Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Тапсырысты халықаралық кіріс хаттарды өңдеу



бет26/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.4 Тапсырысты халықаралық кіріс хаттарды өңдеу

Өндірістік объектіге түскен ішкі және халықаралық тапсырысты хаттар салынған кіріс қаптар нөмірлері 16н. жүкқұжатында көрсетілген нөмірлермен салыстырылып тексеріледі, автоматтандырылған өңдеу кезінде адрес жапсырмаларындағы ШПИ сканерден өткізіледі.


Тапсырысты хаттар салынған қаптар штаты бойынша бір жұмыскері (почташыларды санамағанда) бар ПББ-ін есептемегенде, міндетті түрде екі жұмыскермен ашылады.
Қапты ашқаннан кейін жұмыскер міндетті:

  • тапсырысты постпакеттердің болуын және нөмірлерін «16н.жиынтық жүққұжатымен» сәйкестігін салыстыруға, бағыты бойынша дұрыс түсуін тексеруге. Бағыттары сәйкес келмеген жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға, ал постпакеттерді ПББ-не, ПСжТУ-не қайтаруға.

  • Автоматтандырылған өңдеу кезінде постпакеттердің нөмірлері сканерден өткізіледі;

  • осы өндірістік объектіге адрестелген тапсырысты постпакеттерді ашуға;

  • «16н.жүққұжатының» дұрыс ресімделуін тексеруге (ПМ бедерінің бар болуын, ескертусіз түзетулерін);

  • тапсырысты хаттардағы және алынғандығы туралы тапсырысты хабарламалардың нөмірлерін (ШПИ) «16н.жукқұжатына» жазбалармен салыстыруға. Автоматтандырылған өңдеу кезінде тапсырысты хаттар мен хабарламалардың нөмірлері (ШПИ) сканерден өткізіледі. Жазылмаған тапсырысты хаттар немесе нөмірлері (ШПИ) қате жазылғандары табылған жағдайда «16н.жукқұжатына» жазуға және осы Ережелердің 870-871 тармақтарына сәйкес 51н. актісін жасауға;

  • тапсырысты хаттардың күйін және сыртқы қабының бүтіндігін тексеруге, бүлінген хаттардың табылған жағдайында бүлінген жерін желімдеп,бүлінген дәрежесіне қарай 30н.хабарлама және 51н.актісін жазуға;

  • тапсырысты хаттың дұрыс тарифтелмеуі анықталған жағдайда «30н.»хабарлама жасап, оны қабылдау орнына жіберуге;

  • дұрыс жеткізілмеген және кешіктірілген хаттардың бар болуын тексеруге;

  • 3-7 тармақшаларында жөнсіздіктер байқалған жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;

  • өшірілмеген маркалар табылған жағдайда оны қайта пайдалануды болдырмау үшін сызып тастауға;

  • «16н.жукқұжатының» қайырма бетіне ПМ бедерін, тапсырысты хаттарды қабылдау туралы қолын қоюға;

  • хаттарды санауға, «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелермен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді статистикалық есепке алу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісін толтыруға.

Тапсырысты хаттар жеткізу учаскелері, «Талап етілгенге дейін», абонементтік жәшіктер мен басқа бөлінген жұмыс орындары бойынша сұрыпталады.
Тапсырысты хаттар жалпы санымен басқа тапсырысты хат-хабарлармен бірге 23н. кітабына жазылады.
Тапсырысты хаттар, алынғандығы туралы хабарламалар, қайталама 22н. хабарлаулар 8н. кітабына жазылады.
Хаттар жеткізуге Жіберудің кестесін, бақылау мерзімдерін әзірлеу жөніндегі ережелеріне сәйкес бекітілген кесте бойынша беріледі.
Қайтып келген немесе әрі қарай жіберілген тапсырысты хаттар түскен кезде («Қ», «ӘҚЖ») әріптері көрсетіледі.
Тапсырысты хаттарға 8н. кітабы әр жеткізу учаскесі бойынша және өндірістік объектілерде беруге жататын тапсырысты хаттарға жеке жүргізіледі.
Тапсырысты хаттар алынғандығы туралы хабарламамен түскен кезде 8н. кітабында «Хабарламамен» белгісі қойылады. Тапсырысты хаттардың 119н. (СN 07н.) хабарламалары почташыға тапсырысты хатпен бірге жеткізуге беріледі.
Тапсырысты хат 119н. (СN 07н.) хабарламасының бланкісіз түскен жағдайда тапсырысты хаттағы мәліметтер бойынша «Телқұжат» белгісімен хабарламаның телқұжаты жасалады.
Мәліметтері жеткіліксіз хабарлама алынған жағдайда олар тапсырысты хатта көрсетілген деректер негізінде хабарлама бланкісіне енгізіледі және 30н. хабарламасы жазылады.
Абонементтік жәшіктер арқылы беруге жататын тапсырысты хаттарға 22н. хабарлауы жазылады.
Өндірістік объектілерде «Талап етілгенге дейін» мекен-жайымен тапсырысты хаттар картотекаға салынады.
«Үкіметтік» белгісі бар тапсырысты хаттар бірінші кезекті тәртіпте өңделеді.
«Қызметтік» белгісі бар тапсырысты кіріс хаттар тапсырысты хаттар үшін белгіленген жалпы тәртіпте өңделеді.
Тапсырысты халықаралық кіріс хаттарды өңдеу тәртібі ішкі тапсырысты хаттарды өңдеу тәртібіне ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет