Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған халықаралық шығыс хаттарды өңдеу



бет31/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.6 Құндылығы жарияланған халықаралық шығыс хаттарды өңдеу

Құндылығы жарияланған хаттарды өңдеуге және жөнелтуге қабылдайтын жұмыскер олардың сыртқы жағдайын, қабықша, байлам және мөр бүтіндігіне назар аудара отырып тексереді және 16н. жүкқұжаттың көшірмесіне қол қояды, қабылданған құндылығы жарияланған хаттардың жалпы санын жазбаша түрде және қабылдау уақытын көрсетеді.


16н. жүкқұжаттың көшірмесі құндылығы жарияланған хаттарды өндеуге және жөнелтуге қабылдап алған жұмыскердің қолымен хаттарды операциялық терезеден қабылдаған жұмыскерде қалады. Бірінші данасы осы Ережелердің 884 тармағына сәйкес өндірістік объектінің құжаттарына тігіледі. Жөнсіздіктер байқалған жағдайда олар пысықтаудан кейін қабылданады.
ХПАО тікелей алмасу жүргізетін өндірістік объектілер құндылығы жарияланған хаттарды 2 данада жасалатын 16н. бөлек жүкқұжатына бағыттары бойынша тіркеп жазады (Қазақстан Республикасы, ТМД және Қ/Ш).
Қабылдау жасаған өндірістік объектінің қызмет көрсету аймағына адрестелген құндылығы жарияланған хат бар болған жағдайда, ол кіріс хат ретінде өңделеді.
Осы өндірістік объектісінде қабылдап алынған құндылығы жарияланған хаттар 16н. жүкқұжатына почта жөнелтімнің атауын, хаттың шығыс нөмірін (ШПИ), құндылығы жарияланған сомасын көрсете отырып жазылады, егер құндылығы жарияланған хат үстеме төлеммен қабылданған болса, онда үстеме төлем сомасы, тиісті орыны және белгілер көрсетіледі. Әрі қарай жіберу/қайтару барысында құндылығы жарияланған хаттар 16н. жүкқұжатына «Белгілер» бағанында «ӘҚЖ» немесе «Қ» әріптерін көрсете отырып жазылады.
Әр жүкқұжатқа және оның көшірмесіне жүкқұжат жасалған күнімен ПМ бедері қойылады.
Автоматтандырылған өндірістік объектісінде жоғарыда аталған барлық ақпараттар автоматты түрде ұқсас деректермен қалыптастырылады, ПМ бедері қойылмайды, күні автоматты түрде қойылады.
Жүкқұжатқа өңдеуге қатысқан екі жұмыскер қол қояды. Штатта бір ғана жұмыскері (почташыны есепке алмағанда) бар өндірістік объектілерде жүкқұжатқа тек сол ғана қол қояды.
16н. жүкқұжатына ескертусіз және қойылмаған қолсыз түзетулерге жол берілмейді.
Егер қапта екі және одан да көп құндылығы жарияланған хаттар жіберілетін болса, онда олар бұзылу мүмкіндігін келтірмеу үшін айқастыра жіппен байланады.
Құндылығы жарияланған хаттар өндірістік объектілерден ПСжТУ-не басқа да құндылығы жарияланған почта жөнелтімдерімен бірге «Сақтандыру» қаптарында жіберіледі.
16н. жүкқұжаттардың бірінші даналары құндылығы жарияланған хаттармен бірге каптарға салынады, ал көшірмелері өндірістік объектіде қалады, қап өлшенеді, әр қапқа 17н. жапсырмасы толтырылады және тіркеледі.
17н. адрес жапсырмасында қаптың қайдан және қайда баратыны, салмағы, оған берілген нөмірі (ШПИ), БПҚ нөмірі, «Сақтандыру» белгісі, «Үкіметтік» хаттарды жіберу барысында «Үкіметтік» белгісі көрсетіледі. Автоматтандырылған өңдеу барысында 17н. адрес жапсырмасы ұқсас деректермен автоматты түрде қалыптастырылады.
17н. жапсырмалары бір ай бойына реттік нөмірлерімен нөмірленеді (нөмірі 16н. жүкқұжатында көрсетілген қаптың нөмірімен сәйкес келу керек), жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 17н. жапсырмасына ПМ анық бедері қойылады. 17н. жапсырмасы хаттарға өңдеу жасаған, 16н. жүкқұжатын толтырған және «Сақтандыру» қабына бітеу жүргізген жұмысшылармен қол қойылады.
Құндылығы жарияланған хаттары бар «Сақтандыру» қаптары келесі тәртіпте бітеледі.
Қаптың жоғарғы бөлігі тығыздалып бүріп оралады және алдын ала 17н. жапсырмасы қойылып екі айнала ораммен кендір жіппен қамтылады.
Жіптің ұштары айқастыра байланып, және олардың біреуі жіптің екі айнала орамның астына өткізіледі, содан кейін жіпті тығыздап тартып және екі қайтара түйінделіп байланады. Байлам қап ішіндегі салым алмаспайтындай есеппен жасалынады. Қап пломбыланады немесе мөрленеді, мөрленген жағдайда жіптің ұштары 17н. жапсырмасындағы белгіленген орынға басылады. «Сақтандыру» қаптарын бітеу барысында жабатын құрылғылар (БПҚ, арнайы құлпы бар қаптар) қолданылуы мүмкін. БПҚ пайдалану тәртібі Бітеу-пломбылау құрылғыларын қолдану нұсқауында сипатталған.
Қалыптастырылған және мөрленген қаптар басқа почта жөнелтімдерімен бірге екі данада жасалған жалпы жүкқұжатына жазылады, онда қаптар мен почта жөнелтімдерінің нөмірлері көрсетіледі.
Халықаралық құндылығы жарияланған шығыс хаттарды өңдеу тәртібі құндылығы жарияланған ішкі хаттарды өңдеу тәртібіне ұқсас.
Шығыс хаттардың саны туралы деректері «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісіне енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет