Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыру



бет2/3
Дата01.06.2016
өлшемі496.39 Kb.
#106362
түріДиссертация
1   2   3

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасуын анықтауда қолданылатын осындай белгілер жиынтығы ұлттық қолданбалы қолөнері арқылы болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық үлгісін әзірлеудің бастапқы позициясы болып табылады.

Мамандардың кәсіби-педагогикалық даярлығын модельдеу мәселесіне арналған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді талдау, жинақталған материалды қорыту болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру үлгісін құрастыруға мүмкіндік берді (1- сурет).

Этномәдени білім беру тұжырымдамасы жоғары оқу орнындарында жүзеге асып жатқанымен болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қазақтың қолданбалы өнері арқылы қалыптасуы міндетті турде бағыт алмаған. Сондықтан қарастырып отырған мәселемізге сәйкес болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етіп алдық. Осы мақсатқа жету үшін аталмыш құзіреттіліктің компоненттерін қалыптастыруға бағытталған міндеттер қарастырылды. Осыған байланысты болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзыреттілігін қалыптастырудың принциптері анықталды.

Бұл процестің мазмұны – жалпыкәсіби, кәсіби-педагогикалық және кәсіби-көркемдік білімдерді, іскерлік пен дағдыны, кәсіби және әлеуметтік мәні бар тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен анықталды. Әр кезеңнің (барлығы төрт кезең) ерекшелігіне байланысты кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің үш компоненттің біреуіне ерекше назар аударылып, оның басымдылығы қамтамасыз етіледі.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері көзделген мақсатқа, қойылған міндеттерге және тағайындалған принциптерге сәйкес алынған. Олар: жоғары кәсіби білім стандарттары бойынша тағайындалған пәндер мен практика бағдарламаларының қосымшаларын, оқытушыларға арналған арнайы семинарлар, студенттерге арналған арнайы курстың, сонымен қатар дәрісханадан тыс өткізілетін жұмыстар ауқымында үйірмелер және практика бағдарламаларының қосымшаларын камтиды.

Осы қаланған мазмұнды жүзеге асыруға толық мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны қадағалауды қажет етеді. Бұл технология жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне, кәсіби-педагогикалық, кәсіби-көркемдік іс-әрекеттердің ерекшеліктеріне сай болуы және жоғарыда аталған принциптерге негізделуі тиіс. Мақсатқа жетудің әр кезеңі оқытудың негізгі курсына сәйкес болуы керек, сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың төрт кезеңі анықталды.

Сонымен, біз, біріншіден, зерттеліп отырған құбылыстың негізгі құраушыларын, атап айтқанда болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің мәнін айқындадық. Аталған ұғымның мәні біздің тарапымыздан психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде айқындалып, нәтижесінде зерттеліп отырған құбылыстың мәні өзіне сәйкес келетін білім, іскерлік, дағдылар мен кәсіби әрекет тәжірибесін іске асыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді тоғыстырушы тұтастық ретінде қарастырылатыны жайында тұжырым жасалды.

«Кәсіби-көркемдік құзіреттілік» ұғымын даярлықтың түрлі аспектілері мен құзіреттілік аспектілерінің өзара тығыз байланысында және үйлесімінде қарастыруға арналған қазіргі психологиялық-педагогикалық теорияларды зерделеу және талдау негізінде зерттеушілер біртұтас педагогикалық үдеріс теориясына сәйкес, аталған құбылыстың қалыптасу критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлерін де белгіледі.

Кәсіби-көркемдік құзіреттілік «құзіреттілік және құзірет», «құзіреттілік және кәсіпқойлық», «құзіреттілік және біліктілік» т.б. ұғымдардың арақатынасын айқындау арқылы анықталды. Осы жағдайлардың негізінде біздің пайымдауымыздағы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі ұғымы негізді және дәлелді болып табылады деп есептейміз.

Екіншіден, зерттеліп отырған құзіреттіліктің құрылымдық компоненттерін сараладық және оларды кәсіби-көркемдік құзіреттілік мәнін анықтаушы негіздегі критерийлер мен көрсеткіштер үйлесімінде көрсеттік.

Үшіншіден, біз құрылымына мақсат, міндеттер, әдістемелік тәсілдер мен ұстанымдар, мазмұн, әдістер, құралдар мен нәтиже енетін болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық моделін жобаладық. Аталған үлгіні әзірлеу негізіне болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың нәтижелерін болжауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштер алынды.

Осылайша, теориялық үлгі жалпы ғылыми әдістер аясында әзірленді және аталған әдістің технологиялық үдерісін пайдалану негізінде және жүйеқұраушы компоненттердің өзара байланыстылығы логикасына сәйкес құрылғандықтан, жеткілікті негіздемелі және дәйекті болып табылады.

Осы негізде оны педагогикалық болжамалы жағдайлардың бірі ретінде іске асыру болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін тиімді қалыптастыруға; кәсіби-педагогикалық әрекетке сәйкес білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибені нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Дайындалған модельді жүзеге асыруы қазақтың айшықты ши тоқу өнерін ұлттық қолданбалы қолөнерінің бір түрі ретінде болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесін жасауды қажет етті. Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілген төрт кезеңге жоспарланған әдіс-тәсілдерді пайдаланумен анықталады.

Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік даярлығын қалыптастыру оңтайлы нәтижелі болу үшін бірінші кезеңде оқытушыларды алдын-ала даярлауды талап етеді. Сондықтан, оқытушыларға арналған «Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» атты арнайы семинардың бағдарламасы жасалып өткізілді. Бұл арнайы семинардың мазмұны 2- кестеде тақырыптық жоспар ретінде көрсетіледі.


2 кесте – «Болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері» атты арнайы семинардың тақырыптық жоспары


Тақырып атауы

Дәріс

Семинар

Кіріспе. «Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің кәсіби-педагогикалық маңызы» атты арнайы семинардың мақсаты мен міндеті

1

1

Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің көркемдік және эстетикалық ерекшеліктері

1

1

Кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің ғылыми-педагогикалық негіздері

2

2

Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің тұлғалық қасиеттердің және кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің қалыптасуына тигізетін әсері

2

2

Қазақтың ұлттық айшықты ши тоқу қолөнерінің болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда атқаратын ролі

4

4

Барлығы

10

10

Арнайы семинардың мақсаты: жоғары оқу орындарының оқытушыларын болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруға даярлау. Көзделген мақсаттың іске асуы төмендегідей міндеттердің шешім табуына байланысты:



  • болашақ мұғалімдерде кәсіби-көркемдік мәдениет жайында біртұтас түсінікті қалыптастыру;

  • болашақ мұғалімдерде кәсіби-көркемдік мәдениеттің қалыптасуындағы әрекет пен қарым-қатынастың рөлін айқындау;

  • болашақ мұғалімдердің сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кәсіби-көркемдік білімдерді пайдалану іскерліктерін жетілдіру және жүйелеу;

  • педагогикалық үдерісте мұғалімдердің, тұлғалардың, ата-аналардың кәсіби-көркемдік әрекеттерін үйлестіру жолдарын көрсету;

  • кәсіби-көркемдік білімге қажеттілікті дамыту.

Сонымен қатар бірінші кезеңде бірінші курс студенттерімен де кәсіби-көркемдік құзіреттілікті қалыптастыру бойынша эксперимент жұмысы басталады. Бұнда болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін талдау нәтижесінде «Философия» және «Мәдениеттану» пәндерінің оқу бағдарламаларына қосымшалар жасалып енгізілді.

Тұтастай алғанда, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер болашақ педагогтың мәдениет тарихы мен мектеп және педагогика тарихының өзара байланыстылығы мен әрекеттестігін, әртүрлі педагогикалық идеялар мен тұжырымдамалардың елдер мен халықтардың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен өрістес екендігін түсінуге көмектеседі. Білімнің құндылық-мағыналылық жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оларды ғылыми таным әдістерімен және педагогикалық құбылыстарды ғылыми негізде басқару әдістерімен қаруландырады, болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктерін саналы түсінуіне көмектеседі.

Бұл жұмыс қалыптастырушы эксперименттің екенші сатысында өз жалғасын екінші курста оқылатын «Педагогика», «Этнопедагогика», «Этнопсихология» пәндер бағдарламаларына қосымшалар жасауда тапты. Бұл пәндерді оқып-үйрену барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру негіздерінің бірі болып табылатын жалпы педагогикалық және арнайы іскерліктер мен білімдерді одан әрі кеңейту және тереңдету іске асты.

«Педагогика» курсы бойынша оқу бағдарламасына толықтырулар жасаудағы мақсат біртұтас педагогикалық үдерістің мәні, оның тәрбиелік және қозғаушы тетіктері, тәрбиенің әдістері, түрлері және құралдары туралы жалпы теориялық білімдерді; сонымен бірге, «құзіреттілік», «педагогикалық құзіреттілік», «кәсіби құзіреттілік», «кәсіби-көркемдік құзіреттілік» категориялары бойынша алған білімдері негізінде жүргізілген психологиялық-педагогикалық бақылау нәтижелерін нақтылау болды. «Этнопедагогика» курсының мазмұнына толықтырулар жасаудағы мақсат «этнос субъектісі», «халық» және «ұлт» («этнос») категорияларының ара-жігін ажырата білуге, «этнопедагогика» мен «халықтық педагогика», “халықтың педагогикалық мәдениеті» және «этнопедагогикалық мәдениет» т.б. ұғымдардың ұқсастық-айырмашылықтарын, яғни аражігін айқындай тануға қалыптастыру болып табылды.

Педагогикалық айналымдағы оқу пәндері бойынша жүргізілген сабақтарда біздің тарапымыздан әртүрлі сабақ әдістері мен түрлері пайдаланылып, нәтижесінде өзара байланысты үш міндеттің шешім табуы қамтамасыз етілді, ол міндеттер: студенттердің теориялық білімдерін бекіту және кәсіби ой өрісін кеңейту; тұлғалармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудегі іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; болашақ мұғалімдердің педагогикалық қабілеттері мен кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін дамыту және жетілдіру.

Сонымен қатар бұл кезеңде студенттер арасында насихат жүргізу арқылы олардың қазақтың ұлттық қолданбалы өнеріне қызығушылықтарын арттырып, «Қазақтың айшықты ши тоқу өнері» үйірме жұмысы ұйымдастырылды. Бұл үйірмеге эксперимент тобымен бірге бақылау тобының және басқа мамандықтар мен курстардың кейбір студенттері қатысты.

Біз қарастырып отырған мәселенің ерекшелігіне орай болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыруда олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына ықпал жасау мақсатында қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрмелерді үнемі ұйымдастырып өткізуді жөң көрдік. Бұл бір жағынан болашақ мұғалімнің кәсіби қызығушылығын арттыру әдіс-тәсілі болса, екінші жағынан кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасқан деңгейін байқататын көрсеткіш те болып саналады. Әрине, айшықты ши тоқу өнері бойынша жеке арнайы көрмелер ұйымдастырумен қатар, өнертуындыларына арнайы орын беріліп, көркем көрмелерде рубрика арналды. Студенттердің бұл көрмелерге қатысуын ғана бақыламай, оларды ұйымдастыруына да белсенді үлес қосуын қарастыру жөн, себебі болашақ мұғалімдерге бұл жұмыстар кәсіби танымдықты кеңейтіп, іскерліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Соған орай педагогикалық практика бағдарламасына оқушылар үшін ұйымдастырыталтын үйірме жұмысы мен көркем көрмелерді және оларды жүргізу бойынша қосымшалар енгіздік.

Сол сияқты қалыптастырушы эксперименттің төртінші кезеңінде кәсіби практика бағдарламасында қосымшалар жасадық. Қалыптастырушы эксперименнтің бұл кезеңінде аталмыш үйірменің жұмысы одан әрі жалғасып, болашақ мүғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін нығайту мақсатында студенттерге «Айшықты ши тоқу өнері және оның педагогикалық маңызы» арнайы курсы оқытылды (4- кесте).


4 кесте – «Айшықты ши тоқу өнері және оның педагогикалық маңызы» атты арнайы курстың тақырыптық жоспары



Сабақтардың тақырыптары

Сағаттар саны

Дәріс

Семинар

СӨЖ

1

2

3

4

Мұғалімнің кәсіби-көркемдік мәдениеті ұғымы

2

2

4

Кәсіби-көркемдік әрекетте табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік және халықтық ұстанымдарын жүзеге асыру

2

2

4

4- кестенің жалғасы

1

2

3

4

Кәсіби-көркемдік әрекетте ұлттық қолданбалы өнерді пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздері

2

2

4

Кәсіби-көркемдік әрекет аясындағы этномәдени және этнопедагогикалық білімдер Тұжырымдамасы

2

2

4

Халықтық қолданбалы өнердің басқа жанрлары жүйесіндегі қазақтың айшықты ши тоқу қолөнері

2

2

4

Қазақтың айшықты ши тоқу қолөнерінің ерекшеліктері

2

2

4

Қазақтың айшықты ши тоқу қолөнерінің тәрбиелік мүмкіндіктері

2

2

4

Барлығы

14

14

28

Арнайы курстың көлемі 56 сағатқа есептелген, оның ішінде: дәріс – 14 сағат, зертханалық-тәжірибелік – 14 сағат, өзіндік жұмыс – 28 сағат.

Аталған арнайы курстың мазмұнын алдын-ала ұсыну, жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, оқытудың дәстүрлі және инновациялық түрлері мен әдістерінің кешенін, яғни ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-игеру, педагогикалық міндеттерді шешу, шағын зерттеулер жүргізу, шығармашылық жұмыстар орындау және т.с.с. ұштастыруға тиіс.

Педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінде студенттердің педагогикалық белсенділігін арттыру үшін біздің тарапымыздан педагогикалық іс-тәжірибеге арналған “Педагогикалық үдеріс субъектілерінің кәсіби-көркемдік әрекеттерін ұйымдастыру” аталатын әдістемелік нұсқаулар әзірленіп, енгізілді. Оның мазмұнында студенттер үшін арнайы әзірленген және олардың қаншалықты дәрежеде саналы да сауатты орындалуынан зерттеліп отырған құбылыстың қалыптасу деңгейіндегі өзгерістерді көруге болатын тапсырмалар қамтылды.

Тағы бір маңызы зор оқу іс-әрекетінің түрі – дипломдық жұмыстар болып табылады. Эксперимент тобына қатысқан студенттердің 83 дипломдық жұмыстарында қазақтың айшықты ши тоқу қолданбалы өнерінің әр түрлі мәселелерін зерттеп қарастырылды.

Біздің ұсынған болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістемесінде осындай жұмыстардың түрлері тиісті орынын тапты.

Эксперименттік жұмыс барысында біз зерттеліп отырған құбылыстың қалыптасу деңгейлерінің өсуінде арнайы курстың маңызды роль атқаратынына және тәжірибелік әрекет болашақ мұғалімдердің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға және мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде теориялық, психологиялық-педагогикалық, арнайы, кәсіби-көркемдік білімдер мен іскерліктерді іс жүзінде қолдануға шын мәнінде мүмкіндік беретіндіктен, оны студенттердің белсенді іс-тәжірибесі алдында өткізудің қажеттігіне көз жеткіздік; сонымен бірге, болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру үшін жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің түзіліміне белгілі бір өзгерістер енгізілу қажеттігін анық байқадық.

Түйіндей айтқанда, болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру үшін жоғары оқу орнындағы барлық оқу-тәрбие үдерісінің мұғалім әрекеті – педагогикалық үдеріске бағдар ұстануы қажет.

Егер:


  • осы бағыттағы жұмыс студенттермен мақсатты түрде бірінші курстан бастап жүргізілсе;

  • оқу пәндерін оқыту мен оқып-үйренуде пәнаралық байланыстар сауатты пайдаланылса;

  • студенттерге арналған арнайы курс оқу үдерісіне алдын-ала арнайы дайындықтан кейін, қалыптастырушы эксперименттің қорытындылаушы кезеңінде енгізілсе, бұл міндет іске асады.

Осы шарттардың сақталуы болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін дамытуға, теориялық білімдерді қалыптастыруға, таңдалған мамандықтың дәйектемесін нығайтуға ықпал етеді, яғни кәсіби-көркемдік құзіреттіліктің негізгі компоненттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қалыптастырушы эксперимент барысында болашақ мұғалімдер өз мамандықтарына байланысты теориялық білімдерінің, кәсіби-көркемдік іскерліктер мен дағдыларының, кәсіби маңыздылыққа ие тұлғалық қасиеттерінің, яғни кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің жеткілікті деңгейде қалыптасқанын оқу процесінің барысында және педагогикалық практика кезінде көрсете білді. Оған қорытынды эксперимент нәтижелері дәлел (5-, 6- кестелер және 2-, 3- суреттер).


5 кесте – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі (компоненттер бойынша)


Компоненттер

жоғары деңгей (%)

орта деңгей (%)

төмен деңгей

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

Білімділік

4,2

11,3

17,3

19,4

33,6

41,3

76,4

55,1

41,4

Іс-әрекеттік

7,3

12,4

24,8

26,4

31,3

43,4

66,3

56,3

31,8

Тұлғалық

4,6

8,9

16,9

16,2

38,3

48,2

79,2

52,8

34,9

Орта көрсеткіш

5,4

10,9

19,7

20,7

34,4

44,3

74,0

54,7

36,0



2 сурет – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі (компоненттер бойынша)

6 кесте – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі (%)




жоғары деңгей

орта деңгей

төмен деңгей

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

1-ші кезең

2-ші кезең

3-ші кезең

5,4

10,9

19,7

20,7

34,4

44,3

74,0

54,7

36,0



3 сурет – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің өзгеруі

Эксперименттік жұмыс нәтижелерінен көрінген өсу динамикасы болашақ мұғалімдердің кәсіби-көркемдік құзіреттілігі мақсатты түрде рет-ретімен қалыптастырылған жағдайда студенттердің теориялық білімдерді игеруі мен олардың педагогикалық іскерліктерді қалыптастыруында жүйелілік, толыққандылық және саналылық қамтамасыз етіледі деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді (7- кесте және 4- сурет).

.

7 кесте – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасқан деңгейлері (компоненттер бойынша көрсеткіштер)




 

жоғары деңгей ()

орта деңгей ()

төмен деңгей ()

 

БЖ

ЭТ

БТ

БЖ

ЭТ

БТ

БЖ

ЭТ

БТ

Білімділік компонент

6,9

21,2

7,6

29,4

52,2

33,3

63,7

26,6

59,1

Іс-әрекеттік компонент

10,8

31,3

11,3

41,3

53,1

41,1

47,9

15,6

47,6

Тұлғалық компонент

6,1

20,4

6,4

20,6

56,9

21,4

73,3

22,7

72,2

Орта көрсеткіш

7,9

24,3

8,4

30,4

54,1

31,9

61,6

21,6

59,6




4 сурет – Болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігінің қалыптасқан деңгейлері (компоненттер бойынша салыстырмалы көрсеткіштер)

Жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдау барысында анықталған, яғни болашақ мұғалімнің кәсіби-көркемдік құзіреттілігін қалыптастыру әдістеменің оңтайлығы Пирсонның корреляциялық коэффициенті (r=0,96) шамасы, зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет