46
3. КОНСЕРВІЛЕР ӨНДІРІСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
ШИКІЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ
1.
Шикізатты араластыру.
2.
Ет шикізатын тұздау.
3.
Шикізатты алдын ала жылумен өңдеу.
Ұсақтау дегеніміз – консерві өндірісінде пайдаланылатын
көптеген ет шикізаттарын тиісті өңдеуден өткізу. Жасалып
шығарылатын консервілердің түрлеріне қарай ұсақтау əр түрлі
тəсілдермен жүргізіледі. Қоспасыз
еттен жасалатын консервілер
өндірісінде сіңірленген, қолмен кесілген етті тұзбен, дəмдеуішпен
немесе тұздықпен қоса банкілерге салу үшін, ет турағыш
машиналарда 30 граммнан 200 граммға дейінгі бөліктерге турайды.
Қоян жəне
құс етін орап буып, түю алдында массасы 200 граммға
дейінгі кесектерге шауып дайындайды.
Турама, паштет консервілері өндірісінде, балалар консер-
вілерінде жəне диеталық жəне басқа тағамдар үшін ет шикізаттарын
ет тартқыштарда, куттерде,
куттер-араластырғыштарда, эмульсита-
торларда жəне коллоид диірмендерінде ұсақтайды.
Ет консервілері үшін тураманы дайындау негізінен шұжық
өндірісіндегідей сияқты жүргізіледі. Алайда, консервілерді жасау
кезіндегі жылумен өңдеудің (стерилизация)
барынша жоғары
температурада өтетінін ескеретін болсақ ол тураманың анағұрлым
тығыздалуына жəне сорпаның едəуір – 20% дейін бөлінуіне əкеледі,
сондықтан тураманы дайындау біршама өзгерістерге ұшырайды.
Атап айтқанда, тураманы куттерден өткізгенде қосымша 3-6%
крахмал жəне 0,5% фосфат қосады, ал шұжық бұйымдарының
турамасы үшін нормаға сəйкес қосылатын суды 5% азайтады.
Жібітілген еттен дайындалған консервіленген ет
өнімдерінің
дəмін жақсарту үшін 0,3% натрий глютаминатын пайдалануға жол
беріледі. Турама консервілердің құрамына аскорбин қышқылын
еңгізу стерилизациялау процесінде жоғары температуралық əсерінен
болатын қолайсыз құбылыстардан өнімді сақтайды жəне оның
тағамдық құндылығын сақтап қалуды қамтамасыз етеді.