Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Тапсырысты халықаралық хаттарды жеткізу



бет27/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.5 Тапсырысты халықаралық хаттарды жеткізу

Тапсырысты хаттар, тапсырысты хабарламалар адресаттарға тұратын жері бойынша, абонементтік жәшіктер және «Талап етілгенге дейін» арқылы 8н. кітабында алу датасы көрсетіліп, абоненттік жәшіктер арқылы адресаттың жазбаша өтініші бойынша жеткізіліп, өндірістік объектілерде адресаттың өтінішімен сақтау мерзімі 30 күнге ұзартылып табыс етіледі.


Егер тапсырысты хаттар, хабарламалар адресаттың жазбаша өтінішімен абоненттік почта жәшігіне салынған болса, онда почташы 8н кітабында «А/ж салынды» белгісін қояды, датасын көрсетеді және қолын қояды.
Сақтау мерзімі 7 күндік «Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен», «Шақыру. Тапсырысты хабарламамен» белгісі бар хаттардан басқа тапсырысты хаттар, тапсырысты хабарламалар 30 күн ішінде адресатын күтіп, өндірістік объектіде сақталады.
Адресаттың немесе жөнелтушінің өтініші бойынша тапсырысты хатты сақтау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылуы мүмкін.
Өндірістік объектіде тапсырысты хаттардың сақталған күндері үшін хат алушыдан төлемақы алынбайды.
Адресаттың тапсырысты хаттарды, хабарламаны пәтердегі (үйдегі) көршілеріне беруге келісуі туралы жазбаша өтініші арыздарды тіркейтін 25 н. журналына жазылады.
Тұрғылықты жері бойынша табыс етілмеген тапсырысты хат, хабарлама өндірістік объектіде тапсырысты хаттарды, хабарламаларды беру үшін арналған 8н. кітабында қол қою арқылы өндірістік объектіде берілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеткізу учаскесінің 8н. кітабында «Өндірістік объектіде берілді» белгісі және берілген датасы қойылады.
Тапсырысты хатты хатта көрсетілген мекен-жайға сәйкес адресатына табыс ету үшін екі әрекет жасалады.
Тапсырысты хаттар, хабарламалар осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткеннен кейін 8н. кітабына қол қою арқылы адресаттың өзіне табыс етіледі. «Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен» белгісі бар тапсырысты хаттардан басқа тапсырысты хаттар табыс етілуі мүмкін:
сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне;
адресаттың жазбаша өтініші бойынша пәтердегі (үйдегі) көршісіне;
нотариалдық расталған сенімхат және заң талабына сәйкес ресімделген, оған теңелетін сенімхат ұсынушыға осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткенде;
кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде;
қабілетсіз адамдардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенміхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екендігін растайтын құжатын көрсеткенде;
мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа мекемелердің заңды тұлға өкілдеріне, соңынан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхатпен, сондай-ақ жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде тұратын жеке тұлғаларға.
Абоненттік жәшікке қандай да бір себептермен адресатқа бірінші жеткізуде табыс етілмеген тапсырысты хаттар, тапсырысты хабарламалар туралы абоненттік жәшікке тапсырысты хатты, тапсырысты хабарламаны алуға 22н. бастапқы хабарлауы салынады. Хабарлауда табыс етілмеу себептері қолмен немесе арнайы мөртабандармен - өндірістік объектінің мекен-жайы, атауы, оның жұмыс тәртібі және телефоны көрсетіледі.
Бірінші жеткізуде табыс ету мүмкіндігі болмаған әр тапсырысты хат, тапсырысты хабарлама 5 күннен кейін, «Сот шақыруы. Тапсырысты хабарламамен», «Шақыру. Тапсырысты хабарламамен» белгісі бар тапсырысты хаттар 3 күннен кейін қайта жеткізіледі.
Екінші рет табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда абоненттік жәшікке «Қайталама» белгісі бар, өндірістік объектіде тапсырысты хатты сақтау мерзімі және сақтау үшін алынатын ақысы көрсетілген 22н. қайталама хабарлауы салынады. Қайталама хабарлау жазылған датасы туралы тапсырысты хаттың қабында және 8н. кітабында белгі қойылады. Мұндай тапсырысты хаттар, тапсырысты хабарламалар өндірістік объектіде табыс етіледі.
Абоненттік жәшік болмаған не бұзылған жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері адресатқа телефон (егер бар болса) арқылы хабар береді.
Заңды тұлғаның атына жіберілген тапсырысты хаттар (сот шақыруларынан басқа), тапсырысты хабарламалар почтаны қабылдауға заңды тұлғамен белгіленген уәкілетті тұлғаға беріледі немесе заңды тұлға өзі орналасқан ғимараттың бірінші қабатында немесе тікелей өндірістік объектіде орналасқан абоненттік жәшікке салынады.
Заңды тұлғалардың өкілдері 8н. кітабына «16н.жүққұжатына» «жазылған бірнеше тапсырысты хаттар, хабарламалар алар кезде жалпы санын жазбаша көрсетеді, қолын қояды, фамилиясын және ұйымның атауын толық көрсетеді.
Тапсырысты хаттарды жайылымдағы малшыларға, айдындағы балықшыларға, орман учаскелеріндегі қызметкерлерге, геологиялық партиялардағы (экспедициядағы), фермалар мен өндірістік учаскелерде және бригадаларда жүрген ауылшаруашылық жұмыскерлеріне, темір жол бойындағы жұмыскерлерге, еңбекпен түзеу мекемелерінде жазалау мерзімін өтеп жатқандарға, елді мекендерден тыс жерлердегі басқа адресаттарға жеткізу осы адресаттар қарауында жұмыс істейтін заңды тұлғалар арқылы Қоғаммен табыс етіледі.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге, «Дала почтасы» мекен-жайына жіберілген тапсырысты хаттар жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
ҚПҚ жүйесі бойынша заңды тұлғаға қызмет көрсету кезінде тапсырысты хаттарды «16н.жүкқұжатында» қол қою арқылы табыс етуге рұқсат беріледі. Тізілімдерде 8н. кітабында жазылған деректер көрсетіледі. Тізілімнің соңында қорытындысы шығарылады. Тізілім екі данада жасалады және өндірістік объектінің қызметкерімен қол қойылады. Тапсырысты хаттар табыс етілгеннен кейін он күндіктер, айлар немесе басқа кезеңдер бойынша және тапсырысты хаттардың көлемдеріне байланысты бумаға түптеледі.
Абонементтік жәшікке жіберілген хаттарға жазылған 22н. хабарлаулары абонементтік жәшіктер бойынша салынады.
5 күннен кейін тапсырысты хат алынбаған жағдайда қайталама 22н. хабарлауы жазылады және абонементтік жәшікке салынады.
Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін кері мекен-жайы болған жағдайда хат кері мекен-жайы бойынша қайтарылады, мекен-жайы болмаған жағдайда таратылмағандарға беріледі.
«Талап етілгенге дейін» тапсырысты хаттар жеке басын куәландыратын құжат бойынша адресаттың өзіне, не сенімхат бойынша беріледі. Тапсырысты хаттар туралы анықтама телефон арқылы берілмейді. «Талап етілгенге дейін» жіберілген тапсырысты хаттарды сақтау үшін төлем алынбайды.
Хабарламасы бар ішкі және халықаралық тапсырысты хаттарды табыс ету кезінде 119н. және CN07н. хабарламалар бланкілерінде адресаттың қолы қойылуға тиіс.
Егер тапсырысты хат жеке тұлғаға сенімхат бойынша табыс етілсе, онда хабарламада сенілген адамның қолы және фамилиясы көрсетіледі, заңды тұлғаға табыс ету кезінде хабарламада уәкілетті тұлғаның фамилиясы, қолы және ұйымның атауы көрсетіледі.
Тапсырысты хат табыс етілгеннен кейін почташы 119н. және CN07н. хабарламаларды өндірістік объектінің бақылаушы тұлғасына тексеруге береді. Өндірістік объектінің басшысы тексерілген хабарламаларға қолын және жөнелту датасымен ПМ бедерін қояды, тиісті түрде ресімделген хабарлама көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
Почташы хабарламаларды жөнелту уақыты туралы 8н. кітабында тиісті белгісін және қолын қояды.
Ішкі тапсырысты хаттың алынғандығы туралы тапсырысты хабарламалары жеке-жеке нөмірлері (ШПИ) көрсетіліп, «16н.жүққұжатына» жазу арқылы жөнелтуге беріледі. Ішкі және халықаралық тапсырысты хаттардың алынғандығы туралы жай хабарламалары табыс етілген өндірістік объектілерден тіркелмей жіберіледі.
Жеке немесе заңды тұлғалар өздерінің атына түскен тапсырысты хаттар мен хабарламалардан бас тартқан жағдайда, олар 8н. кітабында (16н.жүққұжатында) «Алудан бас тартамын» белгісін қоюға тиіс.
Хабарламасы бар халықаралық тапсырысты хаттар адресаттарына ішкі тапсырысты хаттар үшін белгіленген тәртіпте табыс етіледі.
«Қызметтік» белгісі бар тапсырысты хаттар өздері жазылған «16н.жүкқұжатында» немесе 8н. кітабы, ірі өндірістік объектілерде арнайы жасалған тізілімі бойынша қол қою арқылы беріледі.
Мына себептерге байланысты табыс етілмеген тапсырысты хаттар кері мекен-жай бойынша қайтарылады:
1) жөнелтушінің арызы бойынша;
2) адресаттардың хатты алудан бас тартуы;
3) адресат қайтыс болған жағдайда;
4) абонементтелетін абоненттік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
5) өндірістік объектінің өз міндеттемелерін орындауын мүмкіндігін айыратын өзге жағдайларда.
Олар 20н. анықтамасымен қайтарылады немесе әрі қарай жіберіледі, онда әрі қарай жіберу/қайтару себептері көрсетіледі. 8н. кітабында және «16н.жүкқұжатында» әрі қарай жіберу/қайтару туралы белгі жасалынады.
Тапсырысты хаттарды әрі қарай жіберу/қайтару үшін қолданыстағы тариф бойынша төлемақы алынады. Жөнелтушінің өтінішінде арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін.
«Талап етілгенге дейін» жіберілген тапсырысты хаттардың мекен-жайы өзгергені немесе үйге жеткізу туралы арызы үшін қолданыстағы тариф бойынша төлемақы алынады.
Адресаттың мекен-жайын оқуға мүмкін болмаған жағдайда (жуылған, жыртылған және т.б.) тапсырысты хаттардың қайтару төлемі алынбайды.
Тапсырысты хаттарды сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару ақысын қабылдау кезінде 47н. дәптерінен (ДК) түбіртек беріледі. Алынған ақшаның сомасы және түбіртектің нөмірі 8н. кітабында көрсетіледі.
Адресат (жөнелтуші) өтініші бойынша тапсырысты хатты әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлар, ал қайтару барысында алушының мекен-жайы сызылып тасталынады және тапсырысты хат конвертінің мекен-жай бетінде жазылады:
1) әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері;
2) қайтару барысында – «Қ» әрпі және тапсырысты хат жіберілетін пункттің атауы.
Тапсырысты ішкі хаттарды әрі қарай жіберу кезінде жаңа толық мекен-жайы оның мекен-жай бетіне берік тіркелген 20н. анықтамасына жазылады.
Тапсырысты хатты әрі қарай жіберу немесе қайтару кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті түрде тексеруге тиіс:
1) тапсырысты хатты табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (адресаттың толық мекен-жайы болған жағдайда);
2) оны әрі қарай жіберу немесе қайтару үшін негізі қанағаттанарлық па.
Тапсырысты хаттардың әрі қарай жіберу (қайтару) дұрыстығын өндірістік объектілердің бастықтары немесе олардың орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде тапсырысты хаттың әрі қарай жіберілу (қайтарылу) себебі туралы белгіге қол қояды. Бақылаушы тұлғаның қолы қойылмаған жағдайда әрі қарай жіберуді (қайтаруды) жүргізуге тыйым салынады.
Егер жөнелтушіге әлі тиісті орнына жөнелтпеген тапсырысты хат қайтарылатын болса, онда ол 8н. кітабына немесе бір данада толтырылатын «16н.жүкқұжатына» қайтару себебін көрсете отырып жазылады және кіріс тапсырысты хаттарды беруде қарастырылған тәртіпте беріледі.
Алынғандығы туралы хабарламамен қабылданған тапсырысты хаттардың қайтып оралғаны үшін белгіленген тариф бойынша жөнелтушіден салмақ ақысы алынады, бұл кезде хабарламаның ақысы алынып тасталады.
Табыс етілмеген тапсырысты хаттар жөнелтушінің мекен-жайы болған жағдайда кері мекен-жайы бойынша қайтарылады. Кері мекен-жайы болмаған жағдайда жөнелтушіге табыс етілмеген тапсырысты хаттар сақтау мерзімдері өткеннен кейін таратылмағандар қатарына беріледі.
Тапсырысты хат таратылмағандар қатарына келесі жағдайларда беріледі:
1) адресаттың және жөнелтушінің қажетті мекен-жай деректері дұрыс көрсетілмеген немесе болмаған жағдайда;
2) адресат және жөнелтуші тапсырысты хатты алудан бас тартқан жағдайда;
3) белгіленген сақтау мерзімі аяқталған және аресат немесе жөнелтуші алмаған жағдайда.
20н. анықтамасында көрсетілген табыс етпеу себебтері негізінде хаттар таратылмағандар қатарына беріледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе оның орынбасарымен тексеріледі және қол қойылады. Тапсырысты хаттың мекен-жай бетінде «Таратылмаған» жазуы жазылуға тиіс.
Соңғы сақтау орнына тапсырысты хаттар кез-келген көлемінде жеке постпакетте жіберіледі. Адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі қойылады.
Таратылмаған тапсырысты хаттар айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін филиалдарға және АПБТ/ҚПБТ бөлек постпакетте жіберіледі (кез-келген көлемінде). Тапсырысты хаттар «16н.жүкқұжатына» жазылып жіберіледі, онда нөмірі (ШПИ), қабылдау орны және таратылмаған қатарына берілгенге дейін әрі қарай жіберу/қайтару, сақтау үшін жөнелтушіден алынбаған төлем сомасы көрсетіледі. Тізілім екі данада жасалады және өндірістік объектінің бастығымен немесе орынбасарымен қол қойылады, «16н.жүкқұжатының» жоғарғы жағына «Таратылмаған» белгісі қойылады.
Мекен-жай және берілген деректері болмаған жағдайда хаттар жалпы санымен жазылады.
8н. кітабында, «16н.кіріс жүкқұжатында» атаратылмағандар қатарына жіберу датасы туралы белгісі қойылады.
«Үкіметтік» белгісімен тапсырысты хаттар бірінші кезекті тәртіпте жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет