Технологиясы


Шұжық турамасын комбинирлік өңдеу



Pdf көрінісі
бет70/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   125
Шұжық турамасын комбинирлік өңдеу. Қазіргі кезде бірнеше 
процесстерді біріктіретін машиналардың пайда болуы арқасында етті 
автоматты өлшеу жəне транспортермен жұмысшы мүшеге жеткізу 
іске асуда. 
Машинаның жұмысшы мүшесі – бұл ең алдымен үлкен барабан, 
оның айналу жиілігі 85-116 айн/мин. Барабанның ішкі жағына 
ойықшалар қондырылған – олар тураманы барабанға бағыттайды 
жəне тураманың машинадан түсіп кетпеуіне əсер етеді. Барабанның 
ішкі төмен жағында білік қондырылған, оған орақтəрізді пышақтар 
кигізілген (20-35 дана). Пышақ кигізілген білік жиілігі 2500 айн/мин. 
Үлкен жиілікпен кесу əсерінен ет тез қызады, сондықтан бұл 
машинада тек мұзбен жұмыс істеу керек (ет салмағының 25-30% 
мөлшеріндей). Турама машина жұмыс істеп тұрған кезде жүктелінеді, 
ол үшін күрекше пішінді құрал пайдаланылады. Мұндай машинада 1 
сағатта 2 т турама дайындауға болады. 
Батондарды пішіндеу. Шұжықтарды пішіндеу жəне қоршаған 
ортаның əсерінен қорғау үшін оларды шынайы немесе жасанды 
қабықшаға толтырады. Шұжық сапасын сақтау жəне қабықшада ауа 
қалмау үшін оларды тығыздайды. Тураманы қабықшаларға шприцпен 
толтырады: цилиндрден түтікшеге поршень көмегімен сығылады. 
Поршень жұмысы майлы насос немесе сығылған ауа арқылы іске 
асырылады. Тураманы толтыру тығыздығы шұжық сортына 
байланысты. Пісірілген шұжықтарды көп тығыздамайды, өйткені, 
олардың турамасында ылғал мөлшері көп жəне пісіру кезінде ісінеді 
де, қабықша жарылып кетеді. Жартылай қақталған шұжықтарды 
тығыз етіп толтырады, керісінше жағдайда батон ішіне ауа жиналып 
қалады. Ал қақталған шұжықтарды өте тығыз етіп толтырады – 
олардың батондарының ішінде ауа мүлдем болмауы тиіс. Шприц 
цилиндрі көпқабатты өндіріс орындарында үстіңгі қабаттардан 
ойыспен түсіру немесе бункерден ковшпен алу арқылы толтырылады. 
Ал өнімділігі аз кəсіпорындарда қолмен толтырылады. Цилиндрді 


120 
турамамен тығыз толтыру керек, əйтпесе, қуыс қалып қоюы мүмкін, 
сондықтан турама цилиндр бетін толығымен жауып тұруы қажет. Ірі 
кəсіп орындарда цилиндрді турамамен толтыру механикалан-
дырылған: шприцтеу бөлімі машина бөлімінің астында орналасқан, 
сонда əрбір шприцке бір бункер немесе бір ойыс қондырылады. 
Турама бункер арқылы арнайы жолдармен түбі ашылатын 
жылжымалы ковштарға түседі. Жылжымалы ковштарды шприц 
цилиндріне салып, ковш түбін ашады да, цилиндрді турамамен 
толтырады. Ковш түбін жауып, оны келесі бункерге жылжытады. 
Шприц цилиндріне бөтен нəрселердің түсіп кетпеуі қажет. 
Батондарды пішіндеуде түтікшелерді (цевка) дұрыс таңдау
пішіндерін дұрыс анықтау өте маңызды. Егер түтікше тар болса, 
турама кедергіге тап болып, шығу жылдамдығы азаяды. Сонымен 
қатар, түтікше ұзын болған сайын, тураманың шығу жылдамдығы 
əлсірейді. Үлкен диаметрлі түтікшелер жіңішке түтікшелерден қысқа 
болуы керек. Түтікше диаметрі қабықша диаметріне сəйкес болуы 
керек: егер түтікше жіңішке, ал қабықша жалпақ болса, онда 
турамамен толтыру жылдамдығы азаяды; ал егер түтікше диаметрі 
қабықша диаметрінен үлкен болса, онда қабықшаны түтікшеге кигізу 
қиынға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет