Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет190/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
182 
УДК 371 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІҢ – 
СОЦИОМЕТРИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ 
 
Магзумова Назира Кайролловна
«Педагогика және психология» докторанты, 
Абылқасымова Зере Маратқызы
биология және география факультетінің студенті, 
Ғылыми жетекші – Мирза Н.В. п.ғ.д, профессор 
академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Қарағанды, Қазақстан 
 
Андатпа: Бұл мақалада психодиагностикалық зерттеу әдісінің түрі – социометрия 
әдісі арқылы болашақ мұғалім студенттердің қарым-қатынас құзіреттілігі туралы зерттеу 
жұмысының қортыңдысы берілген. Мақалада социометрия әдісінің барлық аспектілері 
мен жүргізілу жолдары қамтылған. Социометрия әдісіне толық теориялық және 
практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Мақалада бірнеше психолог – ғалымдардың 
зерттеу жұмыстарына талдау жасалған. Зерттеу жұмыстары жүргізілу барысында оның 
нәтижелері кесте, диаграмма түрінде есептеліп, қорытылып, салыстырылған.
Кілт сөздер: социометрия, әдіс,триадалық жүйе, психологиялық климат, қарым – 
қатынас құзіреттілігі, коммуникация, адаптация, көшбасшылық, социограмма, таңдау 
матрицасы. 
ҚР Білім және ғылым миристрлігі 2025 жылға дейін мемлекеттік бағдарламасында 
елімізде білім беру мен ғылымды дамытуға бірқатар мақсат коюда және «Педагог 
мәртебесі туралы» заңның қабылдануы сапалы білім беру ісіне арналған қадам.Білім беру 
саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру қағидалары анықталып, олардың жіктелуі 
ұсынылады. 
Кәсіптік білім беруді көздейтін жоғары оқу орындарының басты миссиясы – 
бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті мамандарды дайындау болып 
табылады [1].
Психология – әр түрлі психикалық нормалардың, құбылыстардың қалыптасу және 
даму жолын зерттейтін ғылым саласы. Ол – кез келген ортадағы, іс – әрекеттегі әртүрлі 
қиындықтарды, мәселелерді психикалық нормаға сай шешуші фактор болып табылады. 
Әр түрлі аспектілерге сүйеніп, зерттеулер жүргізіп, адамның тұлға болып қалыптасуының 
іргетасын қалайтын ғылым. Психологияның өзіне тән даралық қасиеттері мен әр түрлі 
бағыттары, зерттеу жолдары бар. Біз, болашақ педагог ретінде психологияның зерттеу 
әдістерін күнделікті сабақтарда, жаттығуларда, тренингтерде қолдануымыз керек. Педагог 
сабақ барысында білім алушының психикалық ойын, ішкі тебіренісін, психологиялық 
климатын білу арқылы білім алушыны басқару қажет. Оның басты мақсаты – 
психологияның әдістерін қолданып, оны жүзеге асыру, білім алушымен коммуникацияны 
жақсарту
[2].
Осы коммуникацияны жақсартуға жол ашатын психодиагностикалық зерттеу әдісі – 
социометрия. Бұл ұғым балалар мен ұжымды зерттеу әдісі болып табылады. Жалпы 
социометрияның бірнеше бар. Олар: динамикалық, революциялық, диагностикалық
математикалық. Социометрияның тарихына тоқталып кетсек. Ең алғашында бұл ұғым 
ХІХ ғасырда психология ғылымында емес, әлеуметтік үрдістерді зерттеудегі 
математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болған 
[3].
Кейін психология 
ғылымы сатылап дами келе бұл ұғым осы ғылым саласында да қолданыла бастады. 
Социометрия ұғымының негізін қалаған Австрия ғалымы Джэкоб Морено. Ал 
Е.С.Кузьмина, Я.Л.Коломинский, В.Н.Ядов, И.П.Волков атты ғалымдар көптеген еңбектер 
жазып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Енді Джэкоб Мореноның жүргізген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет