Технологиясы


 Азықтық жəне техникалық өнім өндіру цехы



Pdf көрінісі
бет20/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125
 
1.33. Азықтық жəне техникалық өнім өндіру цехы 
 
Азықтық жəне техникалық өнімдер өндіру цехының шикізаты 
ағза жəне ұлпа бұлар ауру тасығыштар болып келеді. Сол үшін 
шикізатты өңдеген кезде міндетті түрде дайын өнімге бастапқыда 
ауру қоздырғыштарды таратқыштар жəне екінші бактериалды 
ластанғандарды қосады, ал жылулық өңдеу ауруды қоздырғыштарды 
жою болып табылады. Осыған байланысты шикізат қоймасын басқа 
өнімдер жəне дайын өнімдер қоймасынан оңашалайды (изолируют), 
тұрмыстық ғимаратты жəне өз алдына кіру есігін бөлек орнатады.
Сапасы жақсы өнім шығаруда ветеринарлы-санитарлы жəне 
өндірістегі технологиялық режимдерді сақтау міндетті шарт болып 
табылады. Шикізат бөліміндегі құрал-жабдық жəне инвентарь, 
еденді, қабырғаларды күнделікті жұмыс аяғында дезинфекция 
жасайды. Азықтық жəне техникалық өнімдер өндіру бөлімі 
транспортты жəне инвентарды, сонымен қатар азықтық ұнға арналған 


33 
маталы қаптарды стерилизация камералары болады, жəне оларды 
стерилдейді. 
Азықтық жəне техникалық өнім өндіру бөлімінде азықтық ұн, 
етті-сүйектің, сүйекті, етті, қанды өнімдерді өндіру болып табылады.
 
1.34. Шикізат сипаттамасы 
 
Азықтық жəне техникалық өнім өндірісінде шикізаттар, 
органдар, ұлпалар, емдік жəне тағамдық өндірісте қолдануға 
болмайтын малдың ұшасы жатады. 
Осы шикізаттар келесідей: 
— 
Ветеринарлы конфискаттар – ағза, ұлпа, ұша бөлігі жəне 
толық ұша, яғни, емдік жəне тағамдық мақсат үшін жарамсыз 
жəне ветеринарлы – санитарлы бақылаумен қабылданған. 
— 
Тағамдық емес қалдықтар – тағамдық құндылығы жоғары 
емес орган жəне ұлпа. 
— 
Тағамдық, емдік жəне техникалық өнімдер өндіруде, малды 
өңдеу кезінде алынған қалдықтар жатады. 
Азықтық жəне техникалық өнімдер өндіруде бағытталған 
шикізат морфологиялық құрамына байланысты шартты топқа бөледі: 
1. Жұмсақ жəне етті – сүйекті шикізаттар: майлы шикізаттар: 
тағамдық мақсатқа жарамсыз май шикізаты, етті тазалағандағы 
тағамдық емес майлы кескіндер, субөнімдер, тері, қойдың кругасы
сиырдың проходнигі. Құрамында майы бар шикізат: малдың ішкі 
органы, жарамсыз ет жəне малды сойғандағы тағамдық құндылығы 
жоғары емес тағамдық өнім, эмбриондар. Жыныстық органдар, 
ішектер, ішек қалдықтарының фабрикаттары, шлям, тағамдық жəне 
техникалық май шикізатын өндірудегі шыжық, инсулин жəне пепсин 
өндірісіндегі қалдық. 
2. Толық қан, фибрин, қанның қалыпты формасы. 
3. Сүйекті шикізат: ұшаны талдаудағы сүйек, бас сүйегі, 
қойдың басы жəне аяғы, сүйекті жартылай фабрикаттар. 
4. Креатин құрамдас шикізаттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет