Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет45/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

ҚОСЫМША Б

«Тəрбие жұмыстарының түрлері» тақырыбындағы жобаның жоспары


Жоба типі Практикаға бағытталған.


Жобаның пәндік-мазмұндық бағыты: Білім беру стандарты, ҚР білім туралы заңы, педагогика оқулықтары.
Жобаның үйлестіру сипаты: Ашық, айқын үйлестірілген жоба.
Жобаның түрі: Оқу, ақпараттық.
Орындалу мерзімі-қысқа мерзім (1апта).
Жобамен жұмыс жасау барысында болашақ бастауыш сынып оқушыларының келесідей арнайы құзыреттіліктері қалыптасады: пәндік, әдістемелік, қолданбалы, бейімделу.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне тақырыпты түсіндіріп, негізгі түйінді ойларды берілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін топ топқа бөліп, оларға тапсырма сұрақтар береміз.
1-топ. Педагогикадағы тәрбие жұмысының түрлерін жіктеудің әр түрлі тәсілдерін сипаттаңыз.
3-топ. Тәрбие жұмысының формаларын жіктеу.
4-топ. Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жеке, топтық, көпшілік формаларының салыстырмалы сипаттамасы.
Бірінші топ студенттері «Педагогикалық әдебиетте тәрбие жұмысының формаларын жіктеуге ортақ көзқарас қалыптаспағандығын дәлелдеуге тырысты. Тәрбиелеудің ұйымдастырушылық формаларының жіктелуі оның қалай ұйымдастырылуына қарай ең кең қолданылатын тәрбие жұмысының формалары қолданылуда.
Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.
Екінші топ студенттері мектептегі сабақтан тыс тәрбие жұмысының формаларына сипаттама берді:
a) қызмет түрлері бойынша: оқу, еңбек, көркемдік және т.б.;
ә) бастауыш сынып мқғалімдерінің ықпал ету тәсілі бойынша: тікелей және жанама;
б) өткізу уақыты бойынша: қысқа мерзімді (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін); ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін); дәстүрлі (тұрақты қайталанатын);
в) дайындық уақыты бойынша: оқушыларды алдын ала дайындыққа енгізбестен тәрбиелеу түрлері және осындай дайындықты қарастыратын формалар;
г) ұйымдастыру субъектісі бойынша: оқушылардың қызметін педагогтар немесе басқа ересектер ұйымдастырады; қызметі ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады; қызметтің бастамашысы және оның ұйымдастырушылары оқушылардың өздері болады;
ғ) нәтиже бойынша: нәтижесі ақпарат алмасу болып табылатын формалар; нәтижесі – жалпы шешімді (пікірді) әзірлеу; нәтижесі – қоғамдық маңызы бар өнім».
Сөз алушы осылайша барлық жіктелімдердің өзара байланыстылығын, қолданылатын тәсілге байланысты бір форма әртүрлі сыныптамаға жатқызылуы мүмкін екендігін жан-жақты баяндап берді.
Үшінші топ студенттері арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәрбие үрдісін ұйымдастырудың көпшілік, топтық, үйірмелік, жеке формаларының салыстырмалы сипаттамасын дайындады. Студенттің пайымдауынша «Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда жобалау пәнінің мұғалімі бастауыш сынып мұғаліміне осы процесті дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін және оқу-тәрбие үдерісін міндетті түрде басқаруын көздейді. Тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде бір мезгілде және нақты істе жүзеге асырылуын форма тәрбие мақсаттарына, мазмұнына, әдістеріне байланысты. Сондықтан тәрбие формалары нақты педагогикалық жағдайларға байланысты болғандықтан олар сан алуан, шығармашылық сипатта болады. Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған сөздік-логикалық формада әсер етудің негізгі құралы ұтымды сөз, әрине, эмоциямен боялуы және оқушылардың эмоцияларын тудыруы мүмкін деген сөз болып табылады. Мұнда ең бастысы ақпарат алмасу, оқушылардың, мұғалімдердің және басқа да ересектердің хабарламалары, мәселелерді талқылау.
Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған бейнелі-көркем формалар оқушыларға ықпал етудің басты құралы әлеуметтік тәжірибе болып табылатын істерін біріктіреді. Ең бастысы–театрда, мерекелерде, митингтерде және осыған ұқсас жағдайларда адамдар бастан кешкен сияқты күшті, терең және әсем ұжымдық эмоцияларды тудыру.
Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған ойын (бос уақытты өткізу) формалары тәрбиелік әсер етудің негізгі түрі ойын, бірлескен демалыс, мазмұнды ойын-сауық болып табылады. Бұл ойындар, танымдық, жарыс, байқау болуы мүмкін. Олардың барлығы тәрбие жұмысының жоғарыда аталған түрлері сияқты көрсетілген әсер ету құралдарын: сөз, бейне, терең эмоциялар, жұмыс түрлерін біріктіреді».
Қатысушылар саны бойынша тәрбие жұмысының әртүрлі формалары анықталды:
- жеке – әңгімелесу, бастауыш сынып мұғалімдерінің бір болашақ бастауыш сынып мұғалімімен сабақтары;
- топтық – бірнеше қатысушы (үйірме, уақытша топ, сынып) тікелей байланыста болады;
- көпшілік – бірнеше сыныптар, мектеп, аудан, бүкіл республикалық мерекелер, конференциялар, слеттер, шерулер т.б. осындай іс-шаралар өткізеді.
Сондай-ақ, негізгі қызмет түрі бойынша жұмыс формалары жобалау формалары ажыратылады, біз оларды сәл жоғарырақта атап өттік.
Үшінші топ студенттері арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс тәрбие жұмысының формаларын тәрбие тапсырмасы бойынша зерттеушілер үш топқа бөліп қарастыратындықтарын ұсынады:
a) арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған мектеп өмірін басқару және өзін-өзі басқару формалары–жиналыстар, жиындар, митингілер, сынып жетекшілерінің сағаттары, өзін-өзі басқару органдарының кеңесі т.б.;
ә) арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған танымдық формалар - экскурсиялар, жорықтар, фестивальдар, ауызша журналдар, ақпараттар, газеттер, тақырыптық кештер, студиялар, секциялар, көрмелер т.б.;
б) арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған ойын-сауық формалары-таңертеңгіліктер мен кештер т.б.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет