«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң»



бет6/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#123952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

              тоқтату рәсiмi

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өндiрiп алу жағдайларында, оның iшiнде кепiлге беру кезiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi тиiсiнше өткiзу (сату), егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, жария сауда-саттық өткiзу жолымен жүргiзiледi.


      Мұндай сауда-саттыққа қатысуға құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi сауда-саттыққа қатысуға рұқсатын алған тұлғалар жiберiледi.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысу ниетi бар тұлға құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына жария сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтiнiш жiбередi.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтiнiш қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгiленген мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтiнiштi құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен қарайды.
      Осы тармақтың ережелерi банкроттық рәсiмдердi жүзеге асыру кезiнде конкурстық массаны өткiзу жағдайлары үшiн де қолданылады.
      Сауда-саттық нәтижелерi бойынша құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының осындай сауда-саттыққа қатысуға рұқсатын алған тұлғамен жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасу кезiнде құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға қосымша рұқсатын алу талап етiлмейдi.
      2. Кепiл ұстаушының талабын кепiлге берiлген жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң құнынан қанағаттандыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      3. Кепiлге берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу жөнiндегi сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының рұқсаты бойынша кепiлге салынған мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға (жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң иегерi болуға) не жаңа сауда-саттықтың тағайындалуын талап етуге құқылы.
      4. Кепiлге берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алу ниетi бар кепiл ұстаушы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу жөнiндегi сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына кепiлге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алуға рұқсат беру туралы өтiнiш жолдайды.
      Кепiлге берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алуға рұқсат беру туралы өтiнiш қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгiленген мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      Кепiлге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алуға рұқсат беру туралы өтiнiштi құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осы Заңның 37-бабында белгiленген тәртiппен қарайды.
      5. Кепiл туралы шарттардың және өзге де келiсiмдердiң осы баптың ережелерiне қайшы келетiн талаптары жарамсыз болады.

      42-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдермен байланысты


              жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру

      Мемлекеттiк меншiктегi және нақты мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлiп берiлмеген техногендiк минералдық түзiлiмдерден өндiру келiсiмшарттың негiзiнде жалпы негiздерде жүргiзiледi.

      43-бап. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге
              жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру

      1. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi осы Заңның 35-бабының 8-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар жүргiзуi мүмкiн.


      2. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүргiзу кезiндегi жұмыстар (операциялар) өңiрлiк және геологиялық түсiру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзудi, iздеу, iздеу-бағалау, iздеу-барлау және барлау жұмыстарын, жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзудi, мемлекеттiк геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi, өздiгiнен атып жататын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою мен консервациялауды қамтуы мүмкiн.
      3. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебiнен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкiн.

      44-бап. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес


              жерасты құрылыстарын салуды және (немесе)
              пайдалануды жүзеге асыру

      1. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, сондай-ақ барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртiбiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


      2. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi келiсiмшартта айқындалады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға осы Заңның өндiруге қатысты нормалары қолданылады.

      45-бап. Минералдық шикiзатты қайта өңдеу

      1. Минералдық шикiзатты қайта өңдеу өндiруден кейiн тiкелей жүргiзiлетiн операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға жатпайды.
      2. Минералдық шикiзатты қайта өңдеудi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

4-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН
КОНКУРС НЕГIЗIНДЕ БЕРУ

      46-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерi

      1. Құзыреттi орган барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерiн, сондай-ақ ұлттық компанияның үлестiк қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерiн қалыптастырады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн қалыптастырады.
      Жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде қалыптастырылады.
      2. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
      Осындай тiзбе бекiтiлгеннен кейiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мақсаты үшiн жердi резервтеудi Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегiнде орналасқан, конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.
      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осы Заңға сәйкес өткiзедi.
      5. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кен орындары қорларына қатысты жер қойнауына мемлекеттiк сараптама жүргiзiлгеннен және өнеркәсiптiк санаттар қорларының болуы расталғаннан кейiн ғана өндiруге конкурс өткiзiп, келiсiмшарттар жасасады.

      47-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған


              конкурсты өткiзудiң шарттары

      1. Конкурсты өткiзу туралы және оны өткiзудiң шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында бiр мезгiлде қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.


      Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң түпкiлiктi мерзiмiнен кешiктiрмей, конкурсты өткiзу тәртiбiмен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
      2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткiзу туралы хабарламада:
      1) оны өткiзу уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi;
      2) конкурстың негiзгi шарттары;
      3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және оның қысқаша сипаттамасы;
      4) конкурсқа қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеуге арналған банк деректемелерi;
      5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi;
      6) кадрлардағы ең аз қазақстандық қамту;
      7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамту;
      8) қазақстандық кадрларды оқытуға жұмсалатын шығынның ең төмен мөлшерi;
      9) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиiс.
      3. Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткiзу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуiн қамтамасыз етуге мiндеттенетiн өндiрiлген минералдық шикiзаттың ең төмен мөлшерi туралы талап қамтылуы мүмкiн.
      Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуiн қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең төмен мөлшерiн құзыреттi орган айқындайды.
      4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беру үшiн конкурсқа қатысушыларға берiлетiн мерзiм конкурсты өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бiр айдан кем болмауы керек.
      5. Конкурстың шарттары жарияланған күн мен конкурс өткiзiлетiн күн (қорытындыларын шығарудың басталуы) арасындағы мерзiм төрт айдан кем, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - үш айдан кем болмауы керек.
      6. Конкурсқа қатысу жарнасы қайтаруға жатпайды.

      48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған


              конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм

      1. Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмде:


      1) заңды тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, мемлекеттiк тиесiлiгi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi және салық органдарында тiркелуi туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы үлестерiнiң мөлшерi (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) көрсетiле отырып, өтiнiш берушi - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетiле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң еншiлес ұйымдары туралы мәлiметтер;
      2) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң тегi мен аты, заңды мекенжайы, азаматтығы, өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтiнiм берушiнiң салық органдарында тiркелуi туралы, өтiнiм берушiнiң кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде тiркелуi туралы мәлiметтер;
      3) өтiнiш берушiнiң мүддесiн бiлдiретiн басшылардың немесе өкiлдердiң өкiлеттiктерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер;
      4) өтiнiш берушi соңғы үш жылда оларда өз қызметiн жүзеге асырған мемлекеттер тiзiмiн қоса алғанда, оның бұрынғы қызметi туралы мәлiметтер;
      5) өтiнiш берушi үмiттенiп отырған жер қойнауы учаскесiнiң атауы және жер қойнауын пайдалану құқығы;
      6) өтiнiш берушiнiң конкурсқа қатысу жарнасын төлегенi туралы құжат қамтылуға тиiс.
      Өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын, тиiстi түрде куәландырылған құжаттар өтiнiмге қоса берiледi.
      2. Өтiнiш берушi осы баптың талаптарын сақтаған жағдайда өтiнiм қарауға қабылданады. Осы баптың талаптарына сәйкес келмейтiн өтiнiм қабылданбауға тиiс.
      3. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмнiң қабылданғаны туралы өтiнiш берушiге конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде ресми түрде хабарлайды.

      49-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерi


              бойынша геологиялық ақпарат топтамасы

      1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерi бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын конкурс туралы хабарлама берiлгенге дейiн дайындайды және оның құнын айқындайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өтiнiш берушiнiң конкурсқа қатысу туралы шешiм қабылдауы үшiн қажеттi өзге де ақпарат көлемiн қамтуға тиiс.


      2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдағаннан кейiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскесi бойынша геологиялық ақпарат топтамасын өтiнiш берушi жүгiнгеннен кейiн бiр ай iшiнде ақылы түрде бередi.
      Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшерi негiзге алынып анықталады.
      Геологиялық ақпарат топтамасының құны қайтаруға жатпайды.
      3. Өтiнiш берушiнiң алынған геологиялық ақпаратты кез келген нысанда жария етуге немесе үшiншi тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      50-бап. Конкурстық ұсыныс

      1. Конкурсқа қатысуға жiберiлген өтiнiш берушi конкурс шарттарында белгiленген мерзiмдерде барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты жасайды.
      2. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы конкурс жарияланған күннен бастап үш ай iшiнде конкурсқа қатысушылар табыс ететiн конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.
      Конкурстық ұсынысты табыс еткен конкурсқа қатысушының конкурстық ұсыныстарды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап оны керi қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
      3. Конкурстық ұсыныста:
      1) қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшерi;
      2) мәлiмделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктер кепiлi);
      3) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшерi;
      4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың мiндеттi бағдарламаларының iске асырылуына қарай өсiп отыруға тиiс кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелер;
      5) қазақстандық кадрларды оқыту жөнiндегi мiндеттемелер;
      6) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажеттi тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелер;
      7) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi;
      8) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келiсiмшартқа қол қойғанға дейiн Қазақстан Республикасындағы өндiрушi салалар қызметiнiң ашықтығы бастамасын iске асыруға қатысты Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қосылу жөнiндегi мiндеттемелер;
      9) геологиялық ақпаратты сатып алғаны үшiн төлемiн растайтын құжаттың көшiрмесi қамтылуға тиiс.
      Конкурсты өткiзу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуiн қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең төмен мөлшерi белгiленген жағдайда конкурстық ұсыныс осындай талапқа сай болуға тиiс.
      Жоғарыда көрсетiлген талаптарға, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 2-тармағының 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген талаптарға сай келмейтiн конкурстық ұсыныс қабылданбауға тиiс.
      4. Конкурстық ұсыныста өтiнiш берушi ұсынған мiндеттемелер мен ниеттер келiсiмшартқа кiргiзiледi.

      51-бап. Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту

      Конкурсқа қатысуға өтiнiм берген тұлғаға мынадай жағдайларда:
      1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм осы Заңның 48-бабының талаптарына сәйкес келмегенде;
      2) конкурстық ұсыныс конкурс талаптарына сәйкес келмегенде;
      3) өтiнiш берушi дәйексiз мәлiметтер ұсынса;
      4) егер өтiнiш берушiге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, оның iшiнде келiсiмшарт шеңберiнде құқықтарды шоғырландырған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзу құқықтарын шоғырландырған кезде талаптардың сақталмауына әкеп соқтыратын жағдайда конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту осы баптың 4) тармақшасына сәйкес себептерi түсiндiрiлмей ресiмделедi.
      Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      52-бап. Конкурстың қорытындыларын шығару

      1. Конкурстың жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қараудың қорытындылары:
      1) қол қойылатын бонустың мөлшерi;
      2) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi бойынша айқындалады.
      2. Кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды табыс еткен өтiнiш берушiлер қатарынан кoнкypc жеңiмпазын жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия айқындайды.
      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды табыс еткен өтiнiш берушiлер қатарынан конкурс жеңiмпазын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия айқындайды.
      3. Конкурстың қорытындыларын шығару жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) барлық қатысушы мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
      Конкурстың қорытындыларын шығару мерзiмi конкурстық ұсыныстарды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен аспауға тиiс. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзiмi жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) шешiмi бойынша, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкiн.
      4. Конкурсқа қатысушылар конкурстың қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.
      5. Конкурс жеңiмпазымен келiсiмшарт осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда жасалады.
      6. Конкурстың нәтижелерi ресми баспа басылымында бiр мезгiлде қазақ және орыс тiлдерiнде, сондай-ақ конкурсты өткiзетiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиiс.

      53-бап. Конкурсты өткiзiлмедi деп танудың тәртiбi мен


              негiздерi

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия мынадай жағдайларда:


      1) екiден кем өтiнiм берiлгенде;
      2) егер конкурсқа қатысуға екiден кем қатысушы жiберiлгенде;
      3) егер қабылданған бiр ғана конкурстық ұсыныс қалғанда өткiзiлмедi деп таниды.
      2. Конкурсты өткiзiлмедi деп тану туралы шешiм жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның хаттамасымен ресiмделедi немесе оны кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия ресiмдейдi.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның конкурсты өткiзiлмедi деп тану туралы шешiмi немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның конкурсты өткiзiлмедi деп тануы конкурсқа жiберiлген барлық қатысушыларға хабарланады.
      3. Конкурсты өткiзiлмедi деп тану туралы хабарландыру ресми баспа басылымында бiр мезгiлде қазақ және орыс тiлдерiнде, сондай-ақ конкурсты өткiзетiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиiс.

      54-бап. Қайталама конкурс өткiзудiң тәртiбi мен негiздерi

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) конкурсты қайтадан өткiзу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурсты қайтадан өткiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауы мүмкiн.
      2. Қайталама конкурс осы Заңда конкурс өткiзу үшiн көзделген тәртiппен және мерзiмдерде өткiзiледi.
      3. Егер конкурс бiр ғана конкурстық ұсыныстың келiп түсуiне байланысты өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, қайталама конкурс кезiнде осындай конкурстық ұсынысты тапсырған өтiнiш берушiден конкурсқа қатысу жарнасы және геологиялық ақпарат топтамасының құны алынбайды.
      4. Егер қайталама конкурс қабылданған бiр ғана конкурстық ұсыныстың болуы салдарынан өткiзiлмедi деп танылған жағдайда құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осындай конкурстық ұсынысты тапсырған конкурсқа қатысушымен конкурстық ұсыныста жазылғандардан нашар болмайтын талаптарда тiкелей келiссөздер жолымен келiсiмшарт жасасуға құқылы.

      55-бап. Конкурсты жарамсыз деп тану



      1. Осы Заңда белгiленген қағидалардың бұзылуымен өткiзiлген конкурс мүдделi тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешiмiнiң негiзiнде жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      Мыналар:
      1) конкурстың жеңiмпазын айқындауға ықпалын тигiзген, осы Заңда белгiленген конкурс өткiзу қағидаларының бұзылуы;
      2) құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына оның конкурстың жеңiмпазы туралы шешiмiне әсер еткен, көрiнеу жалған ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы;
      3) конкурстың жеңiмпазы болып танылған қатысушылар не заңды тұлға акционерлерi құрамының келiсiмшарт жасасқан күнге дейiн өзгеруi;
      4) конкурсты өткiзуге қатысушы лауазымды тұлғалардың конкурста жеңiмпаз болып танылған тұлғаға конкурстың басқа қатысушылары (өтiнiш берушiлерi) алдында заңсыз басымдықтар беру және (немесе) талаптарды ырықтандыру фактiсiнiң анықталуы конкурсты жарамсыз деп тануға негiз болып табылады.
      2. Келiсiмшартты жасасқанға дейiн конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда келiсiмшарт жасалмайды. Келiсiмшарт жасалғаннан кейiн конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда конкурстың жеңiмпазымен жасалған келiсiмшарт сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген негiз бойынша конкурс жарамсыз деп танылған жағдайда осындай конкурстың жеңiмпазы деп жарияланған тұлға төленiп, қол қойылған бонусты қайтаруды талап етуге құқылы.
      Құзыреттi орган салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға конкурстың жеңiмпазы болып жарияланған тұлғаның кiнәсiнсiз конкурсты жарамсыз деп тану фактiсi туралы хабарлайды.
      4. Мынадай жағдайларда:
      1) конкурс жеңiмпазы деп танылған заңды тұлғаның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын акцияларын немесе акцияларға меншiк құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларда айырбасталатын бағалы қағаздарын иелiктен шығару жөнiндегi мәмiлелер жасалғанда;
      2) осындай заңды тұлғалардың әрқайсысында қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы белгiлi бiр тұлғаға тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi болған жағдайда, сондай-ақ, егер қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) сатып алушы салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте тiркелмеген болса, мұндай басқа тұлғаның пайдасына конкурс жеңiмпазы деп танылған заңды тұлғадағы қатысу үлесi (акциялар пакетi) берiлгенде;
      3) конкурс жеңiмпазы деп танылған заңды тұлғадағы қатысу үлесi (акциялар пакетi) берiлгенде, егер мұндай беру нәтижесiнде тұлға тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) конкурс жеңiмпазы деп танылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) 0,1-ден аз пайызына билiк ету құқығын алатын болса, осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасының ережесi қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет