Білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші кешендік мемлекеттік емтихан сұрақтары 3-ші пән «Генетика»


Популяциялық генетика мен эволюцияның генетикалық негіздерін сипаттаңыз



бет13/23
Дата03.09.2023
өлшемі94.55 Kb.
#476435
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Генетика гос

Популяциялық генетика мен эволюцияның генетикалық негіздерін сипаттаңыз.

Популяциялық генетика — популяциялардың генетикалық көпүрлілігініңжәнеосы көптүрліліктің ұрпақтар жалғасыңда, ареалдың әртүрлі бөліктерінде өзгерулерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика саласы болып табылады.
Популяциялық генетиканың мақсаты — популяциялардың генетикалық құрамын және оның өзгеруіне алып келетін факторлар әрекеттерін сипаттау болып саналады.
Популяциялық генетика ғылымының негізін қуалаушылар — орыс ғалымдары С.С.Четверяков және оның шәкірттері: Н.В.Тимофеев-Рёсовский, Б.Л.Астауров, Е.Н.Балкашина, Д.Д.Ромашов, С.М.Гершензон т.б. Олар XX ғ.20-30 жылдары дрозофила шыбынының табиғи популяцияларының генетикалық құрамын анықтап, онда рецессивті мутациялар концентрациясының өте жоғары деңгейде болатынын анықтады.
Сол сияқты, А.С.Серебровский, Н.П.Дубинин, П.Ф.Рокицкий, Н.К.Беляев т.б. — және шетел ғалымдары — Р.Фишер, С.Райт, Дж.Холдейн теориялық популяциялық генетиканың дамуына және табиғи популяциялардың генетикалық құрамын зерттеуге көп үлес қосты.
XX ғ. 30 жылдары теориялық және эксперименттік популяциялар генетикасының дамуы нәтижесінде генетика мен дарвинизм идеялары қосылып, заманауи эволюциялық теорияның — эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуына мүмкіндік туды.
Адам популяцияларының генетикасы — адам популяциядағы патологиялық гендердің динамикасын зерттейтін генетиканың бір саласы болып табылады.
Популяциялар түрдің тіршілік ету, эволюциялану формасы болып табылады. Олар ағзалардың сыртқы орта факторларымен әрекеттесуінің нәтнжесінде тұқым куалаушылық өзгергіштік және табиғи сұрыптау салдарынан қалыптасады. Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген болатын. Бір түр бірнеше популяциялардан тұрады.
Популяциялардың экологиялық, генетикалық сипаттамалары белгілі.
Популяцияның экологиялық сипаттамасына мыналар жатады:
ареал мөлшері;
даралар саны
жастық құрамы;
жыныстық құрамы;
Популяция ареалдарының мөлшері түрліше болады, ол ағзалардыңжекелей белсенділігініңрадиусына байланысты. Мысалы, ұлу өте баяу қозғалады, ол бірнеше метрге ғана әрлі-берлі жылжи алады, демек оның ареалының мөлшері кішкентай, ал су тышқаны жүздеген метрге барып келе алады, түлкілер,касқырлар — ондаған, жүздеген километрге таралады, демек олардың популяцияларының ареалдары үлкен.Сол сияқты, популяциядағы даралар саны да әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, көлдерді мекендейтін инеліктің популяциясында 30 000 жуық даралар болатын болса, ұлу популяциясында не бары 100-ге жуық даралар кездеседі. Дегенмен, популяциядағы даралар санының ең төменгі — минимальды деңгейі болады. Ол деңгейден азайса, популяциялар жойылады.
Популяцияның генетикалық біртұтастығы олардың кең көлемді панмиксиясына байланысты, яғни популяция даралары өзара еркін будандасып ұрпақтар генотиптерінің, аллельдерінің көзі ретінде популяция генофондын «пайдаланады». Популяция генофондында белгілі жағдайларда әртүрліаллельдерден тұратын генотиптер мөлшері ұрпақтан-ұрпаққа тұрақтыболады. Ол Г.Харди — В.Вайнберг заңы арқылы сипатталады. Харди-Вайнберг заңы — популяциялардың генетикалық құрамының қарапайым математикалық моделі және ол тәжірибелі (эксперименттік) популяцияларда байқалады. Ал, табиғи популяцияларда ұрпақтар қатарында аллельдер мен генотиптер жиілігін үнемі өзгертіп отыратын факторлар әрекет етеді. Оларға — панмиксияның (даралардың кездейсоқ ұрықтануы) болмауы; популяция дараларының санының азаюы, мутациялар, миграциялар және табиғи сұрыптаулар жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет