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы да тән.Қыздар мен бозбалалар мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез-құлық мұраттарына ұмтылып,өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады. Оқушылардың өздерін-өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру керек,оқушылардың өзін-өзі тарбиелеуге ұмтылуын жандандыру;өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау,өзіндік міндеттеме,өзіндік бұйыру,өзіндік есеп беру және т.б.) менгеруге көмек беру,өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні,өзінің тұлғалық сапарларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет.Оқушылар,әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі,өз тұлғасында сапалық қасиеттерді қалып -тастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен,мақсатты,сырттан басқарусыз,дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине,өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады.Біз тек дарынды педагог К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық. 1.Асқан сабырлылық,ең болмағанда сырт көзге.
2.Сөзде және қылықтардағы турашылық. 3. Әрекеті жан-жакты ойластыру.4.Батылдылық.
5.Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.6.Санасыз уақыт өткізбеу,ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу.7.Әуесқойлық,құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.
8.Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.9.Болғанды,бүгінгі,болатынды айтып еш мақтанбау.Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп байыта беруге болады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапарларын өзі талдауын мәжбүр етеді.Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі,іс-әрекеті қарым-қатынасы болады.Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті,яғни өзінің кім екенің өзі ұғынуға көмек беруге қажет.Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық қылықтарына баға беруі,оны басқалармен салыстыруы әсер етеді.Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді.Өз кемшіліктерінің немқұрайды пайымдаушы болып қала береді.Оларды түзетуге тырыспайды.Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.Өзіндік міндеттеменің орындалуына,өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі.Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.Өзіндік бұйырумен таңертен белгілі уақытта тұруға,күнделікті жұмыс ырғағын орындауға,тәртіп сақтауға және т.б.орындауға болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізінде іс-әрекеті,қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды,икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек.Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құрал-дарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі.Әрине бұл оқушыларды бетімен қоя беру емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы,бетпе-бет пікір-лесу арқылы көмектесіп отырған жөн. Дегенмен,тәжірибеде оқушы тәртібінде мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады.Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де орын алады.Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алуға және женуге бағытталады.Қайта тәрбиелеу- тұлға құрылымын түгел қайта құру,адамның барлық психология-лық сапарларын қайта жасау.Түзету деген ұғымда бар.Оны оқушы сапасындағы және жүріс-тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу деп түсінуміз керек.Қайта тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ықпалдар жүйесі,оның барысында құлық-тық даму мен жүріс-тұрысындағы ауытқулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының,мотивтері мен қажеттіктерінің,сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің,іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өз-геру птоцесі болып табылады.Қайта тәрбиелеу- бұл қиын балалардың орынды сапарларын қалпына келтіру.Қайта тәрбиелеу- бұл педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі,спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толықтыру.
Қайта тәрбилеу- бұл ынталандыру- жасөспірімнің орынды сапарларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру.
Қайта тәрбиелеу-бұл түзету,яғни бала-лардың теріс салаларының шырмауынан босату.
Жеткіншектер мен жасөспірімдердің педагогикалық әсерлерге қатынасы,тәртіп пен мінез-құлық ережелерімен жүйе-лерін қайта құру және қалыптастыру бірқатар ішкі,психологиялық факторларға тәуелді болады.Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады.Оқушы үлгі аларлық сөздер- мен,ережелермен толықтырылған сауыт емес,ол шырақ,оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек.Демек,жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет,яғни оқушы бір жағынан тәрбие субъектісі болады.
Тәрбие,оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты.Іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар.Оларға ойын,оқу еңбек,спорт,көркемдік,қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б.жатады.Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы,дүниеге көзқарасы дамиды,мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады,еңбек етуге жауапкершілік сезімі артады.
Іс-әрекеттінің барысында қарым-қатынас іске асырылады.Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп,әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірмен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құрылысы,ол хабарламалық,нормативтік және таным процесі ретінде сипат-талады.Қарым-қатынас оқшыларды мінез-құлқы,іс-әрекеттері,білім,әдебиет,өнер,қоршаған орта туралы,мол хабарламалармен байытып,ой-өрісін дамытады.Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ,оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жиынтығымен реттеледі.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық. ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ.Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. 
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;·Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға; Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;·Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды,егер жоба басынан нәтижелі болып,әріптестерін қызықтыра алса,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.Басқаша айтқанда,мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді.Сол себепті әріптестерді қызықтырып,оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Қазіргі сабақтардың басты ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмосферасын орнату ,оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек.Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес.Мұғалім ретінде,біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.Бірақ тәжірибе көрсеткендей,жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып,адамдарға әсер етуге болады.Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады,түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.
Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес,сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі

15 билет



  1. Қазақстан Республикасындағы білім берудің мазмұны.

Қазіргі таңда жаңа дәуірде бүкіл әлем интеграциялық байланысқа түсуде. Біздің Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көп ұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған» деп көрсетілген. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, әр мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт. Жалпы тілді оқытудағы негізгі мақсат – коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту, субьектісін қалыптастыру. Қазіргі жаһандану заманда үштілділік мәселесі бірінші орында тұр, яғни деңгей жоғары. Қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі болып табылады.Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білімнің мазмұны оқушыларға «Нені оқыту керек?» - деген сұраққа жауап береді. Баланы оқытқанда, бүкіл жағдай барынша жасалу керек. Мысалы мен өзімнің қазақ тілі сабағымда әр түрлі педагогикалық әдіс – тәсілдерді, интерактивті тақтаны, қызықты ойындарды, пікірталастар, интернет, компьютер қолданамын. Сондай – ақ әр түрлі интернет ресурстарын, қашықтықтан оқытуды,online конференция, рөлдік ойындарды, Skipe секілді технологияларды пайдалануға болады. Мұндай әдіс – тәсілдер балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, тілді меңгеремін деген құлшыныстарын арттырады. Баланың тағдыры көбінесе оның білімінің саны мен сапасына тікелей байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н.Скаткин т.б. зерттеді.Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан – жақты үйлесімді дамыту керек. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға немесе мәтінге қатынасын, яғни мәтенне не түсінгенін, не туралы жазылғанын, жалпы мазмұнын өзінің сөзі және ісі арқылы білдіреді. Егер де оқушылар білім алуға жақсы оң көзқараспен қараса, онда олардың оқудағы табыстары да жақсы болады. Оқытудың белсенді де, тиімді әдіс- тәсілдерді қолданған мұғалім өзі үшін жаңалық ашып қуанышқа бөленеді.Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, кино, аудио, бейнеқұралдар, компьютерлер, интернет желілері, телекоммуникациялық желілер болып табылады.Интернет мүмкіндіктері мен қызметтері алуан шексіз. Мысалы: оқушылар, тіпті мұғалімдердің өздері осы интернет арқылы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, электронды пошта арқылы хат алысып, online конференцияларға қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, әр түрлі хабарламалар алмасуға мүмкіндіктері болады. Маңызды ақпаратты жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндіктері мен өз бетімен іздеу мүмкіндіктері пайдаланылады [2]. Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениеті бір- бірімен тығыз байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс –әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, сондай -ақ мотивсіз, сезімсіз, ерік -жігерсіз оқу мен оқыту дұрыс жүрмейді [3].Білім –әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі –әлеуметтік тәжірибедегі іс – әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл- ой) дағдылары мен іскерліктеріне үйреніп, оқушы жоспар құруға, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады.Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялары оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сондықтан оқу мен оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.Технологиялық білімдер –оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай- ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, технологиялық білімдер құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б.білу кіреді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек [4].Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық педгогикалық және мазмұндық білім орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.Технологиялық білім сыныпта ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен камерамен бірге жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, мұғалімнің жұмысы жеңілдейді. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде қолданудың жалғыз жолы –оларды пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алу керек. Сандық камералардың көбінде автоматты жарықты икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, камера жылжымаса, бір жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топты ұйымдастырдым. Мен оқушыларды тек олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді комбинациялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әр түрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болуы мүмкін еді және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.Мен жасаған wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын «бастапқы материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Әр түрлі топ үшін түрлі мөлшердегі материалды таңдауыма барлық оқушылар үшін тапсырмалар спектрін қамтамасыз ету себеп болды. Ал бір топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен атауы берілді.Оқушыларды wiki –ді пайдалануға тартуды қамтамасыз ету.
Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki –ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта «Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ. Оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру үшін, оларда біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті сенімділігі болуы тиіс. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, мен өзімнің wiki беттеріме белгісіз бір дереккөз араласып кеткендей етіп көрсетіп, одан әрі тақырыпты қайта қарау кезінде беттердің толық кешенінің болуы үшін оларды түзетуге сынып оқушыларынан көмек сұрадым.Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір- бірінің wiki беттерін редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе болған жоқ, бұл «өзін- өзі жетілдіру» ретінде қаралды.Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір- бірінің жұмысын емін -еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болады. Менің ойымша, бұл олардың wiki –ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектеседі..

  1. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары.

Дүниетанымның мәні, қызметі. Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады.Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді.Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады.Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.
Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.Бала өз сеніміне сүйеніп ол үшін күреседі, басқалардан қорғайды, өз басына төнген қауіптен қорықпайды, басқа балаларды өз соңынан ілестіргісі келеді.Сенімге сезім әсер етеді. Таным процесінде қуану білімнің ақиқаттығына сену, өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.Қажымайтын қайрат - дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Баланың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен шектелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз алдына мақсат қойып, соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.Теориялық ой - дүниетанымның элементі, болмыс туралы білімдерді, құбылыстарды шығармашылықпен, терең түрде ой елегінен өткізе білу, дүниетанымды жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.
Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу керек. Осы талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды балаларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс.Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр.
Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды.
Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды.Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады.
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты – баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады.2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.
Табиғи – жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.
Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері – әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді.Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
16 билет
Оқыту әдістері туралы түсінік, классификациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет