Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет31/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

 
 
Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 
 
1. Несиені қайтару қамтамасыздығының тәсілдері қандай? 
2. Кепілдік не үшін керек? 
3. Кепіл заттарына не жатады? 
4. Банк кепілдігі немен сипатталады? 
5. Вексель мен аккредитивтер атқаратын рөлін түсіндіріңіз? 
6. Факторинг нені білідіреді, кепілдікке қандай қатысы бар? 
7. ҚР «Банкроттық туралы» заңы не үшін қабылданды? 
8. Қарызгер –борышкердің шетелдегі мүлкі және банкте ашылған 
шотындағы несиені қайтару мақсатында ақша сомасы қалай қолданылады? 
9. Шетел банктердің тәжәрибесінде несиенің қайтаруын қамтамасыз етуде 
қандай тәсілдер қолданылады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


59 
10 ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ, АКЦИОНЕРЛЕУ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГТІК ӘДІСТЕРМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАУ 
 
Инвестицияны өзін-өзі қаржыландыру және оның нарықтық экономика 
жағдайында дамуы 
Акционерлеу - инвестициялардың өзіндік әдісі ретінде 
Инвестициялаудың лизингтік әдісі 
 
 
10.1. Инвестицияны өзін-өзі қаржыландыру және оның нарықтық
экономика жағдайында дамуы 
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты инвестициялық сферада өзін-
өзі қаржыландыру әдісі айтарлықтай дамуда. Бұл әдіс нарықтық кезеңге дейін-
ақ тәжірибиеге енген болатын,бірақ әміршіл-әкімшілік жүйедегі басқаруға тән 
экономикалық кемістіктерге байланысты қолданылмауы орын алады. 
Шаруашылықты жүргізу тәжірибиесінде «өзін-өзі ақтау» және «өзін-өзі 
қаржыландыру» түсініктердің қолданылуы өте қажет. 
1-ші түсінік (өзін-өзі ақтау) коммерциялық есептің азырақ,кемдеу дамыған 
формасына сәкес келеді.Бұл жерде,субъектінің (мелекеттік,акционерлік немесе 
жеке меншік субъект болса да) қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылар 
ақталуға 
тиісті 
болып 
табылады.Бұрынғы 
жағдайда,өзін-өзі 
ақтау 
кезінде,пайданың басым бөлігін кәсіпорыннан мемлекет алуға қатысты тәртіп 
орнатылған еді. 
Бірақ, кәсіпорын өзінің негізгі қорлары мен айналым қаржыларын құру 
үшін бюджеттік ассигнования алып отырды, сонымен бірге шаруашылық 
қызметінің нәтижесінен тәуелсіз әлеуметтік дамуға да бюджеттік қаржылар 
бөлініп келді. Мұндай тәртіппен өндірістік еңбекті ынталандыру мүмкін 
болмады. 
Өзін-өзі қаржыландырудың мазмұны – бұл пайдадан (табыстан) 
бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен салықтары шығарып тастағаннан 
кейін шаруашылық субъектісінің иелігінде оның қалған бөлігінің саммасымен 
сипатталады. 
Өзін-өзі ақтаудың ерекшелігі,әдетте ол жай қарапайым өндірісті 
көрсетеді. Ал өзін-өзі қаржыландыру кезінде меншіктік және тартылған 
қаржылардың есебінен үдемелі ұдайы өндіріс орын алады, сол сияқты 
ұжымның әлеуметтік мәселелерінің шешілуде қамтамасыз етіледі. 
Өзін-өзі қаржыландырудың құрылуы және дамуы инвестицияны 
қаржыландыруда меншікті көздердің үлес салмағының ұлғайуын қажет етеді 
(пайда және амортизациялық аударым арқылы). Бұл жерде инвестордың 
меншікті жинақ қорлары несиелік көздермен және басқадай тартылған 
қаржылармен (құнды қағаздар шығару) толықтырылады. 
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өзін-өзі қаржыландыру деңгейі 
позитивтік жағдайда деп саналады, егер инвестицияны қаржыландырудың 


60 
жалпы көлемінде меншікті көздердің үлес салмағы 60%-дан кем болмаған 
кезде. 
Жеке меншік компанияларда мелекеттік қаржыландырудың ұлғаю 
тенденциясы орын алған жағдайда және меншіктік көздердің үлесі төмендеген 
уақытта іскерлік ортада, бұндай компанияның беделі (рейтингі) төмендейді 
және банкроттың басы деп қарайды. 
Өзін-өзі қаржыландыру жағдайында АҚШ-та,Канадада,ЕЭС (Еуропалық 
экономикалық одақ) елдерінде, меншіктің ішкі көздерімен қаржыландыру 
есебінен инвестициялық сферада өндірісті интенсификациялау үшін 
жылдамдатылған амортизация деген тәсіл тәжірибиеде кеңінен қолданылады. 
Бұл тәсіл біздің елімізде де енгізіліп, қолданылуда. 
Инвестицияны дамыту жолында экономикалық ынталандыру ретінде 
қарастырылатын жылдамдатылған амортизация екі жолмен жүргізіледі: 
- 1-шісінде,нормативтік қызмет мерзімі жасанды түрде қысқартылады және 
соған сәйкес амортизация нормасы өсіріледі. Осыдан, негізгі капиталдың 
атқаратын қызметтінің нақты мерзімі амортизациялық кезеңнен асып түседі, 
соның нәтижесінде кәсіпорын, негізгі қаржылардың құндық тозу түрінде 
салынған капитал сомасын қысқа мерзім ішінде қайтарып алуға мүмкіндік 
алады. Жылдамдатылған әдіспен есептелінген амортизациялық аударымдарды 
шаруашылық субъектілер, физикалық және моралдық ескірген техникалармен 
технологияларды еуропалық және халықаралық стандарттағы бәсекеге қабілеті 
жаңа технологияларға ауыстыру жолында өз еріктерінше пайдаланады. 
- 2-шісінде негізгі капитал қызметінің орнатылған нормативтік мерзімін 
қысқартпастан, бірқатар жылдар бойы амортизациялық аударымддар жоғарғы 
мөлшерде жүргізіледі, бірақ оларды кейінгі жылдарда бұл төменгі мөлшермен 
есептеліп жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде амортизациялық 
аударымдар басып озу қарқыны түрінде меншікті ұлғайту көздердің жылдам 
пайда болу жолы болып табылады. Ал, пайдаға келетін болсақ, ол 
амортизациялық аударыммен салыстырғанда аса динамикалық элемент болып 
табылады. Ол салық салу саясатына байланысты және мемлекеттің реттеушілік 
әсерлеріне сезімталдық білдіреді. 
Ішкі және шетелдік инвесторлар үшін және өзін-өзі қаржыландыру 
принципіне қарай инвестициялық салымдарға бірқатар жеңілдіктер (олардың 
ішінде салық салубойынша) берілуі кездейсоқ жағдай емес. 
Жаңа амортизациялық саясатқа сәйкес бірқатар ынталандыру жағдайы 
қарастырылған (әсіресе мелекеттік секторда): 
- негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін амортизациялық 
аударымдардың 15-20% жоғарытылған жаңа нормалары енгізілді; 
- амортизация түгелімен кәсіпорын иелігінде қалады және бұрынғыдай 
оны алып қоймайды; 
- техникалық қайта жарақтану және қайта құру кезеңдерінде 
амортизациялық есептеулер жүргізіліп, амортизация негізгі қорлардың 
қызметтік нормативтік мерзімдеріне сәйкес ұзартылады. 


61 
Осы және басқада ынталандыру шаралары,нарықтық қатынастарды 
жетілдірумен бірге акционерлеу үдерісін бірмезгілде жылдамдатуға және 
кеңейтуге жол ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет