Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Төменгі ішек өтімсіздігі
| Жоғарғы ішек өтімсіздігі
| Пилоростеноз
| Пилороспазм
| ОЖЖ туу кезіндегі жарақаты
~ 10 жасар бала жарақат алғаннан кейін келіп түсті. Биіктен қасаға аймағына құлаған. Жағдайы ауыр. Тері жабындылары борзғылт, тахикардия. Іші қампимаған. Қасаға үстінде ауырсыну бар. Құрсақ қабырғасының қасаға үсті аймағының қанмен имбибициясы байқалады. Гематурия.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Қуықтың құрсақтан тыс жарылуы
| Паренхиматозды ағзаның құрсақішілік жарылуы
| Қуысты ағзаның құрсақішілік жарылуы
| Қуықтың құрсақішілік жарылуы
| Қуысты ағзаның және паренхиматозды ағзаның құрсақішілік жарылуы
~ 2 айлық бала ауырғаннан соң 16 сағаттан кейін келіп түсті. Анасының айтуынша, баланың шағымдары мазасыздыққа, оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліске. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы қалыпты. Жергілікті қарау кезінде оң жақ шап аймағында ұрық бауы бойымен ұмаға түсетін, көлемі 1.0х1.5 см болатын, пальпацияда қатты ауырсынатын, қатты эластикалық құрылымды және құрсақ қуысына енбейтін ісік тәрізді түзіліс анықталады.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Қысылған шап жарығы оң жақтан
| Ұрық бауының жедел дамыған шемені оң жақтан
| Байланысқан ұрық бауының қысылған шемені оң жақтан
| Ұрық бауының айналуы жақтан
| Шап лимфадениті оң жақтан
~ 7 жастағы бала ауырғаннан соң 2 күннен кейін келіп түсті. Түскендегі шағымдары ұмасының сол жақ бөлігінің ұлғаюына және ондағы ауырсынуға. Баланың айтуынша жарақат алмаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Көңіл-күйі шамалы бұзылған. Дене қызуы субфебрильді. Жергілікті қараған кезде: ұмасы асимметриялы, ісінген, қызарған. Пальпация кезінде аталық без бен оның қосалқы мүшесінде сұйықтық анықталады, көлемі 0.5-1.0 см болатын түзіліс анықталады, қатты ауырсыну анықталады. Сіздің амалыңыз?
| Суспензорий тану, жергілікті жылу процедуралары
| Антибиотиктермен емдеу, суспензорий тану, жергілікті құрғақ жылу
| Антибиотиктермен емдеу, суспензорий тану
| Суспензорий тану, ұрық бауының Лорин-Эпштейн бойынша блокадасы, жергілікті құрғақ
| Антибиотиктермен емдеу, ұрық бауының Лорин-Эпштейн бойынша блокадасы
~ Балаларға тән сынықтарды көрсетініз:
| эпифизеолиздер және остеоэпифизеолиздер
| жарықшақты
| бұрыштық ығысумен
| ені бойынша үлкен ығысумен
| сан мойны
~ Ұл бала 13 жаста жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін ІІІ-ІV кеуде омыртқасындағы ауырсынуға шағымданды. Дене шынықтыру сабағында арқасымен құлаған. ІІІ-ІV кеуде омыртқасындың қылқан өсінділерін пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Жазғыш және бүккіш, ротациялық қозғалыстары ауырсынумен сипатталады. Бүйір проекциядағы спондилограммада ІІІ-ІV кеуде омыртқасының денесінің биіктігінің сына тәрізді төмендеуі анықталды.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| ІІІ-ІV кеуде омыртқа денесінің компрессионды сынығы
| Омырқаның кеуде бөлімінің соғылуы
| ІІІ-ІV кеуде омыртқасының қылқан тәрізді өсіндінің сынығы
| Омырқаның кеуде бөлімінің байлам аппаратының созылуы
| ІІІ-ІV кеуде омыртқасының доғаларының сынығы
~ 12 жастағы бала жарақат алғаннан кейін 1 сағаттан кейін әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жүрегінің айнуына, 2 ретті құсуына шағымданды. Науқастың айтуы бойынша түскенге дейін 1 сағат бұрын жаттығулар кезінде қарсыласының мықын сүйегінің қанатына басымен соғылған. Есінен танбаған. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Неврологиялық статус: есі анық. Бала адекватты. Қарашықтары OD-OS. Фотореакция сақталған. Бұлшықеттерінің тонусы екі жақта бірдей. Сіңірлік рефлекстер сақталған, екі жақта бірдей. Жалпы милық және менингиальді белгілері жоқ. Ромберг қалпында шайқалу байқалады. Екі жақты проекциялы краниограммада сүйекті-жарақаттық өзгерістер байқалмайды. Шамалы саусақ басылымдары анықталады.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Бас сүйек-ми жабық жарақаты, бас миының шайқалуы
| Бас сүйек-ми жабық жарақаты, бас ми соғылуы 1 дәрежелі
| Бас сүйек-ми жабық жарақаты, бас ми соғылуы 2 дәрежелі
| Бастың шашты бөлімінің жұмсақ тіндерінің соғылуы
| Бастың шүйде бөлімінің жұмсақ тіндерінің соғылуы
~ 10 жастағы бала жарақат алғаннан кейін 1,5 сағаттан кейін жедел түсті. Түскен кездегі шағымдары: оң жақ білектің төменгі үштен бір бөлігінің ауырсынуына, ісінуіне, деформациясына, оң жақ қол функциясының бұзылысына. Баланың анасының айтуы бойынша көшеде оң жақ қолына тайып құлаған. Оң жақ білектің 2 проекциялы рентгенограммасында білектің екі сүйегінде де төменгі үштен бір бөлігінде сүйек жарықшақтарының бұрыштық ығысуымен сынық анықталды. Бұл сынық кезіндегі сіздің әрекетіңіз?
| Тері арқылы Киршнер біздерімен бекіту арқылы жабық репозиция, гипсті лонгетамен иммобилизация
| Тері арқылы Киршнер біздерімен бекіту арқылы жабық репозиция, циркулярлы гипсті таңғышпен иммобилизациялау
| Тері арқылы Киршнер біздерімен бекіту арқылы ашық репозиция, гипсті лонгетамен иммобилизация
| Тері арқылы Киршнер біздерімен бекіту арқылы ашық репозиция, циркулярлы гипсті таңғышпен иммобилизациялау
| Ішкі фиксациясыз жабық репозиция, гипсті лонгетамен иммобилизация
~ Бала,1 жас 5 айда, туа пайда болған маймақтық диагнозымен жоспарлы оперативті емделуге түседі. Маймақтықты консервативті емдеу нәтиже бермейді. Туа пайда болған маймақтықта жасалатын оперативті араласудың маңыздылығы:
| табанның ішкі беткейінің байламдары мен сіңірлерін созу
| табанның ішкі беткейінің байламдары мен сіңірлерін қысқарту
| өкше сүйектің сына тәрізді резекциясы
| ішкі тобықтың остеотомиясы
| сыртқы тобықтың остеотомиясы
~ Балада ұзақ уақыт жүргенде оң жақ сирақтың бұдыры аймағында ауырсыну байқалады. R-граммада сирақ сүйегі бұдырының деструкция – әктенуі. Негізгі емдеу принципі:
| зақымдалған сүйектің аяғына дейін қалпына келгеніне дейін жүктемелеу
| сәулелі терапия, зақымдалған сүйек бөлігінің оперативті түрде алынуы
| антибактериальді терапия, сүйекті жүктемелеу
| зақымдалған сүйек бөлігінің оперативті түрде алынуы, антибактериальді терапия
| цитостатикалық препараттармен емдеу, антибактериальді терапия
~ Жоспарлы түде 1 жастағы бала келіп түсті, анасының айтуы бойынша жамбас сан буынының шектеулі қозғалысы байқалады. Бұл туа пайда болған патология. Патология 6 айлық жаста ортопедтің профилактикалық қарауында анықталған. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті қарағанда жамбас сан буынындағы қозғалыс шектелген. Бала стационарлы ем алуға жолданды. Аддукторотомиямен екі жақты жамбас сан буынының жабық орнына келртіруі жүргізілді. Осыдан кейін гипсті шорты кигізілді. Қайта келгенде гипсті шорты шешілді. Рентгенограммада жамбас сан буынының тура проекциясында жамбас сан буыны шатырының тегістелуі анықталады. Сан сүйегінің басу шұңқырға енген. Сүйектену ядросы әлсіз. Сферикалығы бұзылған. Шентон сызығы баспалдақты. Вилен шиналары салынған.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Дисплазия нәтижесінде екі жақты жамбас сан буынының шығуы
| Екі ждақты коксартроз
| Спастикалық паралич фонында екі жақты буын шығуы
| Остеомиелиттен кейінгі екі жақты буын шығуы
| Екі жақты кокса вара
~ 10 тәуліктік нәрестеде сол жақты жедел іріңді мастит диагнозы қойылған. Флюктуация анық анықталмайды. Нәрестеге жасау қажет:
| ореоладан алшақ ісінудің ең шығыңқы бөлігінен 1-3 радиальды кесу жасау
| антибиоткотерапия, майлы таңу
| антибиоткотерапия, жылытушы компресс
| хирургиялық араласусыз антибиотиктер қолдану
| пункция, іріңді сору, абсцесс қуысын жуу
~ Нәресте сырқаттанудың 7-і күні келіп түсті. Температурасы 37,8С, дағдылы лейкоцитоз, тілі жабынмен жабылған, терісі боз, жөргектеу кезінде мазасыздық байқалады. Жауырын аралықта және бел-сегізкөз аймағында некроз аймақтары анықталады. Жаралық дефект диаметрі 1,5-2см., айналасы гиперемияланған.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Некротикалық флегмона
| Теріасты адипонекрозы
| Тілмелік қабыну
| Нәрестелер склеродемасы
| Абсцесс, іріңді лимфоаденит
~ Хирургиялық бөлімшеге туғанына 12 сағат болған аузынан көпірікті бөліністерімен нәресте түсті. Ауыздан көпіріктерді сорғаннан кейін, көпірік қайта толады. Рентгенограммада ауыз арқылы енгізілген катетер өңештің соңғы бөлімінде иіледі, асқазанда газ бар. Хирургиялық емнің әдісін анықтау:
| трахеоөңештік жыланкөзді кесу арқылы өңештің тура анастомозы
| мойын эзофагостомиясымен біріккен гастростомия
| гастростомия, өңештің атрезияланған бөлімінің тура анастомозы
| тоқ ішек трансплантатымен өңештің пластикасы
| ащы ішек трансплантатымен өңештің пластикасы
~ Науқас 7 жаста. Ауырғанына 4 күн. ЖРВИ тәрізді басталды (жөтел, тұмау, жоғары температура). Содан кейін жалпы жағдайынын күрт төмендеуі. жоғары температура, ентігу, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттердің қатысуы, мұрын қанаттарының кеңейуі. Зақымдалған жақта тыныстың жоқ болуы. Кеуде клеткасының бүкіл бөлігінде қорап тәрізді дыбыс. Өкпенің рентгенограммасында – өкпенің зақымдалған аймағында мөлдірлігі жоғарлаған, синус түбіріне өкпе қысылған, диафрагма тегістелген.Көкірек аралық сау жаққа ығысқан.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Пневмоторакс
| Пиопневмоторакс
| Өкпе абсцессы
| Тотальді пиоторакс
| Өкпе ателектазы
~ Бала 6 жаста, құлағаннан кейін төбе аймағында жұмсақ түзіліс пайда болды.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Төбе аймағының тері асты гематомасы
| Эпидуральді гематома
| Субдуральді гематома
| Кефалогематома
| Төбе сүйегінің сынуы
~ Омфолиттің қай түрінде амбулаторлық жағдайда консервативті ем қолдануға болады?
| Жай омфалите
| Іріңді омфалите
| Кіндікфлегмонасы
| Кіндік гангренасы
| Параумбиликальді абсцесс
~ 10 күндің балада кіндік жарасында қабыршақ, кіндік аймағының терісінің гиперемиясы, шамалы серозды бөліністер анықталады, дене қызуы қалыпты. 1 апта бойы бириллиант жасылы ерітіндісінің көмегімен жергілікті ем жүргізілді, алайда жоғарыда аталған шағымдар сақталуда. Сіздің әрекетіңіз ?
| Балада катаральді омфалит, емі консервативті жергілікті
| Іріңді омфолиттің көріністері. Антибактериальді және жергілікті ем
| Флегмонозды омфолиттің көріністері, кіндік аймағын антибиотиктермен піскілеу
| Гангренозды омфолиттің көріністері, хирургиялық араласу қажет
| Кальцинозды омфолиттің көріністері, консервативті ем,
~ 3 жастағы бала. Анасының айтуынша шағымдары баланың мазасыздануына. Анамнезінен анасы баласын аяқ-асты сол жақ қолынан тартып қалғандығы белгілі болды, содан кейін бала мазасыздана бастаған. Қарау кезінде баланың сол қолы созылған әрі шамалы бүгілу және пронация жағдайында салбыраған. Шынтақ буынындағы қозғалыстар қатты ауырсынады. Балаларда аталған жарақатқа тән белгі:
| білектің қатты ауырсынатын ротационды қозғалыстары
| крепитация
| патологиялық қозғалыс
| шынтақ буынында қозғалыстың болмауы
| шынтақ буының деформациясы
~ Ауруханаға 3 айлық бала түсті. Қарау барысында келесі клиникалық симптомдар анықталды: буынның эквинусі, табанның супинациясы, сол жақ сирақ-табан буынының аддукциясы. Анамнезінен аяқтың қисаюы туа біткен, толық клиникалық зерттеуде басқа өзгерістер анықталған жоқ. Сіздің әрекетіңіз:
| кезеңді гипстік таңу
| Зацепина операциясы
| табан сүйектерінің операциясы
| ортопедиялық аяқ киім
| ЕДШ мен фланелмен таңу
~ А деген бала түскен кезде сан сүйегінің дистальды метафизіне пункция жасаған кезде ірің алынды. Сіздің амалыңыз?
| Сүйек каналын остеоперфорация жасап, жуу
| Жұмсақ тіндерді тілу
| Тері арқылы остеоперфорация
| Сүйеке антибиотиктерді жіберу
| Консервативті қабынуға қарсы терапия
~ 18 күндік Д деген баланы қабылдау бөліміне алып келді. Қарап тексергенде сол жақ жауырын аймағында үлкен қызарған ошақ анықталды.Ата-анасының айтуы бойынша баланың шағымы дене қызуының жоғарылауы, мазасыздық.
Сіздің алдын-ала болжам диагнозыңыз?
| Нәрестелер флегмонасы
| Фурункул
| Карбункул
| Аллергиялық реакция
| лимфаденит
~ 1 айлық баланы қабылдау бөліміне алып келді.қарау кезінде анус аймағынан ісік тәрізді түзіліс, жан-жағы қызарғаны анықталды. Шағымы мазасыздану.
Сіздің алдын-ала болжам диагнозыңыз?
| Парапроктит
| Фурункул
| Геморрой
| Анустың жарылуы
| Тік ішектің түсуі
~ 1 айлық баланы қабылдау бөліміне алып келді.қарау кезінде анус аймағынан ісік тәрізді түзіліс , жан-жағы қызарғаны анықталды. Шағымы мазасыздану. Емдеу әдісін көрсетіңіз:
| іріңдікті ашу, дренирлеу
| крест тәрізді тілік
| сау теріге дейін шахматтық тілік жасау
| физиоем
| некроздалған барлық тінді алып тастау
~ 8 жастағы бала қабылдау бөліміне қаралды. Қарап тексеру кезінде оң жақ шап аймағында ісік тәрізді түзіліс, жан-жағы қызарғандығы, ортасында флюкуациясы бар екендігі анықталды. Шағымы мазасыздану, ден қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі. Емдеу әдісін көрсетіңіз:
| ашу және дренирлеу
| креси тәрізді тілік жасау
| сау тінді қоса шахматық тілік жасау
| физиоем
| компресс
~ 10 жастағы бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 5 – ші тәулікте мынандай шағымдарымен қаралды мойнының артқы бөлігіндегі гиперемия, ісіну, ауру сезімді, ортасында флюктуация анықталады. Баланың жалпы жағдайы қалыпты. Сіздің алдын-ала болжам диагнозыңыз?
| Фурункул
| Карбункул
| Инфицирленген жара
| Ревматоидты артрит
| Флегмона
~ 6 жастағы Т., деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 3 – ші тәулікте келіп қаралды. Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, жауырын аймағындағы ауру сезімі.Қарау кезінде ісік тәрізді түзіліс, қызарған эрозирленген бетімен, жергілікті гиперемия, сонымен қатар бірнеше жыланкөздерден іріңді бөлініс шығып тұр.Қан сынамасында эр-3,5,Нв-125 г/л,ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің ЕҢ тиімді алдын-ала болжам диагнозыңыз?
| Карбункул
| Фурункулез
| Фурункул
| Инфицирленген жара
| Флегмона
~ 6 жастағы Т деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 3 – ші тәулікте келіп қаралды.Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, жауырын аймағындағы ауру сезімі. Қарау кезінде ісік тәрізді түзіліс, қызарған эрозирленген бетімен, жергілікті гиперемия, сонымен қатар бірнеше жыланкөздерден іріңді бөлініс шығып тұр. Қан сынамасында эр-3,5,Нв-125 г/л,ЭТЖ-18 мм/сағ. Дәлдеу оперативті емнің көлемін көрсетіңіз?
| Крест тәрізді кесу және дренирлеу
| Шахмат тәрізді тіліктер жасау
| Сызықты тілік жасау
| Жабық дренаж салу
| Гипертоникалық таңу салу
~ 14 жастағы П деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 1 тәуліктен соң келді. Шағымдары оң жақ жамбас бөлігіндегі ауру сезімі , гипертермия, гиперемия, жайылмалы ісінудің болуы, ортасында флюктуацич анықталады. Қан сынамасында эр-3,5, Нв-125 г/л, лейк-15,2, ЭТЖ-10 мм/сағ. Сіздің ЕҢ тиімді алдын-ала болжам диагнозыныз?
| Флегмона
| Фурункул
| Инфицирленген жара
| Парапроктит
| Кабункул
~ 14 жастағы П деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 1 тәуліктен соң келді. Шағымдары оң жақ жамбас бөлігіндегі ауру сезімі, гипертермия, гиперемия, жайылмалы ісінудің болуы, ортасында флюктуация анықталады. Қан сынамасында эр-3,5, Нв-125 г/л, лейк-15,2, ЭТЖ-10 мм/сағ. Дәлдеу оперативті емнің көлемін көрсетіңіз?
| Іріңдікті ашу,некроздалған тінді алып тастау, дренирлеу
| Некроэктомия және дренирлеу
| Шахмат тәрізді тілік жасау
| Сызықты тілік жасау
| Жабық дренаж қою
~ 5 жасар бала оң жұмыртқасының болмауына шағымданады. Қарап тексергенде ұманың ассиметриясы байқалады, пальпацияда ұманың оң жақ бөлігінде жұмыртқа анықталмайды.
Сіздің Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Крипторхизм
| Жұмыртқа ретракциясы
| Жұмыртқа агенезиясы
| Жұмыртқа атропиясы
| Варикоцеле
~ 5 жасар бала оң жұмыртқасының болмауына шағымданады. Қарап тексергенде ұманың ассиметриясы байқалады, пальпацияда ұманың оң жақ бөлігінде жұмыртқа анықталмайды.
Сіздің емдік амалыңыз?
| Петривальский-Шумахер отасы
| Винкельман отасы
| Бергман-Израэл отасы
| Хайнес-Андерсон-Кучер отасы
| Гидатидэктомия
~ 4 жастағы баланы қарау кезінде әкуінің басының көгеруі мен ісінуі анықталады, әкуінің басы толық жабылмайды. Зәр шығаруы қиындаған және ауру сезімімен, өздігінен кіші дәретке шыға алмайды.
Сіздің Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Парафимоз
| Гидатиды Морганьи қабынуы
| Балонопостит
| Тыртықты фимоз
| Орхиэпидидимит
~ 5 жасар баланың әкуінің басы ісінген және гиперемияланған. Әку басын ашу мүмкін емес, іріңді бөлініс бар. Зәр шығаруы ауру сезіммен.
Сіздің Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Жедел балонопостит
| Фимоз
| Крипторхизм
| Парафимоз
| Гипоспадия
~ 14 жасар баланы қарау барысында ұманың сол жағы визуалды үлкейген. Пальпацияда венаның ұлғайғаны анықталады, ауру сезімсіз. Ұстап қарағанда сол жұмыртқасы болбыр. Осы ауруға тән емдеу тәсілін таңдаңыз.
| Палома отасы
| Росса отасы
| Ру-Краснобаев отасы
| Хайнес-Андерсен-Кучера отасы
| Винкельман отасы
~ 5 жасар баланы қарау кезінде ұманың ассиметриясы анықталады. Ұманың сол жағы қалыңдаған, дұрыс дамымаған, жұмыртқасы жоқ. Шап каналы бойымен көлемі 2-1 см ісік тәрізді түзіліс анықталады, ауру сезімімен, қозғалысы шектелген. Емдеу тәсілін таңдаңыз.
| орхидопиксия
| Коэн отасы
| Винкельман отасы
| Грегуара отасы
| Хайнес-Андерсон-Кучер отасы
~ Перзентханадағы баланың құрсақ қуысының алдыңғы қабатындағы қуық проекциясындағы қуықтың артқы қабатының шырышты қабығында зәр ағатын несепағардың тесігі анықталады. Шырышты қабаты ісінген, гиперемияланған, айналасындағы терісі мацерацияланған.
Сіздің Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Қуық экстрофиясы
| Инфравезикулярлы обструкция
| Обструктивті мегауретер
| Қуық-кіндік жыланкөзі
| Қуық дивертикулы
~ 2,5 жасар баланы тексергенде ұманың сол жағында консистенциясы жұмсақ-эластикалы, ауру сезімсіз ісік тәрізді түзіліс анықталады, басқанда және көлденең қалыпта көлемі кішірейеді. Емдеу тәсілін таңдаңыз.
| Росса тәсілімен ота
| РУ-Краснобаев бойынша ота
| Иванисевич-Ерохин отасы
| жұмыртқа венасын таңу
| Хайнес-Андерсен-Кучер операциясы
~ 6 жасар баланы қарау кезінде ұманың сол жағының кезеңмен ұлғайуы байқалады. Дөңгелек пішінді. Пальпацияда ауру сезімсіз, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, үстінен басқанда «құрылдау» естіледі. Емдеу тәсілін таңдаңыз.
| РУ-Краснобаев отасы
| Росса отасы
| Грегуара отасы
| Винкельман отасы
| Петривалски отасы
~ 1,5 жасар баланы қарау кезінде іштің оң жағында бүйрек орналасқан аймақта консистенциясы эластикалы, ауру сезімсіз, қозғалмайтын ісік тәрізді түзіліс анықталады. Емін көрсетіңіз.
| Хайнес-Андерсен-Кучер операциясы
| Политано-Леадбеттер операциясы
| комплексті консервативті емі
| Коэн операциясы
| Петривальски операциясы
~ 6 жасар баланың шағымы оң жақ омыртқа аймағындағы ауру сезіміне. Пиелонефрит бойынша нефропатологта «Д» есепте тұрады. Ұрғылау симптомы оң жағында оң. Зәр шығаруы ауру сезіммен, зәрі лайлы. Цистограммада қуық толғаннан кейін контрастты заттың несепағардың төменгі бөлігіне өтуі байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| 1 дәрежелі қуық-несепағар рефлюксі
| Уретерогидронефроз
| Несепағардың жүйкебұлшық еттік дисплазиясы.
| Қуық дивертикулы
| 2 дәрежелі қуық-несепағар рефлюксі
~ Хирургиялық стационарға 14 жасар бала келіп түсті. Анамнезінде бір апта бойы эпигастрии аймағында ауру сезім жіне кекіру мазалаған. Түсерге дейін екі сағат бұрын ішінде қатты ауру сезім, тамақпен құсық пайда болды. Баланың жағдайы ауыр. Бала сол жық қырында аяғын ішіне тартып жатыр. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші тыныс алу актісіне қатысады, ауру сезімді, ішперде тітіркену симптомы оң. Пульсі 120 рет минутына. Т – 37,5С.
Сіздің Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Асқазан жарасының тесілуі
| Улану.
| Жедел холецистит
| Жедел гастрит
| Жедел панкреатит
~ Өкпе деструкциясы бар балада плевра қуысын дренаждағаннан кейін тыныс жетіспеушілік симптомы сақталуда. Бюлау бойынша дренажда ауа мен ірің бөлінеді, кезекті рентгенограммада өкпе коллабирленуі сақталған. Өкпе жазылуына қосымша не істеу керек?
| Оперативті ем - торакотомия, жыланкөзді тігу
| Антибиотиктер қолдану
| Екінші қабырға арлықта қосымша дренаждау
| Екінші қабырға аралықта плевра қуысының пункциясы
| Бронх окклюзиясын орындау
~ Бір айлық бала, кекіру симптомы оң, салмақ аз қосады, жиі пневмониямен ауырады, құсығында шырышпен қан бар, ұйқы кезінде мазасызданады, жөтеледі.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Диафрагманың өңештік жарығының тесігі
| Пилороспазм
| Жоғарғы ішек өтпеушілік
| Постгипоксиялық энцефалопатия
| Муковисцидоз
~ Нәрестеде туа салысымен мұрнымен аузынан көбікті шырышты бөліністер бөлінді. Сіздің болжам диагнозыңыз?
| өңеш атрезиясы
| өңеш ісігі
| өңеш ахалазиясы
| өңеш халазиясы
| өңеш стенозы
~ 6 айлық баланы қарап тексергенде оң жақ шап аймағында ауру сезімді жарықты түзіліс байқалды. Ауру ұзақтығы 10 сағат. Хирургтың іс-әрекеті.
| Жарықты кесу жедел отасы
| Жарықты орнына келтіру
| Жарықты жоспарлы кесу
| Диспансерлі графикпен герниотомия
| Диагностикалық лапароскопия
~ Хирургия бөлімшесіне 12 жасар бала гематология бөлімшесінен өңештен қана ағуғу шағымданып ауыстырылды. Анамнезінде 9жасында вирусты гепатитпен ауырған, стационарда емделген. «Д» есепте тұрмайды. Іші ұлғайған, ішінің терісінде жұлдызшалар, пальпаторлы – бауыры ұлғайған.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Портальды гипертензия
| Рефлюкс эзофагит
| Вирусты гепатит
| Верльгоф ауруы
| Бауыр кистасы
~ Қабылдау бөлімшесіне бір жасар бала келіп түсті.анасының айтуы бойынша бала туғаннан бастап іш қатумен ауырады, іші ұлғайған. Тазалау клизмалары әсерсіз. Тексеру әдісін көрсетіңіз:
| ирригография
| құрсақ қуысының шолу рентгені
| жіңішке ішек қабырғасының биопсиясы
| құрсақ қуысының УДЗ
| копрограмма
~ Бала 3 жаста, әлсіздікке, жиі құсып жіберуге, туған мезеттен бастап өздігінен дәрет болмауына, тек клизмадан кейін шағымданады. Қарап тексергенде іш көлемі ұлғайған. Алдыңғы құрсақ қабырғасына басқанда саусақ іздері қалады «саз» симптомы.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Гиршпрунг ауруы
| Аноректальді ақаулар
| Долихосигм
| Созылмалы іш қатулар
| Ішек өтімсіздігі
~ 4 жастағы қызда пальпация кезінде жайылған ауырсынғыштық пен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің кернелуі құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде анықталады. Перитонизм симптомдары іштің төменгі бөліктерінде айқын, Щёткин – Блюмберг симптомы оң. Сыртқы урогениталийлердің гиперемиясы байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Пельвиоперитонит
| Жедел аппендицит
| Аналық бездер кистасының айналып кетуі
| Аппендикулярлы инфильтрат
| Аппендикулярлы перитонит
~ 10 жастағы ұл баланы қарап тексергенде алдыңғы құрсақ қабырғасында венозды сурет күшейген, талақ ұлғайған, қабырға доғасынан 9-10 см шығып тұрады, қозғалмайды, ауырсынусыз.Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
| Портальді гипертензия
| Гематологиялық патология
| Гидронефроз
| Бауыр өспесі
| Бауыр циррозы
~ 5 жастағы баланы қарап тексергенде анустан кезек-кезек қанағу анықталады. Өзгермеген нәжіс массаларда таза қан іздері бар желобок анықталады. Тік ішекті саусақпен тексергенде анустан 5-6см қашықтықта 3х3 см, тығыз, аз қозғалатын, аздап ауыратын ісік тәрізді түзіліс анықталады. Саусақта қан іздері. Сіздің Сіздің болжам диагнозыңыз ?
Достарыңызбен бөлісу: |