Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет58/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Дән шоқыған құстар.
Мақсаты:балаларға құстардың тіршілігі туралы түсінік беру.
Міндеттері:
білімдік: түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, құстарды мүсіндей
білу іскерлігін жетілдіру; дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін, шығармашылығын, ұсақ
қол қимылдарын дамыту; тәрбиелік: құстарға қамқор болуға адамгершілікке, ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды:қимылдап жүрген құстарды мүсіндейді; түсінеді:құстардың пайдасын; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, құстың суреті, макеті, үлгі сурет, тақтайша, ермексаз, су, кескіш құрал.
Сөздік жұмыс:құстардың тіршілігі.
Көптілділік:құс – птица–bird, ұя – гнездо – nest , көктем – весна – spring, дән – зерно – grain.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларға сурет көрсету арқылы әңгіме жүргізеді.

  • Балалар,біз мына суреттен не көріп тұрмыз?

  • Құстар не істеп жүр?

  • Бұл құстар қалай аталады?

  • Үй құстарын атай аласыңдар ма?

  • Құстарды қалай күтеміз?

  • Бізге құстардың қандай пайдасы бар?

Құстың макетін көрсетіп,оның дене құрылысымен таныстырады.

  • Бүгінгі оқу қызметінде дән терген құсты мүсіндейміз.

2.Негізгі кезең.
Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Алдымен алақанымызға ермексазды салып жұмсартамыз, домалақтаймыз.Осы бөліктен қысып созу арқылы мойнын, басын шығарамыз.Бас бөлігінен шымшу арқылы тұмсығын шығарып,үшкірлейміз.

  2. Дене бөлігін сопақша пішінге келтіріп, шымшып созу арқылы құйрығын шығарамыз.

Сөздік жұмыс:құстардың тіршілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет