28 билет
1. Оқыту теориясының негiзiн қалаушылар: Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, Ф.А. Дистервег. И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский. Шәкәрiм Құдайбердиевтың, Ахмет Байтұрсыновтың тәлімдік идеялары.
2.Дидактиканың негiзiн салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632(1657) жылғы “Ұлы Дидактика” кiтабында оқытудың ең негізгі, ұтымды түрі класс-сабақ жүйесi туралы жазылды. “Көп емес, өмiрге керектi бiлiмдердi” беруге шақырып, оны түсiндiру үшiн жаттығу, практикалық әдiстердi қолдануды ұсынды. Я.А. Коменский саналылық, белсендiлiк, көрнекiлiк, жүйелiлiк және сабақтастық, жаттығу және түсiнiктiлiк принциптерiн ұсынды.Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) педагогикаға “ Білім беру ” ұғымын алғаш рет енгізген ғалым «Гертруда өз балаларын қалай оқытады» (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерiн ұсынып, бастауыш мектептегi оқыту әдiстерiнi¡ негiзiн қалады. Қоршаған дүниенi сезiм арқылы қабылдау – бiлiм негiзi. Бiлiмдi қажетсiну ынтаны туғызады. Одан әрi нәтиже - абстракция. Жаратушы баланы дамуға итермелейтін күш берген. Олай болса “Көз көргiсi, құлақ естiгiсi, аяқ жүргiсi, қол ұстағысы, жүрек сенгiсi, жақсы көргiсi, ми ойланғысы келедi” – деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөлiп оқытуды, алдымен сурет салуға үйретіп, содан кейiн жазуға үйрету тәсiлдерiн қолданған. Бақылау әдiсiн, баланың бақылаудан алған әсерлерiн талқылатуды қолданған. Оның пiкiрiнше “заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегiсi келедi”.Адамның дүние туралы түсiнiгi алғашқыда анық емес, оны реттейтiн оқыту арқылы жиналатын, ақыл-ой жұмысын туғызатын бiлiм қоры. Бiрақ бiлiмдi бере беру жеткiлiксiз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшiн түрлi жаттығулар, сұрақ-жауап тәсiлдерi қолданылған.Пәндердi көрнекiлiк арқылы оқыту тиiмдi екендiгiн дәлелдеген. ұлы педагог көрнекiлiк әдiсiн Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектiсi еңбек пен практика деген.Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762ж.) деген еңбегінде халыққа бiлiм берудi, әр адамды дамытуды, баланың белсендiлiгiн көтерудi ұсынды. Өз заманының мектебiн өмiрмен байланыспағаны, кiтап тiлiмен көп сөйлегенi үшiн сынады, Руссо баланың қажеттiлiгiн қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. µлы орыс педагогы.Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тiлде оқыту баланың табиғи күшi мен қабiлетiн әлсiретедi, сондықтан оны ана тiлiнде оқыту керек дедi. Халық шығармашылығы – ертегiлер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар бiлiмдiлiкке көмектеседi.Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С. Макаренко оқу пәндерiн жүйелi оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдiсi сияқты оқыту әдiстерiне қарсы шықты.Василий Александрович Сухомлинский оқытуды ақыл-ой тәрбиесiнiң маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегi мұғалiмдердiң рухани өмiрiне, ой-өрiстерiнiң кеңдiгiне, мәдениеттiлiгiне байланысты дедi. Сонымен қатар өнiмдi еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргiзу, құбылыстарды, әдебиеттердi өз бетiмен түсiну ой жұмысын шапшаңдатады.3.Әл-Фараби «Оқыту дегенiмiз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендiру» - дейдi.Ыбырай Алтынсарин(1841-1889жж.) орыс тiлiн қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларыны¡ авторы. «Кел балалар оқылық!» өлеңімен қазақтарды өнер, білімге шақырды.Оқыту процесiнде көрнекiлiк, әңгiмелеу, кiтаппен жұмыс әдiстерiн кеңқолданды. Ы.Алтынсарин орыс тiлiн үйрету үшiн дайындық кластарын ашты, ауызша сөйлеу тәсiлiн қолданылып, орыс әдебиетi, грамматиканы оқытқанда қазақ тiлiнде аз сөйлеткен, сөздiк жұмыстары жүргiзiлген.1879 жылы қазақ тiлiндегi оқу құралы “Қырғыз хрестоматиясы” шықты. Оған ауыз әдебиетi шығармалары, өсiмдiк, техника атаулары енгiзiлдi.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) қазақша оқыту әдiстемесiнiң негiзiн салушы. “Оқу ана тiлiнде жүргiзiлсiн” – деген талапты бастаушы.1912 жылы тұңғыш рет әлiппе жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрi сауат ашу, әрi ұлттық дүниетанымды iске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл әлiппенi¡ жете өңделген жаңа түрi жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебiнiң басты құралы болды. Әдiскер оқушыларға ереже жаттатудың тиiмсiз екенiн дәлелдеп, түсiндiру, талдау, қорыту тәсiлдерiн қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендiру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсiлдерiн қолдану қажет екенiн “Қай әдiс жақсы” (1928ж.) деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа бiлiм беру iсiүшiн халықтың (ұлттық) ана тiлiндегi жазуы, оқу құралдары болуы керек. Мiне осындай өзектi мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән берiп, ұлттық емленi, грамматиканы ғылыми негiзде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегiнен шығару үшiн оған бiлiм беру қажеттiгiн дәлелдедi. 1913 жылғы «Қазақша оқу жайынан” деген мақаласында “бала оқытатын адам оған үйрететiнiн, оның көңiл сарайын, мұғалiмдiк ғылымды жақсы бiлу керек”, - дейдi.Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж.). “Тәрбиеге жетекшi” деген еңбегiнде (1924) баланы оқытудың ережелерiн, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесiн тауып, бiлiм берудiң шарттарын көрсететiн педагогика бөлiмi "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тiлiнде тұңғыш ғылыми анықтама берген.Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнезiн тәрбиелеу керектiгiн атап көрсеттi. Балаға туған елдiң салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетудi ұсынды. Баланың тiл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлдi.
2. Қысқамерзімді жоспар
№
Достарыңызбен бөлісу: |