Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 3 Құндылығы жарияланған хат



бет28/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 3 Құндылығы жарияланған хат


3.1 Құндылығы жарияланған халықаралық хат салымы және жарияланған құндылығы

Құндылығы жарияланған халықаралық хатта құжаттар мен бағалы қағаздар (дипломдар, төлқұжаттар, тууы мен неке туралы куәліктер, зейнетақы мен сот істері және т.б.), нотариалдық расталған құжаттар мен анықтамалардың көшірмелері, жіберуші мен адресат үшін белгілі бір құндылықты білдіретін басқа да ұқсас құжаттар жіберіледі.


Ішкі хаттарды бағалау сомасы шектелмейді және жөнелтушімен салымның нақты бағасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында анықталады және жарияланған құндылық хат салымының нақты бағасынан аспауға тиіс.
Халықаралық хаттарды бағалау сомасы жөнелтушімен салымның нақты бағасы бойынша анықталады, бірақ жарияланған құны Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шартында көрсетілген құндылықтың шекті сомасынан аспауы тиіс. Жарияланған құндылық сомасы теңгемен АҚА бағамы бойынша (жүздік үлеске дейін) аударылады және хаттың қабында көрсетіледі.
Құжаттар салынған хаттардың жарияланған құны жоғалған жағдайда сол құжаттарды қалпына келтіру шығынынан аспайтын шамада болуға тиіс.
Құндылығы жарияланған хаттардың бағалау сомасы олардың қабында теңгемен толық жазбаша түрінде көрсетіледі.
Құндылығы жарияланған хаттарды буып-түю ретінде почта конверттері немесе қатты қағаз, мата, полиэтилен конверттері және салынғандардың сақталуын қамтамасыз ететін басқа да материалдар қолданылады.
Салмағы 500 гр-нан асатын қағаз орамындағы хат арнайы полиэтилен пакетке қосымша буып-түйіледі, шеттерін дәнекерлеу кезінде хатты қабылдаған өндірістік объектінің атауы көрсетіледі немесе салым сақтауын қамтамасыз ету үшін атаулы скотч айқастыра салынады.
Құндылығы жарияланған хаттар «Сақтандыру» мөрімен (стикерлермен) мөрленеді, бұл кезде хаттың қабында мөрлер (стикерлерлер) саны салым сақтауын қамтамасыз ететіндей болуға тиіс, мөрлердің арасы 5 см. аспауға тиіс.

3.2 Құндылығы жарияланған халықаралық хатты қабылдау


Құндылығы жарияланған халықаралық хаттар өндірістік объектіде және почташымен жеткізу учаскесінде қабылданады.


Құндылығы жарияланған халықаралық хаттар еркін түрде жасалған 1 данадағы салым тізімдемесімен ашық түрде қабылданады.
Құндылығы жарияланған халықаралық хаттар ашық түрде CN-22н.жапсырмасын толтыру арқылы қабылданады,егер салынымның сомасы 300 АҚА-дан асқан жағдайда CN-23н.кедендік декларациясы толтырылады.
1) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес жіберілетін елге құндылығы жарияланған хаттарды қабылдауға рұқсат берілетінін және жарияланған құндылық сомасы шектелген сомасынан аспауын тексеруге;
2) Қазақстан Республикасынан жіберуге тыйым салынған заттар мен жіберуге шектелген заттардың Тізбесімен хат салымының сәйкестігін тексеруге;
3) салымды тізіммен салыстыруға, сәйкес келмеген жағдайда жөнелтушіге қайтаруға;
4) хаттың бағалау сомасын АҚА (жүздік үлеске дейін) айналдыруға және хаттың қабында цифрмен және жазбаша көрсетуге;
5) жөнелтушінің көзінше салыммен қоса тізімдемені конвертке салуға;
6) құндылығы жарияланған хаттың өлшемге сәйкес келуін және мекен-жай жазуының дұрыстығын тексеруге, сәйкес келмеген жағдайда жөнелтушіге пысықтауға қайтаруға. Осы Ережелердің талабына сәйкес буып-түюге, клапандарын жабыстыруға және бекітуге;
7) жөнелтушімен көрсетілген тиісті белгілердін бар болуын және олардың дұрыс орналасқанын тексеруге;
жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі);
мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтуші мекен-жайының астына латын әрпімен "V" («Valeur declaree» - «Құндылығы жарияланған») әрпі бар CN 06 жапсырмасын жабыстыруға (мөрдің бедерін қоюға), онда 1н. дәптерінін түбіртегіне сәйкес хаттың реттік нөмірін (ШПИ жапсыруға), қабылдау орнының өндірістік объектісінің атауын көрсетуге;
хатты өлшеуге, тариф негізінде салмақ және жарияланған құндылық ақысын анықтауға. Өндірістік объектінің жұмыскерімен көрсетілген қосымша қызмет үшін ақы бір мезгілде алынады;
мекен-жай бетінің төменгі сол жақ бұрышына цифрмен грамм түрінде нақты салмағын көрсетуге және өз қолын қоюға;
мекен-жай бетінің жоғарғы оң жақ бұрышына почта маркасын жабыстыруға және жабыстырылған почта маркаларын ПМ бедерімен өшіруге немесе франкирлеу машинаның бедерін қоюға, ПМ анықтап қойылмаған жағдайда қабына қабылдау күнін қолмен қоюға;
түбіртекті жазуға:
● автоматтандырылмаған өндірістік объектілерінде 1н. дәптерінен түбіртек беріледі, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ нөмірлері бойынша жүргізіледі немесе олар болмаған жағдайда түбіртектің нөмірленуі ай бойы жүргізіледі. Түбіртектің қайырма бетінде өндірістік объектінің ПМ бедері анық қойылады. «Айрықша белгісі» бағанында тиісті белгісі қойылады;
● автоматтандырылған өндірістік объектілерде бағдарлама автоматты түрде түбіртекті және БКЖ (банктік-компьютерлік жүйе) чегін береді. ДК қабылдау кезінде түбіртекке ПМ бедері қойылмайды;
● жөнелтуші құндылығы жарияланған хаттың жіберу сомасын жарым-жартылай почта маркаларымен төлеген жағдайда, қосымша төлем сомасына маркалар жабыстырылады және түбіртекте сомасын көрсете отырып «Маркамен төленді» белгісі жасалынады.
Егер құндылығы жарияланған хаттың тиісті орны мемлекет астанасы болмаса, онда түбіртекте елі, елді мекен және аймақ атауы көрсетіледі, сондай-ақ шама келгенше елді мекеннің индексі көрсетіледі;
хатты жіберу үшін төленген ақысын алуға және жөнелтушіге түбіртекті беруге.
Кестемен белгіленген мерзімде өндірістік объектіде қабылданған құндылығы жарияланған хаттар өндірістік бақылаудан өткеннен кейін екі данада толтырылатын 16н. жүкқұжатына жеке-жеке жазу арқылы жіберу үшін өңдеуге беріледі. Жүкқұжатта ШПИ нөмірі, жарияланған құндылық сомасы, үстеме төлемнің сомасы (үстеме төлеммен болған жағдайда), жіберілетін орыны және құндылығы жарияланған хаттардың жалпы саны цифрмен және жазбаша көрсетіледі.
Автоматтандырылған қабылдау барысында 16н. жүкқұжаты ұқсас деректермен автоматты түрде қалыптасырылады.
Почташымен жеткізу учаскесін аралау уақытындағы құндылығы жарияланған хаттарды қабылдау тәртібі Баспасөз бен почта жөнелтімдерін жеткізіп беру Ережесімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет