Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


ТАРАУ. Халықаралық СәлемдемелерДІҢ ЖІБЕРУ ӘДІСТЕРІ



бет98/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114
ОМПО дайын кітап

11 ТАРАУ. Халықаралық СәлемдемелерДІҢ ЖІБЕРУ ӘДІСТЕРІ


§ 1 Шет елдерге жерүсті көлігімен жөнелтілетін халықаралық сәлемдемелерді өңдеу

Қоғамның өңдңрістік объектілерінде сүйемелдеу құжаттармен (жолдама мекен-жайымен СР71н. және СР23н. кеден декларациясымен) бірге қабылданған халықаралық сәлемдемелер жеке 16н. жүкқұжатымен халықарлық жөнелтімдер үшін бағыт жомпарына сәйкес ХПАО-на түседі. Сәлемдемелер ашық түрде (рабайсыз), не қаптарда түседі.


ПТБ алмасу учаске (қозғалыс бөліміне) түскен сәлемдемелер 16н. жүкқұжатындағы жазбалармен салыстырылып тексеріледі, сонан соң салмағы және сыртқы жағдайы (орамның тұтастығы, байламы және мөрі), дұрыс бітелуі және бағыты текесеріледі.
Тексерілген халықаралық сәлемдемелер нөмірлерін, бағытталуы мен салмағын жеке-жеке тексеріп, 2 данада жазылған 16н. жүкқұжатына қол қою арқылы тиісті өңдеу жұмыс орнына (цех, учаске) беріледі
Барлық сәлемдемелер халықаралық сәлемдемелерді өңдеу учаскесінің жұмыскерлері ҚАЖ жүйесінде шығыс ШПИ сканерлеу арқылы тіркейді. Барлық шығыс сәлемдемелерде Дүниежүзілік почта одағының (ДПО) S10 техникалық стандартына сәйкес ШПИ жапсырылуға тиіс. Почтаны ашатын жұмыс орнында ең алдымен әуе сәлемдемелері, ал сонан соң қалған сәлемдемелер өңделеді, оның мекен-жайына дұрыс жіберілу, суйемелдеу мекен-жайларының дұрыс ресімделуі, кедендік декларациясы, жіберу үшін тарифтік ақысы тексеріледі. Құндылығы жарияланған сәлемдемелерде АҚА-да бағамы бойынша теңгемен жарияланған құндылық соммасын дұрыс болғанда тізбелерге тіркеледі және кедендік тексеру үстеліне беріледі. Сәлемдемелердің ресімделу тәртібі бұзылғандығы анықталған жағдайда жөнсіздік сипатына байланысты 30н. хабарламасы жазылады, немесе 51н. актісі жасалады және почта түскен құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Тұқымдармен және басқа ауыл шаруашылық және орман өнімдерімен (жаңғақ, жидек, жарма, ет өнімдері және т.с.с) сәлемдемелер карантин инспекторына көрсетілуге тиіс.
Халықаралық сәлемдемелерді қарау және кедендік тексеріс жүргізу кезінде кеден органдары және ХПАО жұмыскерлері барынша дәрежеде техникалық кедендік бақылау құралдарын қолдануға тиіс(“Хайман”, “Рапискан” және т.б типті рентген құралдары).
Жекеленген жағдайларда кеден инспекторының талабы бойынша ХПАО жұмыскерлері Халықаралық сәлемдемелердің орамын ашады және олардың салымдарын кедендік тексеріске көрсетеді. Кеден инспекторы сәлемдемелерді ХПАО екі жұмыскерінің қатысуымен тексереді, сәлемдемелердің салымдарын кеден декларациясының жазбаларымен сәйкестігін салыстырады, салымдарды елден алып шығуға және бағытталған елге кіргізуге тыйым салынған заттардың бар болуын тексереді және кедендік рәсімдеуді жүргізеді.
Халықаралық сәлемдемелердің дұрыс өңделуіне кедендік тексеріске дейін және кейін сәлемдемелерге салынған заттардың сақталуына материалдық жауапкершілік ХПАО жұмыскерлеріне жүктеледі.
Бірақ, ХПАО жұмыскерлері почта жөнелтімдерін орындарында тексеру кезінде кеден органдарымен қабылданған шешімдердің дұрыстығына жауапкершілік тартпайды.
Кедендік тексерістен кейін учаскенің жұмыскерлері сәлемдеме салымын бастапқы орамына мұқият салады, атаулы скотчпен (кедір жіппен) байлайды және сәлемдемені пломбылайды. Оралған және пломбыланған сүргі салынған сәлемдемелер әрі қарай өңдеуге және тиісті еліне жіберу беріледі. Сәлемдемелер ҚАЖ жүйесінде СР87н. сәлемдемелік картаға тіркеледі-белгіленген нысанда француз (ағылшын) тілінде екі данада жіберілген еді, жіберген мекемесі депешаның нөмірі , депешаның жасалған күні және қайтарылған қаптардың саны, жіберу әдісі (жер үсті, SAL немесе әуе көлігімен жіберілетін – арнайы бөлінген торларда) сәлемдемелерді жеке-жеке нөмірлері (ШПИ) бойынша және әр сәлемдеменің салмағы көрсетілген бланкі толтырылады.
Құндылығы жарияланған сәлемдемелерді тіркеу кезінде АҚА-да жарияланған құндылақ сомасы көрсетіледі және “Ескерту” бағанында “V” белгісі қойылады. Сәлемдемелердің жалпы саны және брутто салмағы, оған қоса қаптардың салмағы “Жалпы шотпен жазу” бөліміне енгізілуге тиіс. Үстеме төлеммен сәлемдемелердің болуы осы бөлімде көрсетіледі. Басқа мекен-жайға жіберілген немесе жөнелтушіге қайтарылған сәлемдемелер “Reexpedie” (“Басқа мекен-жайға жіберілген”) немесе “Retour”( “Қайтару”) белгілерімен сәлемдемелік картаға жазылады. Осы сәлемдемелер мен ашық транзитпен жіберілетін сәлемдемелер жалпы санға және “Жалпы шотпен жазу” бөлімінде сәлемдемелердің жалпы салмағына қосылмауға тиіс.
Одан басқа CР87н. сәлемдемелік картаға жіберілген елдің почта әкімшілігімен төлеуге жататын аударымдардың үлесі және әуемен тасымалдау шығындары, сондай-ақ, СР87н. бланкінің басқа барлық мәтін бағандары бойынша мәліметтер көрсетіледі. СР87н. бланкісінің жоғарғы жақ бөлігінде әрдайым депешаның брутто салмағы қажет болған жағдайда қайтару, транзит,қайта жіберу үшін тариф үлесі көрсетілуге тиіс.
Сәлемдемелік карталардың реттік нөмерленуі әр жіберілген мекеме үшін бірінші нөмерден бастап жыл бойы жүргізіледі. Сонғы жылдық нөмері келесі жылдың бірінші сәлемдемелік картасында көрсетілуге тиіс.
Өз елінің алмасу мекемесінің қызметіне жауапты әр почта Әкімшілігі оларды ДПО ХБ циркуляры арқылы халықаралық почта өңдеу орталығының индекстар тізбесі енгізеді. Бұл тізбе ДПО Web-cайтында жарияланады. Нақты алмасу мекемесін анықтау үшін ДПО техникалық стандарттар жинағының S34 индексі қолданылады (штрих кодымен идентификаторлар үшін).
КАЖ БК-да сәлемдемелік карталарды толтыру кезінде учаскенің операторы ДЖО ХБ техникалык стандарттар жинығана (халқаралық почтаны өңдеу орталықтарын тіркеу ХПАО) сәйкес S34 шрих идентификаторы көрсетілуге тиіс, оған алмасу мекемесінің атауы, осы алмасу мекемесі үшін жауап беретін почта операторының аты, алмасу мекемесін ұқсастыратын штарих-коды кіреды.
Cәлемдемеге сүйемелдеу құжаттар конвертке бітеледі, жапсырмасында “F” әрпі көрсетілген депешанның бас қабы салынады. Оның ішіне сәлемдемелік картаның бір данасы салынады,оған сәлемдемелерге сүйемелдеу мекен-жайы кедендік декларациясы және қажет болған жағдайда барлық басқа қүжаттар берік бекітіледы (cанитарлық куәлікте, шот фактуралары,CN07н хабарлама бланкілеры және т.c.c).
Қоғам шетел почта әкімшіліктерімен почта сәлемдемелерімен алмасуға қатысты барлық толық мәліметттердіжәне почталық сәлемдемелер қызметінің шарттарын орындау туралы ДПО ХБ жалпы сипатттағы Ресми мәліметтер жинағында көрсетіледі. Онда барлық шетел алмасу мекемелер бойынша ұқсас мәліметтер де көрсетіледі.
Депешаларды қалыптастыру кезінде сәлемдемелер қорғасын пломбамен пломбыланған немесе арнайы бекітілетін құрылғыны қолданумен бекітілетін қаптарда бекітілген күйінде жіберіледі. Рабайсыз және осал сәлемдемелер ыдыссыз қаптарға салынбай ашық түрде жіберілуі мүмкін, бірақ оған “Colifragile” (“Осал”), “Encombrant” (Рабайсыз) ерекше белгілер қойып, тиісті депешалардың СР83н. (СР84н.) жапсырмалары жапсырылуға тиіс.
Үстеме төлеммен құндылығы жарияланған сәлемдемелер жеке ыдыстарды (қаптарда) жіберіледі. СР83н. (СР84н.) (“Жарияланған құндылығымен”). “Remboursement” (“Үстеме төлеммен”) және әуемен жерүсті көлігімен жібепрілетін сәлемдемелік почтаны жіберу жоспарына сәйкес шет почта алмасу мекемесіне жіберіледі.
Сәлемдемелер салынған әр қапқа ашық-сары түсті жапсырма тіркеледі СР83н-жерүсті депешалары, СР85н.-SAL депешалары үшін. Жапсырмалардың бланкілері қосымшаларда келтірілген ДПО ХБ стандартты үлгілеріне сәйкес болуға тиіс.
КАЖ БҚ-нан шығарылатын жапсырмаларда қап бекітілген алмасу мекемесінің атауы,шетел алмасу орнының және жіберілген елдің атауы , депешалардың нөмірі, онда жіберілетін сәлемдемелердің саны, қаптың салмағы, жөнелту ақысы , қаптың нөмірі (ШПИ ) және депеша жіберілетін ҚР-ның шекаралық алмасу пункті көрсетіледі.
Одан басқа әуе депешалары үшін СР84н жапсырмаларда ұшақ рейсінің атауы және түсірілетін әуежай көрсетіледі, жапсырманың жоғарғы жақ бөлігіне “Par avion” белгісі жасалады.
Әуе жолымен жіберілетін жерүсті депешалары үшін СР86н. жапсырмаларында S.A.L белгісі, ұшақ рейсінің атауы көрсетіледі, жапсырманың жоғарғы жақ бөлігіне
“Par avion” белгісі жасалады. Жапсырмаларға қапты бітеген жұмыскер қолын қояды.
Жерүсті көлігімен жіберілетін сәлемдемелермен депешалар үш данада жасалатын СN37н. жүкқұжатымен жөнелтіледі (біреуі - ХПАО қалады, екеуі - Қазақстан Республикасының ХПАП және шетел алмасу пунктері үшін,соңғы ХПАП үшін жасалған екі данада почтаны шетелге шығаруға рұқсат беретін кеденнің ‘‘Босатуға рұқсат” (‘‘Выпуск разрешен”) мөртабаны болуға тиіс. CN37н. жүкқұжатында осы бланкінің бағандарымен қарастырылған барлық қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасымен жалпы шекарасы жоқ, жерүсті депешаларын үшінші ел арқылы транзитпен тиісті елдерге жіберу кезінде одан басқа депешаның нөмері, сәлемдемелердің саны және олардың брутто салмағы көрсетілген және бланкіде карастырылған басқа барлық (аударымы). Ерекше сәлемдемелік карта депеша өтетін әр жеке мекемесі үшін жылдық сериямен нөмірленеді.
Халықаралық сәлемдемелік почта өздері тіркелген CN37н. жүкқұжатымен және басқа сүйемелдеу құжаттармен бірге 16н. жүкқұжатына тіркеліп (ДК 2 данада беріледі), почта вагондарына (автокөлік) беріледі. Осы 16н.жүкқұжаты Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық почта алмасу пунктіне жіберіледі. CN37н. жүкқұжаты жеке заттар сияқты 16н. жүкқұжатына берілген даналардың санын жазбаша көрсетіп тіркеледі.
Егер сәлемдемелер ашық түрде жіберілетін болса, онда сүйемелдеу құжаттармен конверт жалпы саны көрсетілген, 16н. жалпы жүкқұжатқа тіркеледі.
Сәлемдемелер шетелдік алмасу пунктіне дейін тура баратын тікелей почта вагондарында жіберілген жағдайда 16н. жүкқұжаттары осы поездің почта вагонына жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет