Технологиясы



Pdf көрінісі
бет17/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
 
1.26. Майды салқындату 
 
Майға біртекті структура жəне тығыз консистенция беру үшін 
жəне қышқылдану процессін тоқтату үшін шыжғырылған майды орар 
алдында салқындатады. Салқындату тереңдігі майдың қасиетіне жəне 


27 
салқындату жағдайына байланысты. Қой жəне сиыр майларын үлкен 
ыдысқа (бөшке, жəшік, контейнер) орау кезінде 30-40ºС дейін 
салқындатады, ал шошқа жəне сүйек майын 30-35ºС дейін. 35ºС дейін 
салқындатылған ұсақ ыдысқа (250-500г) салынатын майды қайтадан 
қосымша 18-21ºС дейін салқындатады.
Майды салқындату үшін периодты жəне үздіксіз жұмыс жұмыс 
істейтін аппараттарды қолданады. Периодты жұмыс істейтін 
аппаратқа түбі конусты екі қабырғалы қазандар жатады.
Үздіксіз жұмыс істейтін аппаратта май тез салқындатылады
салқындату процессі кезінде май ауамен жанаспайды. Үздіксіз жұмыс 
істейтін салқындатқыштарға жұқа қабырғалы түтікті (ОЖ; Д5-ФОЖ; 
«АСТРА») жəне пластинкалы («Де-лаваль»; «Центрифлоу»; 
«Майонер»; «Центрибон»; «Вестфалия-Супратон») аппараттары, 
салқындатқыш барабандар жəне т.б жатады. Ұсақ ыдысқа орау 
кезінде майларды 12-14ºС дейін салқындату үшін аммиакты жүйемен 
салқындатылатын «Астра», «Вотатар», «Джонсон» салқындатқыш-
тарды қолданады. 
 
1.27. Майды орау жəне сақтау 
 
Салқындатқаннан кейін майларды таза, құрғақ, бөгде иісі жоқ, 
көлемі əртүрлі ыдыстарға салады. Негізі ыдыс құрғақ ағаштан 
жасалған (қарағай, пихта, бук, қайың жəне т.б.), көлемі 50,100 жəне 
150 литр болатын бөшкелер болып табылады. Май толтырар алдында 
бөшкелерді ыстық сумен жуады, өткір бумен парлайды, өсімдік 
пергаментінен жасалған пакеттер немесе полиэтилен целлофанды 
пленкалар салады.
Оралған əрбір ыдысты трафареттің көмегімен кеппейтін, 
сасымайтын бояу арқылы немесе тауарлық белгісі, өндірістің аты
майдың түрі жəне сорты, салмағы, шығарылған күні, партия нөмірі, 
стандарт нөмірі көрсетілген этикет арқылы маркілейді. Ұсақ 
ыдыстың əрқайсысының сыртында жоғарыда көрсетілген этикет 
болуы керек.
Майдың сақтауға төзімділігі олардың сапасына жəне түріне, 
ондағы табиғи антиқышқылдардың (токоферрол, лецитин) құрамына, 
температурасына жəне де басқа сақталу жағдайына байланысты. Аз 
уақытқа (бір айға дейін) майларды қараңғы, құрғақ, 5-6ºС темпе-
ратурада салқындатып, 80% ылғалды бөлмелерде сақтайды. Ұзақ 


28 
уақыт (6 айға дейін) майды -8ºС жоғары емес температурада жəне 
ылғалдылығы 90% сақтайды, ал 12 ай -12ºС температурада сақтайды. 
Майды өткір иісі бар өніммен бірге сақтауға болмайды, өйткені май 
иісті тез сіңіріп алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет