Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті



бет25/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
дарис

2. Шәңгерей – лирик ақын.
Шәңгерей – ең алдымен, лирик ақын. Оның біз білетін өлеңдері, түгел дерлік, лирикалық өлеңдер. Жоғарыда келтірілген «Өмірдің өтуі», «Бір күнде жас көңілім судай астың», «Алла яр», «Жаздым аға Көлборсыдан», «Қорытынды» тағы басқа өлеңдері азаматтық (саяси) лирика. Бұл өлеңдерінде ақын өмір,заманның ағымы туралы өзінің наным-сенімдерін жалпы дүниеге көзқарастарын аңғартады.
Ақынның философиялық, сүйіспендік тақырыптарға арналған лирикалық өлеңдері де бар. Оқыған, ойлы, саналы ақын өмірдің әр алуан құбылыстарын өзінше бақылай келіп түйгені – өмірдің әрдайым өзгеріп отыратындығы.Бұл – қоғамдық құрылысқа да, табиғат құбылыстарына да тән нәрсе. «Жалғаншы жарық дүние!» деп басталатын өлеңінде кешегі атасы Жәңгір хандық құрған заман мүлде өзгеріп, қазір басқаша түрге енгеніне қайғыра, жаны аши жырласа, екінші бір жерінде, өлім мен өмір,бұл дүние мен о дүние туралы да ,өзінің ой-қиял көзқарасын аңғартады. «Шағалалы көлдер шалқыған» деген өлеңінде әр алуан өмір құбылыстарының өзгерістерін ,олардың аяғы немен тынатынтықтарын көрсетеді. Бірақ бұл өлеңінде,не басқа өлеңдерінде болсын ақын өмірде болатын әр түрлі өзгерістерді тәңірге тіремей ,табиғаттың өз заңы деп біледі. Мысалы «Ұршық» деген өлеңінде:
«Ағаш едім құрма өскен,
Ұршық болдым шуда ескен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ,
Шығармалық мұны естен.
Шәңгерей лирикасының дені махаббат-сүйіспендікке арналады. Жасында Қадиша деген қызға ғашық болып, әр түрлі бөгеттерден кейін ,ақыры,сол қызға үйленеді.Замандастарының айтуынша Қадиша сұлу да,ақылды әйел болған. Бірақ көп отаса алмай,дүние салады. Махаббат тақырыбына арналған шығармаларының обьектісі реальдық болса да, оны романтикалық пафос түрінде тым дәріптеп, түгел беріле жырлайды.
Ғаламға он сегіз мың патша болсам,
Алтыннан асқар таудай тақыт құрсам.
Көлінен Нұрлхаят сулар ішіп,
Дүниеде болса өмірім неше мың сан, – деген сияқты сөздермен дүниедегі ең «қымбат» деген нәрселерді айта келіп:
Солардың бәрін қойын сені алар ем,
Бір өзің ен Нарында есен тұрсаң,– деп бітіреді ақын –атшекейге арналған бір өлеңін. Немесе келесі өлеңді қарайық:
Адамнан артық ажар,ақыл айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқа айдан.
Адасқан арық қудай болдым асық,
Айдындай ақ төсіңе,асыл айнам,– деген шумағын ғашықтық жырына шеберлердің қай көрмесін болса да ұялмай ұсынуға болады.
Әрбір халық өзара тап-тапқа бөлініп алып, бірін-бірі қырып-жоюға кіріскен күрес заманы гуманист Шәңгерейге ұнаған жоқ. Себебі, ол – күресшіл ақын емес, адамгершіл,бейбіт ақылға негізделген мәдени жаңарудың жақтаушысы еді. Әрине, халқының тәуелсіз,дербес ел болғанын ол көксеген жоқ деп айта алмас едік. Абзалы, оның осы жолдың анық –қанығына көзі жетпеген. Осыдан болса керек, ол кей тұста қазақтың дербес хандық құрғанын жөн көріп, Абылай туын ала аттанар шақ туса, өзінің сол туды ұстағандардың соңынан ерем деп, өз кезіндегі күрестен бас тартқан. Соның салдарынан ба, ақын адам баласына ортақ мұндай ұл армандардың орындала қоймасын сезіп, кейбір шығармаларында түңілу,күңіренуге жол беріп алады. Дүниенің пәнилігін мойындап, адам өмірінің мөлшерлі ,санаулы болатынын айтып, ондай аспандағы арманға жету мүмкіншілігінің жоқ екенін ескеріп, даралануға бой алдырған. Тіршіліктің қамын көбірек айтып,өнер,білім,адал кәсіптерге үндеуден көп аса алмаған.
Ақын «Мен» деген сөзге философиялық мән беріп, оны дүниенің өзгерісімен,дәулеттің тұрақсыздығыме, өмірдің өткіншілігімен байланыстырады.
«Кімсің?» –деп біреу сұраса,
Өзім болып «Мен» деген.
«Мен» деген кетсе дүниеден,
Өзім болып «Менмін» деп,
Жауап берер қай адам?!
«Менмін» деегн – сол менмін,
Жалпылама алам, әр заман.– деп, «Мен» деген сөздің мағынасы жалпы халық , адам баласы екенін өзі-ақ айтады. Бұл тұста ақын пікірі Абайдың «Өлсе өлер табиғат,адам өлмес»атты өлеңіндегі пікірлермен үндес шығады.
Шәңгерей, сөз жоқ, дарынды ақын және оның өлеңдерінде романтикалық сарын да айқын сезіледі. Суреттеулердегі кейбір шарттылық,қай мәселені сөз етуге әзір екенін білдіреді. Оның бұл пікірін ақынның қалыптасқан нысанасы деу орынсыз болар еді. Асылы, бұл сөз арасында айтылған тұрақсыз пікір. Сондықтан бір осы сөзіне сүйеніп, ақынды феодалшыл,ханшыл болған деу орынды бола қоймас. Қалай болғанда да ол – Абылай заманын аңсаушы емес, өзін-өзі басқарған тәуелсіз ел болуды қолдаушы. Біздіңше, ол бостандық идеяларын қан төгіспен жететін нәрсе емес, цивилизацияның жеңісі деп түсінген. Осыдан барып, ақын бостандық жолының орындалуы қиын, бұл жол ұзақ уақытты, тәлім-тәрбиені, адам санасының жетілуін керек ететін ұлы арман етсе де, бір шектен екінші шекке бой ұру, кейде сөз образдарындағы бұлдырлық,ұшығын ғана көрсетіп тағы басқа осылар тәрізді романтизм әдісіне тән ерекшеліктер өлеңдерінде жиі кездеседі.
Шәңгерей ақынның шығармалары ХХ ғасырдың басында ғана баспа бетін көрді. Кейбір ақындар жинақтарына жекелеген шығармалары ғана еніп жүрді.
Қорыта айтқанда, өмірге көзқарасында ескі хандық дәуірін аңсаушылық бола тұрса да, ғылымға шақыру молдалардың надандық іс-әрекеттерін әшкерелеу,өнер-ғылым жолында ерінбей еңбек етіп, жаңалық ашқан ғалымдарды келешек жастарға үлгі ету, өлімге қарсы өмірді жырлау, орыс халқының ұлы ақыны М.Ю. Лермонтовтың патриоттық идеяны жыр еткен тамаша поэмасын аударып жұртшылыққа таныстыру, ұрпағына үздік көркем лирикалық өлеңдер қалдыру – бәрін жинақтасақ Шәңгерейдің әдебиетіміздің дамуы үшін елеулі үлес қосқан ақын екендігін мойындауымызға тура келеді.Сондықтан да ол әдебиет тарихынан орын алып отыр. Оның бізге қалдырған мұрасы саны жағынан аз болса да, сапасы мығым. Ақының өмірбаянын толықтырып, жоғалған шығармаларын іздестіру, әлі де зерттей түсу – жас ғалымдардың міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет